Мухитдинов на печать indd


Зиммә ةمذ – мұсылмандардың өзге дін өкілдерін қол астыларында ұстап,  олардан жизя алып тұруы. Зиммәдағылар



Pdf көрінісі
бет88/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200
Зиммә ةمذ – мұсылмандардың өзге дін өкілдерін қол астыларында ұстап
олардан жизя алып тұруы.
Зиммәдағылар – мұсылмандардың қол астында жизя төлеп тұратын яһуди 
және христиан дініндегілер осылай аталады.
Зимми يمذ – мұсылман мемлекетінде тұратын христиан немесе яһуди. Ша-
риғат заңы бойынша, олар мұсылмандарға байлықтарының зекетін бермейді. Бірақ 
салық ретінде жизя төлейді. 
Зина انز – ер-әйелдің шариғат заңына сай үйленбестен, тыйым салған жолмен 
жыныстық қатынас жасауы.
Зинақор – зина жасаған адам.
Зиһар راهظ – талақ берудің бір түрі. Арабтарда әйеліне өзі өмір бойы үйле-
нуіне болмайтын анасы, қызы, әпкесі секілді әйелдің бір мүшесіне теңеу талақпен 
бірдей болған.


122
Зиһар кәффараты راهظلا ةرافك – әйелін өзі өмір бойы үйленуіне болмайтын 
анасы, қызы, әпкесі секілді әйелдің бір мүшесіне теңеу, салыстыру арқылы талақ 
жасаған ер адамның төлейтін өтемі. Мысалы, әйеліне «Сен маған анамның арқасын-
дайсың» деп айту. Ал кімде-кім осы зиһарды қолданған болса, оның кәффаратын 
өтемейінше, әйеліне жақындасуына болмайды. Оның кәффараты мына тәртіппен 
өтеледі: Бір құлды азат етеді. Егер азат етуге құл не күң таба алмаса, екі ай арасын 
үзбей ораза ұстайды. Егер екі ай ораза ұстауға шамасы келмесе, денсаулығы шы-
дамаса, алпыс кедейді шамамен өзі тамақтанып жүрген тамақпен тамақтандырады.
Алла тағала зиһар туралы Құранда: «Сендерден жұбайларын зиһар еткендер 
(күнәға батады), (себебі) олар [жұбайлары] аналары емес. Аналары тек оларды 
туғандар ғана. Олар, сөзсіз, сөздің терісін һәм жалғанды айтады. Ал, расында, Алла, 
сөзсіз, Кешірімшіл, Аса Кешірімді! Жұбайларын зиһар етіп, сосын айтқандарынан 
айнитындар (жұбайымен) екеуі бір-біріне жақындамастан бұрын құл азат етсін. 
Бұл – сендерге уағыз [әмір] етілген нәрсе осы әрі Алла сендердің не істеп жатқан-
дарыңнан Хабардар! («Мужәдәлә» сүресі, 2-3 аяттар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет