М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
РИССМ. 122 қ., 122/2 т., 1766-1769, 18 іс, 189 п.
Рычков П.И. Топография оренбургской губернии. - Уфа, 1999. С.85
Сыздықова Р., Қойгелдиев М., Қадырғали би Қосымұлы және оның жыл-
намалар жинағы. -Алматы, 1991. 251, 259 б.
Әбілғазы. Түрік шежіресі. -Алматы, 1991. – 119 б.
Кудайбердыулы Ш.Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских ди-
настии. -Алма-Ата, 1990. С. 96-97
Казахско-русские отношения в XYI-XVIII веках (Сборник документов и 
материалов). – Алма-Ата, 1961, С.404( Алда КРо-1 деп беріледі)
Ерофеева И.в. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIX вв. (Исто-
рия, историография и источники). -Алматы, 2003. –С.74
Левшин А.И. описание киргиз – казачьих, или киргиз-кайсакских орд и 
степей. -Алматы, 1996. С.165
Тынышпаев М. История казахского народа. -Алма-Ата, 1993. С. 163
Ерофеева И. Хан Абулхайр.-Алматы, 2003, С.156
История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. ІІ том. -Алма-
ты, 2008, С. 271
Абылай  хан.  Өмірі  мен  қызметіне  қатысты  құжаттар  мен  материалдар 
жинағы (Құрастырған З.С.Тайшыбай). – Петропавл, 2005. – 13 б. РМКАМ 248 
қ., 17 т., 1164 кітап, 744 п.
14.Материалы по истории Башкирской АССР. Под ред. А.П.Чулошникова. 
– Москва. – Л; АН СССР, 1936. – С.309,335
15. Избасарова Г.Б. Казахско-башкирские отношения в XVIII веке (1701-
1755 гг.) Рукопись диссертации на соискание уч. степ. к.и.н. – Алматы, 2000, 
С.81
16. РМКАМ. 248 қ., 17 т., 1183 кітап, 176-181 п.; Акманов И. вожды вос-
станий XVII- XVIII вв. Из башкир Казахской дороги // ватандаш. общественно-
политический, научно-популярный и художественный журнал (Башқортастан), 
2006, май
17. витевский в.Н. И.И.Неплюев и оренбургский край в прошлом его 
составе до 1758 года. Т.1-4.-Казань, 1889-1897. – С.158; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық 
таңы жолында. –Алматы, Ғылым. -2001. -29б.
18.  Крафт  И.И.  Принятие  киргизами  русского  подданства.  -оренбург, 
1897, С.89-43; КРо 1. – С.126-128
19. Рычков П.И. История оренбургская (1730-1750). -оренбург, 1896. – 
С.36,41
20. История Казахстана в русских источниках XVI – XX веков. VI том. 
-Алматы, 2007. –С.33,51
21. КРо 1. С.134-170; Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар 

102
103
мен  материалдардың  жинағы  (Құрастырған  З.С.Тайшыбай.).  –  Петропавл, 
2005. – 97 б.
22.  Крафт  И.И.  Сборник  узаконений  о  киргизских  степных  областей. 
-оренбург, 1898. – С.115
23. Абуев К. Хан Абылай и его время. – Астана: Елорда, 2006. – С. 72-74
24. Абылай хан. Тарихи жырлар. -Алматы, 1993, 1 том, 211 б.
25. Русско-джунгарские отношения (конец XVII – 60-е гг. XVIIІ в.). до-
кументы и извлечения. -Барнаул, 2006. – С.79-81
26. РИССМ. 133 қ., 133/1 т., 1745, 2 іс, 64 п.; Абуев К. Көрсетілген еңбек. 
С. 96
27. ороММ. 3 қ., 1 т., 8 іс, 137-140 п.
28. Моисеев в.А. джунгарское ханство и казахи в XVI-XVIІІ вв. -Алма-
Ата, 1991, С.173 
29История Казахстана в русских источниках XVI-XХ веков. III том. -Ал-
маты, 2005. – С.207-209   
30.Сулейменов Р.Б., Моисеев в.А. Из истории Казахстана XVIІІ веке (о 
внешней и внутренней политике Аблая. А – А., 1988. – С.45
31.  Қазақстан  тарихы  туралы  қытай  деректері.  ІІІ  том.  Цин  патшалық 
дәуірінің мұрағат құжаттары. Алматы, 2006. – 13- 14 б.).
32. Ерофеева И.в. Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине 
ХІХ вв. // Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и 
перспективы исследования. Материалы к Летнему Университету по истории 
и культуры Центральной Азии и Казахстана (4-23 августа 1997 г.). – Алматы, 
1997. – С. 81, 118-119
33. 100 құжат (қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-
қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы, 1998. – 55, 58, 61 б.
34. РИССМ. 122 қ., 122/1 т., 1763, 2 іс, 9 п.
35. Махаева А. Қазақ – қырғыз саяси байланыстарының тарихы (XVIІІ ғ. 
ІІ жартысы – ХХ ғ. бас кезі). – Алматы, 2007. – 39 б.
36. Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIІІ-ХІХ ғғ.). – Алматы, 
2008, - 64 б.
37. РИССМ. 122 қ., 122/1, 1766, 14 іс, 269 п.
38. оРоММ. 3қ., 1т., 98 іс., 281-283п. 
39. Мұқанбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. –Алматы, 1994. -60б.
    
                                   
Мен-қазақтың үш алашының ханымын*
                         
ХVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі аласапыран оқиғалар та-
рих сахнасына біртуар, бір шоғыр, тарихи тұлғалар – арғы қазақ ары-
стары  Тұмар,  Шырақ,  Бейбарыс  сынды  ұлы  қаһармандық  ерліктер 
қордала түсіп, әлқисса, Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абы-
лай  сынды  қайраткерлерді  шығарды.  олардың  өз  замандастарынан 
ерекшелігі  қалыптасқан  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды 
парасатты жүрекпен талдап, қалың қазағы  алдындағы жауапкершілікті 
өз  мойынына  алып,  шешуші  кезеңде  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен 
қол  шығарып»  көпке  үлгі  болуы  Еуразия  ортасында  орналасқан, 
ұлан-байтақ  қазақ  жерін  сақтап  қалуға  әкелді.  Бұл  арада  атақты  би-
лерге арқа сүйеген Тәуке ханның, 1710 жылы Қарақұм кеңесінде ел 
ортасына қасқайып шығып, «Жауларымыздан кек аламыз, шайқасып 
өлеміз, өз ауылдарымыздың талқандалып, ұл-қыздарымыздың құл мен 
күңге айналғанының соқыр куәсі болмайық. Қазақ даласының ерлері 
қашан  қорқып  еді»  деп  жоңғарларға  берілуді  қолдаған  топқа  қарсы 
ұмтылып,  өз  киімін  жыртып,  қылышын  жоғары  көтеріп,  намысты 
оятқан Бөкенбай Қараұлының, өзі (Абылай - Ә.М.) «біздің халықтық 
бақытымызды  қамтамасыз  етуші»  деп  бағалаған  Әбілқайыр  ханның 
Ресеймен келісімге келудегі басты мақсатым «Өзім үшін емес, бүкіл 
қазақ халқының пайдасы мен тыныш өмірін қамтамасыз ету болды» 
деген жан айқайларын Абылай сезініп өсті. Басты мақсат қазақ жерінің 
оңтүстік-шығысындағы  монғол  тайпаларын  біріктіріп,  Қытайдың 
Цинь империясымен ашық теке-тіреске шыққан Жоңғар хандығынан 
қорғану  болатын.  Жоңғар  хандары  Батур  (1635-1654),  Галден  (1671-
1697),  Цеван-Рабдан  (1697-1727)  тұсында  қазақ  халқы  жойқын 
шабуылдарға ұшырады. Жоңғардың осынша күшеюіне бірден-бір се-
бепкер қитұрқы, жәдігөй саясатты Ресей болатын. 
Қытайдың  орталық  Азия  бағытындағы  саясаты  Ресейдің 
Жоңғарияны  оған  қарсы  тұратын  қорған  ретінде  пайдалануға 
итермеледі.  Тіпті,  І  Петр  тұсында  Жоңғарияны  орыс  бодандығына 
қабылдаудың алғашқы қадамдары жасалды. Ал 1728 жылы 22 сәуірде 
Ресейдің  Қытайдағы  елшісі  С.Л.  владиславич-Рагузинский  жоңғар 
елшісі  Боджирдің  Петербургке  келуін  пайдаланып,  І  Екатеринаға 
«олармен  қарым-қатынас  Ресейге  тиімді,  сондықтан  қонтайшымен 
келісімге келген жөн» деген ұсынысын білдіреді (Русско-джунгарские 
*Мақала  «отан  тарихы»  журналының  2011  жылдың  №2(57)  санында  
жарияланған. 

104
105
отношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.). документы и извлечения. 
- Барнаул: Азбука, 2006. –С.37). Ашық қолдауға ие болған жоңғарлар 
бірден назарын көршілес қазақ хандығына аударды. оған қоса қазақты 
қыспаққа  алу  жоспарлы  түрде  батыстан    орыс-казактар,  қалмақтар, 
солтүстіктен  орыс-казактар  мен  башқұрттар  арқылы  басталды.  ол 
турасында  Бөгенбай  Ақшаұлы  А.  Тевкелевке  қазақтың  бір  мезгілде 
жоңғар қалмақтары, Еділ қалмақтары, башқұрттар, Сібір, Жайық ка-
зактары шабуылына ұшырағандығын хабарлады. Әбілқайыр хан болса, 
оларға Бұқара, Хиуа хандықтарын қосып «төрт жағамыздан бірдей жау 
қоршауында қалдық» деп анықтады ( Мұқтар Ә.Қ.Тарих тұңғиындағы 
тұлғалар (мақалалар жинағы). –Алматы; Арыс, 2008.-  18 б.) 
Міне  осындай  сын  сағатта  Абылай  Уәлиұлы  тарих  сахнасына 
көтерілді. Ата шежіреге, Бұқар және Үмбетей жырларына арқа сүйеген 
Р.Б.  Сүлейменов,  в.А.  Моисеев,  М.  Қозыбаев,  К.К.  Абуев  және  т.б. 
ғалымдар Абылайды 13-15 жастан бастап атқа қондырып, аға буынмен 
ел қорғауға белсене кіріскендігін жазған. дегенмен, оның жұлдызды 
сәті  ел  ауызын  өзіне  қарата  бастаған  тұсы  1730  жылдары    өмірінің 
екінші кезеңінде басталды деуімізге әбден болады. Бұқар жыраудың 
«Сені алғаш көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет хандарға
Қызметші болып тұр едің» - дегені шамамен оның немере ағасы 
Әбілмәмбет Болатұлының билігінің күшейе бастаған тұсына  келеді. 
Өйткені Әбілмәмбет 1739 жылы арғын руының және Түркістандағы 
Нияз  батырдың  қолдауымен  хан  тағына  көтерілгендігін  мұрағат 
деректері  айғақтайды.  дегенмен  Абылайдың  1723  жылғы  “Ақтабан 
шұбырындыны” өз көзімен көргендігі, қазақтың төл перзенті ретінде 
1727  жылғы  Бұланты,  1729  жылдың  аяғы  1730  жылдың  басындағы 
Балқаш  көлі  маңындағы  Аңырақай  шайқасына  қатысып,  алғашқы 
соғыс  тәжірибесін  жинағандығына  күмән  келтіруге  болмайды.  ол 
қиын-қыстау кезеңдегі барша қазақ азаматтарының парызы болатын. 
осы шайқастарда ол қазақ елінің тағдыр тәлкегінде тұрған кезеңінде 
Әбілқайыр  мен  Семеке,  Әбілмәмбет  пен  Бұлқайыр,  Батыр  мен 
Барақтың, Бөкенбай мен Есеттің, Жәнібек пен Бөгенбайлардың басын 
қосып, Алаш деп атқа қонғанын, жаудың бетін тек оңтүстік шығыста 
ғана емес, сонымен бірге солтүстік-батысында қайтарғандығын сезінді. 
Абылайдың өзі Аңырақай шайқасында ел аузына іліге бастады. Шайқас 
тарихын зерттеуші И.в. Ерофеева «тәуелсіздік үшін күресте ірі қазақ 
қосындарын Әбілқайыр хан басшылығымен Әбілмәмбет, Барақ, Абы-
лай, Бұлқайырлар басқарды» деп көрсетеді (Ерофеева И.в. Хан Абул-
хаир: полководец, правитель, политик. – Алматы: дайк-Пресс 2007,- 
С. 190). оны М. Тынышпаев, М. Көпеев т.б. жинақтаған фольклорлық 
еңбектерде айғақтай түседі. Бірақ бір өкініштісі, ол турасында мұрағат 
деректері сыр ашпайды. 
Мұрағат  деректерінде  Абылай  сұлтан  1737  жылдардан  ба-
стап  кездесе  бастайды  (бұрынғы  мақаламда  1738  жылдан  деректер 
келтіріп  жазған  едім  -  Ә.М.).  Бұл  кезеңде  орыс  патшасының  Азия 
бағытындағы ашық саясаты тек қазақтарды ғана емес, сонымен бірге 
белгілі бір дәрежеде қазақтарға үнемі қауіп төндірген башқұрттардың 
өздері  де  сезініп,  Ресейге  қарсы  кезекті  ұлт-азаттық  күресінің  жан-
данып  жатқан  болатын.  отарлық  қамытты  мәңгілік  кимеу  үшін, 
«орыстардың  башқұрттарды  талқандап,  үлкендерін  өлтіріп,  жа-
старын  солдатқа  алып,  балаларын  шоқындыруды  бастағандығын» 
алға  тартқан  40  башқұрт  елшісі  1737  жылы  30  сәуірде  Әбілмәмбет 
сұлтанға келген. Көп ұзамай башқұрт елшілері Әбілқайыр мен Семе-
ке хандарға, маусым айында Абылай сұлтанға да жетеді. 1737 жылы 
тамызда  Ноғай  жолының  башқұрттары  Әбілмәмбетке  келіп,  Абылай 
сұлтанды өздеріне хан ретінде тағайындауын сұрады (РМКАМ. 248 қ., 
17 т., 1164 кітап, 769п.). Сөйтіп осы жылы Абылайдың атағы қазақтан 
асып башқұртқа жеткен. Абылай башқұрттарға бармағанымен оларды 
қазақ руларына қабылдауға шешім қабылдады. Содан башқұрттардың 
бірнеше жүздеген түтіндері қоңырат, керей рулары арасына көшкен. 
Әбілмәмбеттің өзі ұлысына 45 башқұрт түтінін қабылдады. Ресейдің 
түрлі  уәдесін  тыңдап  қана  қойған  Әбілмәмбет  пен  Абылай  в.Н.  Та-
тищев пен А. Тевкелевке «қазақ рулары, соның ішінде арғын, найман 
рулары бізге бағынбайды, олардың өздері Еділ қалмақтарының шабу-
ылын күтіп, қауіптенуде» деп жауап қайтарып, башқұттарды қайтару 
ұсыныстарының  жүзеге  аспайтындығын  сездірген.  Кейін  Абылай 
башқұрт елшілерін ертіп «келісімге келіп, ортақ шешім қабылдау үшін» 
Әбілқайыр  ордасына  аттанған.  Бірақ  Әбілқайыр  бұл  мезгілде,  яғни 
1737 жылы 12 тамызда орынборға кеткен болатын (РМКАМ 248 қ., 
17т., 1164 кітап, 759п.).  Патша үкіметі Әбілқайыр ханды башқұрттарға 
қарсы айдап салуға тырысқанымен, туысқан халықтар тіл табыса білді. 
Башқұрттар  Әбілқайырды  хан  ретінде  мойындап,  башқұрт  қызына 
үйлендіріп, оның «бодандығына» өтуге ұсыныс білдірді. 1738 жылы 
көктемде  орыс  аманатындағы  Ерәлі  сұлтанды  босатуға  бағытталған 
бірлескен  шаралар  қолға  алынды.  Содан  Башкирияға  Күшік  хан, 
Бұлқайыр,  Абылай  сұлтандар,  өзге  де  қазақ  батырлары  бастаған  30 
мың қол келіп жеткен (ороММ. 2қ., 1 т., 4іс, 9п.) 1738 жылдың науры-
зынан  бастап  Әбілқайыр  қазақ,  башқұрт  халықтары  атынан  сөйлеп, 
шекарадағы орыс қорғандарынан олардың сауда-саттығына кедергі жа-

106
107
самауды талап етіп, «башқұрттар өзара келісімге келді» деген хаттармен 
орыс үкіметіне шыға бастады. Мұндай батыл шешімнен қауіптенген 
в.Н. Татищев оны тез арада Башкириядан шығарып жіберуге барын 
салды. Тіпті ол «қазақ ордасы мен Башкириядағы тұтқындар ішінен 
орыстар орыстарға, мұсылмандар мұсылмандарға қайтарылады» деп 
хабарлады.  Башкириядағы  хан  тағына  баласы  Қожахмет  сұлтанды 
жіберуді жоспарлады. Бірақ ойы жүзеге аспай қалды. Қазақ-башқұрт 
қатынасын  зерттеуші  Г.  Избасарова  оның  себебін  Бөкенбай  және 
Жәнібек  батырлардың  башқұрттарға  сенбеуіне  сілтейді.  Біздіңше, 
оған  негізгі  себеп  жоңғар  қонтайшысының  қайтадан  күшейіп,  орта 
жүзге қауіп туғыза бастауы. Мұндай жағдайда Ресей патшасымен ара-
қатынасты шиеленістіру аса қауіпті болатын. 
Қауіптің алдын алу үшін Әбілқайыр хан 1738 жылы 3 тамызда жа-
нына Нұралы сұлтан мен 100 би, сұлтан, батырларды ертіп орынборға 
келді.  Ресей  саясаткерлері  мұқият  алдын-ала  толтырған  барлық 
құжаттарда  Әбілқайыр  «бодандық»  туралы  ант  берді  делінгенімен, 
қазақ  үшін  басты  мәселе  өзара  тұтқындар  алмасу,  сауда-саттықты 
дамыту,  бейбіт  өмір  сүру  болатын.  Кездесу  барысында  Әбілқайыр 
Әбілмәмбет  пен  Абылай  сұлтандарға  сенетіндігін  байқатты  (КРо  І, 
-С.128). 
1739-1740 жылдары жоңғар хандығының шабуылдары қайта жан-
данды. 1739 жылы күзде нойон Септен бастауымен 30 мың, кейін Сеп-
тен, Сары- Манджи басшылығымен жоңғарлар орта жүзге қайта-қайта 
басып кіріп, Тобыл, Есілге дейін жетті.
1740 жылы 19 тамыз – 1 қыркүйек аралығында орынборда қазақ-
орыс келіссөзі өтті. оған Әбілқайыр ұлдары Нұралы, Ерәлі сұлтандар, 
Жәнібек  батыр,  24  тамызда  Әбілмәмбет  хан  және  Абылай  сұлтан 
қатысты.  оларға  Нияз  батыр  да  қосылды.  Келіссөз  барысында  Ұлы 
жүздің жоңғарлар қарамағында екендігі белгілі болды. Қазақ игілері 
сауда-саттық,  тұтқындар  алмасу,  өзара  сенім  мәселелерін  көтерсе, 
Ресейліктер қазақ даласында пана тапқан башқұрт көтерілісінің бас-
шысы Қарасақалды қайтаруды қозғады. орыс мұрағаты кездесу бары-
сында  Абылай  сұлтан  алғаш  рет  Ресейге  «Әбілмәмбетпен  бірге,  бас 
киімін қолына алып» адалдық антын берді деп жарыса жазды. Абы-
лай өз ойын бүкпестен «біздің ата-бабаларымыз хан болып еді, бәрі де 
әріптестеріне адал болған, сондықтан бізде  сөзде тұратын адалмыз. Сіз 
де адал болады деп сенеміз» деген пікірін білдірген. Әбілмәмбет хан 
генерал-лейтенант в. Урусовқа Абылай қарамағында «үш рулы ел бар. 
Біріншісі 6 мың, екіншісі 10 мың, үшіншісі 4 мың шаңырақ» барлығын 
атап  көрсеткен  (КРо  І.  –  С.134-167).  Келіссөз  барысын  талдаған 
Р.Б. Сүлейменов пен в.А. Моисеев «қаралып отырған кезеңде Ресей 
қолдаушы,  одақтас  ретінде  есептелген.  осы  бағыт  саяси  жағдайды 
қатаң есепке алған, шексіз билікке ұмтылған, тәккәпар Абылай үшін 
өте  тиімді  болды.  Бұл  Абылайдың  орынбор  әкімшілігімен  алғашқы 
және  соңғы  кездесуі  болатын.  осыдан  кейін  ол  орынборға  да,  тіпті 
басқа орыс  бекіністеріне де келмеді» - деп бағалады (Сулейменов Р.Б., 
Моисеев в.А. Из истории Казахстана ХVIIІ веке (о внешней и внутрен-
ней политике Аблая).- Алма-Ата, науке. 1988, - С.31).
Абылай  Әбілмәмбетпен  бірге  Башқұртстаннан  қазақ  даласы-
на  қашып  келген  Қарасақалды  патша  үкіметі  қанша  талап  етсе  де 
қайтармады.  1740  жылы  қыркүйекте  Қарасақалдың  найман,  керей 
руындағы Барақ сұлтанда екендігі белгілі болса да, Абылай оны Ұлы 
жүзде,  үйсіндерде  деп  хабарлап,  оларға  билігі  жетпейтіндігін  алға 
тартты.  Үлкен  биліктен  үміттенген  Қарасақал  кейде  өзін  қонтайшы 
Цеван-Рабданның баласы Шуна батырмын елден қуылғанмын, Жоңғар 
тағына таласым бар деп көпшілікті сендіріп қоятын. оның қонтайшыға 
еш қатысы болмағандығын, Шунамен бірнеше рет кездескен, қалмақ 
тұтқынынан  бері  танитын  Есет  батыр  анық  білетін  (КРо-І.  –С.202). 
Бұл арадағы басты мақсат Қарасақалды Жоңғарияға қарсы пайдалану 
болатын.
1741 жылы ақпан айының соңында жоңғарлар «барлық қазақ ор-
даларын түбірімен жою үшін» орта жүзге басып кірді. оның себебін 
Сібір  губернаторы  П.И.  Бутурлин  Сыртқы  істер  алқасына  «қазақтар 
Қалдан-Цереннің туысын ұстап алып өлтірді, одан кек алу үшін әскер 
аттанды» деп түсіндірді (Русско-джунгарские отношения (конец ХVII-
60-е гг.- ХVIII вв.).– С.75). 1741 жылы көктемде болған шайқастардың 
бірінде  Абылай  атақты  жоңғар  нойоны  Шарышты  өлтірген-ді. 
Өлтірілген  Шарыш  қазақ  аңыздарында  Қалдан  Цереннің  баласы 
делінгенімен мұрағат деректері оның атақты жоңғар нойоны екендігін 
айғақтайды. Шарыштың өлтірілгендігін 1742 жылы Әбілқайыр ханға 
келген ойрат елшілері Қошке мен Бұрын да атап өтеді (КРо-І, -С 231). 
Көп ұзамай осындай шайқаста Септен нойон Абылайды, жанындағы 
жауынгерлерімен  қолға  түсірді.  ол  турасында  Септен  подполков-
ник  Заринге  «Есіл  өзені  бойындағы  Шілік  және  Шідерті  мекенінде 
бізге  кездескен  Абылай  сұлтанды  200  адамымен  талқандап,  қолға 
түсірдім» деп хабарлады. Бұл хабарды 1745 жылғы 12 сәуірдегі Сібір 
губерниясының кеңсесі хаты да дәлелдейді (Сулейменов Р.Б., Моисеев 
в.А. Из истории Казахстана ХVIIІ веке. –С.34; Русско-джунгарские от-
ношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.). – С.106). 
Абылай сұлтан шамамен 1741 жылдың мамырынан 1743 жылдың 
шілде айы аралығында Жоңғарияда тұтқында болды. Ерәлі сұлтанның 
қарамағындағы  Керей  руында  болған  И.  Лапин  мен  М.  Аксаковтар 

108
109
1743  жылдың  шілде  айының  екінші  жартысында  Әбілмәмбет  ханға 
Абылай сұлтаннан бес елші келіп, «оның тұтқыннан босап, елге бағыт 
алғандығын және жанында 30 жоңғар елшілері бар екендігін» хабар-
лады (РИССМ. 122 қ., 1743 ж., 3 іс, 122 п.). оны тұтқыннан босатуда 
барлық қазақ игілері бірлесе күш салды. Міне,осы арада Әбілқайыр 
ханның Ресейден көмек сұрағаны, ұлы Айшуақты Жоңғарияға аманатқа 
беру туралы ойлары белгілі болды. Сол үшін Әбілқайыр, Әбілмәмбет, 
Күшік, Барақ, Жәнібек, Есет т.б. Еділ қалмақтарымен де келісімге келді, 
Ақшора батыр бастаған елшілер Қалдан Церенге жіберілді. 1742 жылы 
сәуірде орта жүзге оралған Ақшора батыр 3 жоңғар елшісімен келіп, 
қонтайшының  Абылайды  босату  шарттарын  жеткізді.  Қалден  Церен 
қазақтың  белді  азаматтарының  балаларын  аманатқа  жіберуді  талап 
етті. Содан 1742 жылы көктемде барлық қазақ ордаларының белгілі 
азаматтарының  қатысуымен  үлкен  кеңес  өтті.  Қорытындысында 
Әбілқайырдың Ресейден көмек сұрауы қажеттігі, орта жүзден аманат 
жіберілетіндігі  шешілді.  Араға  уақыт  сала  Әбілмәмбет  ханның  ұлы 
Әбілпейіз бен Малайсары және  т.б. Жоңғарияға жіберілді. Әбілмәмбет 
хан  аманатты  орындау  арқылы  екі  мәселені  –  біріншіден  Абылайды 
босатқан, екіншіден Түркістан өңірін қайтарып алған. 
орыс  елшісі  К.  Миллер  Ерәлі  сұлтанның  бағыттауымен  нойон 
Сары Манджамен кездесіп, қонтайшыға жетпей кері қайтуға мәжбүр 
болды. Сонымен қазақтардың Абылайды босату мәселесіндегі бірлігі 
өз  жетістігін  берді.  Елге  аман  оралған  Абылай  халқымыздың  игілігі 
үшін белсене іске кірісті. 1743 жылы желтоқсанда орынборға жолдаған 
хатында Ресеймен «тату көрші болуды» қалайтындығын, «өзіне және 
ағалары Әбілқайыр мен Әбілмәмбет ханға орынборда сауда жасауға 
рұқсат» берілуін сұрады (КРо І. – С.307-312). Кейін Абылай сұлтан 
өзінің  және  Барақ  сұлтан  ұлдарын  қонтайшыға  жіберді.  Аталған 
шаралардың барлығы оның шебер саясаткер болып қалыптасқандығын 
айқын  дәлелдеді.  Қалден-Цереннің  сеніміне  ие  болғаны  соншалық, 
қазақтар  Жоңғарияға  дейінгі  жерлерді  еркін  жайлай  бастады.  Мұны 
көре тұра И.И. Неплюев 1745 жылы 16 сәуірде Абылайға «Сіздің көшіп 
жүрген  халқыңыз  біздің  жаққа  ешбір  алаңдамасын.  Абыройыңыз 
арта  берсін,  менің  Сізге  деген  шын  ниетімді  қабыл  алыңыз»  деген 
жолдардан  тұратын  хатын  жолдады.  1745  жылы  қыркүйек  айында 
Қалден-Церен  қайтыс  болып,  аманаттағы  Барақ  сұлтан  ұлы  Шығай 
елге  оралғанымен  қазақ-жоңғар  қарым-қатынасы  1750  жылдарға 
дейін бейбіт түрде дамыды. Бұл аралықта Абылай Жоңғариядағы ішкі 
тартысқа ашық  араласпай, қонтайшы орнына бақталастарының көмек 
сұрайтын адамына айналды. Керісінше Ресей Еділ қалмақтары, орыс-
казактары және башқұрттарды қазақтарға қарсы айдап салды. ол тура-
сында 1747 жылы 10 сәуірде Ресей сыртқы істер алқасы құпия жарлық 
шығарса, 21 шілде де қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі, оттық, қорғаныс 
құралдары,  тіпті  оқ  жасалмаған  күйінде  де  сатылмайтынын  айтқан 
бұйрық таратылды.
1748  жылы  тамыз  айында  Әбілқайырдың  өлтірілуі  Абылайға 
қатты  әсер  етті.  Ел  ішіндегі  бірлікті  бұзған  Бараққа  Жәнібек  тархан 
«Әбілқайыр хан сияқты басты ханды өлтіріп, қашқаның жарамайды»,  
орта  жүз  билері  Өтебай,  Шорақ,  Қабанбай  батыр  «Әбілқайыр  хан 
барша қазақтың мүддесі үшін патшаға ұлын аманатқа да беріп қойды; 
қазаққа сауда жасауға мүмкіндік туғызды; жайлы қоныс, байтақ жайы-
лым тауып берді. Әбілқайыр арқасында қазақ халқы әлі күнге игілігін 
көріп отыр»  деп сәлем жолдаса, Қазыбек би «қазаққа қанша жер алып 
берген ханды өлтірдің» деп Барақты Ұлы жүзге, Жоңғарларға жібермей 
жолдан ұстап қалған. оларды Төле би де қолдады (Абылай хан. Өмірі 
мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құраст. 
З.С. Тайшыбай). – Петропавл. 2005.-172, 175б.). Көп кешікпей Абылай 
да Бопай ханымға келіп көңіл айтқан. Кейін ол Керей руын басқарған 
Ерәлі сұлтанды да Барақ әрекеттерінен қорғап қалды.
Абылай  сұлтан  1749  жылы  қаңтар-ақпанда  Бопайға  Барақтың 
тұрақтаған  жерін  көрсетсе,  9  мамырда  И.И.  Неплюевке  жіберген 
елшісі  арқылы  Барақтың  «жауыздығын»  сынап,  Нұралы  хан,  Ерәлі 
сұлтанмен  бірге  кеңеске  қатысқандығын  жазды  (РИССМ.  122/1  қ., 
1749, 4 іс, 56 п.)
Сыр  бойына  көшкен  Барақ  Тұрсынұлы  (Көкжал  Барақ-Ә.М.) 
қарамағындағы  найман,  арғын  руларымен  бірге  оңтүстіктегі  Иқан, 
Ташкент, отырар, Созақ және т.б. қалаларды сарттардан босатқанымен, 
1749  жылы  күзде  қырғыздарға  шабуылдап,  жеңіліс  тапты.  Барақ 
Абылайдың «бір жағым - Қоқан, бір жағым – Қытай, бір жағым – орыс, 
қазақ-қырғыз бір ұрық едік» деп ескерткенін есепке де алмады. Қазақ – 
қырғыз қатынасын зерттеген А. Махаева осыдан бастап қазақ-қырғыз 
арасы  бұзылғанын  дәлелдейді.  Барақтың  іс-әрекеттерінің  арты  оның 
екі ұлымен 1750 жылы Қарнақ қаласында қолмен ұйымдастырылған 
қорлық өліміне әкелді.
1781  жылы  29  маусымда  Сібір  корпусының  генерал-майоры 
Н.Г.огаревке жолдаған хатында Барақ ұлы дайыр сұлтан «әкем (Барақ 
- Ә.М.) өлгеннен кейін Ұлы жүздегі хандық билік Абылайға бағынды» 
деп хабарлады (ороММ. 3қ., 1т., 176 іс, 424 п.). Сөйтіп, Абылай билігі 
біртіндеп орта, Ұлы жүздерде мойындала бастады.
ХVIII ғасырдың 50-ші жылдары Абылай Жоңғариядағы ішкі тар-
тысты қазақ мүддесіне пайдаланып, қашып келген жоңғар нойондары 
Әмірсана мен даваци, Банчжураны қабылдап, Лама-доржиге бермеді. 

110
111
ойраттар шабуылының алдын алу үшін Абылай Лама-доржиге елші 
жіберіп, қашқындарды қайтару мәселесі қазақ кеңесінде шешіледі деп 
жеткізді. Кеңеске үш жүз игілері түгел шақырылып, қатыстырылды. 
Әбілмәмбет хан Түркістаннан келіп, нойондарды берген дұрыс деген 
қорытындыға  келген.  Бірақ  Абылай,  Ерәлі  сұлтандар,  дәуіт  тархан 
(Жәнібек  тархан  ұлы  -  Ә.М)  Бөгенбай  батыр  және  т.б.  Әбілмәмбет 
ұсынысын қолдамады. Кеңесте Абылай давацидің мүмкіндігін жоғары 
бағалады. оның себебін Жапақ батыр Абылайдың жоңғар тұтқынында 
болған  кезеңінде  давацимен  қалыптасқан  достығымен  түсіндірді. 
Кеңестен соң Абылай Лама-доржиге елші жіберіп «нойондар өздері 
келді,  біздің  дәстүр  бойынша  «қонақтарды»  бере  алмаймыз»  деген 
көпшіліктің шешімін жеткізді. Мұндай шешімді күтпеген Лама-доржи 
1752  жылы  қыркүйекте  20  мыңдық  әскерін  қазақтарға  аттандырды. 
Абылай  бастаған  қазақ  әскері  қазан  айында  Баянауылда  жиналып, 
жоңғарларды  талқандап,  кері  шегіндірген.  Мұны  пайдаланған  дава-
ци  мен  Әмірсана  600  әскермен  тылдан  соққы  беріп,  жоңғар  билігін 
тартып алды. Жоңғар ханы даваци бірден Әбілмәмбет пен Абылайға 
елші жіберіп, достық келісімге келді. Көп ұзамай Жоңғарияда дава-
ци мен Әмірсананың өзара тақ таласы басталды. оның соңы Жоңғар 
мемлекетінің  құлап,  Қытай  империясының  қарамағына  еніп,  тарих 
сахнасынан  жойылуына  әкелді  (Сулейменов  Р.Б.,  Моисеев  в.А.  Из 
истории Казахстана ХVIIІ веке. –С.47-52) 
Сонымен Жоңғария ішіндегі тартысқа араласқан Абылай әскерлері 
қытайлықтармен  бетпе-бет  кездесті.  200  мыңдық  Қытай  әскері  1755 
маусым айында жоңғар хандығын жойғаннан кейін, Абылай ханға рес-
ми елшілігін жіберді. Елшілікті қабылдаған Абылай қазақтар атынан 
Бөлебай бастаған елшілерін келген  қытайлықтарға қоса аттандырды. 
Бұл  оқиға  жаңа  замандағы  қазақ-қытай  байланысының    бетбұрысты 
бастамасы еді. «Бабаларымыз Есім хан, Жәңгір хан заманынан бермен 
қарай Қытай империясының лебізі мен ұлағаты бізге жетпей келіп еді» 
деген жолдардан басталатын Абылай хаты 1757 жылы тамыз айында 
Қытай патшасына жетті. Бастапқы кезеңде қазақ қолдарымен шайқасқа 
енген  Абылай,  қаптаған  қытайлықтармен  соғысудың  арты  қырғынға 
әкелетінін түсініп, «біздің әскер бастап шығуымыз әсте ірі елмен жау-
ласу емес еді. Қалың қолдарың бізге бірінші шабуыл жасады» дей от-
ыра, келіссөздің маңыздылығын ескерді. Қытай құжаттарында Абылай 
хан  атала  бастады.  Қытай  генералы  Шунданамен  кездескен  Абылай 
«Мен орта жүздің ханымын. Кіші жүз бен Ұлы жүзді де менің тумалас 
бауырларым билейді!» деген пікірін білдірген. Сол жылы Қытай пат-
шасына  Абылайдан  Қанжығалы,  Өміртай,  Төлеп,  Еренжі,  Әбілпейіз 
сұлтан,  Тапаш,  Бөкенбайлар  арнайы  келіп,  «ежелгі  өрісіміз  еді»  деп 
Тарбағатай жерлерін қазақтарға жайлауға рұқсат сұраған (100 құжат. 
(Қазақ  хандығы  мен  Чиң  империясы  арасындағы  қарым-қатынасқа 
байланысты құжаттар). –Алматы, 1998. – 25-34 б.)
1757  жылы  5  қарашада  Қытай  ресми  түрде  Ресейге  қазақтарды 
өз  қамқорлығына  алғанын  хабарлады.  Қытай  патшасы  «орыстар 
қазақтарды біздің әскерлерімізден қырылып, жерлерін тастап алысқа 
көшкенін  көріп  тұрып,  оларды  қандай  себептермен    «боданымыз» 
дейтінін  түсінбейміз»  деп  таңданыс  білдірген  (Русско-джунгарские 
отношения  (конец  ХVII-60-е  гг.  ХVIII  вв.).-С.224).  Көп  ұзамай 
Абылайдың қайраткерлігін мойындаған Қытай оны хан ретінде бекітіп 
те үлгерді. Сенімге ие болған Абылай қазақ-қытай сауда-саттығын да-
мытып, Үрімжіні 1758 жылы орталық базар ретінде таныды. Үрімжінің 
ашылу  рәсіміне  күзде  Қабанбай  батыр  жіберілді.  Атақты  қолбасшы 
Қабанбайды жіберудің артында Қытайды тану саясаты жатқан бола-
тын. Абылай Әбілмәмбетпен бірге елшілікті Қытайдың «қазақтар үш 
жылда бір мәрте патшаға сәлемге келуіне болады» дегеніне қарамастан 
жиі-жиі жіберген. 1759 жылы Абылай өз інісі Сұлтанмәметтің бала-
сы орыс сұлтан мен Бөкенбайды, 1760 жылы Жолбарыс сұлтан, дау-
леткерей сұлтан және Науанды, 1762 жылы Бөкенбайды, 1762 жылы 
Әбілмәмбет хан Сайбекті аттандырған. Елшілер тізімі осылай жалғаса 
береді. Кейін елшілікке Абылайұлы Уәли сұлтан, Әбілпейізұлы Жол-
шы сұлтан да барып қайтты. Көп жағдайда елшілік сауда базарларын 
кеңейтіп, жайылым мәселелерін, шекарадағы келіспеушіліктерді рет-
теуге бағытталды. 
1762  жылы  Қытай  бағытына  Ұлы,  орта  жүздермен  бірге  Кіші 
жүз хандары да тартыла бастады. осы жылы Нұралы хан Әбілмәмбет 
елшілеріне  өз  адамдарын  қосып  жіберген.  Содан  1763  жылы  23 
ақпанда Қытай патшасы Ұлы жүз бен Кіші жүзге жіберген жарлығында 
Абылайдың көрегендігін алға тартты (100 құжат ... 62-63б.). Алайда 
Кіші  жүз  елшіліктері  түрлі  себептерге  байланысты  жалғасын  тап-
пай қалды. Бұл арада, сөзсіз, жердің шалғайлығы да, Ресейдің айла-
шарғылары да әсер етті. Кейін Қытай патшасы «Сендер сияқты жат 
елдерге қару жұмсап, қысым жасап, оларға ант бергізіп, алым-салық 
төлеуге  міндеттегеніміз  жоқ.  Қазақтардың  басқа  да  мемлекеттерге 
бағынышы болуын шектемейміз. Бұған да тыйым салмаймыз» деген 
жауап хат жолдады (Мұқаметқанұлы Н.ХVIII-ХХ ғасырлардағы қазақ-
қытай байланыстары. -Алматы; Санат, 1996, 66б.).
Қытайдың  «жұмсақ»  саясатының  түпкі  мәнін  Абылай  ашық 
түсіне  білді.  Өйткені  өзімен  шекаралас  халықтардың  қазақтармен 
теке-тіресінде Қытайдың генералдары Абылайды сөз жүзінде қолдап, 
әскери жорықтарға кедергі келтірумен шұғылданды. Міне, осы кезеңде 

112
113
Қытайдың орталық Азиядағы мұсылмандарды жаулап алу жоспары-
на  қарсы  Ауған  шахы  Ахмад  көтерілді.  Б.П.  Гуревич  оның  басында 
Абылайдың Қытайға қарсы ортақ күш біріктіру жоспары жатты деп 
есептейді  (Гуревич  Б.П.  Международные  отношения  в  Центральной 
Азии в ХVII- пер. полов. ХІХ вв. М., 1979, - С. 183). Ахмад шах Нұралы 
мен Абылайға, Әбілмәмбетке хабар салып, Қытайға 1763 жылдың ба-
сында елшілерін жіберіп, Цинь патшасының Жоңғария және Шығыс 
Түркістан бағыттарындағы саясатын анықтады. 1763 жылы көктемде 
Абылайға Ахмадтан елші келіп, соғыс басталар жағдайда өзара көмекке 
шақырды.  Кейін  Ахмадтың  Үндістан  жеріндегі  соғысқа  араласуы, 
Абылайдың Қытаймен ортадағы байланысты үзбеуі Цинь империясы-
мен қатынасты шиеленістірмеді. оның үстіне мұсылмандардың бірігу 
әрекеті  де  Қытайдың  жылжуын  белгілі  дәрежеде  тоқтатты  деуімізге 
болады. 
оған Абылайдың қырғыздар және Қоқан хандығымен күрестегі 
батыл  қимылдарын  атауымызға  болады.  ол  бір  жағынан,  олардың 
Қытаймен  қаншалықты  келісімі  барлығын  тексере  отырып,  қажетті 
жерінде Қоқанның Ердене бегін Пскентке қуып тықса, қытайлықтар 
Абылайдың зеңірек сұрауын қанағаттандырмаса да, қазақты, қырғызды, 
қоқандықтарды біздің қармағымызда деуден әрі аса алмады. Абылай 
қырғыздармен де шиеленісті қарым-қатынасына қарамастан келісімге 
келуді мақсат тұтты. 1766 жылы Абылай қырғыз би Қаработаға келіп, 
оның ұлын бас қылып, аманатқа тоғыз түтінді өзімен ала кетті. Міне 
осы жылдары (1764 жылы) Абылай сұлтан қырғыздар қолына да түсті, 
тұтқыннан кейін босатылды дегенде пікірлердің қырғыз зерттеушілер 
тарапынан  жазылып  жүргендігін  айта  кетуіміз  керек.  ол  турасында 
«Егемен Қазақстанның» 2006 жылғы 19 тамыздағы санында жазылған 
болатын. Бұл деректі Абылайдың мемлекеттік басқаруын қалт жібермей 
бақылап отырған, қытай тыңшылары да жазбаған. 
Сонымен  Абылайдың  Қытай  патшасымен  тікелей  байланысы, 
қазақтардың еркін сауда саттығы, одан әрі Қашқарға сауда керуендерін 
жіберуі,  қырғыздармен  келісімі,  Ташкентті  бағындыруы,  аталған 
мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуде оны Әбілмәмбет, Нұралы 
хандардың,  Қазыбек  бидің,  өзге  де  би,  батырлардың,  сұлтандардың 
қолдауы  бұл  тұлғаның  қадір-қасиетін,  алысты  болжайтын  сарабдал 
саясаткерлігін дәлелдеді. Мұны солтүстіктегі «аюлар елі» орыс патша-
сы да түсінді.
Ресей  Абылайға  1740  жылы  «бодандықты»  қабылдадың,  «орта 
жүз  Семеке  хан  заманынан  бері  бізге  бағынады»  деп  сендіруге 
тырысқанымен өзінің түпкі мақсатын жүзеге асыра алмады. И. Неплю-
ев «Абылайға «неғылса да Қытайдан аулақ бол» деп түпкі ойымызды 
ашып білдірмей-ақ қояйық. Қазақтарды сескендіріп алмайын деп от-
ырмын» деп мойындауға мәжбүр болды. 
1758  жылы  мамыр  айында  Абылай  орынбор  қаласына  ар-
найы  шақырылғанымен  8  қыркүйекте  орыс  әкімшілігіне,  А.  Тев-
келевке  хат  жолдап,  өзінің  Әбілмәмбет  ханға  шақырылғандығын, 
Батыр  сұлтанның  ұлы  Бөріні  (Абылайға  болашақ  күйеу  бала  бола-
тын  -  Ә.М.)  аралдықтардың  өлтіргендігін,  оған  бару  қажеттілігін, 
Қытайдан  өзіне  елші  келе  жатқандығын,  оны  күтуде  екендігін  алға 
тартып бармайтындығын мәлімдеп, өз орнына немере інісі Жолбарыс 
сұлтанды  жіберді.  Жолбарыс  орынбордан  әрі  Петербургке  аттанды. 
Кездесу  барысында  қазақ-орыс  қатынасындағы  орыс  әскерилерінің 
озбырлығы, жер-жайылым мәселелері қаралды. 
1759 жылы 22 қаңтарда А. Тевкелев пен П. Рычков Сыртқы істер 
алқасына қазақ даласындағы қазіргі жағдай туралы мәліметтерді жол-
дады.  Алдымен  «қазақтар  далалық  халықтар  ішінен  бағзы  заманнан 
жауынгер  халық.  Бүгінде  жоңғарлар  талқандалғаннан  кейін  бізге 
(Ресейге - Ә.М.) жақын олардан асқан халқы көп, мықты көрші жоқ, 
олар  ешқашан,  ешкімге  салық  төлеген  емес»  деп  ескерте  отырып, 
Әбілмәмбет  ханның  Түркістанда  тұруына  байланысты,  Абылайдың 
орта жүзде бас билеуші саналатындығын хабарлады. Хабарламамен 
танысқан  патша  саясаткерлері  орынбор  губернаторы  А.  давыдовқа 
Абылай  туралы  толық  мәлімет  жинауды  тапсырды.  Губернатор  ар-
найы  нұсқау  дайындап,  1759  жылы  қараша  айында  порутчик  Ура-
ков пен аудармашы Гуляевті орта жүзге жіберді. Басты мақсат Ресей 
мүддесі үшін Абылайға хан атағын құпия түрде ұсынып, ойын білу, 
сол  арқылы  оны  «ерекше  қамқорлыққа»  алу  болатын.  Содан  орыс 
тыңшылары 1760 жылы 7 сәуірде орынборға оралып, есептерін тап-
сырды. Есептен Абылайдың Ресей тарапынан ұсынылған хандық лауа-
зымнан бас тартып, Әбілмәмбет ханмен ақылдасатыны белгілі болды 
(КРо –І, -С.567-568, 571-582,607). Ресейдің Әбілмәмбет пен Абылай 
арасына  араздық  отын  жаға  алмағандығын  тыңшылар  да  мойында-
ды. Керісінше Әбілмәмбеттің бас хан екендігі, үнемі ел ішін аралап 
жүретіндігі,  Абылайдың  ханды  аға  тұтатындығы  анықталды.  Соған 
қарамастан егер Абылай орынборға келетін болса  жоғары деңгейде 
қабылдап, Ресейдің оны қамқорлығына алатындығын сезіндіру шекара 
әкімшілігіне қатаң тапсырылды. 1760 жылы маусым айында Абылайға 
«ұн қанша керек болса да босатылады» деп хабарланды. Ресей Сыртқы 
істер алқасы Сібір әскер шебінің бастығы генерал-майор вейморнның 
қазақ даласын отарлай түсу жоспарларын саралап, қазақтарды тыныш-
тандырып, ежелгі салтынан айырып, мінез-құлқын өзгерту үшін оның 

114
115
байлығы болып табылатын малын азайту ұсынысын қолдады. Содан 
Абылай мен Құлсары батырға шекарадан үй салуға, шекарадағы талас 
мәселелерді тездетіп шешуге, қытайлардан іргесін аулақ салуы үшін 
қазақ басшыларын бауырға тартуға рұқсат етілді. Ресейлік саясаткер-
лер  «қазақ  малын  қолға  ұстатуды  үйрету  керек,  жем-шөп  дайындап 
берейік,  сонда  құлындар  қорада  өседі,  пішенмен  азықтанған  жылқы 
тебінді ұмытып, қолдан шөп жейді. Шөп қоры шектеулі болғандықтан, 
мал саны да азая береді, малы азайса, қазақта тұрақтанып, қамқорлық 
күтеді. Мініс аттары азайғаны бізге жаксы. Қытайлықтар қазақтардан 
көп ат сатып алмас еді, атты әскер жасақтау мүмкіндігінен айырылар 
еді» деген де армандарын жасырмады. 1762 жылы 21 наурызда Ресей 
Сыртқы істер алқасы  «бұл шараларға қазақтар тез арада «нәзіктенбек» 
түгілі, өзінің көшпелі тұрмыс тәртібін ғасырлар бойы ұмыта алмайды, 
дегенмен бұл ұсыныстар қазақтарды Ресейдің қарауында ұстауға және 
Қытай ықпалынан аулақтатуға азда болса себі тиеді» деген тоқтамға 
келді  (Абылай  хан.  Өмірі  мен  қызметіне  қатысты  құжаттар  мен 
материалдардың жинағы (Құраст. З.С. Тайшыбай). -327-329, 337б.). 
Ресей кейінгі жылдары да Сібір шекарасында Абылай үшін ерек-
ше  құрмет  танытып,  оның  талап-тілектерін  орындағанымен  орыс 
қорғандарына    кездесуге  келтіре  алмады.  Керісінше  орыс  елшілері 
жиі келіп, Абылайға деген ресейлік құрметті көрсетіп тұратын. Пат-
ша үкіметінің хаттары да осы елшілер арқылы жетті.  Елшілер ғана 
Абылайдың  «Ресей  жағына  ықыластары  түзеу»  екендігін  жеткізіп 
отыратын.  Кейде  Абылай  «қытайлар  бізге  жақсылық  ойламайды, 
бұрынғысынша Ресей патшасына сүйенейік, сонда қытайлықтар бізге 
қастық  жасай  алмайды»  деп  айтты  деген  әңгімелерде  жетіп  жатты. 
Соған қарамастан 1767 жылы жазда Абылайға барып қайтқан башқұрт 
старшындары  Әбілмәмбет  хан  мен  Абылайдың  орынборға  келуді 
ауызға  алмағандығын,  тіпті  ойында  жоқтығын  хабарлады.  Мұның 
барлығы  бұл  кезеңде  Абылайдың  көп  векторлы  саясатты  қолданып, 
толық  іс  жүзіне  асырғандығын  айғақтайды.  Жылда  Қытайға  елші 
жіберіп,  өзін  1757  жылы  хан  ретінде  мойындатқан  Абылай  «бүкіл 
қазақты бастап Қытайға ел болуды тілеймін. Қытайдың ұлы патшасы 
тілеуімізді қабылдағайсыз» деп жазғанымен, оны оңтүстік-шығыстағы 
шекараны реттеуге, түпкілікті жайылымды шешуге, өзімен көршілес 
халықтармен  талас-тартысын  анықтауға,  соңында  Жоңғарияны  жер 
бетінен жойған Қытай империясын келісіммен тоқтатуға пайдаланды. 
Бұл  саясат  Ресейдің  де  Абылаймен  есептесіп,  орта  жүз  бағытында 
батыл қимылдауына басты кедергі жасады. Абылайдың хатшысы М. 
Мәмметов  1768  жылы  «Абылай  өз  пайдасын  ойлап,  Қытай  жағына 
өтірік  берілгенсіп  отырса  да,  Ресейге  бағыныштылығын  артық  са-
найды.  Керісінше,  оған  қарайтын  кейбір  қазақ  рулары,  мысалы  бір 
мың  түндік  Бура  наймандар  қазірдің  өзіне  Қытайға  берілген,  ауыл-
дарымен  көшіп,  жоңғардан  босаған  жерлерге  қонуда»  деп  мойында-
ды. Хат Абылайдың жайылым мәселесін Қытай елімен бейбіт түрде 
шешкендігінің айғағы.
Абылай  Ресейдің  Азия  бағытындағы  саясатын  толық  түсінді 
деп айтуымызға болады. Сондықтан да өз жанындағы сұлтандар, би-
батырлар  арқылы  Ресеймен  байланысын  жалғастырып,  қазақ-орыс 
қатынасын  реттеп  отырды.  оған  Ресей  сеніміне  ие  болған  Құлсары, 
Құлеке батырлардың іс-әрекеттері дәлел болады. 
Абылай  үлкен  саясатта  ұлт  мүддесін  бәрінен  жоғары  қойды. 
Мәселен бірде қытай елшілерімен кездесу үстінде Абылайдың үйінен 
оның  бәйбішесі  «науқастан  халі  нашарлап  қалды»  деген  хабар  екі 
қайтара жеткенімен «отбасымның жағдайы соншалықты маңызды емес 
қой. оның сыртында, мен үйімде болғанда да өлейін деп жатқан адам-
ды тірілте алмаспын. оған қарағанда Боғда Ежен ханмен арадағы іс 
маңыздылау» дегені (Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. 
ІІІ том. Алматы, 2006. – 76б.), орта жүзде болған тау-кен инженері И.П. 
Шангиннің (1783-1830) 1816 жылы «Абылай дала заңдылықтарын қатаң 
сақтады. Кез келген қылмысы үшін жауапкерлер қатаң жазаланатын. 
Қазақтар арасында барымта деген болмады. Халқының ең кедейінде 
500, ауқаттысында 5000-нан 15000 дейін мал болатын» деп жазғаны 
(Ерофеева  И.в.  Родословные  казахских  ханов  и  кожа  XVIII-ХІХ  вв 
(история, историография, источники). –Алматы, 2003. –С.85), Ресейдің 
ішкі бірлікті бұзып, арандатуды жоспарлап, 1758 жылы Әбілмәмбет ор-
нына хан сайлау ұсынысын қабылдамауы, қырғыз бен ташкенттіктерді 
бауырына басуы, Ахмад шахпен келісімге келуі, Кіші жүз басшылары 
Нұралы, Батыр хандармен, Ерәлі, Айшуақ сұлтандармен қарақалпақ, 
түркімен бағытындағы бірлескен қимылдары оның қазақтың бас ханы 
деңгейіне көтерілгендігін дәлелдеді. дегенмен Абылай ата заң бойын-
ша Әбілқайыр хан өлгеннен кейін бас хан ретінде мойындалған неме-
ре ағасы Әбілмәмбет ханның алдына түспеді. Керісінше оны қолдап, 
өзара сеніммен, оның ұлы Әбілпейіз сұлтанмен қоян-қолтық араласты. 
Ал Әбілпейіз Кіші жүз ханы Нұралының күйеу баласы болатын. 
Әбілмәмбет хан есімі орыс деректерінде соңғы рет 1768 жылдың 
желтоқсанында  аталады.  ол  бойынша  орта  жүзден  барлаудан 
оралған К. Юсупов пен У. Аслаев 1768 жылы 27 қарашада орынборға 
келіп,  Әбілмәмбет  ханның  амандығын  жеткізді(оРоММ.  3қ.,  1т.,  98 
іс.,  281-283п.).    Содан  кейін  мұрағат  қорынан  кездеспейді.  Қытай 
деректемелерінде 1768 жылы Әбілпейіз «қазақтың ел ағасы» ретінде 
атала бастады (100 құжат ... 379б.). Соған қарағанда Әбілмәмбет  1769 

116
117
жылдың басында қайтыс болған. оны  1769 жылы Цинь патшалығынан 
Әбілмәмбет асына 200 тұяқ жылқы ақтық салып, арнаулы адамдардың 
жіберілуімен анықтай түсеміз (Мұқанбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. 
–Алматы, 1994. -60б.). 
Әбілпейіз  1772  жылы  қыркүйекте  Қытайға  жолдаған  хатында 
«Әбілмәмбет ханның бар кезінде, Ташкент жақтан бізге керектілердің 
барлығы келуші еді, екі-үш жыл болды, қырғыз жабылды да әрі-бері 
жүргелі  болмай  қалды»  деп  атап  өтеді  (Қазақстан  тарихы  туралы 
Қытай деректемелері. ІІІ том. -117б.).   
Әбілмәмбет  қартайып,  ауруы  дендеген  соңғы  жылдары  қазақ 
хандығының болашақ Бас ханы мәселесі күн тәртібіне шыққан сияқты. 
1767 жылы 14 желтоқсанда Абылай омбы әкімшілігіне жазған хатында 
«менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан, Жәдік хан, Шығай хан, 
Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілқайыр хан, 
Әбілмәмбет хан, олардан соң енді мен Абылай ханмын» деп алғаш рет 
қазақ хандығының бас хандарын тізбелеп берді (РИССМ. 122 қ., 122/2 
т., 1766-1769, 18 іс, 189 п.; Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және 
оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж) . т.ғ.к. диссерт. орал 2008. – 
23б.). Бұл дерек Абылайдың өз атынан жазылғандықтан оған толықтай 
сенуімізге болады. оған қосымша анықтама ретінде  И.в. Ерофееваның 
Абылай хан мөрінің Түркістанда (1771 жылы) хан сайланғанға дейін 3 
жыл бұрын соғылғандығына таңданыс білдіргенін де келтіруімізге бо-
лады (Ерофеева И.в.  Символ Казахской государственности (позднее 
средневековые и новое время). – Алматы, 2001. –С 53).
Сонымен Абылай ханды 1769 жылы Әбілмәмбет қайтыс болған 
соң  орта  жүз  ғана  емес,  қалың  қазақтың  мойындаған  хандар  ханы 
атанды. 
дегенмен  бұл  арада  Ш.  Құдайбердіұлының  «Абылай  барлық 
қазақтың ханы болып  1735 жылы сайланды» (Құдайбердіұлы Ш. Ро-
дословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. – Алма-Ата, 
1990. –С.54), М.Қ. Қозыбаевтың «Келесі 1734 жылы Әбілмансұр Абы-
лай деген атпен хан болып сайланды» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту 
байлап. –Алматы, 1994. -63 б.) және оларды қайталайтын пікірлердің 
де бар екендігін атап өту абзал. Бұл пікірді қолдаушылар Абылайлап 
жауға  шапқан  батырдың  Шарышты  өлтірген  шайқасын  1734-1735 
жылдарға жылжытады. Ал шайқастың 1741 жылы көктемде өткендігі 
мұрағат дерегінен белгілі. Ендігі екінші пікір 1744 жылдан Әбілмәмбет 
ханның  Түркістанға  көшіп,  орта  жүзге  Абылайды  қалдырды  деп 
жазған  зерттеушілер  пікірлерінен  туындап  отыр.  ол  П.И.  Рычков, 
А.И  Левшиннің  еңбектерінен  бастау  алады.  олар  Әбілмәмбеттің 
Түркістанға көшу себебін Әбілқайыр ханның саясатынан іздейді. Ра-
сында оған еш негіз жоқ. Әбілмәмбет қазақ-жоңғар келіссөзінен кейін, 
ұлы Әбілпейізді Жоңғарияға аманатқа беріп, Түркістанды билеуге қол 
жеткізгендігі тарихтан белгілі. 
Әбілмәмбет  заманында  Абылай  үш  жүздің  алдында  айрықша 
сенімге  ие  болды.  Сөз  жоқ,  Әбілмәмбет  хан  оған  бірден-бір  себеп-
кер  еді.  Сол  үшін  кезінде  ұлы  Әбілпейізді  аманатқа  берді,  кейін  әр 
кез  оның  жанына  қосып  үлкен  саясатқа  –  Ресей,  Қытай  бағытына 
машықтандырды. Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен ел тыныштығы 
үшін істелген жұмыстар әрдайым өзара келісімде жасалды. оған 1759 
жылы 10 қаңтарда Қытай әскерінің қолбасшыларының бірі Наванның 
қазақ даласына елшілікке келген кезіндегі Әбілпейіздің «Саудаға адам 
жіберу  туралы  Абылай  біледі»,  Әбілмәмбеттің  «Абылай  менің  інім, 
Әбілпейіз менің ұлым. олар менің тапсырмам мен бұйрығыма қарсы 
шығады дейсіз бе! Әрине, мен де өзімнің інім мен ұлымның игі ба-
стамасын  бұзбаймын  ғой»,    Абылайдың  «Әбілмәмбет  менің  ағам 
болғандықтан, барлық іс соның айтқаны бойынша жүреді, мен оның 
айтқан тапсырмаларына бойсұнамын» дегендерін қағазға түсіруі айқын 
дәлел  болады  (Қазақстан  тарихы  туралы  Қытай  деректемелері.  ІІІ 
том. -69-74 б.). Міне, осы Әбілмәмбет және ел игілері біздіңше, үлкен 
сеніммен Абылайды Жоңғариядан келгеннен кейін орта жүз ханы етіп 
сайланған. оны жоғарыдағы орыс зерттеушілері еңбектері де, мұрағат 
деректері  мен  түрлі  тарихи  зерттеулердегі  Абылайдың  белсенділігі 
де айғақтайды. орыс үкіметі ресми түрде мойындамағанымен Қытай 
патшасының  өзі  1756  жылдан  бастап  жазған  хаттарында  Абылайды 
хан  атап,  1757  жылы  1  қыркүйекте  бекітуді  ұсынады(Абылай  хан. 
Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы 
(Құраст. З.С. Тайшыбай). -231 б.). Ал осы аралықта өмір сүрген Жоңғар 
билеушілері де Абылайды ел билеушісі ретінде мойындады. 
Қорыта келгенде, 1743 жылы ақ киізге көтеріліп, орта жүз ханы 
ретінде сайланған Абылай  1769 жылы Әбілмәмбеттің қайтыс болуы-
на байланысты қазақ ордасының бас хандығына лайықты үміткер бо-
латын.
Абылай Қоқан ханы Ерданаға соғыс бастар кезінде қазақ жүздері 
билеушілерінің Жәнібек ханның үш ұлынан тарайтындығын, олардың 
екеуі, яғни Ұлы жүз бен орта жүз өз кезегінде Ташкент пен Бішкек 
жерлерінде тұрғандығын алға тартып, бауырлары атынан сөйлеген-ді. 
Ташкенттіктерді жеңгеннен кейін Абылайдың Кіші жүзде де беделді 
айтарлықтай  өскен.  оны  1768  жылы  5  сәуірде  Кіші  жүзден  келген 
Я.  Гуляев  жеткізді.  Патша  үкіметі  Нұралы  хан  орнына  кім  үміткер 
деген  сұраққа  Ерәлі,  Абылай,  Қайып  аттарын  естіді.  осы  жылы 
көктемде Абылай Ерәлі сұлтанға түркімендерге қарсы соғыста көмек 

118
119
көрсетті(ороММ 3қ., 1т., 84іс, 130-133п.). 1769-1770 жылдары Абы-
лай хан Н.Е. Бекмаханованың анықтауынша Еділ – Жайықта өткізді. 
оған Арқада қардың қалың түсіп, қыстың ала бөтен суық болуы се-
беп  болған  (Бекмаханова  Н.  Легенде  о  невидимке.  Алма-Ата,  1968. 
–С.158).
Абылай  хан  1771  жылы  қаңтар  айында  басталған  Еділ 
қалмақтарының  Жоңғарияға  көшуі  кезеңінде  үш  жүздің  қарулы 
қолдарымен бірлесе қимылдады. ол Ерәлі сұлтан жасақтарымен бірге 
қоян-қолтық қалмақтарды түпкілікті талқандады. Міне үш жүз игілері 
қатысқан жорықтар тұсында қазақтар 1771 жылы Түркістан қаласына 
жиналып, бірауыздан Абылайды тағы да ақ киізге көтеріп, Қожа Ахмет 
кесенесі жанында Бас хандыққа заңды түрде бекіткен. ол турасында 
Абылай 1778 жылы 28 ақпанда «менің аталас туыстарым Әбілқайыр 
мен  Әбілмәмбет  хандар  өмірден  өтті.  олардың  ізін  басқан  маған 
хандық кезек келді. олар қайтыс болғаннан кейін қазақтың үщ жүзі 
– Ұлы жүз, орта жүз және Кіші жүздің хандары мен сұлтандары, Таш-
кент пен Түркістан аймағының үлкен-кішісі тілек қосып, 1771 жылы 
Түркістан  қаласында  ...  мені  қазақтың  үш  Алашының  ханы  етіп,  ақ 
киізге көтерді» деп Ресей патшасы ІІ Екатеринаға арнайы хат жолдады 
(КРо – ІІ, -С. 86-88). одан хабардар  Ш. Уәлиханов «1771 жылы Абы-
лай серт беру үшін орыс шекарасына барғысы келмеді. Мені хан етіп, 
халық сайлап, Көктің ұлы өзінің грамотасымен әлдеқашан бекіткен» 
деп жазғанды. сөйтіп 1767 жылы  көтерілген Бас хандық мәселесі 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет