Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы



Pdf көрінісі
Дата10.10.2022
өлшемі58,05 Kb.
#42147


Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы
АӨУ-нің жоғарғы колледжі
«Бастауыш білім беру мұғалімі» 
мамандығының студенті 
Мұхтарова Румия Мұхитқызына 
Мінездеме 
Мұхтарова Румия Мұхитқызына Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№22 жалпы орта білім беретін мектептен 18.05-24.05.2021 ж аралығында
«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» бойынша практикадан өтті. 
Оқу-тәрбие практикасынан өту барысында №22 жалпы орта білім беретін 
мектебінің
4 «Б» сыныбы берілді. Сыныпта барлығы 24 оқушы бар. 
Оның 14-і қыз, 10-ы ұл.
Румия алғашқы күннен бастап оқушылармен тіл табысып, өзіне жүктелген
міндетке жауапкершілікпен қарап, күнделікті сабағына дайындықпен келді. 
Әр сабағын тек оқулықпен шектелмей, жаңартылған бағдарлама бойынша 
интербелсенді тақтамен, слайдпен түрлендіріп өткізе білді. Оқушылар 
сабақта өз ойларын еркін жеткізе білді. Румия сабақ беру кезінде өзінің 
теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, оқушыларға жеткізе 
білді. Сабақ барысында әр тапсырманы түрлендіріп және оқушылардан кері 
байланыс алып отырды. Румияның өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері және
оқушылармен байланысы жоғары болды.
Сонымен қатар, аптаның әр күніне жоспарлы түрде сынып сағатын және 
ашық шара ұйымдастырып отырды. Апта соңында «Қош келдің, Жаз!» атты 
ашық шара өтті. Шараға оқушылар қызығушылықпен қатысып, белсенділік 
таныта білді. 
Тәжірибе кезінде Румия оқушылармен тез тіл табыса білетінін, өз пәніне 
үнемі күнделікті дайындықпен келетіндігін көрсете білді. Румияның ашық 
сабағы, күнделікті сабаққа дайындығы, тәрбие сағаты «Өте жақсы» деп 
бағаланды.
Мектеп директоры: Кенжегалиева Р.А. 
Жетекшісі: Наурызбаева А.Б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет