М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

еліңнің егемендігі – зор бақыт*
осы бір философиялық пайым Көшім Есмағамбетовтың өмірлік 
ұстанымын,  шығармашылығының  өзегін  құрайды.  Бодандық 
жағдайында  жеке  тұлғаның  емін-еркіндігі  туралы  сөз  болуы  мүмкін 
емес,  жат  жұртшылықтың  қас-қабағына  қарап  өмір  сүру  –  адам 
табиғатына жат, өз сеніміңе орай қимылдауға мүмкіндік бермейді деп 
есептейді  ол.  Көшім  Лекерұлы  үшін  күйбең  тірліктегі  қиюы  келмей 
жатқан  дүниенің  бәрі  өткінші,  тек  еліңнің  азаттығы  ғана  –  мәңгілік 
құндылық.
Ғалымның,  кітаптарын  былай  қойғанда,  баспасөз  беттерінде 
жиі-жиі жарық көріп жатқан мақалаларының өзінде ұлт бостандығы 
төңірегіндегі  ойлары  сан  алуан  мазмұн,  мағынамен  айшықталып, 
оқырмандарға  жол  тауып  жатады.  олар  жаңашылдығымен,  ав-
тор  уәждерінің  қисындылығымен  ерекшеленеді.  Қай  тақырыпқа 
қалам  сілтесе  де,  ол  тарихи  шындыққа  ғана  бас  иеді,  ешкімнің  де 
шен-шекпеніне,  атақ-даңқына  қарап  жалтақтамайды.  «Салиқалы 
басылымдағы  салғырттықтар»,  «Қазанғап  неге  қапалы?»,  «Сынды 
дұрыс қабылдай білген жөн», «дәме бар да дәрмен жоқ» т.б. еңбектерін 
үлкен  білімділікке  қоса,  уақыт  пен  ыждағаттылықты  қажет  ететін 
іргелі ізденістің нәтижесі деуге болар еді. оларда автор елімізде қаулап 
шығып жатқан энциклопедиялық әдебиеттің сапасын көтеру жөнінде 
өзекті мәселелерді қозғайды. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында, 
«Ақтөбе облысының энциклопедиясында», «Махамбет энциклопедия-
сында» жіберілген қателіктерді нақты көрсете отырып, жалпы алғанда, 
энциклопедиялық, анықтамалық әдебиеттің қоғам дамуындағы орны 
мен маңызына жұртшылық назарын аударады.
Өзі  де  өмірінің  біраз  уақытын  «Қазақ  энциклопедиясы»  бас  ре-
дакциясында  өткізді;  оның  бастауында  тұрып,  90  –  жылдары  осы 
баспадағы  әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылымдар  орталығын 
басқарды.  оның  ғылыми  басшылығымен,  не  құрастыруымен  «Свод 
памятников истории и культуры Казахстана», «Кто есть кто в казах-
станской науке» (А., 1999), «Құрманғазы», «Қорқыт Ата» (1999), «Сак-
ский  воин-символ  духа  предков»  т.б.  кітаптар  әзірленіп,  оқырманға 
ұсынылды.  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясының  сөзтізбесін  жа-
сап,  концепциялық  негізін  қалауына,  алғашқы  үш  томының  даярла-
нуына  атсалысты.  К.Л.Есмағамбетовтің  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасына орай жүргізген ізденістері де бір төбе. оның «Жадыңды 
жаңғыртар жәдігерлер», «Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан туралы 
деректер», «Бізге де әлем тарихы институты қажет» атты танымдық 
ізденістері жарық көрді.
ол-аудармашы  әрі  мұрағатшы.  Индиана  университетінің  про-
фессоры  джордж  демконың  «орыстардың  Қазақстанды  отарлауы», 
Пейс  университетінің  профессоры  С.П.Синханың  «Құқық  фило-
софиясы»  деген  кітаптарын  ағылшын  тілінен  тікелей  қазақ  тіліне 
тәржімалады.  отандық  тарих  ғылымының  деректемелік  негізін 
нығайтуға бағытталған сан-алуан іс-шаралардың басы-қасында болды. 
«Ағылшын суретшісі джон Кэстльдің 1736 ж. Әбілқайыр ханға барып 
қайтқан сапары туралы күнделігін» ғылыми айналымға қосты. осыдан 
кейін академик К.Нұрпейістің Көшім Лекерұлын «құнды деректердің 
құлагері» деуі тегін емес. Қазіргі уақытта өзінің ғылыми жұмыстарымен 
бірге ол ҚР Ұлттық мұрағаты бас директорының кеңесшісі, «Қазақстан 
мұрағаттары» журналының бас редакторы қызметін қоса алып жүр.
Шын  мәнінде,  Көшім  Лекерұлы  –  энциклопедиялық  білімді, 
ғалымдығы  мен  қаламгерлігі  астасып  жатқан,  бітімі  ерек  тұлға. 
ол  ғалым  -    тарихшылардың  бірде-біріне  ұқсамайды.  Сол  үшін  де 
оны  мақтайтын  да,  даттайтын  да  пенделер  баршылық.  оның  үстіне 
ешнәрсені  де  күлбілтелемей  турасын  айтатын  мінезін  ескерсек,  ол 
көтерген жүктің салмағы ауырлай түседі. Ұшан-теңіз білімі бола тұра, 
оның бірде сүрініп барып қайта тұруын, кеңестік ортаның қалыбына 
сыймауын осы жағдаймен түсіндірген жөн. Әрине «күншілдік» секілді 
құбылысты  да  жоққа  шығаруға  әсте  болмас.  Көшім  Лекерұлының 
«Батыраштардың  күні  батпай,  Құлагердің  таңы  атпайды»  деуі  со-
дан  ба  деп  ойлайсың.  Қалай  болғанда  да  ол  өмірде  өз  соқпағымен 
жүріп  келеді...  Нарын  құмында  дүниеге  келіп,  Махамбет  пен  Мұрат 
аталарының  өлеңдерін  жаттап  өскен  Көшім  Лекерұлы  1957  жылы 
орта  мектепті  үздік  бітіргенен  кейін  қол  созым  жердегі  Гурьев 
педагогикалық  институтына  оқуға  бармай,  армия  қатарына  кетеді. 
Соғыстан мүгедек болып оралған әкесінің шаруашылығы шағын еді. 
Алматыға  қаржы  жетпейтінін  сезген  Көшім  Лекерұлы  алдын-ала 
қамданып, 9-сыныптан соң оқуды кешкі мектепке барып бітіремін деп, 
жазда кірпіш соғып, күзде тоғайдан ағаш кеседі. Бірақ сол жылы кешкі 
мектептің 10-сыныбы ашылмай қалады, жартымды ақша да жиналмай-
ды. Сол кезде оның жан сырын ұқпағандар өсек-аяңға да жол береді; 
Есмағамбеттің баласы «бұзылып» кетіпті деген әңгіме таратады. Бұл 
жолғы сәтсіздік оның сағын сындыра алмады. Үш жыл бойы Мәскеудің 
түбіндегі  орманда  орналасқан  әскери  бөлімшеде  оң  мен  солын  та-
*Мақала «Құнды деректердің құлагері» тақырыбында «Егемен Қазақстан» 
газетінің  2008 жылғы 29 қазандағы санында қысқартылып жарияланған

28
29
нып,  бос  кезінде  орыс  тілін  оқиды,  тіпті,  И.Сталиннің  «Марксизм-
ленинизм  негіздері»  деген  кітабын  да  ежіктейді.  Саяси  және  әскери 
дайындықтың үздігі ретінде әскери бөлімше басшылығы оған Мәскеу 
радиотехникалық институтына жолдама береді. Алайда ол Қазақстанға 
жол тартады. Алматыға жетіп, Қазақ мемлекеттік университетінің та-
рих факультетіне құжаттарын тапсырады. Әнес Сараев (қазір белгілі 
жазушы) және Бағытжан Рамазановпен бірге (кейін аудандық партия 
ұйымында  жұмыс  істеді)  жатақханнаның  бір  бөлмесінде  жатқан  ол 
Алматы теміржол вокзалының жанындағы Сексеуіл базасында көмір, 
цемент т.б. жүк түсіріп, тиын-тебен табады. Келесі күні солдат гим-
настеркасын  сүрткілеп,  университетке  емтиханға  барады.  Барлық 
сабақты  «үздік»  деген  бағаға  тапсырған  оған  сол  жылы  (1960)  рек-
торат  Мәскеуде  ашылғалы  жатқан  П.Лумумба  атындағы  Халықтар 
достығы  университетіне  оқуға  баруды  ұсынады.  Бірақ  ол  екі  ойлы 
болып  біраз  жүріп  қалады.  Бір  шешімге  келуге  оны  тағы  да  намыс 
итермелейді.  Кейбір  басшылардың  балалары  «ақша  берейік,  бас 
тартсаң, орныңа біз барар едік» деген әңгіме айтады. Бұған шамданған 
ол бір көйлек, бір шалбармен күзді күні Мәскеуге оқуға өзі аттанады. 
Университет  қабырғасындағы бес жыл уақытын тапжылмай  отырып 
оқуға жұмсайды. Н.Молчанов, П.Милоградов, А.Сахаров т.б. атақты 
ғалымдардан  дәріс  тыңдайды.  Ақырында  университетті  1965  жылы 
«тарихшы» және «ағылшын тілінің аудармашысы» деген мамандықтар 
бойынша үздік бітіріп шығады. 
Алайда  ол  СоКП  орталық  Комитетінің  Сомалиге  жұмсаған 
ұсынысынан  бас  тартып,  Қазақстанға  оралады.  Жарты  әлемнің  өзін 
сесімен ықтырып тұрған құзырлы органның айтқанын аяқасты ету үшін 
қандай жүрек керек екендігін шамалаудың өзі де қиынға соғады. деген-
мен Көшім Лекерұлының бұл қадамынан соң оның алдынан лауазым-
ды жұмыстардың есігі бірден тарс жабылып қала қоймады. Бір жылдан 
асқан уақытта ол Қазақ мемлекеттік университетіндегі оқытушылық 
жұмысынан Қазақ Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ауысты-
рылады.  онда  хаттама  бөлімінің  меңгерушісі  ретінде  шетел  дипло-
маттары  мен  делегацияларын  қабылдауға  байланысты  істермен,  ре-
спублика үкіметіне қажетті құжаттар, анықтамалар дайындап берумен 
шұғылданады. 1967 жылы КСРо Сыртқы істер министрлігінде сынақ 
ісінен  өтіп,  А.А.  Громыконың  сәуір  айында  Ирактың  сыртқы  істер 
министрі Аднан әл-Пачачидің құрметіне ұйымдастырған қабылдауына 
қатысады. Сол кезеңде ол одақтың кәнігі дипломаттарымен де таныса-
ды. Бірақ олар Көшім Лекерұлын өздерінше бағалайды, дүниетанымы 
тұрғысынан оны «демократ» деп қана таниды. Бұл сөздің қайда, кімдерге 
жеткені белгісіз. Көп ұзамай ол ғылым-білім саласына ауысқанды жөн 
көреді. дегенмен біраз жылдардан кейін дипломатиялық жұмыс тағы 
да  оның  алдынан  шығады.  Қазақстанның  егемендікке  қолы  жетіп, 
шет  елдермен  экономикалық  және  саяси  байланыстарын  орнықтыра 
бастаған тұсында Қаржы министрлігі одан сыртқы қатынастар бөлімін 
ұйымдастырып,  оның  жарғысы  мен  функцияларын  анықтауды  және 
оған басшылық жасауды сұрайды. Бұл жұмысты ол абыроймен орын-
дайды, Қаржы министрінің шетел дипломаттары мен делегацияларын 
қабылдауына байланысты хаттамалық жұмыстарды атқарады. Көшім 
Лекерұлының  жазу  үстеліндегі  АҚШ-тың  Қазақстандағы  тұңғыш 
елшісі Уильям Х.Кортнидің, Ұлыбританияның елшісі Ноэл джонздың, 
Түркия  елшісінің  кеңесшісі  Аладдин  Коркмаздың,  басқа  да  шетел 
қайраткерлерінің визит карточкалары осы кезеңді еске салады.
Сан қырлы талант иесінің өміріндегі басты қасиеті-ғалымдығы. 
Академик З.Қабдолов айтқандай, ол - «алып-қоспасы жоқ таза ғалым». 
(2003 жылы Индер кентінде Махамбет Өтемісовтің туғанына 200 жыл 
толуына орай өткен ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінен). 1972 
жылы Жоғары және арнаулы орта білім министрі К.Айманов та Көшім 
Лекерұлы туралы осы Зекеңе «сырттай көріне бермейтін мазмұны терең 
жігіт» деп ағалық бағасын берген еді. Бүгінгі күні К.Л. Есмағамбетов 
– елімізге танымал, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, 
профессор,  Гуманитарлық  ғылымдар  академиясының  академигі, 
Әлеуметтік  ғылымдар  академиясының  құрметті  академигі.  Мұндай 
лауазымдар – оның жылдар бойғы қажырлы еңбегінің жемісі. Ең ал-
дымен,  ол-Қазақстан  тарихының  шетелдік  тарихнамасын  зерттеудің 
негізін қалаушы. оның «действительность и фальсификация», «Көне 
Қазақстанды  көргендер»,  «Что  писали  о  нас  на  Западе»,  «Қазақтар 
шетел  әдебиетінде»  деген  кітаптарын  ғалымдар  да,  оқырмандар  да 
жылы  қабылдады.  Алғашқы  кітабының  қолжазбасы  Қазақстан  Ком-
партиясы  оК-нің  хатшысы  С.Имашевтің  алдында  талқылаудан  өтіп, 
«Казглавлито» атты цензуралық құрылымда кітаптың беттеуінен ше-
тел  авторларының  қазақтардың  саны,  өткен  ғасырдың  30-жылдары 
олардың ашаршылықтан қырғынға ұшырауы жөніндегі мағлұматтары 
сызылып  тасталды.  Сонымен  бірге  шетелдіктердің  кітаптарынан 
берілген «ұзын-сонар» төл сөздер қысқартылды.
Көшім  Лекерұлының  «ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  -  ХХ 
ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихының Батыс Еуропа мен Аме-
рика Құрама Штаттарында зерттелуі» деген кандидаттық диссертация-
сын академик А.Нүсіпбеков, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі 
Г.Ф.  дахшлейгер,  тарих  ғылымдарының  докторы  П.Галузо  тарих 
ғылымына қосылған елеулі үлес ретінде бағалап сөз сөйледі. Ал біраз 

30
31
жылдар өтіп барып қорғаған «Қазақстан тарихының шетелдік тарих-
намасы» атты докторлық диссертациясын үздік еңбек ретінде Жоғары 
аттестациялық комиссияның баспа органында аталып өтілді. 
осы  еңбектері  төңірегінде  әңгімелескен  шағымызда  Көшім 
Лекерұлы  көпшілікке  бимағлұм  бір  «құпияның»  шетін  ашқан  еді. 
Кеңестік  идеологияның  жалпы  «буржуазиялық  бұрмалаушылыққа» 
қарсы  күрес  деген  науқаны  аясында  жүргізілген,  сырт  көзге  осы-
лай  көрінетін  бұл  ізденістің  ішкі  сыры  да  бар  екен.  ол-шетелдік 
тарихнаманың  танымдық  рөлін  қарастыра  отырып,  З.Бжезинский, 
дж. Уилер, Б.Майснер, А.Беннигсен, К.д.Анкос, А.Парк, Э.Карр т.б. 
ағылшын,  американ,  француз,  неміс  авторларының  қазақ  халқының 
отарлық  жағдайда  өмір  сүріп  отырғандығы,  патшалық  Ресей  мен 
Кеңес  өкіметі  тұсындағы  сан-алуан  қуғын-сүргін  салдарынан  қазақ 
халқының этностық, мәдени тұрғыдан құрып бара жатқандығы туралы 
тұжырымдарын жұртшылыққа сыналап айтып беру болатын. Мәскеу 
мен Ленинградтың, там-тұмдап басқа да ірі қалалардың «спецхранда-
рында»  жатқан  шетел  ғалымдарының  кітаптарындағы  біз  туралы  не 
айтылып,  не  жазылып  жатқандығы  ол  кезде  жұртшылыққа  мүлдем 
белгісіз еді. ол дүниелердің мазмұнын, Кеңес одағының капиталистік 
дүние  өкілдерінің  идеологиялық  «бүліншіліктеріне»  қарсы  күрес 
жүргізу қажеттілігі деген желеумен, кітапханалар мен мұрағаттардың 
құпия  бөлмелерінен  жарыққа  алып  шығып,  бүркемеленген  түрде 
болса да, оқырмандарға жеткізу керек еді. Түпкі мақсат-осы арқылы 
оқырмандар санасына ой салу болатын. 
Көшім  Лекерұлының  ғылыми  жұмысының  сол  бір  «жұмбақ» 
қыры туралы алғаш академик Кеңес Нұрпейіс осыдан оншақты жыл 
бұрын атап өткен (қараңыз: Ана тілі. 1998. 12 қараша) «Білікті де білгір 
азамат  қаламынан  туындаған  еңбектер  қоғамдық  пікірді  шыңдауға, 
оқырманның  тарихи  зердесін    кемелдендіруге  бағытталды»  деп  ой 
түйіндеді бүгінгі күні, өкінішке орай, арамызда жоқ ардақты ағамыз. 
ХХ ғасырда қазақ халқының жүйелі түрде геноцидке ұшырауын 
былай  қойғанның  өзінде,  олардың  күнделікті  өмірде  көзтүрткі  бо-
луы  шетел  ғалымдарының  шағын-шағын  төл  сөз  ретінде  берілген 
пікірлерінің қазақ жастарының санасынан орын алатындығына күмән 
қалдырмайтын  еді  дейді  Көшім  Лекерұлы  өз  тарапында.  Себебі 
идеологиялық ықпалға қарсы күрестің өзіндік ерекшелігі бар. ондай 
науқан, егер жат тұжырым халықтың белгілі бір жігін баурай бастаған 
жағдайда  ғана,  қандай  да  бір  нәтижеге  қол  жеткізуі  мүмкін.  Ал, 
жұртшылық  арасына  кең  тарала  қоймаған  пікірге  қарсы  әрекет  «бу-
меранг» рөлін атқарады. Көшім Лекерұлы осы соңғы жағдайды есте 
ұстайды. Мұндайда үзіп-жұлып емес, мүмкіндігінше шетел авторла-
ры еңбектерінен мағлұматтардың толығырақ берілуі керек. Ғалымның 
еңбектерін саралап қарағанда, олар осы ерекшеліктермен көзге түседі. 
Бұл жағдай тарихи зерттеудің нақтылылық принципін сақтаумен бірге, 
автордың  оқырмандар  санасына  түрткі  салуға  бағытталған  алдына 
қойған мақсатынан туындайды. 
Көшім  Лекерұлы  жастармен  араласа  жүріп,  олардың  өзінің 
«бұрмалаушылыққа»  қарсы  айтқан  «уәждеріне»  емес,  шетел  ғалым-
дарының  сөздеріне  көбірек  сенім  артатындығына  көзі  жетеді.  оған 
ол  өкінбейді.  Бір  жолығысқанда  тентексоқтау  жазушы  жолдасының 
«бұрын-соңды адамның миына кіріп-шықпаған нәрселерді қайдан жа-
зып жүрсің?» дегені де бар. осылайша Көшім Лекерұлы өткен ғасырдың 
60-жылдары өзін мазалаған сұрақтарға жауап табады. ол кезеңде Азия 
және Африка елдеріндегі отарлық жүйенің күйреуі, Кеңес одағының 
«дүниежүзілік  империализмге»  қарсы  идеологиялық  науқандары, 
жүзге тарта елдің өкілдерімен бірге оқып жүрген оның көзқарасына 
ерекше әсер етеді. ол Қазақстан мен орта Азия республикаларының 
Кеңес мемлекетінің тең құқылы құрамды бөлігі емес екендігі жөнінде 
тоқтамға  келеді.  осындай  ой-пікірдің  бір  ұшқыны  «Біріккен  Ұлттар 
Ұйымы және оның арнайы мекемелері» деген тақырыпта 1962 жылы 
өткен студенттік конференцияда көрініп қалады. Өзінің баяндамасын-
да  ол  Украина  мен  Белоруссиядан  Қазақстанның  несі  кем,  БҰҰ-ға 
мүше болмауы-әділетсіздік деген мәселе көтереді. осындай көңіл ауа-
нымен Алматыға келген ол «Лениншіл жас» газетінде «Жаңартылған 
отаршылдық-халықтардың қас жауы» деген мақала жариялап, соңына 
«Е.Көшімов» деп қол қояды. Шамасы, «қырағылық» танытуға құштар 
белсенділерден көз таса болғысы келген сияқты. Әрине, аңқаулық қой. 
Бұл мақала арқылы «Көшімов» саяси тәуелсіздікке қолдары жеткенімен, 
Азия мен Африка құрлықтарындағы көптеген елдердің бұрын өздерін 
билеп-төстеген метрополиялар тарапынан қанаушылық нысанына ай-
налып отырғаны жөнінде жаза отырып, оқырманға Қазақстанның да 
осындай жағдайда екендігі жөнінде ой тастағысы келеді. 
Шетел  ғалымдарының  еңбектерімен  таныса  жүріп,  Көшім 
Лекерұлы  Қазақстан  тарихының  мүлдем  қайта,  басқа  тұрғыдан  жа-
зылу керектігі туралы ой қорытады. 1979 жылы жарық көрген «Көне 
Қазақстанды көргендер» атты кітабының кіріспесінде ол «әр халықтың 
өз  тарихын  басқалардан  жақсы  білетіндігіне,  оған  өз  көзімен  қарау 
қажеттігіне күмән болмаса керек» деп мәлімдейді. Мұнымен қоймай, 
ол ақын Қадыр Мырза Әлидің «Көш» жинағынан:
Менің бабам қақтаған қыр аптабы,
Көшіп-қонып ұрпағы тұрақтады.
Біздің тарих-бұл да бір қалың тарих,

32
33
оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы, -  деген шумақты келтіріп, айтар 
ойын нығарлай түседі.
Ресми идеологиядан бұлайша бұра тартушылықтың тиісті орын-
дарда қалай қабылданғаны белгісіз. Әйтеуір, бір рет С.Сұлтанғалиев 
деген журналистің дүкеннен осы кітаптың 20 данасын сатып алғаны 
есінде қалыпты. «Мұны не істейсің?» деп сұрағанда, «уақыт өте келе 
білерсің»  дегені  бар.  Бірақ  Көшім  Лекерұлының  «шалыс  басуы» 
мұнымен  шектелмейді.  осы  кезде  ол  Түркияда  екі  айлық  іссапарда 
болып,  «Азаттық»  радиосында  істеп  жүрген  Хасен  оралтаймен 
кездесіп  сұхбаттасады,  Измирдің  төңірегінде  орналасқан  Салих-
лы  кентіндегі  оның  әке-шешесінің,  кезінде  «Түркістан  легионына» 
қатысқан Т.Атабектің үйлерінде қонақта болып, қазақ диаспорасының 
басқа да өкілдерімен жолығысады. ол жақтан оралғанда дүние-мүлік 
арқаламай,  А.З.валидидің  түрік  тіліндегі  «Естеліктерін»  (1970), 
Х.оралтайдың  «Алаш-Түркістан  түріктерінің  ұлт-азаттық  ұраны» 
(1973),  Иса  Алптекиннің  «Шығыс  Түркістан  тарихы»  (1975)  деген 
кітаптарын,  «Turkeli»  деген  журналдан  Қазақстан  туралы  матери-
алдарды  алып  қайтады.  Ғалымның  осы  кездегі  іс-әрекеті  жөнінде 
К.Нұрпейіс  былай  деп  көрсеткен-ді:  «Мұндай  жағдайда  шетелден 
оралғандар Кеңес өкіметіне, коммунистік мұрағаттарға берілгендігінің 
куәсі іспеттес капиталистік қоғамның «іріп-шіріп жатқандығын» ай-
тып,  оның  «идеологиялық  жандайшаптарын»,  ЦРУ-ға  қызмет  істеп 
жүрген  қазақтарды  әшкерелеп,  мақалалар  жазған  болар  еді.  Бірақ 
ол  сенімі  мен  көзқарасынан  аттай  алмады.  Соңыма  түседі-ау  деп 
үрейленбеді де» (Ана тілі. 1998. 12 қараша).
ол  жоғары  оқу  орындарында  емтихан  алып  отырған  кезінде 
талапкерлердің  сұрақтарын  білмей  отырса  да,  «ұлы  орыс  халқының 
көмегі арқасында...» деп жауап беруі оны қатты қапаландыратын. «Не, 
қазақ халқының бәрі арамтамақ, еңбек етпей, жатып алды ма? Басқа 
сұраққа жауап бер» деп шорт кететін. Көшім Лекерұлының бұлайша 
«еркінсуі»  із-түзсіз  қалмаған  секілді.  Алайда  ол,  «қарағайға  қарсы 
біткен бұтақпын» деп Махамбет атасы айтқандай, қай уақытта да өз 
күшіне, өз біліміне сенді. Біреуден көмек сұрауды-намыс санады.
2003  жылдан  бері  Көшім  Лекерұлы-ҚР  Білім  және  ғылым 
министірлігіне  қарасты  Р.Б.Сүлейменов  атындағы  Шығыстану 
институтының бас ғылыми қызметкері, институт жанындағы докторлық 
диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары. 
оның ғылыми басшылығымен 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты 
даярланды. 
«Алланың қазақ жұртының тәуелсіздігін көруді жазғаны үшін ғана 
бақыттымын», - дейді ол. Көшім Лекерұлы енді басқа ойлар мазалайды. 
оны  «ұлттық  мәдениет-ұлттық  мемлекетте  ғана  өсіп-өрбиді»,  «адам 
сияқты,  мемлекетте  де  намыс  болуы  керек»,  «интернационализм» 
ұғымын енді «интеграция» ұғымы ауыстырды, ол да қазақты құлдыққа 
түсірудің құрығы болып жүрмесін» деген алаңдаушылығынан байқауға 
болар еді.
Соңғы  жылдары  ол  қазақ  тарихындағы  тағдыры  күрделі,  рухы 
биік,  жас  ұрпаққа  берер  тағылымы  мол  тұлғаларға  назар  аудара  ба-
стады.  Махамбет  Өтемісұлының  өмірі  мен  күрес  жолын  мұрағат 
деректері  негізінде  зерттеп  шығып,  «Азат  рухтың  күрескері»  (2003 
ж.) деген кітабын ұсынды. 20 томдық «Махамбет әлемі» жинағының 
алғашқы бес кітабына кіріспе мен түсіндірмелер, Исатай мен Махам-
бет көтерілісі жөніндегі мұрағаттық құжаттар жинағына көлемді алғы 
сөз жазды. «Қайсар қайраткер» деген кітабына Қазақстанның Халық 
жазушысы Ә.Кекілбаев қазақ және орыс тілдерінде оң пікір білдірді.
он  шақты  жыл  уақытын  ол  М.Шоқайдың  өмірі  мен  қызметі 
жөніндегі материалдарды жинастыруға, шығармашылық мұрасын зерт-
теуге арнады. Жақын арада Көшім Лекерұлы М.Шоқайдың Франциядағы 
жеке  мұрағаттық  қорының,  Түркия,  Германия,  Ұлыбритания,  Ресей 
т.б. елдердің мұрағаттары материалдарына, ағылшын, француз, неміс, 
түрік,  орыс,  қазақ,  өзбек  тілдеріндегі  ізденістерге  негізделген  отыз 
алты баспа табақтық зерттеуін баспаға ұсынды.
Ғалым  кезінде  Жоғары  және  арнаулы  орта  білім  министрінің 
көмекшісі  болып  істегенді.  осы  кезде  (1973  ж.)  Қазақ  КСР  Білім 
министрлігі шақырып, министірдің орынбасары в.К.Сидоров оған Гу-
рьев педагогикалық институтына проректорлық жұмысқа баруға, бір 
жылдан кейін «жоғарылатамыз» деп ұсыныс та жасады. ол жолы да 
Көшім Лекерұлы мансапқа ұмтылмады. Айыптаушылар аз болмады... 
Ал енді бүгінгі күні М.Шоқай туралы жазған бір ғана іргелі еңбегі сол 
мансаптан кем емес дер едік. 
Көшім  Лекерұлы  биылғы  жылдың  қазан  айында  жетпістің 
биігіне көтеріледі. Ұланғайыр еңбегі ескеріліп, ол ҚР Президентінің 
Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға - 10 жыл» медальдары-
мен марапатталды. оның өмір жолы:
«Тіршілік үшін төгудей терді төгесің,
Табаның тіліп, 
Қабырғаңды  сөгесің»  деген  ақын  (Қадыр  Мырза  Әли)  сөздерін 
еске түсіреді.
«Тура биде тұрған жоқ» деген бар. Өз дүниетанымымен өмір сүру, 
тағдыр  тәлкегінде  де  биіктен  көріне  білу  оңайға  түспейтіні  белгілі. 
осы қасиеттерімен дараланатын ол керенау-кердеңдікті де, екіжүзділік 
пен жағымпаздықты да бірдей жек көреді. Бір жолы (1993 ж.) Қалтай 

34
35
Мұхамеджанов  ағамыз  Көшағаңа  «әділін  айтамын  деп,  мен  сияқты, 
өспей қалғансың-ау» деп сұңғылалық танытқанын да естігенбіз. Бірақ 
Көшім  Лекерұлы  лауазымды  шенеуніктер  қатарын  толықтырғанда, 
оның отандық тарих ғылымындағы орны бос тұрар еді ғой...
Байыбына  барсақ,  мемлекеттік,  мұрағаттық  мекемелердегі, 
баспадағы, жоғары оқу орындарындағы қызметі Көшім Лекерұлының 
ғалымдық  болмысымен  тоғысып,  рухани  әлемінің  көкжиегін  кеңіте 
түскен.
осыдан  он  жылдай  бұрын  Әбдіраштың  Жарасқаны  Көшім 
Лекерұлына:
Мақтағанға көрмедің тасып, аға,
даттағанға көрмедің жасып, аға!
Өрге тартып барады жасың, аға,
Төрге тартып барады басың, аға!-
деп өлең арнаған-ды.
«Төрге  шықсын»,  «өрге  тартсын»  бұл  ойлар  ғалымды  онша 
алаңдатпайды.  оның  Тәңірісі  –  дамылсыз  еңбек.  «Қолыңыздан 
қаламыңыз түспесін!» деп тілек білдіруші шәкірттеріңіз бен сан мың 
оқырмандарыңыз атынан...             
 
 Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек* 
            
Қазақ  халқының  алып  тұлғалы,  терең  ойлы  азаматы  Мұстафа 
Шоқайдың  бүкіл мұрасын жинақтап, елімізге әкелуге тәуелсіздігіміздің 
арқасында ғана қол жетті. оның басы-қасында тікелей Елбасымыздың 
тапсырмасымен  И.Н.  Тасмағамбетовтың  жүргендігі  көпшілікке 
аян.  Ал  осы  саладағы  мұраның    жан-жақты  зерде  сүзгісінен  өткізе 
саралағанына,  М.Шоқай  еңбектерінің  жинақталуына,  қанша  тер 
төгілгеніне,  бұрын  ғылыми  айналысқа  түспеген  мұрағат  деректері 
мен    жарияланған  еңбектерге  соншама  терең  деректанулық  талдау 
жасағандығына белгілі ғалым Көшім Есмағамбетовтің «Әлем таныған 
тұлға» атты зерттеуі арқылы көз жеткіземіз. Еңбек қолдан-қолға тарап, 
оқырмандардың  заңды  қызығушылығын  туғызды.  Сонымен    ғалым 
Мұстафатануға не қосты, жұрт елеңдер қандай жаналықтары  бар?
Алдымен М.Шоқай өмірі оның туған жері Наршоқыдан басталып, 
Берлинге жерленгенге дейінгі кезеңі тұтастай алғаш рет кешенді түрде 
зерттелген.  Соның  ішінде  тұлғаның  Кеңестік  биліктің  орнығуынан 
бастап, шетелге кетуі, Түркия, Германия, Франция, Польша, Англия, 
т.б. елдердегі қызметі хронологиялық жағынан нақты көрініс тапқан. 
Әсіресе оның әйелі Мариямен бірге Гурьев арқылы Кетікке, одан Ба-
куге  аттануы,  Бакуден  1919  жылдың  наурыз  айы  басында    Красно-
водск  және Ашхабадқа оралып, «түркімендер жерін большевиктерге 
қарсы күрес орталығына айналдыруды» көздегені, бірақ оның мүмкін 
еместігіне  көзі  жеткеннен  кейін,  Бакуге  қайтып  оралып,  осы  жер-
де  Тбилисиге де жиі барып, соңында 1921 жылы ақпанда Батумиде 
Италияның кемесіне отырып, Түркияға кеткендігі жан-жақты ашылған. 
Автор  М.Шоқайдың  елден  кетуінің  басты  себебі      Кеңес  өкіметінің 
«ешқандай демократиялық қозғалысқа жол бермейтінін көре білуінде» 
деп түйіндейді. 
Зерттеуші  ғалым  К.Лекерұлы  М.Шоқайды  «барар  жері,  басар 
тауы»  қалмаған соң Түркияға кетті деушілерге, Мұстафаның қолында 
сол уақытта АҚШ-қа да баруға визасының болғандығын алға тартуы, 
ондай визаны пайдаланған в.М.Лебедевтің АҚШ-қа, Францияға жетуін 
деректермен айғақтауы өте сенімді. 1921 жылы наурызда Мұстафаның 
Парижге келіп, Италияға, Германияға барып Түркістанның тәуелсіздігі 
үшін  батыс елдердің моральдық және материалдық көмегіне сүйенуді 
көздегені, кейін түпкілікті «саяси эмиграция астанасы» саналатын Па-
рижге  тұрақтануы  тұлға  өмірінің  күрделі  кезеңдерінен  сыр  шертеді. 
оқырмандар үшін М.Шоқайдың Лондонға бірнеше рет барып, Король 
институтында  Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы баян-
дамалар  оқуы  ерекше  қызықты.  Өйткені  сол  кезеңге  дейін  бірде-бір 
қазақ баласы жоғары мінбеден ұлт үшін жар салып, әлемнің назарын 
аудармаған-ды. Зерттеуші М.Шоқайдың 1941 жылы желтоқсан айын-
да қайтыс болғанға дейінгі оқиғалардың ізімен жүріп, оны өзара бай-
ланыстыра  білуі,  тарихи  деректерді  терең  талдауы,  әлемнің  түкпір-
түкпіріндегі бірнеше пікірлерді салыстыра алуы ғалымның тақырыпқа 
терең бойлағандығын айғақтайды.
Екіншіден,  автор  М.Шоқайдың  Алаш  қайраткерлеріне  деген 
айырықша  құрметін,  олармен  рухани  үндестігін,  небір  қыспаққа 
қарамастан өзара сенімде болғандығын дәлелдей білді. Қазақ жоқшысы 
М.Жұмабаевтың
Қырағы Тянь-Шань менен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда  жабығудың  мәні  қалай   –  деген    өлең  жолдары 
(272 б.) немесе 1927 жылы күз айларында М.дулатов, А.Байтұрсынов, 
*  Мақала  «Қазақ  тарихы»  журналының  2009  жылғы  №3  санында 
жарияланған

36
37
М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Ә.Бөкейхановтардың  Мұстафа  туыста-
рын іздеп Наршоқыға баруы тұлғалар арасындағы ішкі бірлікті, нағыз 
қазақылықты  дәлелдейді.
Ал  кітаптың  орталық  кейіпкері  ше?  оның  Х.досмұхамедовпен 
1920  жылдардағы    құпия  байланыстары,  Ғ.Бірімжанов  Германияға 
барған кезеңдегі Мұстафамен кездесуі, оны С.Қожановқа хабарлауы, 
Ә.Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде М.Шоқаймен жүздесуі, т.т. біраз 
мәселенің бетін ашады.
М.Шоқай  кеңестік  биліктегі  С.Сәдуақасқа,  С.Қожанұлына, 
С.Меңдешұлына, Т.Рысқұловқа, С.Асфендияровқа ерекше ілтипатпен 
қараған.  оның  Тұрардың  «Түркістан  Кеңес  Республикасын»  құру 
ұсынысын Түркістанды құру жолында жасалған әрекеті, Санжардың 
қасіреті  «халықтан  революцияға»    баратындығында  емес,  керісінше 
революциядан  халыққа  баруға  тырысуында  деген  бағалаулары  – 
қазіргі кезеңде көпке түсінікті. Ал С.Қожанұлы «халқы үшін қам жеп, 
еңіреп  туған  азамат»,  С.Сәдуақас  та  сондай  тұлға,  С.Меңдешұлы  да 
«Сұлтанбек  пен  Смағұл  тәрізді,  қайраткер»  деп  қорытуы  артында 
қалған азаматтарға жасалған үлкен сенім дегеніміз жөн.
М.Шоқай  Алаш  қайраткерлері  үлгісінде  ұлт  зиялысын 
қалыптастыру мен тәрбиелеуді елдің болашағы ретінде көре білді. ол 
таза «Батыс тәрбиесін алғандар рухани жағынан өз халқына өгей бо-
лып қалады» сондықтан «батыс білімін» «шығыс рухымен ұштастыру» 
қажеттігін дер кезінде ашық айтты. Бұл мәселе бүгінгі жағдайда да өз 
маңыздылығын жойған жоқ. 
Үшіншіден,  зерттеу  еңбегінде  автор  Мұстафаның  біртұтас 
Түркістан, барлық түрік халықтарының бірлігі идеясына назар аудара-
ды. Сөз жоқ, ғалымның «М.Шоқай өз тарапынан Анадолыдан Алтайға 
дейінгі  аумақты  қамтитын  алып  империя  құру  идеясын  ешқашан 
ұсынған  емес»  деген  қорытынды  пікірі  бүгінге  дейін  Мұстафаның 
ішкі сырын түсінбеушілерге жауап деуімізге әбден болады. М.Шоқай 
түрік халықтарының өз ерекшеліктерін ешқашан жоғалтпауын арман-
дады. Соның жолында 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жаста-
ры алдында сөйлеген сөзінде «Сендердің бірліктерің, сендердің бір-
біріңе  күш  қосуларың  еліміздің  бақытына  қызмет  етпек...  Түркістан 
үшін  өлу,  Түркістан  үшін  жан  беру  -  бәрімізге  бір  мақсат»  деп  жар 
салады.  М.Шоқайдың  алдына  қойған  түпкі  мақсаттарының  бірі  де 
Кеңес  одағындағы  түрік  халықтарының  ұлт-азаттық  қозғалысының 
заңдылығын батыс елдердің тануы, оған моральдық қолдау көрсетуі 
болатын.
М.Шоқайдың  тар  жол,  тайғақ  кешу  жылдарында  көтерген 
мәселелері, ұлы армандары, қазіргі таңда толық жүзеге асып жатыр. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлем елдерімен тығыз қарым-қатынасты 
дамытуда көп векторлы саясатты ұстануы өзара бірімен-бірі үндесіп 
жатыр. Бір кезеңдегі Украина Халық Республикасының Сыртқы істер 
министрі А.Я.Шульгиннің «азат Түркістанға басшылық ету жазғанда 
М.Шоқай Ататүрік ізімен жүретін еді, бірақ оған түгелдей еліктемес 
те  еді.  ол  азат  Түркістан  өзінің  ұлттық  кескін-келбетін  сақтай  оты-
рып, басқа мемлекеттермен бәсекелестікке қабілетті болу үшін батыс 
елдерінен көп нәрселерді үйренуі тиіс» дегені бүгінгі күн шындығына 
айналды.
Төртіншіден,  алғаш  рет  Мұстафа  Шоқайға  қатысты  деректер 
мен  барлық  тілдегі  зерттеулер,  оның  мақалалары  тұңғыш  рет  бір 
орталыққа жинақталып, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізілді. Бұл арада 
К.Есмағамбетовтің бірнеше шет тілдерін білетіндігі жұмыстың сапалы 
орындалуына оң ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде М.Шоқайдың 
Кеңес  өкіметі  орнауы  кезіндегі  қоғамдық  саяси  қызметі,  шетелдік 
кезеңнің толық көрініс таппаған тұстары, фашистік Германияның оны 
өзіне тарту әрекеттері, тұлғаның фашизмге көзқарасы, өлімі мәселелері 
жан-жақты ашыла түсті. Соның ішінде 1940 жылға дейін жұмыс жасаған 
Түркістан Ұлттық Бірлігінің, оның орталықтарының қызметтері нақты 
деректер негізінде оқырманға жетті. Әсіресе ТҰБ-ң баспасөз органда-
ры  – «Нени Түркістан», «Яш Түркістан» журналдары, оның әрбір беті 
жаңаша талдауға ие болды. Журналдар Үндістан, Ауғанстан, Сирия, 
Финляндия,  Франция,  Италия,  АҚШ  т.б.  көптеген  елдерде  қолдан-
қолға таралып, оқылған. Жаңа мұрағаттық деректер Мұстафа фащистік 
Германияға  қызмет  етті  дегенді  толық  жоққа  шығарды.  Автордың 
«оның Түркістан легионына» қатысының жоқтығы айдан анық деуінің 
жөні  бар.  Өйткені  Германияның  «саяси  мұрағатындағы»  Түркістан 
легионының  құрылуына  қатысты  1941-1942  ж.ж.  бұйрықтарда, 
есепті  баяндамаларда,  анықтамаларда  т.б.  құжаттарда  М.Шоқай  аты 
мүлде  аталмайды.  Мұндай  мәліметті  КСРо  мемлекеттік  Қауіпсіздік 
министрлігі  өзінің  Берлиндегі  4  оперативтік  секторының  2  бөліміне 
М.Шоқайға байланысты жинақталған  «Наличие компрометирующих 
материалов»  деген  құпия  сұрауына  да  алады.  олай  болса,  автордың 
М.Шоқай  немістермен  қарым-қатынаста  тұтқындағы  Түркістан  аза-
маттарын  (1941  жылы  13  желтоқсанда  бір  ғана  Польшаның  Ченста-
хов лагерінде ашыққан, ауруға шалдыққан 32 мыңнан астам түркістан 
дықтар болған ) аман сақтауды және өз арманы Түркістан тәуелсіздігі 
идеясы  үшін  пайдалануды  көздеді  деген  қорытынды  пікірі  толық 
қолдауға  тұрарлық.  Еңбекте  Түркістандықтарды  ашық  майданға 

38
39
шығарып, қырғынға айдауды үгіттеуге көнбеген М.Шоқайды Шығыс 
министрі  Розенбергтің  тапсырмасы  бойынша  у  беріп  өлтіргені 
анықтала түседі.
Бесіншіден,  ғалым  бүкіл  Түркістан  жұрты  қамын  жеген 
М.Шоқайдың азаматтық, қайраткерлік, кісілік келбетін сомдай білді. 
оның мінез көрсету, астамшылық, билікқұмарлық, сияқты қасиеттерден 
биік  болғандығы, сын пікірді қабылдай біліп, «өзін кінәсізбін деп санау 
жақсылықтың белгісі емес» деген принципті ұстануы, «Алла елімнің 
тәуелсіздігіне қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе,  мен тек үгіт-насихат 
ісімен ғана айналысар едім» деген арманының өзі ұлттық идеологияны 
зерттеушілерге қазіргі таңда аса маңызды.
Қорыта  келгенде,  ғылыми  зерттеу  тарих  ғылыми-ойының 
әлемдік  деңгейдегі  талабына  сай  ұлт    тарихын  жазар  ғалымдар 
үшін  үлгі  аларлық  сүбелі  еңбек.  Қыр  баласы  Мұстафаның  әлемдік 
биіктегі тұлғалар қатарынан көрініп, алған асулары мен халқы үшін 
жасаған жанқиярлық еңбектері ұлтын сүйер бүгінгі азат ұрпақ үшін 
ауадай қажет. Халқын сүйіп, болашағын күйттесе көзі ашық оқырман 
Мұстафадан үлгі алсын, Мұстафадан ел сүю дәстүрін үйренсін. Ғалым 
К.Есмағамбетов ізденісі, сөз жоқ, жоғары  бағаға лайықты.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет