Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе



бет1/22
Дата31.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#64216
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТЕРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ

Оқу әдістемелік құрал


ҚАРАҒАНДЫ


2008 жыл

УДК
ББК


М
Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.


Клиникаға кіріспе
Оқу әдістемелік құрал – 34 б.

Рецензенттер:


м.ғ.к., доцент Кенжина З.З., м.ғ.к., доцент Мулдаева Г.М., м.ғ.к., доцент А.А.Тамен.
Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарында «Клиникаға кіріспе» пәнін оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған. Оқу әдістемелік құралындағы ақпараттық материалдар берілген пән бойынша типтік бағдарламада қарастырылған тақырыптардан, тәжірибелік дағдыларды орындау алгоритмдерінен тұрады.

ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген


Хаттама №_9_
_02_.05_2008_ж.

ҚММА-ның Ғалымдар Кеңесінде басып шығарылуға рұқсат етілді және бекітілді


Хаттама №_____
____.________200___ж.

© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


1 БӨЛІМ. Емдеу - алдын-алу мекемелерінің негізгі типтері.


Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулаториялар, емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер, диспансерлер, кон­сультациялар, жедел жәрдем станциялары.


Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар, клиникалар, госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хос­пистер. Емдеу және алдын-алу жұмыстарының сапасын жоғарлату мақсатында емханалар амбулаториялармен және стационарлармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды қамтамасыз етудің сапасын жақсартады.

Аурухананың құрылымы және негізгі қызметі.


Ауруханалар жалпы, республикалық, облыстық, шеткері, қалалық, аудандық және селолық деп бөлінеді. Арнайы ауруханалар (онкологиялық, туберкулез ауруларын емдейтін және т.б.) өзінің саласына байланысты қаланың шетінде немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.
Аурухана құрылысының 3 негізгі типі бар: дұрыс, орталықтандырылған және аралас.
Дұрыс салынған жүйеде аурухананың терриоториясында шамалы бөлек ғимараттар салынады. Орталықтандырылған типтегі құрылыста ғимарат жабық жер асты немесе жер асты дәліздермен біріктіріледі. Аралас типтегі аурухаларда негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал инфекциялық бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше шамалы ғимараттарда орналастырылады.
Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат, шаруашылық алаңы және қорғаныш көгал зонасы. Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары бөлек болу қажет.
Ауруханалар мынадай объектілерден тұрады:

  1. Арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын стационар.

  2. Қосымша бөлімшелер (рентген бөлмесі, патологанатомиялық бөлме) және зертхана.

  3. Аптекалар.

  4. Емханалар.

  5. Асхана.

  6. Кір жуатын бөлме.

  7. Әкімшілік және басқа да бөлмелер.

Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес келеді. Палаталар бір орынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді. Палаталарда төсектер (қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында тумбочкалар және орындық немесе үстел, пациенттің киімін ілетін шкаф, мұздатқыш, жуынатын орын бар. Төсектердің бас жағын қабырғаға жақындатады, төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында болады, себебі науқасты күтуге және оны каталкадан төсекке немесе төсектен каталкаға ауыстыру кезінде ыңғайлы болу үшін. Пациентпен бекеттегі мейірбикенің арасындағы байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның көмегімен жүзеге асады. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.
Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай. Күндізгі уақыттағы жарық коэффиценті терезе аумағының еден аумағы қатынысына тең 1:5—1:6 сәйкес. Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады. Жалпы жарықтанудан басқа жекелеген жарықтану да бар. Түнгі уақытта палата есіктің қасында еденнен 0,3 метр биіктікте орналасқан түнгі жарық шаммен жарықтанды.
Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0, 1% -тен аспау керек, салыстырмалы ылғалдылығы 30—45%.
Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20°С-ден аспайды, ал балалар палатасында - 22°С.
Бөлімшеде пациенттердің 50% -тін бірден тамақтандыратын ас тарату бөлмесі және асхана бар.
Бөлімшедегі дәліз каталка, зембілдердің еркін қозғалуы үшін кең болуы керек.Ол стационардағы қосымша ауа қоры болып табылады және табиғи және жасанда жарықтан тұрады.
Санитарлы бөлме арнайы жабдықтандырылған және пациенттің жеке гигиенасын жүзеге асыруға арналған (шомылу бөлмесі, жуыну бөлмесі), кір жаймаларды сұраптауға, таза жаймаларды сақтауға арналған және дезинфекция, зәр қабылдағыштарды сақтауға арналған, жинау инвентарларын және персоналды қамтамасыз ететін арнай киімдерді қоятын бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады.
Аурухананың инфекциялық бөлімшелері бокстерден, жартылай бокстерден, жай палаталардан және карантин жарияланған кезде бөлімшенің қызметін қамтамасыз ететін бірнеше бөлек секциялардан құралады.
Әрбір бөлімшеде персоналға және пациентке арналған, пациенттерге емдеу-қорғаныш режимін: ұйықтау және дем алуды, диетамен тамақтануды, оларды жүйелі түрде бақылау және күтуді, емшараларды орындауды қаматамасыз ететін бөлімшенің ішкі күн тәртібі бар.

Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі.


6—7 сағат Ұйқыдан тұру, дене қызуын өлшеу.


7 — 8 сағат Таңертеңгі жуыну.
8 — 10 сағат Таңғы ас
10 — 12 сағат Дәрігерлердің шолуы
12 — 14 сағат Дәрігерлердің тағайындауын орындау
14 — 15 сағат Түскі ас
15— 17 сағат Тыныштық сағаты (дем алу)
17— 18 сағат Серуендеу, туыстарының келуі
18— 19 сағат Дене қызуын өлшеу
19 — 20 сағат Кешкі ас
20 — 22 сағат Бос уақыт
22 сағат Түнгі ұйқы


2 бөлім. Қауіпсіз аруханалық орта
Аурухана ішілік инфекцияның мәселелері.

Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) пациент ауруханаға түскеннен бастап оған жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының байқалуынсыз ауруханада жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын клиникалық анықталынған кез келген ауру.
АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға жататын аурулардың көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның шамамен 85%-ы іріңді-септикалық инфекция (ІСИ), 6-7%-ы вирусты гепатиттер В,С,Д: клиникалық инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда –сальмонелез.
АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар:

  • Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;

  • Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ;

  • Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау ;

  • Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін зақымдайтын) көбеюі;

  • Емдеу - алдын-алу мекемелерінің адамға толуы;

  • Құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.

Қауіп топтары:

  • Хирургия, урология, реанимация бөлімшелеріндегі жағдайы ауыр науқастарда, әсіресе егде жастағыларда, балаларда және оларды күтетін адамдар немесе оның туыстарында инфекция жұғуының қаупі жоғары;

  • Медицина қызметкелері, әсіресе бірнеше рет қолданылатын, биологиялық сұйықтықтармен былғанған және тазартудың барлық этаптарын қажет ететін құралдармен жұмыс істейтіндер.

«Инфекциялық үрдіс» түсінігі макро- және микроорганизмдердің бірлесіп әр түрлі сферадағы: жедел, созылмалы, жасырын, сонымен қатар тасымалдау инфекциясының дамуын анықтайды.
Инфекцияның дамуын тудыратын негізгі жағдай ауру қоздырғышының болуы.
АІИ-ны тудыратын микроорганизмдердің негізгі түрлері корь, скарлатина, дифтерия және басқа да балалар ауруларын, клиникалық (сальгогенез және басқа) В және С гепатиттерін тудыратын облигатты патогенді микроорганизмдер және шартты патогенді микрофлора: стафилококктар, жылтыр стафилококк, стрептококтер, синегной таяқшасы, псевдолюпадтар, Гр «-» бактериялар және оның токсиндері (ішек таяқшасы, протеялар, сальмонеллалар т.б.).Сонымен қатар саңырауқұлақ инфекциясымен ВИЧ-инфекциясымен, цитомегаловируспен аурухана ішілік жұғу жолдары аз жағдай емес.
Инфекция қоздырғыштары инфекция қорында (көзінде) болады.
Аурухана ішілік (госпитальді) инфекцияның қоры болып табылады:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет