Морфология


 — сурет. Бірқабатты жалпақ эпителий (мезотелий). Үстінен қарағандағы



Pdf көрінісі
бет155/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   1132
42 — сурет. Бірқабатты жалпақ эпителий (мезотелий). Үстінен қарағандағы 

көрінісі. 

1 — эпителиоцит (мезотелиоцит) ядросы, 2 — цитоплазмасы, 3 — мезотелиоциттер 

аралықтарындағы шекаралар. 

 

Бірқабатты  жалпақ  эпителий  эктодермадан  (ортаңғы  кұлақ,  сілекей 



бездерінің  ендірме  өзектері),  энтодермадан  (өкпе  альвеолоциттері,  ұйқы 

безінің  ендірме  өзектері)  жəне  мезодермадан  (сірлі  қабықтар,  бүйрек 

нефрондары, денешігінің қапшығы, ен торының қабырғасы) дамиды.  

Бірқабатты  текше  (куб)  тəрізді  эпителий  организмдегі  без  өзектері 

мен  бүйрек  нефрондарының,  қалқанша  безі  фолликулдарының  қабырғасын 

астарлайды.  Негіздік  жарғақта  бір  қабатта  орналасқан,  пішіні  текше  тəрізді 

эпителий  жасушаларының  биіктігі  мен  ені  шамалас.  Мөлшері  біркелкі 

дөңгелек  келген  эпителиоциттер  ядролары  бір  деңгейде  жəне  бір  қатарда, 

жасушалар  цитоплазмасының  ортасында  орналасады.  Бірқабатты  текше 

тəрізді  эпителий  без  өзектерінде  —  шектеу  жəне  шекаралық,  фолликулдар 

қабырғаларында  зат  алмасу  қызметін  атқарады,  ал  бүйректе  несеп  түзуге 

қатысады. 

Бүйрек 


нефрондары 

қабырғасындағы 

текше 

тəрізді 


эпителиоциттердің  апикальды  ұшында  алғашқы  несептен  керекті  заттарды 

(глюкоза,  амин  қышқылдары,  тұздар,  су)  кері  соруға  маманданған,  жасуша 

плазмолеммасынан  түзілген  микробүрлер,  ал  негіздік  (базальды)  ұшында 

эпителиоцит  плазмолеммасы  қатпарларынан  құралған  базальды  жолақ 

болады.  Микробүрлер  эпителиоцит  плазмолеммасының  сору  ауданын  30-40 

есе үлкейтеді. Базальды жолақта, керісінше, зəр құрамына шығарылатын азот 

жəне белок алмасуларының ыдырау өнімдері синтезделеді. Бірқабатты текше 

тəрізді 


эпителий 

эктодермадан 

(қалқанша 

безі 


фолликулдарының 

қабырғаларында),  мезодермадан  (бүйрек  өзекшелерінің  қабырғаларында) 

жəне энтодермадан (без өзектерінің қабырғаларында) дамиды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет