Халел досмұхамедұлы зерттеуінде Мұрат ақынның сөздері.
Мұрат ақынның «Аламан» кітабы
Мұрат ақынның «Қазтуған» толғауы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Халел Досмұхамедұлы – мұраттанушы ғалым XX ғасырдың 20-30 жылдары еңбек еткен қазақ зиялыларының ішінде Халел Досмұхамедұлының қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де орны алабөтен. Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Мұхамеджан Тынышбаевтың, Халел Досмұхамедұлының халқымыздың рухани мұрасын жинауда, зерттеуде және жариялауда маңызды істер атқарғаны белгілі. Айталық, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиеті үлгілерін, Мағжан Жұмабаев Базар жырау, Ақан сері мұраларын, Халел Досмұхамедұлы Мұрат Мөңкеұлы жырларын, Мұхамеджан Тынышбаев қазақ тарихына қатысты деректерді жинап, зерттегені, жариялағаны бүгінгі күндері көпшіліктің игілігіне айналып отыр
Х.Досмұхамедұлының осындай маңызды еңбектерінің бірі — қазақ әдебиеті тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі — Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығымен байланысты. Ол 1924 жылы Ташкент қаласында «Мұрат, ақынның сөздері» деген атпен жинақ шығарды. Бұл жинаққа өзі алғысөз жазып, ақын шығармаларында кездесетін тарихи атауларға, ру аттарына, топонимикалық атауларға, көне сөздерге түсініктер берді. Жинақтың басты маңызы: бүгін біз білетін Мұрат, ақын өлеңдері, толғаулары, дастандары осы Халел Досмұхамедұлы арқасында жетіп отыр. Бұл рухани аз олжа емес. Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты.