Монография Шымкент, 2016 жыл


Аймақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздері



жүктеу 1.85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата24.03.2017
өлшемі1.85 Mb.
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Аймақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздері 
 
Аймақтық топонимиялық жүйенің ӛзіндік келбетін қалыптастыратын  
алғышарттар  ретінде  ықпал  ететін  сол  ӛңірдің  физика-географиялық 
жағдайларымен қоса сол ӛлкеде орын алған ел тарихы мен жер тарихының 
рӛлі  аймақтық  топонимдерді  қалыптастырудағы  орны  ӛте  зор  және 
маңызды. 
«Кез келген жалқы есімнің тууы да, қалыптасып дамуы да тарихтың 
қойнауында  ӛтеді.  Халықтың  күн  кӛрісіне,  оның  материалдық  және 
рухани дүниесіне, тіліндегі атаулардың байырлығына немесе басқа тілден 
ауысып  келгендігіне,  жалқы  есімдердің  қалыптасуы  мен  дамуына  әсер 

29 
 
етуші  экстралингвистикалық  және  лингвистикалық  факторларға  –  бәріне 
тарих куә. Жалқы есімдерге тарихтың қатынасы – олардың адам ӛмірімен 
жан-жақты  байланыста  болуында.  Бұл  тек  тарихи  дамудың  алғашқы 
кезеңінен  бастап-ақ,  ӛмірге  деген  қажеттіліктен  туындаған.  Сондықтан 
болса керек, дәуір және адам танымының деңгейі атаулардан кӛрінеді. Кез 
келген ономастиканы зерттеу кезінде тарихи сәтті аттап ӛту мүмкін емес» 
[33, 39 б.].  
Белгілі  орыс  ономаст-ғалымы  А.В.  Суперанскаяның  пікірінше,  әрбір 
атау  тарихи,  ал  топонимиканы  түгелдей  тарихтың  айнасы  деуге  болады. 
Географиялық  кӛне  атаулар  тарихи  ескерткіштер  іспетті.  Себебі  ӛткен 
замандардың  мұралары  ретінде  мемлекеттер  мен  халықтардың 
тарихының,  жер  жағдайларының,  материалдық  және  рухани  мәдениет-
терінің белгілі бір тарихи кезеңдердегі келбетін, қалпын кӛрсетеді. 
Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеудің маңызы зор 
[34, 44 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірінің  жер  бедерінің  қалыптасу  тарихын  ескі  және  жаңа 
кезеңде  екіге  бӛліп  қарастыруға  болады.  Олар:  ескісі  –  мезозей-палеоген 
кезеңі,  жаңасы  –  неоген  тӛрттік  (антропоген)  кезеңі.  «Қазығұрт» 
энциклопедиясында антропоген кезеңіндегі Қазығұрт ӛңірі жер бедерінің 
қалыптасуы  былай  суреттеледі:  «Су  айдындары  тау  бӛктерлерін  бұзып, 
жазық  жерлердегі  су  астында  үгілген  жыныс  қабаттарға  қалыптаса 
бастаған.  Бұл  құбылысты  Қазығұрт  тауымен  ӛзара  байланысып  жатқан 
Ордабасы,  Қызылсеңгір,  Аңқи,  Әлімтау,  Қойлық,  Маңсар  мен  Қыңырақ 
таулы-қыраттары маңындағы ойпаттардан да аңғаруға болады. Неогеннің 
екінші  жартысында  бұл  алқаптағы  сулар  толығымен  тартылып,  бірлі-
жарым кӛлшіктер қалады да, қазіргі таулар мен жазықтардың пайда болу 
кезеңі  басталады.  Тянь-Шань  массивтері  тӛмендеп,  тауаралық  ойыстар 
мен  жазықтар  пайда  болады.  Палеозой  мен  докембрийдің  шӛгінді, 
метаморфтық  және  атпа  жыныстарынан  түзілген  жер  қыртысы 
пенеплендік  процеске  ұшыраған.  Күшті  режим  бұзылып,  қазіргі  рельеф 
пішіні  қалыптасқан.  Күшті  сілкіністер  мен  тербелістер  әсерінен  шӛлді 
даладағы сұр топырақ бетін қызыл қоңыр, ал таулы аудандардағы сортаң 
топырақ  қара  топырақ  жамылғысына  ауысқан.  Құрлықта  тіршілікке 
қолайлы  жағдай  туып,  тіршілік  иелерінің  мекен-тұрағына  айналады, 
ӛлкенің бүгінгі таңдағы кӛрінісі қалыптасады» [19, 146 б.]. 
Әрине,  сол  ықылым  замандардағы  бастапқы  географиялық  атаулар 
мен географиялық терминдердің фономорфологиялық тұлғасын Қазығұрт 
ӛңіріне қатысты топонимдері құрамында кездескеннің ӛзінде дәл келтіру 
(реконструкциялау)  мүмкін  емес  сияқты.  Дегенмен,  алғашқы  немесе 
бастапқы 
географиялық 
атаулардың 
сипаты 
мен 
кӛрінісі 
фоносемантикалық  (имитатив)  теориясы  тұрғысынан  түсіндірілуі 

30 
 
ықтимал.  Г.Е.Корниловтың  болжауынша,  алғашқы  тіл  (тілдер) 
имитативтік  (идефондық)  сипатқа  ие  болған.  Идефон  және  солардан 
құралған  имитативтер  аталған  нысанның  дыбыс  бейнелеушісі  (дыбыс 
символикалық)  сипатта  түрлі  ерекшеліктерін  ӛз  тұлғасында  кӛрсете 
білген.  Алғашқы  (бастапқы)  сӛздердің  осындай  қасиеті  ностратикалық 
тілдерде ӛз кӛрінісін тапқан. 
Қазақ  тіліндегі  жер  бедері  атауларын  фоносемантикалық  тұрғыдан 
қарастырған зерттеуші Ғ.Ж.Ермекбаевтің пікірінше: «қара атауы қосымша 
анықтауыштармен  Қарқара,  Қараш-Қараш,  Талғар,  Қазығұрт  (белгілен  –
Б.Т.)  оған  Қаржантау  т.б.  қосуға  болады),  қара  сияқты  топонимдерде 
сақталынып  қалған,  жалпы  мағынасы  «жерден  биікте  жатқан  нысан» 
болатын  *кар  морфемасы  мен  оның  алломорфтарының  тұтас  жүйесіне 
енеді. Бұл арада қалпына келтірілген түбірдің, жоғарыда кӛрінгендей, ата 
(ностратикалық)  тілге  қатысты  қаралуы  оның  дыбыстық  бейнелеуіштік 
табиғатын,  тиісінше  идеофон  ретінде  бағалану  мүмкіндігін  жоққа 
шығармайтынын  қайталап  айтамыз,  ӛйткені  жалпы  тіл  білімінде,  оның 
ішінде  тарихи  лексикологияда  глоттогенез,  яғни  оның  түбірге  қатысты 
субститут  құбылысын  сӛз  ету  түрлі  тілдік  семьяларға  ортақ  фактілерді 
анықтау-салыстыруларды  (осы  арадан  оны  «ностратикалық  күймен» 
түсіндіру) талап етер еді» [35, 96 б.]. 
Ал  *қар  (қара)  термині  үнді-еуропа,  семит,  түркі-моңғол  т.б.  тілдік 
семьяларда  кездесетінін  атап  кеткен  жӛн.  Осыған  орай  аталған  мәселеге 
қатысты  қар,  қара,  гора  (тау)  географиялық  жалпы  есімдеріне  талдау 
жасаған ғалым Е.Керімбаевтың қорытындысын осында келтіруге болады: 
«Екі-үш  тілде  кездесетін  ортақ  сӛздерді  алмасу,  ауысу  процесімен 
түсіндіруге  болар  еді,  ал  енді  бір  түбірге  ие,  мағыналас  сӛз  бір-бірімен 
ғаламат алыста жатқан тілдерден тіптен ауысуы мүмкін емес. Этникалық, 
мәдени  байланысы  жоқ  халықтарда  түбірі  бір  сӛздердің  кездесуі  осы 
тілдердің ӛте ерте заманда бір тілден шыққан, тарағанын дәлелдейді» [36, 
21 б.]. 
Қазығұрт аймақтық топонимиясындағы ӛте кӛне географиялық есім- 
дердің  бірі  –  Ӛгем  (ӛзен  және  тау  аты).  Тау  аты  Ӛгем  ӛзені  атымен 
қойылған топонимияда бұл белгілі заңдылық және де гем (кем) терминінің 
ежелгі (кӛне) мағынасы «ӛзен» («су») гем (кем, хем, кам) гидрографиялық 
термині  тұңғыс-манжұр,  финно-угор,  үнді-еуропа,  моңғол,  түркі 
тілдерінде  және  Азия,  Сібір,  Еуропа,  Моңғолия,  Тува  т.б.  жерлерде 
кездеседі  [13,  230  б.]  Осыған  қарағанда,  Ӛгем  атауы  ең  кӛне 
«ностратикалық» фоносемантикалық (имитативтік) сипаты бар атау болуы 
мүмкін.  Қазығұрт  ӛңірі  жер-су  аттарына  қатысты  ӛте  кӛне  тарих 
парақтары  сақталмағанымен,  жергілікті  халық  жадында,  танымында 
ӛзіндік,  тарихи  сипаты  бар  топонимикалық  атаулардың  бүгінге  дейін 

31 
 
жеткен жағдайы бар. Мәселен, осындай деректерді осы ӛлкенің тұрғыны, 
шежіреші  Зайыр  Сәдібекұлы  Қаржанидің  «Шежіре  шеңбері»  кітабынан 
кездестіруге  болады:  «Геродотқа  дейінгі  тағы  бір  әйгілі  грек  тарихшысы 
Кіші  Азиядан  шыққан  Милеттік  Гекетейдің  жазбасы  бойынша,  Тұрбат 
қыстағына  жақын  маңайда  б.з.б.    V-ғасырда  үлкен  сақтардың  Парикан 
деген  хандығы  дәуірлеп  тұрған.  Оның  ордасының  тамтығы  осы  күнге 
дейін  тӛбе-тӛбе  болып,  қалың  топырақ  астында  жатыр.  Ол:  «Үлкен 
Ақпарақ, Орта Ақпарақ және Кіші Ақпарақ делінеді», – дейді бір шежіре 
дерегінде.  «Барақ»  деген  сӛздің  «Парақ»  деп  айтыла  беруі  мүмкін. 
Қазақтар «мақта» десе, ӛзбектер «пақта» дейтіндей ғой. 
Сол  айтылған  Тұрбат  қыстағына  жақын  маңайда  осы  күнге  дейін 
айтылып  келген  Ақпарақ  атты  жер  (ауыл)  бар.  Ол  Қаржан  тауының 
теріскей,  яғни  Қазығұрт  тауына  қараған  баурайындағы  кӛрікті  және 
шұрайлы  ӛңір.  (Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  ол  аймақта  бес  колхоздың 
орталығы  Ақпарақ  (Ақбарақ)  деген  ауылдық  кеңестің  болғанын  аға 
буындағы адамдар осы күнге дейін есінен шығармай келеді – З.С.). «Ақ» 
деген  сӛздің  шежіре  тілінде  оңтүстік  немесе  батыс  бағытты  білдіретінін 
ескерсек, бұл айтылған Ақпарақ (Ақбарақ) елді мекендер кӛне Барақ (ит-
Барақ) ұлысының батыс (оңтүстік) бӛлегі екенін аңғаруға болады. 
Ертеде  осы  ӛңірде  ежелгі  сақ  халқының  үйсін,  қаңлы  деген 
тармақтары  мекендеп  тұрғанын  және  қазірде  солардың  ұрпақтары  тұрып 
жатқанын ешкім жоққа шығара қоймас. Ақбарақ (Ақпарақ) деп айтылуына 
қарағанда  бұл  ӛңірде  үйсіндердің  оңтүстік  (батыс)  қанаты,  қаңлылардың 
шығыс (солтүстік) қанаты тұрғанға ұқсайды. Себебі қазіргі қаңлылардың 
сарықаңлы  тармағында  Ақпарақ  (Ақбарақ)  деген  ру  бар.  «Сары»  шежіре 
тілінде  солтүстік  (шығыс)  бағытты  білдіретіні  белгілі.  Ал  жоғарыда 
айтылған үш Ақпарақ та қазіргі үйсіндердің бір бұтағы – Бӛгежілі руының 
ежелден келе жатқан атамекені екені кӛп дәлелді керек етпес» [37, 79 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірі  тӛрінде  ӛте  ерте  замандарда  сақ  дәуірі  болып  ӛткен. 
Тарихшы  ғалымдардың  пікірінше,  б.з.б.  VI-II  ғасырларда  сақ  тайпалары 
осы  жерлерді  мекен  еткен.  Е.Қойшыбаевтың  болжауынша:  «Келес  сӛзі 
кӛне топоним, ӛйткені Келес даласы, тарихшылардың дәлелдеуінше, б.з.б. 
VI-II  ғасырларда  сақ  тайпаларының  мекендеген  жері  (Г.В.Григорьев). 
Атаудың түркі-моңғ. тілдері негізіндегі Келе («тіл») сӛзінен шықты деген 
гипотеза  онша  дӛп  келмейді.  Келес  –  кӛне  тайпалар  тілінде  –  үлкен 
кесіртке. Бұл атауды алтайдың Келес –келу гидронимімен салыстырыңыз. 
Сӛзбе-сӛз  мағынасы:  «Кесірткелі»,  «Кесірткелі  ӛзен»  мәніндегі  атау  [38, 
127 б.]. 
Келес ӛзені жӛніндегі кӛне деректер «Қазығұрт» энциклопедиясында 
былай етіп келтірілген: «Келес ӛзені мен оның аңғары кӛне дәуірден бері 
хатқа  түскен  еңбектердің  кӛбінде  бар.  Тек  ол  замандарда  ӛзеннің  аты 

32 
 
ӛзгеше аталған. Кейбір кездерде сол атауларды шатастырып алып жүрген 
жағдайлар  да  бар.  Мысалы,  Келес  ӛзенінің  кӛне  атының  бірі 
(мүмкін,қытайша  атау  болуы  да  мүмкін)  Думо  секілді.  Қытайдың  кӛне 
тарихи жазбаларындағы «Батыс ӛлке туралы әңгімелер» (Бейши, 97 тарау) 
деген  бӛлігінде  мынадай  сӛздер  бар:«Шы.Шы  иелігінің  (владения) 
резиденциясы Думо ӛзенінің оңтүстік жағында 10 ли жерде.Бұл бұрынғы 
Кангюй  жері.».Ал  қытайдың  «Таншу»  деп  аталатын  тарихының  221-
тарауындағы  «Батыс  ӛлке  туралы  әңгімелер»  деген  бӛлігінде  мынадай 
жазулар  бар:  «Шы,немесе,  Кюйша-Гйешуана  Думо  ӛзенінің  оңтүстігінде 
жатыр.Темір қақпа деп аталатын тау бар.Шы иелігі бірнеше мың ли жерді 
алып  жатыр.  Иелікте  500  қала  бар.748  ж.император  Шы  иелігін  Лай-Кэй 
деп атауға нұсқау берді». Міне, осындағы Думо деп аталған ӛзенді кейбір 
ғалымдар  Сырдария  деп  атаса,  енді  біреулер  Қашқадария  жазығындағы 
ӛзен деп шамалап жүр. Мұның екеуі де дұрыс емес.Шы иелігі сол қытай 
тарихының  айтуының  ӛзі  бойынша-ақ  Ташкент  оазисі  «резиденциясы 
Ташкент қаласының ӛзі.Тіптен кӛне орынын іздегеннің ӛзінде Шахрукия-
Шыназ  маңы.  Ал    Сырдария  болса  Ташкенттің  солтүстігі  емес 
оңтүстігінде жатыр. Жазбада айтылған тау да Ташкенттің іргесінде-Ӛгем 
мен Шатқал қыраттары. Мұнда «Темір қақпа» деп аталатын орын да бар-
қазіргі Қақпақ. Оны Тараз жақтан келіп,Ташкент арқылы Оратӛбеге ӛткен 
қытай тахуасы Сянь Цзянь жазып кеткен. Және бір кӛне жазбаларда Думо 
ӛзенін  кешіп  ӛтіп,Чач  (Ташкент)  қаласына  жетесің  деп  жазылған.Сонда 
Думо  ӛзені  Ташкенттің  солтүстігінде  таяқ  тастам  жерде  болып  шығады 
(қытайлардың  жазуы  бойынша  10  ли).  Оның  үстіне  сол  жазуларда  «Кіші 
Шы»  деген  аймақты  айтып,оның  Шы  аймағына  бағынатынын,  ал  одан 
арғы  жер  (тау  асқан  соң)  бұрынғы  Тухало  жері  екенін  де  осы  жазбалар 
арқылы анық кӛрсетеді»[19,130 б.]. 
 «Қазығұрт» 
энциклопедиясында  кӛрсетілген  бұл  деректердің 
топшылауында  субъективтік  сәттері  де  болуы  мүмкін,  себебі  академик 
Ә.Қайдар  атап  кӛрсеткеніндей:  «Ежелгі  қытай  қолжазбаларының  күні 
бүгінге дейін ӛз зерттеушілерін тұйыққа тіреп жатқан бір сыры – олардың 
түркі атауларын кӛне қытайша беріп, оқылуын қиындатуына байланысты. 
Демек,  бұл  мәселеге  ӛте  сақтықпен,  ыждаһаттықпен  қараған  жӛн. 
Одан  да  қиыны  сол  атауларға  бүгінгі  авторлардың  ӛзінше  түсініп,  ӛз 
білгенінше еркін анықтама, түсініктеме беруі, тіпті ӛзінің бүгінгі ойы мен 
түсінігін сан ғасыр ӛтіп кеткен қытай деректеріне тапсырып, сол арқылы 
жариялау әдеті де байқалып қалады» [39, 81 б.]. 
Халық  танымында  сақ  дәуірін  меңзейтін  тағы  бір  жергілікті  атаулар 
Ескендір  (Александр  Македонский)  есімімен  байланысты.  Қазығұрт 
аймағында  «Ескендір  тӛбесі»,  «Ескендір  кӛпірі»  деген  географиялық 
атаулар бар. 

33 
 
Кӛне  тарихтың  деректеріне  сүйенсек,  «жарты  әлемді»  жаулап  алған 
Александр  Македонский  сақ  елінен  жеңіліспен  қайтады.  Академик 
В.Струве  «Кавказ  бен  Орта  Азия  жӛніндегі  дерекнамалар»  деген 
кітабында былай жазады: «Александр Македонскийге қарсы соғыста Орта 
Азия  халқының  бостандығын  сақтап  қалған  Спитаменнің  соңғы  жорығы 
туралы Аррианның әңгімесіндегі оқиға сақтардың Ұлы ордасы орналасқан 
кең  даланың  құпия  сырын  толық  ашып  береді.  Спитамен  Соғдианаға 
жасырын  ӛтіп  кетіп,  македониялықтарға  соққы  бергісі  келді,  ал 
Спитаменнің  шабуылынан  сескенген  Александр  Соғдианада  қыстап 
қалды» [19, 27 б.]. 
Ал  енді  жергілікті  халықтың  Ескендірге  (Александр  Македонский) 
байланысты  сол  кездегі  сақ  дәуіріне  қатысты  «тарихи»  танымынан 
хабардар  ететін  ақпарларды  мына  жолдардан  байқауымызға  болады: 
«Міне,  дүниені  түгел  билесем  деген  қолбасшының  сақ  жеріне  келіп 
қайтуының  сыры  осылай.  Ал  сол  шайқас  қай  тұста  ӛтті?  деген  сұраққа 
жоғарыда  айтылған  әңгімелердің  бәрін  жүйелеп  кӛрген  зерделі 
оқырманның  ӛзі-ақ  тұжырым  жасауына  болады.  Бұл  тұс  –  Келес  ӛңірі, 
қасиетті  Қазығұрт  маңы.  Қазығұртты  айтқанда,  біз  барлық  оқиғаны  сол 
бір  таудың  іргесіне  апарып  тіреп  қой  деген  ойдан  аулақпыз,  бүкіл 
Қазығұрт  ӛңірін  қоса  айтып  отырмыз.  Осылайша  қазақ  даласының  және 
бір  жойқын  апаттан  аман  қалғанына  қасиетті  Қазығұрт  куә.  Осы  жерде 
тағы  бір  айта  кететін  жайт,  Қазығұрт  аймағындағы  Ескендірдің 
(Александр  Македонский  ғой)  атына  байланысты  айтылатын  «Ескендір 
тӛбесі»,  «Ескендір  кӛпірі»  сияқты  атаумен  аталатын  орындардың 
барлығы. Шымған тауының маңында. Ескендір деп аталатын ауыл да бар. 
Белгілі  ғалым,  қазақ  мәдениеті  мен  әдебиетінің  аса  білгірлерінің  бірі 
Мекемтас  Мырзахметов  ағамыздың  бір  еңбегінде  келтірілген  Оңтүстік 
Қазақстан аймағында қыздардың жігіттерді сынағанда айтатын «Ескендір 
тауға шықтың ба?» деп басталатын жыр үлгілерінің сақталғанын мысалға 
келтірді.  Тереңірек  ойланған  адамға  да  бұл  да  бір  тұжырымдардың 
нышанын еске түсіретін мәселе екені анық» [19, 27 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірі  кӛне  замандағы  Кангюй  мемлекетінің  аумағында 
болған. 
«Б.з.д. 1 мыңжылдықтың екінші жартысында Қазақстан жерінде бізге 
беймәлім  болып  қалып  отырған  үлкен  саяси  ӛзгерістер  ӛткен  сыңайлы. 
Әйтеуір,  б.з.д.  ғасырға  қатысты  қытай  деректері  Оңтүстік  Қазақстан 
жерінде  «Кангюй»  деген  мемлекетінің  бар  екендігін  атап  ӛтеді. 
Зерттеушілер  осы  «Кангюй»  атауының  дұрыс  айтылуын  «Қаңғар», 
«Канга-Вар»  түрінде  береді,  сондай-ақ  осы  Кангюй  (Қаңғардың) 
«авесталық»  –  «шахнамалық»  Кангха-Кандиздерге  сабақтас  екендігі 
дәлелденген. 

34 
 
Кангюй-Қаңғар  мемлекетінің  қытай  жазбасы  атап  кӛрсеткен  б.з.д.  ІІ 
ғасырда  лезде  пайда  болмағаны  анық,  қытай  тыңшысы  тек  ӛзінің  Батыс 
ӛлкеге  сапар  шеккен  уақытындағы  бар  болмысты  ғана  қағазға  түсірген, 
яғни біз «қаңғар» атты мемлекеттің б.з.д. IV-III ғасырларда да, тіпті одан 
бұрынырақ та ӛмір сүргендігін шамалауға болады» [40, 432 б.]. 
Кангюй мемлекетінің аумағы ӛте кең болған кӛрінеді, ал біз сӛз етіп 
отырған  аймақ  Кангюй  мемлекетінің  аумағында  болған:  «Кангюй 
мемлекетінің  шекарасы,  қоныс-ӛрісі  иемденген  иелігі  мен  тараған 
кеңістігі  ғасырлар  бойында  ӛзгеріп  (кеңейіп,  тарылып,  жаңарып) 
отырғаны белгілі. Ескерте кететін бір жағдай, «шекара» деген ұғым бұрын 
да  болған,  бірақ  ол  қазіргідей  ала  бағана  қойып,  мемлекеттер  аражігін 
ажыратпаған.  Кӛне  замандағы  шекараларда  шарттылық  кӛп,  негізінен 
жердің  таза  табиғи  болмысына  (тау,  ӛзен,  су,  құм,  орман  т.б.  белгі-
нышандарына)  қарай  белгіленсе  керек.  Сондықтан  да  болар,  кӛне  қытай 
деректерінде  Кангюйдің  жеке  мемлекеттік  шекарасы  деп  кӛбірек 
қайталанатын аумағына бір жағынан Талас пен Шу ӛзендерінің жағасына 
дейінгі,  Қаратау,  Алатау,  Қазығұрт  тауларының  алқаптары  мен 
Сырдарияның  орта  тұсына  барып  құйылатын  Сайрам,  Арыс,  Келес, 
Шыршық т.б. ӛзендердің бойлары жатады» [39, 92 б.]. 
Қаңлы  (Кангюй)  мемлекетінің  жері,  қоныс-ӛрісі  жайында  қаңлы 
руының  тӛл  перзенті  –  қаңлылар  (Кангюй  мемлекеті)  туралы  600-беттік 
іргелі  ғылыми,  тарихи  шежіре  жазған  кӛрнекті  қазақ  тілші-ғалымы, 
академик  Әбдуәли  Қайдар:  «Қазақта  «Жер  –  Құдайдікі,  оның  иесі  –  сол 
жерді  мекендеуші  халық»  деген  де  сӛз  бар.  Міне,  қаңлы  тайпасының  да 
кӛне  замандардан  бері-ақ  иеленіп,  «атамекенім»  деп  санайтын  ӛз  жері 
болды. Кейбір халықтар сияқты белгілі себептермен басқа бір құрлықтан 
ауып,  қонысын  ӛзгертіп,  кӛшіп  келген  емес,  Азия  халықтарының 
этникалық  негізі  қалыптаса  бастаған  сонау  кӛне  дәуірде-ақ,  түркі 
тайпаларын  ортақ  Алтын  ұясы  саналған  Алтай  ӛңірінен  қаңлы 
қауымының да алғаш келіп мекендеген жері – осы Сыр бойы мен Қаратау 
алқабы. Олар – осы ӛлкенің топырағын басып, суын ішіп, ауасын жұтып, 
ӛз  алдына  «қаңлы»  атты  тайпа  болып  қалыптасқан  байырғы  ел.  Ғылым 
тілімен  айтсақ,  қаңлы  –  осы  ӛлкенің  автохтондары,  аборигендері. 
Сондықтан  да  біз  «қаңлы  қауымының  атамекені  деп,  ұзақ  дәуірлер  бойы 
ӛсіп-ӛніп,  ӛркені  жайылып,  ұрпағы  тараған  Оңтүстік  ӛлкені  ғана  айтып 
отырмыз. Соның ӛзінде де бұл территорияның ӛте кең ауқымды болғанын 
кӛреміз» [39, 163 б.], – деп нақтылап айтады.  
Қазығұрт  ӛлкесі  –  кӛне  қаңлы  тайпаларының  байырғы  мекендерінің 
бірі,  бүгінде  қаңлылардың  жиі  отыратын  жерлері.  Оңтүстік  Қазақстан 
облысы  қаңлыларының  мекен-жайлары  жӛнінде  (бұл  деректерді  кӛп 
жылдар  партия-кеңес  қызметін  атқарған  Н.Әжіметов  берген)  «Қаңлы» 

35 
 
кітабында  былай  делінген:  «Шұқырбекет  –  қазіргі  Қазығұрт  елді  мекені, 
Қазығұрт  ауданының  орталығы.  Мұнда  ерте  заманнан  қаңлының  Еңке 
атасының  700  үйдей  ұрпақтары  тұрады  (осы  атаның  қалғандары  Келес 
ауданының  Абай  кеңшарында,  Шелек  ауданында  (Алматы  обл.), 
Бостандық,  Жоғарғы  Шыршық  (Таш.обл.)  аудандарының  «Паргоз», 
«Табақсай»,  «Жаңабазар»  (Бесбала  әулеті)  елді  мекендерінде  тұрады. 
Олардың  бұрынғы  кездегі  қыстаулары  Молабұлақ,  Қызылбұлақ, 
Кезеңбұлақ, 
Қарабұлақ; 
жайлаулары 
«Алатӛлген», 
«Тамшытас», 
«Тӛбеқұдық»,  «Жанжалқұдық»,  «Терісбұлақ»,  ал  жаз  жайлаулары: 
«Қосмола»,  «Ӛгем»  таулары.  Егін  егіп,  оны  жайлап,  күзем  алатын 
жерлерді Келес бойында болған. 
Сонымен қатар осы ауданның Тұрбат, Шарбұлақ, Қызылтаң (Қақпақ), 
Қызылқия,  Ӛгем  елді  мекендерінде  қаңлының  ерезен,  танта,  қараманас, 
құмырсқа,  омыртқа,  миям  аталары  тұрақтаған.  Негізінен  егіс,  бау-бақша, 
тӛрт түлік малшаруашылығымен айналысады. 
Екі  Келес  ӛзенінің  бойы  –  ертеден-ақ  қаңлылардың  ата  қонысы. 
Мұнда Сарыағаш, Келес аудандары орналасқан; қаңлының еңке, тоғызбай, 
қараманас,  алпыс,  құмырсқа,  миям,  омыртқа  аталары  тұрады.  Бұлар 
негізінен мақта, бау-бақша,  жүзім егіншілігімен, тӛрт түлік мал ӛсірумен 
айналысады. 
Бұл үш ауданда қаңлылармен қатар дулат, сіргелі, шанышқылы, суан, 
албан,  арғын,  қоңырат,  найман,  алшын,  рамадан  және  қожалар 
мекендеген. 
Сулы  Келес  ӛзені  Қазығұрт,  Қаржан,  Қосмола  тауларынан  бастау 
алып,  Қазығұрт,  Сарыағаш,  Келес  аудандарының  шаруашылықтарын 
суландырып, Сырға құяды. Құр-Келес ӛзені шӛлді жерлерден бастау алып,  
ол да Сырға қосылады. 
Асанқайғы  бабамыз  екі  Келестің  кӛк  майса  жерлерін  кӛріп:  «Әттең-
ай,  желмаяның  сауырына  сыймайсың-ау,  әйтпесе  Сарыарқаға  алып  кетер 
едім», – деп армандап кеткен екен деген ел аузында аңыз бар. 
Ӛгем  ӛзенінің  бойында  да  қаңлылар  тұрады,  онда  қаспан  атасы  мен 
біраз шанышқылылар бар. Бұл ӛзен басын Алатаудың ең биік асуындағы 
(солтүстік  мұқит  деңгейінде)  жыл  бойы  ерімейтін  мұз  айдынының 
(ұзындығы 65-70, ені 40-45 м) Оңтүстік шығысынан алып, Шыршық ӛзені 
арқылы Сырға құяды. 
Ӛгем  ӛзенінің  шығыс  жағында  биік  қияларда  «Жалғыз  арша», 
«Жосалы»  деген  жерлер  бар,  ал  «Азартеке»  шатқалдарының  оң 
жағындағы кӛк қияда Мақпал кӛлі бар. Ел аузында: «сол жерде бір байдың 
Мақпал бике деген қызы болыпты, сол қыздың атының ер-тоқымы кӛлге 
түсіп кетеді де, Ӛгем ӛзенінен шыққан кӛрінеді. Бұл кӛл соған байланысты 
қыз  атымен  аталған  екен  дейді.  Ал  солтүстік-батыс  жағындағы  тау 

36 
 
беткейіндегі  «Ұлы  жұрт»,  «Кіші  жұрт»  жерлерінде  пайда  болған 
бұлақтардың  сулары  Сусіңгенге  сіңіп  кетіп,  ол  да  жерасты  арқылы 
Ӛгемнен  шығады.  Кейбір  аңыздарда  «Сусінгеннің  суы  Шымкент 
қаласының  жанынан  қайнап  шығып,  Қошқарата  ӛзені  пайда  болып, 
қаланы суландырып, Арыс ӛзені арқылы Сырға құяды», – делінеді. Арыс 
ӛзені бойында да қаңлылар ӛмір сүреді» [39, 185 б.]. 
Қаңлының  кӛне  жұрты  мекен  еткен  сонау  Кангюй  заманынан  бері 
келе жатқан ежелгі жер-су атаулары Қазығұрт аймақтық топонимиясында 
да бар екені даусыз мәселе. 
Кангюй  мемлекеті  дәуірінде  орын  алған  қаңлылардың  әдет-
ғұрыптары,  дәстүрлері  болған  кӛрінеді,  солардың  кейбір  кӛріністері 
топонимдерде  де  сыр  беріп  қалады.  «Қазақ  халқының,  демек  кӛне,  ру-
тайпаларының  кӛне  мәдениетіне,  соның  ішінде  олардың  діни  наным-
сенімдеріне  байланысты  қалыптасқан  салт-дәстүрлерін  археологиялық 
материалдар  негізінде  терең  зерттеген  ғалымдардың  бірі  –  археолог 
К.М.Байпақовта  бұл  мәселеге  ерекше  мән  берген.  Кӛшпелі  халықтардың 
бірі  –  байырғы  қаңлы  тайпаларының  малды,  әсіресе,  қойды  киелі  санау 
дәстүріне  арнайы  тоқталып,  қойдың  жалпы  бейнесі,  дене  мүшесі  (басы, 
мүйізі)  салынған  керамика,  теңге,  ыдыс-аяқ  т.б.  тұрмыстық  бұйымдарды 
зерттеу  нәтижесінде  тек  қаңлы  әулетіне  ғана  тән  стильдік  ӛрнектің 
қалыптасқандығын  айқындайды.  Мұны  ғылым  жүзінде  «қаңлы//кангюй 
дәстүрі» деп атайды [39, 161 б.]. 
 Қаңлы/кангюй 
дәстүрінің  бір  кӛрінісі  ретінде  қой  культін 
сипаттайтын  Қошқарата  топонимін  атауға  болады.  «Қошқарата  –  ӛзен 
атауы.  Қазығұрт  тауындағы  биік  жардан  бірнеше  бұлақтардың 
қосындысынан  бастап,  Текесу  қоймасына  құяды.  Ұзындығы  10  км»  [19, 
216  б.].  Қошқарата  атауының  сакральдік  сипаты  жӛнінде  топонимист-
ғалым  Қ.Рысбергенова  былай  деген:  «В  названии  Кошкарата  обнару-
живаются  следы  сакрализации  образа  кошкара  (барана-производителя, 
одного  из  наиболее  почитаемых  животных  еще  у  саков  и  кангюйцев;  в 
зороастризме  он  мог  быть  воплощением  божества  Фарна-символа 
плодородия, гарантирующую силу, здоровье, покровительство» [41, 29 б.]. 
Қаңлы/Кангюй  мемлекетінің  тарихи  дәуірі  ӛткеннен  соң,  Қазығұрт 
ӛңірін  оғыз  бен  қыпшақ  ұлыстары  жайлайды.  «ХІ  ғ.  бастап  оғыздарды 
Сыр,  Арал  бойынан  оңтүстікке  қарай  ығысуына  себеп  болған  бұл  ӛлкеге 
Ертіс  бойынан  қыпшақ  тайпаларының  қаптап  келе  бастауы  еді»,  –  деп 
жазады В.В.Бартольд (Соч., Т.VI. С.98). Сонымен қатар ол: «Сыр бойынан 
батысқа  оғыздар  мен  печенегтердің  қоныс  аударуына  байланысты 
олардың  барлық  рухани-мәдени  мұрасы  ендігі  жерде  қаңлылар  мен 
қыпшақтардың еншісіне айналды» – деп кӛрсетеді» (Соч., Т.VI. С.99) [39, 
249 б.]. 

37 
 
 Оғыз  заманындағы  Қазығұрт  ӛлкесінің  кейбір  жер-су  атаулары 
«Қорқыт  Ата  кітабы»  деп  аталатын  кӛне  қолжазбада  ӛз  кӛрінісін  береді. 
VІІ-VІІІ  ғасырлар  (кейбір  деректерде  ІХ-Х  ғасырларда)  ӛмір  сүрген 
ойшыл, жырау, қобызшы, сәуегей, бақсы Қорқыт туралы деректер, аңыз-
әңгімелер,  шежірелер  және  кӛне  қолжазба  «Китаби  дедім  Қорқуд» 
(«Қорқыт  Ата  кітабы»)  арқылы  күні  бүгінге  жетті.  «Осы  кітаптағы 
оқиғалардың  бәрі  Қаратау  мен  Қазылық  (Қазығұрт)  тауларының 
тӛңірегінде  ӛтеді.  (В.В.Бартольд  ӛзінің  орыс  тіліне  аудармасында  Кавказ 
тауы  деп  кӛрсетіп,  кӛптеген  еңбектерде  осы  сарын  ұстанылып  келді,  ал 
түпнұсқада  «Қазылық  тауы»  деп  жазылған.  Түркияда  шыққан  барлық 
нұсқада  дәл  осылай).  Кітаптің  негізі  Сыр  бойында  жасақталғанмен,  бізге 
жеткен  қолжазбалар  оғыздар  Кавказ  маңына  барғанда  хатқа  түскен. 
Сондықтан  әзірбайжандар  Қорқыттың  туған-ӛскен  жерін  Кавказ  деп, 
жерленген жері Дербент қаласының маңы деп санайды. 
«Қорқыт  Ата  кітабындағы»  әңгімелердің  кӛбінде  оқиға  Қаратаудан 
басталып,  Қазылық  тауының  баурайында  аяқталып  жатады.  Мысалы, 
«Дербес хан ұлы Бұқашқан туралы жыр» деген тарауларында Дербес хан 
қызғаншақ, арамза, опасыз, жігіттердің сӛзіне сеніп, аңға шыққан ӛз ұлын 
атып  кетеді.  Ұлының  оралмағанына  қауіптенген  анасы  «қысы-жазы  қар-
мұзы ерімейтін Қазылық тауына келді, тӛменнен биікке шауып шықты...» 
Сол таудың бір сайында қансырап жатқан ұлын кӛріп боздайды. 
...Қазылық таудың суы кӛп 
 Ағар екен, ақпасын! 
Қазылық таудың кӛк шӛбі, 
Шүйгін екен,тапталсын. 
Жүйрік сенің киігің, 
Жортпасын енді, тас болсын! 
Не білейік, ұланым, 
Арыстаннан ӛлді ме? 
Не болмаса ажалы 
Қабыланнан келді ме? 
Бұл қазаңды білдіріп, 
Кеудеңде жаның бар болса, 
Ұлым хабар берсейші: 
Қара басым құрбандық болсын! 
Тілге енді келсейші!  
Осы  сӛздерді  есіткенде,  ұлы  кӛзін  ашып,  анасына  тӛмендегідей  тіл 
қатқан: 
Бері келгін, ақ сүтін емдірген, ханым, ана, 
Ақ жаулықты, ізетті, жаным, ана. 
Аққан суды анашым, қарғамағын, 

38 
 
Қазылық таудың бұл жерде күнәсі жоқ. 
Шүйгін шӛпті, анашым, қарғамағын, 
Қазылық таудың бұл арада кесірі жоқ. 
Желдей жортқан киікті қарғамағын, 
Қазылық таудың мұнда да жазығы жоқ. 
Арыстан мен қабыланды қарғамағын, 
Қазылық таудың бұл арада айыбы жоқ... 
Кітаптың  бір  тарауы  «Қазылық  Қожаұлы  Икенек-бек  әңгімесінің 
баяны» деп аталады. 
Ал  «Басаттың  Тӛбекӛзді  ӛлтірген  әңгімесінің  баяны»  дейтін 
тарауында үңгірде болған оқиға баяндалған. Ал Қазығұрттың үстінде қос 
үңгір  бар.  Оның  бірі  үлкен,  екіншісі  шағындау.  Кітаптағы  оқиғаның 
кӛбінде Қаратау негізгі тірек те, Қазылық тауы қарсы жатқан тау ретінде, 
кейде Алатау ретінде (Ӛгем деп түсіне беру керек) сипатталады. Кітапты 
түгелдей топтап шықсақ, Қорқыт Атаның Қазығұртты да ӛз елі деп санап, 
оның қыры-сырын жетік білгені сезіледі» [19, 213 б.]. 
Қазығұрттағы  қос  үңгірдің  бұрынғы  кездері  қасиетті  санап 
қастерлесе,  ӛткен  ғасырдың  отызыншы-елуінші  жылдары  колхоздастыру 
дәуірінде  қой  қамап,  қораға  айналдырған.  Кӛнекӛз  қариялардың 
айтуынша,  Қазан  тӛңкерісінен  бұрын  үңгірдің  аузына  әшекейлі  есік 
орнатылған  екен,  олар  Ұлы  Отан  соғысына  дейін  сақталған.  Қазір  кӛп-
шілік қасиетті орын санап, зияратқа келіп жүреді. 
Жалпы алғанда «Оңтүстік Қазақстан аумағындағы оғыздардың таралу  
ареалы  Қаратаудың  оңтүстік  бӛктері  мен  Испиджабқа,  ал  оңтүстікте 
Шәуілдірден Алқакӛлқұмға дейінгі аралықты қамтыған. Оғыздық кезеңде 
Сырдария бойында, Қаратау баурайында ондаған гүлденген қалалар пайда 
болып, Жібек жолы арқылы батыс пен шығыс арасындағы сауда, мәдени 
қатынасы  одан  әрі  дамыды.  «Оғыз»»  этнонимі  аумақтағы  Оғызтау, 
Оғызсай, Оғыз топонимдеріне негіз болған. Әдетте атаулар құрамындағы 
«оғыз» этнонимін қазіргі қазақ тіліндегі «ӛгіз» сӛзімен жиі шатастырады. 
Бірақ фонетикалық ерекшелігі арқылы бұл атаулардың этноним негізінде 
қалыптасқанын анықтау қиынға соқпайды» [12, 29 б.]. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет