Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығы



Дата30.03.2023
өлшемі33,83 Kb.
#77827
түріРеферат

РЕФЕРАТ


 Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығы


(Жұмыстың тақырыбы)


ОРЫНДАҒАН
Құрманғали Сымбат ДҚТЖ 22-01
Астана
2022-2023


Жоспары:

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірі.

  2. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының жариялануы, зерттелуі.

  3. Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық.



Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі.

Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат танып, арабша жазу үлгісін үйренеді. Бала кезінен бастап өлең жазуды қолға алған Мөңкеұлы өз ортасында «ақын бала» атанып кетеді. Өз заманында Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұзтаздық еткен. 1860 жылы Жылқышы ақынмен кездескен болашақ ақын сол сәттен бастап айтыстарға қатыса бастайды.
Ол 17 жасында Жылқышы ақынмен, 20 жасында Бала Оразбен жиырма бесінде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, шаң қақтырған жеңімпаз атанады. Бұл айтыстар Мұратқа нағыз поэтикалық шеберлік мектебінен өтуге көмектесті. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен ерекшеленген Мөңкеұлы әрдайым биіктерден көрінді. Мұрат Мөңкеұлы есімі әдебиет тарихында айтыс өнерінің асқан шебері ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен эпик ақын ретінде де қалды.
Мұрат қазақ әдебиеті тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, зар заман ақындарының ішіндегі аса белді өкілі. Жас шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше дарын иесі Мұрат Мөңкеұлы халықтың рухани байлығы мен батырлар жырын жатқа біліп өседі. Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз және тағы басқа да тарихи тұлғалардың шығармалары бізге осы Мұрат ақынның айтуымен жеткенін бірі білсе, бірі білмейді.
Қазақтың ақын ұлы ел тарихын әсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, көпке насихаттап кеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Осылайша, зар заман ақыны атанды. Ата-қонысының талауға түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады.
Мұрат өз өлеңдерінде туған жеріне деген сүйіспеншілікті, ерлік пен батылдылықты жырлап, тарихқа бет бұрды. Атап айтқанда, Мөңкеұлы өмірдің өтпелі кезеңі, уақытша әлемнің өзгермелілігі туралы айтады.Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік шығармасы «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің ісгесі шайқалғанын, адамдардың ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тербентпей қоймады.
1860 жылы жілікші ақынмен кездесіп, осы кезден бастап Мұрат айтыс өнеріне машықтана бастайды.1863 жылы Бала Оразбен және Жаскелін мен айтысқа түсіп жеңіске жетеді. Сонымен бірге басқа да ақындар айтысына қатысады, олар: Қалнияз, Жантөлі, Тыныштық Шолпан. Осындай айтыс өнері Мұратты ақындар мектебінің өнері оны шыңдай түседі. Мұрат өзінің бірнеше толғауларын, тарихқа байланысты жырларын өмірге алып келген ақын. Ол өз Отанын жырға қосқан мына толғаулары: «Жалғаншы фәни жалғанда» («Во времени обманном, бреном»), «Әттең қапы дүние-ай» («Омир, суетный, скоротечный»), «Өлім» («Смерть») ал қалған өлеңдерінде батыл, батыр, ержүрек жігіттерді, қалыңдық- қыз келіншектер, бүркітпен аңға шығу, сонымен бірге өмірдің қысқа екені туралы және де өмірдің құбылмалы сәттері көп деп өз өлеңдеріне қосқан.
Ақын өз өлеңдеріне кітап поэзиясын жырға қосқан ақындардың бірі. Соның бірі «Үш қиян»- бұл өлеңде ақын қарапайым халықтың тұрмыс-салтын, өзінің ішкі ойларын, арман мен үмітінде айтып, жырға қосқан ақынның бірі. Бұл жырда ақынның идеялық ойының өте әсерлі тұстары көп болды. Соның ішінде «Сарыарқа» күйінде халықтың басынан кешкен қиын заманды жырға қосқан.
«Қарасай қазы» мен «Қазтуған»батыр туралы айтылып, қазақтың басынан кешкен қиын-қыстау кезеңді жырға қосқан. Бұл жырда батырлардың өз елін қорғаудағы жанын беруге бар екенін суреттейтін тұстар өте көп. Бұл өлең қазақ халқының психологиялық жағынан тілдің, мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал еткен өлең жырдың бірі болды. Ол кісінің қойын дәптерінен табылған мына үш өлеңінде: («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа». Біздің қазіргі күнімізге дейін Махамбеттің өлеңдерін осы өмірге алып кеген ақынның бірі.
Зар заман ақындарының ішінде Мұраттың ерекшелегі ол арғы тарихты да қозғап, үн шертті. Ол ұдайы елдік, ерлік жайын назарда ұстап сөйлеген, шығармашылық ауқымы өте кең мықты тұлғаның бірі. «Үш қиян» толғауы мен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары бір-бірімен үндес. Бұл шығармалардың басты тақырыбы жер дауы, құтты қоныс жайы.
Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Майталман жыршы, термеші ретінде де танылған Мұрат Мөңкеұлы «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелердің авторы.
Ақын өзінің шығармаларында кітап поэзиясының стилін қолданды. Мәселен, «Қыз» поэмасында Мұрат жас сұлудың бейнесін жасайды. «Үш қиян» поэмасында халықтың жағдайын, өз армандары мен жақсы өмірге деген үмітін суреттейді. Бұл шығарманың маңыздылығы онда ақынның идеологиялық қарама-қайшылықтары айқын көрінеді.
Рулық араздықтан және дұшпандықтан арылу мәселесіне қатысты ақын «Сарыарқа» толғауын жазды. Онда Мөңкеұлы қазақтарды өзінің даму жолында ескінің барлық жұғындысын жойып, сыпыруға шақырады. Ал білімді болмайынша елінің өркендей қоймасын түсінген ақын халықты оқу-білімге шақырып, «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңін жазды.
Сондай-ақ, «Қазтуған» поэмасында және «Қарасай-Қазы» қисса-дастанында Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының өткен уақыттағы тарихи оқиғаларын баяндайды. Бұл шығармалар автор өз халқының жалынды патриоттары, туған жерінің батыл және ержүрек қорғаушылары ретінде көрсететін батырларға арналған.
Жалынды ақын өз шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар, ақын кейіпкерлерді қалыптастыруда шынайылыққа, нақтылыққа, айқындылыққа ұмтылып, өз ойын жеткізу үшін прогрессивті тәсілдерді қолданды. Мұрат Мөңкеұлы қазақ әдеби тілінің дамуына үлкен үлес қосты.
Ақынның шығармаларында кедейлердің зұлым адамдарға, әсіресе патшалық билікке қарсы наразылықтары айқын көрінеді. Мұрат Мөңкеұлы маңызды мәселелерді көтерді және оларды түсінуге тырысып, жиі өз халқының өткеніне жүгінетін. Сондықтан да оның шығармашылығында өткен мен бүгінгінің арасындағы байланыс айқын көрініп тұрады.
Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік – “Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да “Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.
«Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны»,
Ақынның көлемді де көркем шығармасы -“Қарасай-Қази” дастаны. Бұл туындыда күрделі де шытырман оқиға жоқ, өзімізде бұрыннан бар батырлар жырындағы тәсілдер; диалогтың молдығы, аттың адамша сөйлеуі, түс көру, аян беру секілді жәйттар кеңінен қолданылады. Жыр арасында батырлар жырында жиі кездесетін қара сөзді пайдалануға да орын берілген. Жырдың қысқаша фабуласы: Мұса бидің Мамайы мен Орағы бірі би, бірі батыр болып елді билесе, қалған 28 ұлының бір тобы бұларды күндейді. Орақтың есігінің алдына өзінің алмас қылышын құрып қойып, жылқыны дүсірлетіп қуып, “жау келді, Орақ, шық” деп айқайлайды. Орақ есіктегі қылышқа түсіп қалып, жараланып қайтыс болады. Оның шешесі Қараүлек, әйелі, Қарасай, Қази деген екі баласы артында қалып, батыр болып жетіледі. Он жеті жастағы Қарасай мен он бестегі Қазидың өсіп ер жетуін негізгі оқиға етіп жырласа да, Орақтың ерлігі, Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Смайыл, Тобаяқтардың зұлымдықтары диалог арқылы ашылып отырады. Әсіресе, Орақтың елі үшін жасаған сансыз ерлік істері досы Ақмырзаның, шешесі Қараүлектің сөздері, әйелінің жоқтауынан айқын көрініс тапқан. Ал, Орақтың өлуіне себеп болған бақастар тобы өз айыптарын өздері мойындап, “ақырында күндей, күндей жоғалттық” деуге мәжбүр болады. Ел шетіне жау келгенде, баяғы “бес батыр” қарсы аттанады да, Қарасай жорыққа бармай қалады. Қарасай шешесінің сөзінен кейін әкесінің асын беріп, өзіне лайық ат іздейді. Қарындасы Қибатты Ноғайлының қарт батыры Көкшеге бермекші болып, оның Көкбұйра атын мініп жауға аттанады. Қырық күн бұрын кеткен әскерді қуып жетеді. Жау қарасынан қорқып Қарабатыр, Тілекелер кейін қайтып, Қарасай мен Естерекұлы Ер Тарғын ғана қалады, кейін Қази келіп қосылады. Үш батыр жауды жеңіп, еліне оралады. Мұнда үш батырдың қажыр-қайраты, шексіз ерлігі әсем суреттеліп, Қарабатыр тобының пасық-зұлымдығы, опасыздығы шебер сипатталады. Жылқышы, Бала Ораз, Кете Жаскелең ақындармен және әйел ақындар Жантолы, Тыныштықпен айтыстарының көбінде рулық сипат орын алса да, Мұраттың айтыста төселген алғырлығы, сөз өрнегін келістіре білетін шешендігі зерттеуші тарапынан жоғары бағаланады. Ы.Дүйсенбаев өз ой-пікірлерін қорыта отырып, мынадай тұжырым ұсынады: “Әдетте Мұрат шығармаларына баға бергенде, отаршылыққа қарсы реакция ретінде туған оның ащы сөздерінің парқына бармай бұлары жалпы орыс атаулыға айтылған наразылық деп танып келдік. Сонда Мұрат ақынды бастан-ақ ескішіл, әдебиетіміздің қорына қосқан ешбір үлесі жоқ деп кесіп айта аламыз ба?
Ақынның ізгі ізденістері, туған халқының тағдыры туралы толғаныстары мен өмір шындығы екі арасындағы қабыспас қайшылықтардың себептерін неге ашпаймыз? Қайткен күнде де “кертартпа” деген ұғымды тым тар көлемде қарамай, бір жағы замана қайшылықтары ескерілсе. Қай ақынның болсын творчествосындағы барлық ерекшеліктерді түгелдей қамтып барып, терең топшылау, әділ қорытынды жасаған дұрыс” [75, 83 б.]. Бұл – шын мәнісінде әділ баға еді, себебі қашан да, қай ақын болса да әдебиетімізге қосқан өзіндік үлесімен,тың жаңалығымен өлшенсе керек.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары халық аузынан, Ғылым академиясының қолжазба қорынан жинақталып, халыққа танылуына, оның шығармашылығының ғылыми айналымға түскеніне көп уақыт өткен жоқ. Қазір ол республика халқына танылды болады.
Совет үкіметі кезінде кертартпа ақын деп, шығармалары баспа орындарында жарияланбай, халық санасынан аластатылса, қазір оқу орындарының бағдарламаларына енгізіліп, толғаулары мен дастандары әртүрлі жинақтарда жариялануда.
Мұратты қаншама халыққа танылды дегенмен, Абай мен Махамбеттей, Ақтамберді мен Бұқардай мол орнығып, санаға сіңе қойған жоқ.
Махамбет жырлары халыққа Мұрат арқылы мәңгілік ғұмырға ие болды. «Қырымның қырық батырын», Ноғайлы жырауларының толғауларын, көптеген батырлар жырларын Мұрын жыраудың Мұрат ақыннан үйренгендігі шындық.
Қазақ елі ақынның я батырдың қай өлкеден екендігіне қарамастан, бәріне де ортақ болса, атақты ақындар да, батырлар да күллі қазақтың құрметтісі.
Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік поселкесінде қайтыс болады.
Мөңкеұлы Мұрат шығармаларын зерттегендер: Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Б. Омарова, Қ. Мәдібаев, Қ. Жұмалиев.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет