«Музыка өнерінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің кіріспесін ашыңыз



Дата25.05.2023
өлшемі229,77 Kb.
#97283
Байланысты:
Музыка өнерінің теориясы мен әдістемесі жауаптары


  1. «Музыка өнерінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің кіріспесін ашыңыз

Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде ой-өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. Мектептегі музыка сабағы оқушылардың әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал, жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәні мұғалімі „сегіз қырлы, бір сырлы“ болуы қажет. Ол-әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы,қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.Міне, осындай ұстаз дайындау мақсатында музыка пәнінің маңызы зор. Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызды саласы болып табылады.Музыка пәнінің мақсаты-қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық (ұлттық) музыкаға баулу.

Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті– оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік эстетикалық мүмкіндіктерді туғызу. Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әсемділігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін, тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыста ұстау, оқу тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халық ауыз әдебиеті, ойын-сауық, салт-дәстүр, тағы басқа музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.

Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері:

Оқушылардыңы музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.


Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру,оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембрлік ерекшеліктері туралы және оларды музыка пәнінін бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.
Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерді игеруде қалыптастыру.Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Көркем бейнелерді қабылыдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл–оқушылардан түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
Музыка сабақтарында оқушылардың музыка шығармашылық дағдыларын даму.Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін(әншілік, күйшілік,ақындық,суырып салма,бейнелеу өнері,актерлық, жазушылық т.б.) қалыптастыру болып табылады.
Музыка пәні мұғалімі осы ұсынып отырған мақсат-міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабақтарында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтырып отыруы қажет.

«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәні психология, педагогика және музыка теория негіздері пәндеріне негізделіп құрылған.

1.Музыкалық тәрбие әдістемесі,музыка теориясы пәндерімен тығыз байланысты. Себебі музыкалық теория музыка құралдары арқылы оның заңдылықтарын үйретеді, музыканың қарапайым білім дағадыларымен қаруланырады.

2.Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнімен тығыз байланысты. Музыкаға оқытуда біз психологиялық зерттеулерге сүйенеміз. Себебі, оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуын олардың мінез-құлқын жасына қарай ой-өрісінің даму деңгейін, сезім-түйсіктерінің жетілуін біз психология пәні арқылы білеміз.

3.Музыкалық тәрбие әдістемесі балалар физиологиясымен де тығыз байланысты. Себебі музыка оқытушысы оқушылардың әншілік қабілетін дамыту үшін балалар дауыс аппараты және тыныс алу аппаратарының құрылысымен функциясымен жетік білу керек. Егер оқытушы балалар физиологиясын жетік білмесе, ән үйрету барысында бала организіміне зақым келтіруі мүмкін.

4.«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» (педагогикалық ғылым ретінде) жалпы педагогиканың заңдылықтарына бағынады. Кез-келген пәнді оқыту педагогиканың әдіс–тәсілдерін білуді талап еткені сияқты, музыка оқытуда педагогиканың әдіс тәсілдерімен дидактикалық принциптеріне сүйенеміз.



Әр сыныпта музыка тыңдау,ән айту,музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары бойынша музыкалық материалдарды игеру барысында әр бөлімге сәйкес әндер жинағын, сазгерлер туралы мағлұматтар,тыңдалатын музыкалық шығармаға сәйкес иллюстрациялық көрнекіліктер, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар түрлерін, ребустар, сөзжұмбақтар, дидактикалық көрнекіліктер, халық педагогикасының әдістері-мақал-мәтел, жұмбақ, музыкалық ойындар тағы басқа құнды да көптеген қажетті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты өз дәрежесінде өткізуде керекті қорларын молайтады.

  1. Музыка өнерінің ғылыми-теориялық негіздерін атаңыз

“Музыканың ұлы кітабы” (‘‘“Китаб әл-мусики әл-кабир”’’) – Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Кітап екі ірі бөлімнен тұрады: бірі – “Музыка іліміне кіріспе”, екіншісі – “Музыка туралы ілім”. Соңғы бөлімі үш тарауға жіктеледі: а) “Музыка теориясының негіздері”; ә) “Кең таралған аспаптар және оларға тән интервалдар”; б) “Музыкалық әуеннің құрылысы”. “Музыка іліміне кіріспе” бөлімі екі тараудан тұрады. Алғашқысында “музыка” сөзінің мән-мағынасы, әуеннің шығу тегі, оны орындау мен музыкалық аспап жасау, музыка теориясы мәселелері сөз болған. Мұнда музыканы тәжірибелік және теориялық деп жіктеп, аспаптардың музыкалық және ұрмалы болып бөлінетіні көрсетіледі. Екінші тарауда жағымды әуендер мен олардың түрлері, музыкалық тондардың орналасуы, дыбыстың табиғи ерекшеліктері, музыкалық әуенді кемелдендіру тәсілдері, сезім арқылы қабылдауға жататын интервалдар мөлшері, жалпы музыка теориясының негіздері туралы көптеген құнды мағлұматтар беріліп, ғылыми пікірлер айтылады. Автор музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. “Музыка өнерінің теориялық негіздері” – трактаттың екінші бөлімі. Музыкалық дыбыстар мен тондар, олардың пайда болуы, биік немесе төмен орналасуы, интервал, оның жағымды, жағымсыз түрлері, тондардың бірізділігі, музыкалық мақамдар, олардың құрылысы, ерекшеліктері туралы пікірлері осында қамтылған. Музыканы математика саласына үйлестіре келіп, әл-Фараби дыбыстардың шығуын екі дененің соқтығысуымен байланыстырады: қысым неғұрлым қатты болса, дыбыс анық әрі күштірек естілмек. Әл-Фараби музыкалық тонның анықтамасын берген: “Тон дегеніміз – екі дененің ішінде белгілі уақыт бойы созылып тұратын жалғыз дыбыс”. Ішекті тартып қойса – қатты, босатса – әлсіз, төмен дыбыс естілетінін анықтаған. Мұның бәрі физика заңдылықтарына негізделген тұжырымдар. Әл-Фараби квартадан кем аралықта пайда болатын интервалдар, өзгермейтін және өзгермелі жүйелер, ұқсас интервалдар туралы да теориялық пайымдаулар айтқан. Трактаттың үшінші бөлімі – “Музыкалық аспаптар”. Екі тараудан тұратын бұл бөлімнің алғашқы тармағы – “Кең таралған музыкалық аспаптардағы тондардың қалыптасу жолдары”. Уд аспабының құрылысы негізіндегі интервалдардың арақатынасы, саусақтардың орналасуы, 4 ішек бойында жасалатын дыбыс қатары, жағымды тондар, т. б. мәселелерді қозғай келіп, әл-Фараби орындаушылық өнерге мән берген. Бірін табиғи, адам дауысы арқылы естілетін кемел әуен, екіншісін музыкалық аспапта орындайтын дәстүр ретінде бағалаған. “Музыка композициясы” – трактаттың соңғы тармағы. Онда музыканың поэзиямен байланысы, жағымды, жағымсыз тондар кестесі, бір тоннан өзге тонға көшу жолдары қарастырылған. Үндестік – бірнеше дыбыстың бір мезгілде естілуі деген анықтамасы да ұғымды. Олар: а) композициямен бірге оны көркемдейтін не мәнін төмендететін үндестік; ә) уақыт үндестігі; б) нақты әуен құрайтын ноталарды топтастыру үндестігі; в) музыкалық әуен құрайтын басқыштарды топтастыру үндестігі; г) музыкалық әуен құру үшін ноталардың өзара алмасуының ерекше үндестігі; д) үндес ноталарды қосу гармониясы; е) музыкалық әуен құрайтын басқыштар үндестігі; ж) интервалдар үндестігі; з) әр түрлі тоналдықтар негізінде алынатын құрылымы ортақ үндестіктер; и) ноталардың биіктігі мен төмендігі туралы үндестік. “Музыканың ұлы кітабында” Таяу Шығыс, Орталық Азия халықтарының орта ғасырлардағы музыкалық мәдениеті, музыка-теориялық ой-санасы, түркі тайпаларының далалық мәдениетіне қатысты деректер де айтылған. Трактат туралы мәліметтер О.Матьякубов, М.Баркешли, А.Көбесов, Т.Қоңыратбаев, С.Дәукеева, т.б. еңбектерінде кездеседі.[1]

  1. Бастауыш мектептегі музыкалық білім берудің мазмұнына сипатама беріңіз

Тәрбиенің аса маңызды құрамы — өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтитын-музыкалық өнер.

Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруға, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе бар, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды мол пайдаланудың жолдары аз қамтылған. Міне, музыка тәрбиесі әдістемесі жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарының мазмұнын, даму заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін игеруге арналған. Музыка тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы.Сондықтан да, музыка сабағына жан-жақты талдау жасап, сабақ түрлерінің әртүрлі жобасын жасап, оларды өткізудің әдіс-тәсілдерін қолданған жөн.

Музыка тәрбиесі әдістемесі, педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына, дидактикалывқ принциптеріне сүйенеді. Оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру түрлерін, тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету керек.Тәрбиенің басты саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, зерттеу салалары-адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап,бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту.

Музыканы оқыту дегеніміз — оқытудың, оқу процесінің межеленген мақсатының жүзеге асу дәрежесі.Музыка оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: музыканы оқытудың білімділік, музыканы оқытудың тәрбиелік, музыканы оқытудың дамыту функциялары.Музыканы оқытудың білімділік функциясы — бұл оқушыларды музыкалық гылыми білім, іскерлік, дагдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкі нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде қолданыла білуі болып саналады.

Жалпыға білім беретін мектептердегі музыка пән тәрбие және оқытудың мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту, музыкалық мәдениетті қалыптасмтыру, адамгершшілік қасиеттерін жоғарғы дәрежеге, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бақылауға дұрыс бағыт беру болып табылады.мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы – біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғарғы идеялық–адамгершілікке және адамзаттық қасиеттерге дағдыландыру болып табылады.

Музыкалық тәрбие беру педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына дидактикалық принціптеріне сүйненеді. Дидактикалық негізгі мәселелер оқыту пройесінің заңдылығын ашу,білімнің мазмұнын анықау, оқытудың барынша тиіиді әдіс тәсілдерімен ұйымдастыру түрлерін тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету. “Музыка” сабағы қазіргі кезде педагогика ғылымның жетістігіне сай, түрлі методикалық жайттарымен өткізіліп, оқу сапасы артуда.

Баланың музыкалық творчестваға қызығушылығын күшейту үшін музыка тексін қабылдауға ғана емес, студенттердің дүние танымының қалыптасуына барынша толық ықпал жасайтын , олардың ең алдымен шығармалардың музыкалық бейнелі мазмұнша және идеялық бағытына бағдарлайтын оқыту формаларын, тәсілдері мен құралдарын таңдап алуға тырысқан.

Оқыту мен тәрбиелеу біртұтас педагогикалық процес болып табылады. Оқу тәрбие процесінің жекелеген проблемасын нақтылау мақсатымен шартты түрде үш салаға бөлген.

1.Музыкалық теориялық білімді игеру, мұнсыз музыкалық іс- әрекетпен айналысуға болмайды.

2.Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойнаумен, эмоциямен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық- физиологиялық процесс екенін еске ала отырып, ансамбльде, аспапта ойнау дағдыларымен шеберліктерін , басқа да маңфызды қасиеттерді қалыптастыру.

3.Баланың бойындағы қоғамдық белсенділігін арттыру және олардың бойында жоғары идеялық саяси, эстетикалық, адамгершілік мұраттарын тәрбиелеу.

Көркемдік тәрбиелеу бір компоненті музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбие –адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаны және жүйелеп дамыту, оның бойына музыкаға тебреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметінің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әр бір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім.

Музыканы оқыту педагогикалық процесте жүзеге асырылады. Процесс — prozessus — латын тілінде алдыға қарай жылжу, өзгеру деген ұғымды білдіреді. Осыған байланысты ол музыкалық білім берудің, тәрбиелеудің және жеке тұлғаның жалпы дамуы міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиенің субъектілері мен объектілерінің даму үстіндегі өзара әрекеттестігі болып табылады.

Музыканы оқыту процесінде оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптастады. Оқушы тек музыкалық білімдерді меңгеріп қана қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі музыкалық құбылыстарды пайымдауға, өз бетімен білім толықтыруға, меңгерген білімдерін практикада қолдануға талпынысы, қажеттіктері дамиды. Оқытушы болса, ол тек жалаң білім берумен шектелмейді, оқыта отырып тәрбиелейді, оқушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін, музыкалық қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, музыкалық-педагогикалық процеске басшылық жасайды.

Музыканы оқыту процесі өзіне тән компоненттерімен сипатталады. Олар: музыканы оқыту (музыкалық білім, музыкалық іскерлік, музыкалық дағдылар), музыканы оқыту мақсаты, музыкалық білім мазмұны, музыканы оқытудың әдістері және құралдары, музыканы оқытуды ұйымдастыру, музыканы оқытудың нәтижелері.

Музыканы оқыту тар мағынасында оқушылардың музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту деп анықталса, кең мағынада музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың музыкаға дегенэмоционалды-құндылықты тәжірибесі мен музыкалық шығармашылық іс-әрекеттері тәжірибесің қалыптасуын айтамыз.

Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:

-балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту
өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін
сезім мәдениетін дамыту;

— оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдагы музыка өнері туындыларымен таныстыру;

— өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;

— музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;

— тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

— музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

— көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;

— өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жүмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады. Ол үшін мына төмендегі элементтер есепке алынуы тиіс:

білімді қабылдау, ой қорыту, есте сақтау, яғни оқушыға сабақта мұгалімнің берген білімі мен окулыктардағы теориялық материалдарды өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;



Бақылау, тексеру әдістері де әр түрлі. Бақылау әдістерін оқу жетістіктері жэне процесінің тиімділігі жөнінде кері байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының бірізділіктегі, өзара байланысқан әрекеттерінің жүйесі деп түсінеміз. Олар оқу процесі жөнінде жүйелі, толымды және нақты жедел ақпар алуды қамтамасыз етуі тиіс.

  1. О.А. Апраксина музыка сабақтарының ерекшеліктерін сипаттаңыз

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сəйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары
қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың
танымдық іс-əрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу жəне т.б.
проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.
Өнер пəні ретінде əн-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде
тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пəні ретінде өзге сабақтармен ортақ
ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тəн:
1) Өзге пəндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға
сүйенеді;
2) Өзге пəндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;
3) Музыка пəнін оқыту өзге пəндермен жəне ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;
4) Ұйымдастыру формаларының əртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;
5) Өзге пəндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту əдістері де қолданылатындығында.
О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:
- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық
сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек
ой-сананың əрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына жəне физиологиялық процестерге кешенді
түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер
мен физиологиялық процестер жүріп жатады;
- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың
əр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;
- Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен
техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, əн салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар
да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де əдемі, əрі көркем орындауды талап
етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тəуелді болады. Сондықтан оқу
материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мəнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың
бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пəндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік
ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық,
сондай-ақ оқушының жалпы жалпы жəне арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту əдістері; төртіншіден,
қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пəні мұғалімінің тұлғалық, кəсіптік мүмкіндіктері
арқылы көрініс табады.
О.А. Апраксина өнер пəні ретінде музыка пəнінің өзіне тəн ерекшеліктерін жəне оқыту заңдылықтары мен
принциптерінен туындайтын білім беру, тəрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:
- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;
- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне
сəйкес анықталуы;
- музыка оқыту əдістерін қолайлы етіп таңдау;
- педагогикалық байланыстардың болуы;
- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;


- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;
- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;
- музыкалық тəрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;
- музыкалық дүниетанымын дамыту;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- педагогикалық əдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;
- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;
- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;
- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;
Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны жəне
оқыту əдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының
жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді
жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.
«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі
сабақтың өзіне тəн образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін
мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық
поэма құрылымдарына сəйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге
болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка
сабақтарының құрылымына сай келеді.
Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен
міндеттері, мазмұны, əдіс-тəсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа
да оқу пəндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын,
оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған
дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка
сабақтарын оқыту тəжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.
Музыка пəні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пəнін жүргізудегі жалпы жəне
əрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пəнге
деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін жəне музыкалық даму деңгейлерін зерттейді.
Музыка пəні мұғалімінің əрбір жеке сабаққа даярлығы да едəуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл
жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Əрине, мұғалім тек бағдарламада
қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық
материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда
бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тəрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі,
əдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін
бақылау жəне тексеру формасы, əр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.
Музыка пəні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу
барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары жəне алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты
нəтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Əсіресе,
қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту əдіс-тəсілдері нақтылы белгіленген конспект
дайындаған дұрыс.
Оқытудың нəтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады.
Оның мəні пəн бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сəйкес құрылған

бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты


тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:
1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады жəне
түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тəсілдері, əдісі, формалары жөнінде əңгімелесу
жүргізіледі;
2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының
деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің
барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге жəне жеке орындайтын музыкалық іс-əрекеттері есепке
алынады;
3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тəрбие беру
жұмыстарының нəтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка
сабағында музыкалық іс-əрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық
формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Дидактикалық тесттер оқыту нəтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда.
Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:
- есте сақтауға жəне еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді
тексеру;
- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
- алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып,
оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тəрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.
Тексеру əдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты.
Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін,
бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты əдістер қолданылады.

  1. Қазіргі заманғы дидактикалық принциптерін сипаттаңыз

Дидактикалық жүйе принциптері – оқу үдерісінің көптеген заңдары мен заңдылықтарының бірігімді әрекеттерінен құралып, мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекеттерін реттестіру қызметін атқарады, сонымен бірге барша пәндерді оқыту мен игеру барысында және оқытудың барша кезеңдерінде жалпы маңызын сақтап қалады. Жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес оқу мазмұнын, ұйымдасу формалары мен оқу әдістерін айқындауда негіздеме қызметін атқарушы тірек ( базисный) тұжырымдар. Дидактикалық принциптеер негізін қалаушы педагог – ғалымдар:

Я.А.Коменский- табиғи сәйкестік ( природсообразность) принципі. Қалағандардың бәрі осы принцип пен орайлас келуі қажет.


А.Дистервег- оқу макзмұнына, оқушыларға талап принципі.
К.Д,Ушенский- мерзімге сәкестік, бірізділік, толық сәйкестік, тұрақтылық бекемді игеру, түсініктілік, өзіндік іс-әрекет, жеңілділік, дұрыстық принциптері.
И.Гербат- оқу мен тәртіп бірлігі, тәрбиелік оқу, ақыл дамыту, мұғалім беделін ұстану принциптері.
Дж.Дьюи- белсенді оқу, оқушының өзіндік танымы, шәкірт еркіндігі, мұғалім жәрдемші принциптері.
Қазргі заманғы дидактикалық жүйе принциптері

Саналылыық және белсенділік;

Көрнекеілік;

Жүйелік және бірізділік;

Беріктік;

Түсініктілік;

Ғылымилық;

Көңіл-күй –сезімділік;

Теория мен тәжірибе бірлігі.

Ережелер- 1)жалпы принциптерге негізделген педвгогикалық әрекеттердің нақты жағдайдайларда көзделген мақсатқа жету жолдарының сипаттамасы; 2) қандай да принципті іске қосудың кейбір қырларын ашып беруші басшылық; 3) принцип талаптарын орындау бойынша мұғалімнің нақты әрекетіне көрсетпе.


Оқу теориясының негізгі құрылыым бірліктері- юұл ғылым тарапынан құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелер арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылыықтары және заңдарымен таныс, біз олар мен әр қыйлы мәселелерге орай кездесіп отырамыз.
Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің іргетасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудыңң негізі табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сәйкестік басты принципінің төңірігінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық талаптар төмендегідей:

Саналылық және белсенділік;

Көрнекілік;

Жүйелілік және бірізділік;

Беріктік;

Түсініктілік;

Ғылымилық;

Көңіл –күй;

Теория мен тәжірибенің байланысы.

Принциптер нұсқау көрсетпе қызметтерін атқарады.Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуві жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Ғасырлар бойы тексеріліп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалім еш уақытта да оқу мен тәрбие де жоғары сакпаға жете алмайды .


Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ережебұл педаогогикалық іс әрекеттің нақты жағдайлар да белгілі мақсаттарға жеткізу тәсілінің сипаттамасы. Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз. Оқу ережелері теориядан тәжірибеге өту «көпірі» ретінде танылған. Олар да мұғалімнің көптеген ұқсас оқу жағдайлар да қолданылатын бірдей әрекет тәсілдері беріледі. Ал кей жағдайларда бұлар мұғалімге қалай әрекет жасау ненмесе жасамау керетігі жөнінде нақты көрсетпелер береді. Осыдан ережелерді білу қажеттігі кейбір педагогтардың қармылығына душар болуда. Олардың ойынша, ережелерге бекіп, оларды сол күйінде орындау мұғалімдердің шығармашылық ынтасын дамытуға кері ықпал жасайды. Бұдан шығар қорытынды басты назарды ережелерге байлап тастамай, оқудың жалпы теориясын игеруге және оның шығармашыл қолдану дағдыларын баулуға аудару қажет. Бұдан 10-15жыл бұрынғы педагогика оқулықтарында ережелер жөнінде әңгіме қозғалмайтын.
Саналылық және белсенділік принципі.
Аталған принциптің негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр, білім мәні өз ақыл ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды ережелері сақталуы тиіс:

Алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну;

Саналы оқудың қажетті шарты, олардың оқушыларға көрсетіңіз, маңызы мен мәнін түсіндіріңіз, болашақта қажетін бала санасына жеткізе біліңіз;

Оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінетін болсын, сонымен оқу жұмыстарын қара дүрсін орындамай алдын ала олардың терең мән мағынасын ұғынсын;


Көрнекілікпен оқыту принципі.

Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері, сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке орталық жүйкесіне бағыдталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қоланудың көптеген ережелерін іске асырған.


Жүкелілік және бірізділік прирнципі.

Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мидан нақты бейнеленсе ғана, оқушы шыныайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тісілі – белеглі жолмен ұйымдастырылған оқу;ғылыми білімдер жүйесінің бірізіділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиміді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол үдерісте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің және болмауына және біріздіктің қандай да себептерімен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулар мен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс әрекеттеріне де үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйеліәлік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму үдерісі бәсеңдейді.


Беріктік принципі.
Бұл принципте келесідейц заңыдылықтар анықталған: білім мазмұнының игеру және оқушылардың танымдық күш қуатына дамуы –оқу үдерісінің бір – біріне байланысқан екі тарапты; игерілген оқу материалының беріктігі ақылға сай жағдаятарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен қүұрылмында ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субьектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әр қилы оқу түрлеірі мен әдістерін пайдалануға, сондай ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие; қандай да материал оларды маңыздылығы мен қызықтырса, сол материал берік орыгығадыжәне ұзақ сақталады.
Түсініктілік принципі.
Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан дидактикалық үдерісті оқушылардың даму деңгейі мен сәйкестіндіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтағаан білімі,ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады. Түсініктілік принципін іске асыруды, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден қиынға, белгіліден- белгісізге, қарапайымнан күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теорисы мен тәжірибесі түсінімді оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті: Өтілуге тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс. Оқушы санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұиытпаңыз.Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайыныдығы мен даму деңгейін арқау етіңіз. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын, биімдігін, даму ерекшеліктерін зерттеңіз және оқыту да ескеріңіз. Оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуына біршама алда жүретіндей болсын. Оқушылардың әр түрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алыңыз. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтарға біріктіріңіз.

Ғылымилық принципі


Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне бөлек ғылым тараптарынан анықталған білімдерді ұсыну. Бастапқы мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игеруге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің маззмұнды толық іске асыра алуына тәуелді ; қабылданған білімдердің ғылымдық сипатты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстар да іске асып барады.
Көңіл- күй принципі
Көңіл- күй ескеру принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңілден адам жаны нәр алады,ой өрісі сәулелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезім мен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі болымсыз іс. Сондықтан да оқу алдында баланыың ұнамды көңіл- күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәірс жұмысына дайындау қажет.
Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі.
Бұл принциптің негізіне дәстүрлі философияның ақиқат пен танымдық қызметінің дерек көзі – тұрмыс және іс әрекет екендігі туралы тұжырымы алынған.Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен тәжірибе мен бастау алып, оны мен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті, белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу тәрбие үдерісінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
Біз дидактикалық принциптерді қарастырып, олардың іске асу ерекшеліктерін әңгіме арқауы еттік. Қортындылай келе, айтарымыз: принципетер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс әрекетте кешенді, түрде жүзге асып барады. Оларды кезек пен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекеті ете, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екенші дәрежелесі болайды, әңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымыдығы мен жалқылық дәрежесі жөнінде болуы мүмүкін. Барша принциптер өзара тығыз ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екенші принцип талаптары мен мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні- баланың тән дене және ақыл ес мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш қуатының деңгейі мен салаыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салалары мен еңбек нәтижелелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептер мен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің сақаталғаны.



  1. Музыкалық оқыту әдістерін сипаттаңыз

Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

- «…білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік); »

- «…білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті « (И.Я. Лернер);

- «…мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.А.Ильина);

- «…мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И.Ф. Харламов);

- «… білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В.В. Краевский);

- «… оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.Б. Абуллин);

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.

Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет оқушылырға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:

- оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;

- оқу пәнінің ерекшелігі;

- дидактикалық талаптар;

- оқушының жас ерекшелігі;

- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;

- оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;

- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;

- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

- музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.


Музыканы оқытуды ұйымдастыру

Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихындаең пікірталасты проблеме болып келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:

- оқушылардың саны;

- оқу орны;

- оқыту дәрістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:

1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;

2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;

3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;

4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;

5) Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.

О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:

- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;

- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

- Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;

- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;

- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;

- педагогикалық байланыстардың болуы;

- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;

- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;

- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;

- музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;

- музыкалық дүниетанымын дамыту;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;

- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

- педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;

- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;

- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;

- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:

1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;

2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;

3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.

Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:

- есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді тексеру;

- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;

- алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.

Тексеру әдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты әдістер қолданылады.


  1. Музыкалық қабілеттілік мәнін ашыңыз

Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.

Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.


Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
«Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2 - 3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой - сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.
Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский - Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.
Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.
Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?
Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.

Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы


Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.

  1. Музыкалық білім мен білігіне негізделген музыкалық дағдыларын талқылаңыз

Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға мәдениетсіз, сондай-ақ музыкалды мәдениетсіз қалыптасуы мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін оқу-тәрбие жұмыстарын мақсатты, жүйелі әрі жоспарды ұйымдастырған жағдайда ғана дамытуға мүмкін болады. Бастауыш сынып мұғалімі сабақ және сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын қалай жан-жақты әрі қызықты етіп ұйымдастыруға болатынын жақсы біледі. Алайда, тәжірибеде оған музыкалық мәдениеттің барлық әлеуеттілігін толық қолдануға мүмкіндік бола бермейді. Себебі арнайы музыкалық әдебиет пен балаларға музыкалық білім беру бойынша әдістемелік материалдар мамандарға - музыка мұғалімдеріне арнап жазылған. Бұндай оқу құралдарында оқу әрекеттерінің, сыныптан тыс музыкалық іс-шаралардың әртүрлі формалары ұсынылған. Оларды музыкант-маман ғана емес, сонымен қатар музыканы шын сүйген кез келген адам: бастауыш сынып мұғалімі,педагогикалық жоғары оқу орны немесе педагогикалық колледждің студенттері, тіпті ата-аналар - әрине, балалардың тікелей қатысы арқылы ұйымдастырып, жүргізе алады.
Бастауыш сынып мұғалімі бала тұлғасының рухани-адамгершілік, көркемдік-эстетикалық негіздерін қалайды, балалардың өнер әлеміне алғашқы жол көрсетушісі болып қаланады. Заманауи музыкалық педагогиканың оқушыларды дамыту, білім беру және тәрбиелеу әлеуеттілігінің аясы кең. Музыка баланы әр сәт сайын, минут сайын соңынан ілестіріп әкетеді. Алайда музыкалық ақпарат ағыны көбінесе олардың бақылауынан және түсінігінің шеңберінен шығып кетіп отырады. Музыка, сананы айналып өтіп, санаішілік және санасы процестерге, баланың психикасы мен соматикасына тікелей әсер етеді.
Музыкалық өнердің әрқилығы мен жан-жақтылығы, кейбір музыкалық бағыттардың агрессивтілігі баланың эмоционалды жай-күйіне, оның психикасына әсер етіп, тұлғаны үйлестіріп қоймай, оның негативті іс-әрекеттерін де күшейте алады.
Әдетте әрі көп жағдайда бастауыш мектеп мұғалімдері өнер салаларында маман болып табылмайды. Олардың оқушылардың эстетикалық қалыптасуындағы рөлі дамытушы көркем, сондай-ақ музыкалық ортаны ұйымдастыру болып саналады. Сондықтан, болашақ мұғалімдерге отандық және шетелдік музыкалық мәдениет негіздерімен, жанрлардың әралуандығын, музыканың бағыттарын, балаларды музыкалық тәрбиелеудің көп ғасырлық дәстүрлерін, оқу-тәрбие процесінде балалармен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін игеру қажет.
Балаларға көркем-эстетикалық білім беру аясында музыка құралдарымен бірге заманауи педагогикада бірнеше бағыттар да белсенді құрастырылып келген. Музыкалық білім кәсіби әрекет (музыка - білім беру процесінің мақсаты, ал бала - оның құралы); тұлғаның жан-жақты дәне жалпы дамуының құралы (тәрбие процесінің мақсаты - бала); шығармашылық әрекетті белсендендіру тәсілі; балалардың эмоционалды дамуының шарты ретінде танылады. Соңғы жылдары музыка эстетотерапия құралы (бала функционалды музыканың әсерімен үйлесімді дамиды) құралы ретінде қарастырылыа жүр, себебі ол баланың энергетикалық балансын қайта қалпына келтіріп, терапевтикалық функцияларын орындай алады.
Бастауыш сынып мұғалімі баланың тұлғасын музыкалық даму процесінде үйлесімді дамытуға бағытталған музыкалық педагогика негіздерін игеруге қабілетті. Бастауыш сынып педагогтарының музыкалық тәрбие аясындағы әрекеті балаларды музыка құралдары арқылы дамытуға бағытталуы керек.
Ежелгі дүниеде балаларға музыкалық білім беру ерте кезде басталып, балалардың өмірінің жартысын құраған. Себебі музыка реттілік пен өркениеттің символы болып танылды, яғни оны балалардың бойында мінез-құлықтың үйлесімді қасиеттерін дамыту тәсілі ретінде қарастырып, иерархияны қолдау, белгілі бір нормалары мен ережелерінің орындалуына мүмкіндік жасаған. Ежелгі дүниеде музыка тәрбиенің маңызды бөлігі ретінде танылып, міндетті меңгерілуі тиіс ғылымдардың (музалар) қатарында саналды. Тоғыз ғылым-муздардың ішінде жетеуі музыкадан және белгілі бір түрде поэзиядан құралды.
Балаларға музыкалық білім беру міндетті музыкалық әрекеттің әр алуан түрлерінен құралды: бірнеше музыкалық аспапта ойнау, соло және ансамбльде ән айту, музыкалық декламация, импровизация және музыканы әртүрлі жанрларда шығару, музыка теориясының негіздерін меңгеру, музыкалық өнер мәселелері бойынша әңгімелесу мен пікірталастарды жүргізу дағдысы. Ерекше орын импровизацияға (суырып салмалық) және белгілі бір музыкалық аспапта еркін ойынға берілді. Бұл балалардың шығармашылық дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Музыка адам өмірінің барлық кезеңдері мен жағдайларында ілесіп отырған. Әрбір оқиға, әдет-ғұрыптық әрекетке өз өлеңдері, музыкалық шығармалары сәйкес келген. Қозғалыспен байланысты барлық дүние музыкада, музыканттар арқылы көрініс тауып отырған. Музыкалық шығармаларда теңіз бен аспан, Жер мен Аид, шынайы және қиялдан туған кейіпкерлерлер бейнесі суреттеледі. Музыкада ерлік оқиғалар әңгімеленді, шынайы өмір әуеленді, мификалық бейнелер тірілген.

  1. Бастауыш метепте заманауи музыка сабағы және қазіргі технологиялар туралы сипаттама беріңіз



  1. Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі туралы жұмыс жүйесін ашыңыз




  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген 1– 4 сыныптарға арналған бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша оқу бағдарламаларын ашыңыз



  1. Балалардың музыкалық білімін бағалауға қазіргі заманғы талаптармен таныстырыңыз




  1. Музыка сабағының мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартымен жəне сабақ репертуарын құрайтын, оқуға ұсынылатын музыкалық шығармалардың тізбесін анықтайтын музыка бойынша оқу бағдарламасын ашыңыз



  1. Бастауыш сынып мұғалімі мектептен және сыныптан тыс музыка жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету формасын атаңыз




  1. Бастауыш мектептегі музыка мұғалімінің жеке тұлғасына қойылатын талаптарын атаңыз



  1. Музыкалық білім беру негіздерін сипаттаңыз




  1. Музыка адамзат мәдениетінде ең көне және кең таралған өнердің бірі туралы талқылаңыз



  1. Бастауыш мектептегі музыкалық білім берудің құрылымдық принциптерін талдаңыз




  1. Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты өлшемдерін анықтаңыз



  1. Музыка сабағының дидактикалық принциптерін талдаңыз




  1. Музыкалық сабағының салыстыру əдісін ашыңыз



  1. "Fishbone" әдісі арқылы музыкалық қабілет құрылымын сипаттаңыз




  1. Бастауыш сынып оқушылардың музыка сабақтарындағы орындаушылық әрекет маңыздылығын айқындаңыз



  1. "Интервью" әдісі арқылы бастауыш метепте заманауи музыка сабағы туралы респондентке қойылатын топтама сұрақтарын құрастырыңыз




  1. "Инсерт" әдісі арқылы бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие жұмыс жүйесін бағаланыз



  1. "Блум таксономиясы" әдісі арқылы 1– 4 сыныптарға арналған бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларын талдаңыз




  1. Бастауыш мектепте кейс-технологияны қолдану кезінде балаларда бағалау дағдыларын қалыптастыру үрдісін ашыңыз



  1. FILA моделі арқылы мектептегі музыкалық білім беруді стандарттау үрдісін талқылаңыз



  1. "GROW" әдісін қолдану арқылы"GROW" әдісі арқылы сыныптан және мектптен тыс музыкалық жұмыстарды сипаттаңыз




  1. Музыка мұғалімнің конструктивті кəсіби қызметі туралы сипаттама беріңіз



  1. «Музыка өнерінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің мақсаттары мен принциптерін БББ әдіс арқылы бағалаңыз




  1. Қазақстан музыкасының тарихын және қазіргі заманғы музыкалық мәдениеттың маңыздылығын ашыңыз



  1. Венн диаграммасын қолдана отырып, музыкалық білім беру принциптері белгілейтін музыка мұғалімі ұстанымының бағыттарын ашыңыз




  1. Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың əдістемелік мəселелерінің ерекшеліктерін талқылаңыз



  1. Музыка сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдерін ашыңыз




  1. 3 «Қ» әдісі арқылы бастауыш мектептегі музыка сабақтарында жағдайды ойнау əдісін бағалаңыз



  1. Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдарының мәнін бағалаңыз

Өсіп келе жатқан жас буын жас ұрпақтың рухани байлығының іргетасы қалай қаланса, мемлекеттің болашағы, өмірге деген ынта-жігері сондай болмақ. Қоғамның даму үрдісі қандай болса, мектептің сана деңгейіде сондай болатыны бесенеден белгілі! Өркениеттілік мектеп балаға, бала-мектеп деген көзқараспен өлшенеді.

Жас ұрпақты музыка өнеріне тәрбиелеуде музыкалық тәрбие әдістемесі маңызды роль атқарады.

Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан–жақты әдіс–тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйрететін ән мен тыңдалатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі керек. Егер балалар сабаққа қызықса олардың белсенділігі артады. Белгілі бір сабақта қолданылатын іс-әрекет түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Музыка сабағының басқа айырмашылығына, ерекшелігіне келер болсақ, ең негізгісі–оның өнер сабағы екендігі. Музыканы оқыту барысында ақыл–ой мен эмоция, түйсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Екінші ерекшелігі–музыканы тыңдай, қабылдау барасында адамның психологиясына әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементі оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс.

Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдіс – тәсілдерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдіс-тәсілдердің түрі, оларды тиімді пайдалану және оқушыға жасалған ықпалдың нәтижесі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдіс–тәсілдердің белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір–бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушыныңмузыкалық мәдениеттілігінқалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюғаболмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімніңжүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рол атқарады. Мұғалім тыңдауғаұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға тырысу керек.

Педагогикалық талаптарына сайбалаларды ән өнеріне баулуда тәжірибедеқолданылатын арнайы ән жаттығуларыныңалатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған. Жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуғадайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуғабайланысты дағдылы қалыптастырады.

Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне тереңбойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренугекірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін,ритм мен әуенніңсипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойынадыбыс күшінбөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдіңорындаушылық шеберлігініңдәлдігіне жету қажет.

Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. Әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау, шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау, ансамбльдіңорындаушылықмүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру, қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау, көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.

Шығарманы үйрену үстінде оның ұлттық ерекшелігін анықтапалу қажет. Бұл көркемобраздың мәніне терең бойлай ену үшін маңызды. Халық музыкалық творчествосының элементтерін, халық аспаптарының өзіндік ырғақтарын, ладтарын, тембрларын, халықтық орындаушылық өнер тәсілдерін пайдаланып үйрену керек.

«Музыканы қабылдауға тәрбиелеу, басқа қабілеттерді дамыту секілді белгілі бір кезеңдерден өтуі керек»-деп атап көрсетеді Ресей ғалымы О.Апраксина. Сөйтіп оны шартты түрде 4 топқа бөледі. 1-кезең – 1-2 сыныптар. Бұл сыныпта балалар музыканы жалпылама қабылдайды, мәнерлік құралдарын әлі де ажырата алмайды.

Д.Кабалевский тұжырымдамасына және Республикадағы дәстүрлі бағдарлама ретінде бекітілген «Музыка» бағдарламасына сүйене отырып, музыканы қабылдауға байланысты іске асыруға тиісті бағыттар басты үш міндетті қарастырған жөн.

Алғашқы міндет-оқушылардың музыканы қабылдау сезімталдығын қалыптастыру, музыкаға құштарлығы, музыканы тыдауға және орындауға деген ынталықты дамыту.

Екінші міндет–музыканы саналы түрде қабылдауды қалыптастыру, музыкалық образдардың сипатын түсіну, шығармалардың идеялық негізін ұғуға үйрету.

Үшінші міндет-шығарманы орындау барысында музыкаға деген орындаушылық көзқарас қалыптастыру. Бұл міндет оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Ол үшін орындаушылық дағдыларды үйретіп, шыңдау қажет. Шәкірттердің бойларына өзінің музыкалық шығармашылық іске іштей қатысы бар екендігін, көркем образ жасауға тікелей қатынасы бар екендігін сезіне алатын ахуал туғызуы керек.

Музыкалық білім берудің бұл жағын, әсіресе, төменгі сынып оқушылары әлдеқайда айқын сезіледі. Бұл міндет алғашқы міндеттермен қатар – музыкаға деген сезімталдық пен саналы көзқарасын қалыптастыра отырып жүзеге асырылады.

«Музыканы қабылдауға тәрбиелеу, басқа қабілеттерді дамыту секілді белгілі біңр кезеңдерден өтуі керек», — дейді белгілі Ресей ғалымы, көрнекті ұстаз О.Апраксина.

Бірінші кезең–бірінші, екінші сыныптар. Бұл кезеңде балалар жалпылама музыканы қабылдайды, мәнерлік құралдарын әлі де анық ажырата алмайды. Тәжірибелерге қарағанда, аталған кезеңде балалар екпін, динамика, регистр, тембр деген ұғымдарды жақсы анықтай алады.

Екінші кезең–үшінші, төртінші сыныптар. Бұл кезеңдер балалар музыканы сезімталдықпен қабылдап қана қоймай, оның не туралы екендігін, мазмұнын түсінуге талпынады. Мұнда сөздің үлкен мәні бар: шығарманың аты, ән тексті, мұғалімнің түсіндіруі. Мысалы: балалардың қиялшыл келетінін ескере отырып, музыка дыбыстарымен таныстырғанда оларды еліктіру үшін жоғарғы дыбыстарды таныстырғанда оларды еліктіру үшін жоғарғы дыбыстарды бұлбұлдың, басқа да түрлі әнші құстардың үнімен, ал төменгі дыбыстарды аюдың, түйенің т.б. жүрісімен салыстырып, түсіндіруіне болады. Бірақ мұғалім әдетте мынадай теңеулерді орынды қолданып балалардың назарын дыбыстан тек қана белгілі бір жан – жануарлардың үнін іздеп отыруға тәрбиелеуден сақ болған жөн.

Үшінші кезең -бесінші, алтыншы сыныптар. Бұл кезең–музыканы қабылдауға үйретудегі ең бір қарама–қайшылығы мол кезең. Оқушылар түсінбеген музыканы назардан тыс қалдырады.

Төртінші кезең-тоғызыншы, оныншы сыныптар. Жоғарғы сынып оқушылары музыканың ішкі жан дүниесін түсінуге септігін тигізетінін ұғады, музыкаға қызығушылығы артады. Саналылық эмоциямен ұштасып, олардың арасында тұрақты қарым – қатынас орнайды.

Балалар әртүрлі музыканы тыңдай отырып, олардың тек жанрлық ерекшелігін анықтап қана қоймай, белгілі бір шығарманың мазмұнын жеткізу үшін композитордың қандай құралдарға жүгінгендігін әңгімелей білуі тиіс. Мысалы, әуеннің желісі, ырғақ өрнегі, екпіннің ауысуы, саздың өзгеруі, динамикалық белгілер т.б.




  1. Музыкалық дағдыларды қалыптастыру анықтамасын ашыңыз



  1. Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді пайдалану туралы ойыңызды талқылаңыз

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – «жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және ӛз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру делінген.Бұл мақсатқа қалай жетеміз, оның жолы қандай ?

Бұл мақсатқа жетудің жолы –рефлексия ,ол өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі талдау жасау сияқты тәсілдер мен педагогикалық технология ретінде оқу материалын белсенді қабылдауды қамтамасыз етеді.Бұл үшін білім беруге педагогикалық және әдістемелік өзгерістерді енгізуді талап етеді. Бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің тағы бірі-оқушының құзырлылығын қалыптастыру. Құзырлылық –қоғамға қандай ,жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Құзыреттілік білім беруде оқушылардың тұлғалық ойлау сферасына екпінді назар аударылады, олардың қолы жеткен шындық қа қарым қатынасының ерекше белгісі оның құнын жете түсіну, іздеу себебі және айналада болып жатқандардың мәні болып табылады, басқаша айтқанда толғаныс жасай білу сыни тұрғыдан ойлай білу болып саналады.

Оқу-тәрбие үрдісінде толғаныстың туу механизмін сыни ойлауды дамыту жобасының тәсілдері арқылы жүзеге асыруды қарастырдым.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау » жобасы әр түрлі пәндер саласында қолданылатын түбегейлі жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады. Бұл жоба арқылы жұмыс жасай отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады :

*үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу ;

*өз ойларын жеткізе білу;

*айналасындағылармен анық ,сенімді ,нақты қарым қатынас жасай білу ;

*түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде *жеткізу проблемаларды шеше білу ;

*өз бетінше білім алу ;

*топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау ;

*басқа адамдармен сындарлы қарым –қатынас жасау ;

Сын тұрғысынан ойлау-ашық демократиялы қоғамда асқан шеберлік және ақпаратты қабылдап оған шешім қабылдауға дейінгі және осы аралықтағы күрделі ойлау процесі.

Сын тұрғысынан ойлау жобасында оқушылар ұжымдық ізденуде жақсы нәтиже береді.Пәнге қызығушылақтары ,сабаққа белсенділіктері, ойлау қабілеттері артады, ең бастысы сын тұрғысынан ойлай отырып өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік туады.

Бұл жоба үш негізгі бөлімнен тұрады.

Кезең- Қызығушылықты ояту
Кезең- Мағынаны ашу
Кезең- Ой-толғаныс (рефлексия)
«Қызығушылықты ояту»– бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру. Яғни, сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан баста- лады. Бұрынғыны еске алу ,ойлауды белсендіру, жаңа мәліметті игеруге дайындық, оқушының біліміне ой салу, өз ойын ортаға салу, жаңа тақырып төңірегінде сұрақ- қа жауап алу арқылы жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі пайда болады. Бұл жерде әр оқушының таным белсенділігі артып өз ойын еркін жеткізе алады.

Бұл фазаны меңгертуде мұғалім оқушының тақырып бойынша өз білетінін еске түсіруге ұмтылдыру ,топтарда жанжалсыз өз ойларын ортаға салу , әр оқушының сабаққа араласуына мүмкіндік туғызу, айтылған пікірлерді, қарама-қайшылықтар- ды, анықталмаған кезеңдерді де және жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт бағдар береді.

«Мағынаны тану»— оқушылар жаңа ақпаратты алғанда және жаңа идеялар ойлағанда жүзеге асады. Сыни ойлауды дамытудың көптеген шарттарының бірі зерттелетін мәліметпен жұмыс жасағанда өз түсінігіңді бақылау болып табылады. Бұл бөлімнің ең мағыздысы –жаңа тақырып бойынша жаңа ақпарат алу.Тақырыпты аша отырып, жаңа мәліметтермен танысу, жаңа ақпараттармен таныса отырып білімдерін кеңейтеді, ойларын жүйелеуге үйренеді, өз бетінше тапсырманы орындауға, топтаса , ұжыммен, топпен жұмыс жасай білуге үйренеді.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Бұл жағдайда әр оқушы өзін бір сәт мұғалім ретінде сезініп жауапкершілігі артады. Пайда болған сұрақтарға және қиындықтарға жауап іздейді. Өзінің оқығанын басшылыққа ала отырып, өзгені оқытады, өзгені тыңдай алады, естіген, оқыған мәліметтерін талдап сараптай алады және өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді.

Ал мұғалім жаңа ақпаратты түсінікті, қызықты етіп жеткізуі керек. Сабақ барысын- да оқушының белсенділігін, ынтасын, уақытты тиімді пайдалануын қадағалауы тиіс.

«Ой толғаныс»— білім алудың қортынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімде рін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Бұл кезеңде оқушы өз ойын жинақтау , талдау, талқылау, ортаға салу арқылы жаңа сабақта алған білімдерін бекіте-ді, қортындылайды.

Бұл фазада оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды , өз жолдастары мен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығу ын тексере алады, яғни бұрынғы білім негізінде жаңа білім алады .Ой толға- ныс ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға, болжай білуге үйретеді.

Рефлексиялық талдау мен бағалау сын тұрғысынан ойлау жобасының барлық кезеңдерін жанап өтеді, тек үшінші кезеңде ғана мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі мақсаты орындалады.

Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өздерінде бар білімге, қиындықтар мен кемшіліктерге сараптау жасауға бағытталып, осы сараптау негізінде сабақтың мақсаты мен міндеті қойылса, мағынаны тану кезеңінде негізгі міндет жаңа материалды түсінуде рефлексия жаңа білімді бұрынғы біліммен ұштастырады.

Ал үшінші кезеңде алдыңғы екі кезеңге қарағанда, рефлексия оқу үрдісінде негізгі әрекетке айналады және жаңа ақпаратты жүйелеп қана қоймай, сол үрдістің өзін, өзінің және кластастарының қызметін бағалап, оқушылар өз әрекеттерін де сараптайды. Осылайша рефлексияның мазмұны сыни ойлауды дамыту жобасының әр кезеңнің нәтижесін анықтайды.

Берілген үш кезеңді құрылым сабақты оқыту процесі ғана емес, оқушылардың өздерінің таным процесін зерттеуіне, мазмұнды өздері оқып түсінуге әкеледі. Оқушылар оқытудың барлық процесі қалай ашылатыны көреді, оны мұғалімнің көмегінсізөзінің үздіксіз білім алуына пайдалан алады.

Оқу процесінде нақты және шынайы білім алған оқушылардан мынадай нәтижелер күтіледі:

* Оқушының өз ойын, пікірін ашық айта алуы;

* Оқушының өзін және өзгені тыңдай алуы;

* Әрбір оқушының сабаққа белсенділігі және қызығушылығының артуы;

* Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік пен сыйластық;

* Шығармашылықпен және өз бетімен ізденуге үйренуі;
* Оқушының сабаққа белсенділігінің артуы;
* Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі ;

* Мұғалімнің көмегінсіз өздігінен үздіксіз білім алуға талпынуы;

* Нашар оқитын оқушылардың белсенділігінің артуы;

Сын тұрғысынан ойлау жобасы шындыққа негізделген білім беруге арналған жоба екені сөзсіз. Өйткені кластағы әрбір оқушы жаңа ақпараттарды сын тұрғысынан ойлай отырып баяндайды, суреттейді, салыстырады, жазады, үйренеді.



  1. Эстетика мен музыка тәрбиесіндегі ортақ мәселелерді зерттеу жұмысын бағалаңыз

Музыкалық тәрбие әдістемесі — барлық пәндерімен тікелей байланысты. Тек осындай өзара байланыс болғанда ғана жас жеткіншектердің жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген тұлға етіп тәрбиелей аламыз.

Музыка — өнер сабағы болғандықтан, оның көркем болуында. Бұл әнмен тыңдалатын музыка ғана емес, әр дыбыс өтe әдемі, көркеморындалуы тиіс. Өйткені, ол — музыкалық дыбыс. Өнер өмір — серігі. Бұл ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен туған құбылыс. Өнердің өзі әдебиет, сурет, сәулет және музыка болып бірнеше салаға бөлінеді. Соның ішінде біздің сөз ететініміз музыка өнері.

Музыка өнері — әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен өрбіп, дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі.

Музыканы қазақ халқы ежелден қастерлеген. Ән мен күйді жан-тәнімен сүйеді. Ойға қанат, бойға жігер берер қасиетін танып білді.

Музыка сабағының өзге сабақтардан ерекшелігіне келер болсақ, ең негізгісі — өнер сабағы екендігінде. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше. Ал, тәрбиеге келер болсақ, оның аса маңызды құралы — музыкалық өнер.

Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы суймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім-кімге де түсінікті.

Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, сезімталдығын қалыптастыруда, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Мектептегі музыкалықтәрбиежұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — музыка сабағы.

Сонымен қатар тәрбиенің басты саласының бірі — эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесіндегі ортақ мәселелерді зерттеу — адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту болып табылады.

Музыкалы-эстетикалық түсінік сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады. Жас сәбилер алғаш дүние есігін ашқан сәттен бастап, өз анасының әсем әуенін тыңдап қүлағына сіңіріп өседі. Өскен сайынән айтуға, әдемі әуен тыңдауға құмартып, музыка баланың қанына, санасына сіңеді бастайды.

Бірақ балалардың музыкалы-эстетикалық талғамы бірдей бола бермейді. Тіпті олардың бірі музыканы тез қабылдап, екіншісі орташа, үшіншісі баяу қабылдайды. Бұл табиғи жағдай, кейіннен баланың өскен ортасына, музыкалы-эстетикалық талғамының жетілуіне, кабылдау қабілетіне және табиғи дарындылығына байланысты дамиды. Осыларға орай шәкірттердің музыка өмеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, музыка өнеріне жөнсілтеу ең әуелі отбасы болса, одан соң музыка тәрбиесі мен сабағының міндеті деп білеміз.

Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең. Бірінші класта отырған оқушылардың қаншасы балалар бақшасынан келгендігін мұғалім анықтай келе, өз жұмысын әр сабақ сайын жоғарылата береді.

Музыка сабағының алдындағы негізгі мақсат — шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту.Әсіресе оқушылардың санасына, олардың сезімі мен қиялына пайдалы әсер ету.

Қазіргі жасөспірімдер, мектеп оқушылары мектеп кабырғасында жүріп-ақ музыка сабақтарынан, сабақтан тыс көркемөнер үйірмелерінензаман талабына сай, едәуір мәдени мағлұматтар ала алады. Сонымен бірге әуен-саз, өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті де, жинақталады. Бала мектепке осындай толығу үстіндегі , музыкалық тәжірибемен келеді.

Қай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын (мазмұндық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта-ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлең, сурет, қимыл, би т.б. құралдар көмекшілік қызмет атқармақ.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы қабылдау— музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің ірге тасы, бастапқы нүктесі ретіндеқарастырылады.Кез-келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты т.б.

Музыка сабағында мектеп оқушыларын мәдени рухта, елді кұрметтеу, халықтар достығына, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді іске асыруда, негізгі тұлға музыка мұғалімі.

Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, музыка тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын білуі керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен роль атқарады. Мұғалім тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнағаны жөн, егер күйтабақтан тыңдалатын болса, алдын — ала оның дұрыстығын, дыбыс күшін, күйтабақтың сапасын тексеріп, алып, шығарма орындалғанда, балалармен бірге «тыңдаушы» бола білуі тиіс.

Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, қабылдай білуге жүйелі түрде дағдыландырса олар тыңдап отырып толғанады, мұңаяды, ойланады. Тыңдауға ұсынылған шығармаларды мұғалімнің өзі орындап бергені жөн. Әрине, оның аспапта ойнау шеберлігі өтe жоғары деңгейде болуы керек.

Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, дикциясы мен мәнерлігіне назар аударған жөн. Балаларға арналған ұрмалы аспаптармен ырғақты орындағанданемесемузыка әуеніне би қимылдарын жасағанда музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл күйді оқушы өзінің қимылы арқылы жеткізе білуге тиіс. Осының барлығымузыканықабылдаукезеңіне жатады. Жас ұрпаққа музыкалық, тәрбие беруде музыка сабағының алатын орны зор. Сонымен қатар, мұғалім жұмысының нөтижелігі оның кәсіби даярлығына негізделе отырып, шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім сөзі сезімге бай, музыкаға сүйіспеншілікке толы, музыканы түсіне білуге үйретуде ықылас-ниеті айқын, шынайы болғанда ғана сабақтағы өрбір баланың оқу нысаны мөдениеттің биік деңгейінде болуы — музыка пөні оқытушысы үшін қажетті сапа.




  1. 1– 4 сыныптарға арналған бастауыш білім беру деңгейінің оқу

бағдарламаларын оқыту мақсаттары мен міндеттерімен таныстырыңыз



  1. Дилтс пирамидасы әдісін қолдану арқылы қазіргі заманғы музыка сабағына қойылатын талаптарды талдаңыз


Педагогика ғылымы мектептегі өнердің тәрбиелік орны мен негізін былай айқындайды: Баланы өнер арқылы ашық ойлауға терең сезінуге үйрету керек. Музыка –эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларыннан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбек пен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.

Қазіргі күнде мұғалімнің алдында оқушыларды өз заманымызға сай, мәдени талғамы зор, музыкадан сусындаған , музыкалы талғамы оянған жан-жақты жарасымды жандар тәрбиелеу міндеті тұр. Музыка өнерінің келешегі біздің бірлесе отырып бәтуалы жұмыс жасауға байланысты. Музыка оқытушылары қазір музыканың оқыту ісінде жаңа , жетілген әдістер тау керек деген қорытындауға келеді. Өткен ғасырларда музыкалық тәрбиеге көңіл бөлу мен демалысты неғұрллым жақсы өткізуге бағытталатын.

Музыка тәрбиесін ұйымдастыратын негізгі тұлға музыка мұғалімі, ұстазы, оқытушысы болғандықтан-ол өзінің музыканы–педагогиканы таңдап алған мамандығының шебері болуға ұмтылатын, музыканы әдіс-тәсілдерімен қаруланған музыканы аспапты меңгерген музыкалы — өнер иесі болу керек.

Музыкалық білім берудің ғылыми зерттеу әдістері мыналар:

-теориялық зерттеу әдістері;

-эмпирикалық зерттеу әдісі;

-экспериментті зерттеу әдістері;

-проблемеалы зерттеу әдістері.

Теориялық зерттеу әдістері- белгілі бір теориялық ережелерге сай, жалпылып, тектестіріп, жаңа ереже жасау.

Эмпирикалық зерттеу әдістерінде жаңа теориялық ереженің іске асуын бақылау, сипаттау, бағалау.

Мектептегі музыкалық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы. Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау,музыка тыңдау тәрізді іс әрекетпен айналысады музыка сабағындағы әрбір іс — әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Музыка сабағын ұйымдастыру формасы: басқа пәндер сияқты музыка сабағында да оқушылар ерекше қабілетілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді. Бәрі бірдей тәлім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материалдары түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б.

Музыка сабағы саналық пен эмоциялықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементін оқушылардың белсенділігін қызығушылығын арттыру тиіс. Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, ән айтуға, оны қадырлей бағалай білуге, белгі бір шығарманың тәрбиелік мәнің сезіне білуге тәрбиелеу керек. Ол үшін де мұғалім белгілі бір шығарманы тындарда алдын ала айтар әңгімесі, әнді үйретпес бұрын өзі орындап оның әдемілігін, мәнін жеткізе білуі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің аса сезімталдықпен айтқан әні, әңгімесі балаларды музыканы қалай болса солай тыңдай салуға емес, оны саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.

Музыка сабағында саналық пен көркем эмоцияның бірлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көркемдік пен техникалық пен бірлікпен іске асырылуына назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек айтылатын ән мен орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әр бір дыбыс өте әдемі , мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Мәнерлеп орындауға дағдылану үшін техникалық жұмыстар қажет.

Сабақ өткізілмес бұрын, алдын ала оның мақсаты мен міңдетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрлысын, оқыту әдісітері мен құралдарын тәрбиелік білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін аңықтап алған жөн. Музыка сабаған қандай пәннен кейін қойылғанын да ескерген жөн.

Мектеп оқушыларына музыкалық эстетикалық білім беруде музыка мұғалімінің орны күшті. Қазіргі күнде мұғалімнің алдындаоқушыларды өз заманымызға сай, мәдени талғамы зор, музыкадан сусындаған, музыкалы талғамы оянған жан-жақты жарасымды жандар тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Музыкант педагогтар музыкалық теориялық, рухани әрі техникалық қасиеттерін білумен қатар музыка ілімінің тәрбиелік мәніне: талғам, көзқарас, рухани нәр секілді әсерлерін талдауға жұмылуға тиіс. “ музыкант педагогтар өз пәнінің әсерімен талымы арасынан тепе теңдік заңдылық іздеуіде сондай ”-деп көрсетеді Ақш-тың белгілі зерттеушісі Чарлз Б. Фаулер.

Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің барлық салаларын жақсы түсініп, оларды бір-бірімен байланыстыра білген ұстаз оқушыларға музыка өнерінің түрлері арқылы жан-жақты әсер етіп, олардың жақсы мен жаманды айырып, тебіреле білуін, дүниеге көзқарасын, сезім қабілетін адамгершілікке сай қалаптастыра алады. Өнердің қайсы бір салаларына арналған әндер арқылы музыка пәнін оқыту жүйесінде оқушыларға халықтар достығы туралы елім, жерім, Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқымыздың тарихын білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Мұғалім музыка сабағы арқылы балалардың жанг дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Музыка тәрбиесін ұйымдастыратын негізгі тұлға – музыка мұғалімі, ұстазы, оқытушысы болғандықтан, — ол өзінің музыканы педагогиканы таңдап алған мамандығының шебері болуға ұмтылатын, бұрын-соңды музыкалы әдіс-тәсілдермен қаруланған үнемі “жаңалық” іздеуші бір екі музыкалы аспапта, домбырада ойнайтын, музыкалы-өнер арнаулы оқу орындарын бітірген тұға болу керек.

Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең де оларды іске асыратын тұлға-музыка мұғалімі.

Музыка сабағы мен мұлімнің алдындағы негізгі мақсат-шәкіртіне музыканың құдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушылардың санасыеа, ерекше әсіресе олардың сезімі мен ұшқы қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен табыстары мен оның қолынан туған көркем өнер мұраларын тануға, өмір шындығын сезінуге, әсемдікке ләззаттану мен патриоттыққа,Отанды, елді сүю сезіміне баулиды.

Музыка сабағының мұғалімі өз сабағын жүргізумен қатар, ол сол мектеп аймағының музыка, өнер саласының барынша дамуына ат салысатын білімді тұлға болуын бүгінгі өмір талап етіп отыр. Үйренетін үйірмелерді мектеп басшыларымен келісе отырып ұйымдастырғаны пайдалы.



Музыка мұғалімі тек музыка пінінің мұғалімі болып қоймай ол оқушыларды жан–жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болуы қажет. Музыка сабағының мұғалімі өзінің күнделікті жұмысында балаларды тәрбиелеуде педагогикалық, методикалық, дидактикалық негіздері қолданып, “ Менің міндетім жалаң ән музыка үйрету” деген ойдан аулақ болып жастарды адамгершілік негіздеріне бағыттап тәрбиелегені жөн.


  1. Музыка сабағының репертуарының бағыттарын сипаттаңыз: ұлттық, ұлтаралық жəне əлемдік музыкалық шығармалар

Музыка сабағының мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартымен жəне сабақ репертуарын құрайтын, оқуға ұсынылатын музыкалық шығармалардың тізбесін анықтайтын музыка бойынша оқу бағдарламасымен анықталады.
Музыка сабағының репертуары үш бағыттағы: ұлттық, ұлтаралық жəне əлемдік музыкалық шығармалардан тұрады:
- көркемділік жəне еліктірушілік;
- педагогикалық орындылығы;
- тəрбиелік маңыздылығы.
Музыка сабағының мазмұны оқу материалының мазмұнын меңгеруге бағытталған түрлі оқу, соның ішінде музыкалық іс-əрекет процесінде ашылады.
Заманауи арнайы жабдықтар музыка сабағын өткізу үшін қажетті белгілі бір эмоционалдық атмосфераны құруға ықпал етеді. Музыка сабағының табысты өтуі жабдықтың сапасына, заманауи дайындығына жəне шебер қолданылуына байланысты.
Музыка сабағының жабдығына кіреді:
- техникалық құралдар;
- фонохрестоматия;
- музыкалық аспап;
- көрнекі құралдар;
- көрнекілік-дидактикалық құралдар.
Оқытудың техникалық құралдарына əртүрлі орындаудағы музыкалық шығармалармен (оркестр, хор, ансамбль) таныстыруға көмектесетін аудио жəне бейнеаппаратура жатады, олардың əр түрлі музыкалық аспаптардың дыбысы мен адам дауысының мəнерлілігі туралы ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. ТСО сабақта əндерді, балалардың импровизациясын орындауға, өзінің орындалуын тыңдауға жəне талдауға мүмкіндік береді.
Фонохрестоматия Музыка сабағында тыңдауға арналған шығармалардың дыбыс жазбасы болып табылады[4].
Музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра) музыканың жанды орындалуын естуге мүмкіндік береді, сыныпта эмоционалдық атмосфера жасайды, мұғалімге жеке эпизодты қайталауға немесе шығарманың басына қайта оралуға мүмкіндік береді.
Сабақта əр түрлі көрнекі құралдарды қолдану (суреттер, суреттер, музыкалық туындының мазмұнымен үндес) оқушылардың музыкаға эмоциялық ынтасын оятуға ықпал етеді.
Көрнекі-дидактикалық құралдар музыкалық есту қабілетін дамытуға, ноталар бойынша əн айту дағдыларын меңгеруге, əн репертуарын тез меңгеруге ықпал етеді. Музыка сабағында жабдықтарды дұрыс жəне ақылға қонымды пайдалану музыкалық тəрбие міндеттерін табысты шешуді қамтамасыз етеді.
Музыка сабағы Музыкалық білім беруді ұйымдастырудың негізгі нысаны болып табылады, ең алдымен оқушылардың музыкалық өнермен араласуын білдіреді. Музыка жүйесіндегі мұғалім-мұғалім-оқушылар, музыка өнері мен оқушылар арасындағы делдал болып табылады.
Оқу іс-əрекеті барысында мұғалім балаларға музыканың өмірмен байланысын анықтауға, музыкалық қабылдауды дамытуға, шығармаларды мəнерлеп орындау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Музыка мұғалімінің басты міндеті балалардың эмоционалдық, рухани қарым-қатынасын орнату болып табылады, соның арқасында тəрбие міндеттері, оқушының жеке тұлғасын дамыту процесі барынша толық жүзеге асырылады.
Музыкалық-педагогикалық дайындықтың жоғары кəсіби деңгейі, оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін білу мұғалімге белгілі əдістер мен оқыту тəсілдерін ғана емес, сонымен қатар музыкалық сабақтарды ұйымдастыру тəжірибесін байыта отырып, жаңа əдістерді табуға мүмкіндік береді[5].
Қазіргі уақытта музыкалық білім беру əдістемесі мен музыкалық-педагогикалық тəжірибе музыка сабағының мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтау жолдары мен құралдарына əр түрлі тəсілдерді жүзеге асырудың үлкен тəжірибесін жинақтады. Музыка пəнінің мұғалімі үшін бастапқы мəселе-музыка бойынша оқу бағдарламаларының бірін таңдау туралы мəселе. Оның негізінде жұмыс бағдарламасы құрастырылады, онда мұғалімнің музыкант педагогы ретіндегі жеке тұлғалық ұстанымы жəне осы бағдарлама жүзеге асырылатын педагогикалық шарттары ескеріледі. Барлық мектеп бағдарламалары өз мазмұнымен ерекшеленеді,олардың əрқайсысында оқу тақырыптарында көрініс беретін қандай да бір тақырыптық бағыт ұсынылады. Əр түрлі оқу бағдарламаларында сабақ құрудың логикасы мен барысы сəйкес келмейді, бірақ нақ осы ерекшелік мұғалімді белгілі бір оқу бағдарламасын таңдауда, өзінің жұмыс бағдарламасын əзірлеуде жəне нақты сабақтың тақырыбын құрастыруда бағыттайды. Музыкалық білім беру үдерісін ұйымдастыруда музыка сабағын құру мəселелері үлкен маңызға ие. Болашақ сабақты ұсына отырып, музыка мұғалімі оны тек жоспар – конспектіде немесе əдістемелік өңдеуде ғана емес, оның педагогикалық құрылымының нұсқаларын анық ұғынуы тиіс. Балалардың музыкамен тікелей қарым-қатынасы мұғалімнің алдын ала ойлаған жəне жасаған жоспарына белгілі бір түзетулер енгізеді. Кез келген сабақтың ажырамайтын жəне өзара байланысты қырлары мен Ой-сана-сезімдік, оны жоспарланған ретінде дəл жүргізу мүмкін емес екенін ескеру қажет. Ю. Б. Əлиев атап өткендей, сабақты жоспарлай отырып, мұғалім "тəрбиеленушіге"қайта топтастыру керек, тек осындай қайта топтастыру арқылы ғана сынып шаттыққа əкеледі, ойға, рухани күш-жігерге итермелейді" деп айтуға болады[6].
Л. В. Горюнова сабақта ең бастысы – рухани тəжірибені қалыптастыру деп санайды, бұл "əрбір сабақта оқушылар тəжірибе мен əсер арқылы көп қырлы өнер, адам сезімінің қанша реңктері мен күйлері оған үн қатады деп сенді".
Сабақтың кез келген тақырыбын нақты іске асыру көптеген шешімдерді болжайды. Сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын ойлай отырып, мұғалім балаларға музыка түсінігін, оны жан тереңіне дейін қозғағанын білуі тиіс.
Сабаққа деген осындай көзқарас көптеген педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын табуға көмектеседі.
Музыкалық білім берудің қазіргі заманғы педагогикасы музыка сабағының ерекшелігі туралы мəселені зерттеуде үлкен тəжірибе жинақтады.


  1. Оқушылардың музыкалық- эстетикалық білім беру, тәрбие мәселесі Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектерінде елеулі орын алғанана баға беріңіз

Музыкалық білім беру дегеніміз- музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, кџнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, тџсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге џйрету. Музыкалық білім берудің мақсаты - әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сџйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.

Музыкалық білім - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың сұлулығын тану кезінде, адамдармен қарым- қатынас џстінде тәрбиеленеді. Өскелең ұрпаққа музыкалық білім берудегі біздің алдымыздағы ең басты міндет - оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын тџсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және тәрбиелік кџші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мџмкіндіктерін жақсы пайдалану қажет. Музыкалық тағылым мен эстетикалық тәлім- тәрбие беру жөнінде көптеген айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде оның тџрлері, ұйымдастыру әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және басқалардың зерттеулеріне көрініс тапты. Бџгінгі таңда оқушылардың музыкалық- эстетикалық білім беру, тәрбие мәселесі Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған. Ал мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр тџрлі формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр тџрлі тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Ә.Табылдиев, оның “Тәрбие очерктері”, “Көңілді кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың ”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жџзер” т.б. жинақтарын айта кетуге болады. Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің , мектеп сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтарымен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ел мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектеседі. Жеткіншек ұрпаққа музыкалық білім беру мәселелері бойынша материалдарда бџгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан бұл проблеманың көптеген жџйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс- тәсілдермен жџзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртџрлі жџйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар жџргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.

Ғалымдар эстетикалық білім беруді қоғамдық - мәдени өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы дәстџрі мен тәжірибесіне сџйенеді. Әсемдік болмыста объективті тџрде өмір сџреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты.

Музыкалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан- жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.




  1. Ю. Б. Əлиев атап өткендей, сабақты жоспарлай отырып, мұғалім "білім алушыға қайта топтастыру керек, тек осындай қайта топтастыру арқылы ғана сынып шаттыққа əкеледі, ойға, рухани күш-жігерге итермелейді" пікірін бағалаңыз

Сабақтың мақсаты: Музыка сабақтарын жоспарлау және оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алудың негізгі формалары туралы жалпы ақпарат беру.


Міндеттері:
Білімділік: Студенттерді ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта музыкалық білім беру əдістемесі мен музыкалықпедагогикалық тəжірибе музыка сабағының мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтау жолдары мен құралдарына əр түрлі тəсілдерді жүзеге асырудың үлкен тəжірибесін жинақтады. Музыка пəнінің мұғалімі үшін бастапқы мəселе-музыка бойынша оқу бағдарламаларының бірін таңдау туралы мəселе. Оның негізінде жұмыс бағдарламасы құрастырылады, онда мұғалімнің музыкант педагогы ретіндегі жеке тұлғалық ұстанымы жəне осы бағдарлама жүзеге асырылатын педагогикалық шарттары ескеріледі. Барлық мектеп бағдарламалары өз мазмұнымен ерекшеленеді,олардың əрқайсысында оқу тақырыптарында көрініс беретін қандай да бір тақырыптық бағыт ұсынылады. Əр түрлі оқу бағдарламаларында сабақ құрудың логикасы мен барысы сəйкес келмейді, бірақ нақ осы ерекшелік мұғалімді белгілі бір оқу бағдарламасын таңдауда, өзінің жұмыс бағдарламасын əзірлеуде жəне нақты сабақтың тақырыбын құрастыруда бағыттайды. Музыкалық білім беру үдерісін ұйымдастыруда музыка сабағын құру мəселелері үлкен маңызға ие. Болашақ сабақты ұсына отырып, музыка мұғалімі оны тек жоспар – конспектіде немесе əдістемелік өңдеуде ғана емес, оның педагогикалық құрылымының нұсқаларын анық ұғынуы тиіс. Балалардың музыкамен тікелей қарым-қатынасы мұғалімнің алдын ала ойлаған жəне жасаған жоспарына белгілі бір түзетулер енгізеді. Кез келген сабақтың ажырамайтын жəне өзара байланысты қырлары мен Ой-сана-сезімдік, оны жоспарланған ретінде дəл жүргізу мүмкін емес екенін ескеру қажет. Ю. Б. Əлиев атап өткендей, сабақты жоспарлай отырып, мұғалім "тəрбиеленушіге"қайта топтастыру керек, тек осындай қайта топтастыру арқылы ғана сынып шаттыққа əкеледі, ойға, рухани күш-жігерге итермелейді" деп айтуға болады. Л. В. Горюнова сабақта ең бастысы – рухани тəжірибені қалыптастыру деп санайды, бұл "əрбір сабақта оқушылар тəжірибе мен əсер арқылы көп қырлы өнер, адам сезімінің қанша реңктері мен күйлері оған үн қатады деп сенді". Сабақтың кез келген тақырыбын нақты іске асыру көптеген шешімдерді болжайды. Сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын ойлай отырып, мұғалім балаларға музыка түсінігін, оны жан тереңіне дейін қозғағанын білуі тиіс. Сабаққа деген осындай көзқарас көптеген педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын табуға көмектеседі. 16 Музыкалық білім берудің қазіргі заманғы педагогикасы музыка сабағының ерекшелігі туралы мəселені зерттеуде үлкен тəжірибе жинақтады. Толығырақ оқу Л.Гродзенская сабақ драматургиясын құру үшін əртүрлі музыкалық құрылымдарды интерпретациялады: үш бөлшекті форма, рондо, вариация. Əр таңдалған құрылым қандай да бір көркем-педагогикалық міндетке байланысты болды. Бұл музыка немесе музыкалық драматургия күшін түрлендіретін жағдайда, сонаталық форманы қолдануға болады. Барлық ғасырларда жақсылық пен зұлымдықтың күш-жігері өзара күресте өрілгендігін көрсету маңызды,жəне бұл қарсы тұру үнемі музыкалық өнерде көрініс табады. Сабақтың басында осы идеяны ашу үшін оқушылар əр түрлі іс-əрекеттерде: əн айту, музыкалық-пластикалық қозғалыстарда өсіп келе жатқан интриганы бейнелеуге белсенді қатыса аладыбұл экспозиция. Одан кейінгі өңдеу əлдеқайда қиын, өйткені мұғалім рөлі əсіресе үлкен. Ол балаларды музыканы қабылдауға қалай даярлайтынына көп нəрсе байланысты: бұл ең алдымен балаларға түсінікті жəне қызықты сипаттамаларды, ассоциациялар мен салыстыруларды, болашақ қиял мен қиялды көрсететін, күш-жігердің тірі күресін қабылдауға көмектесетін тақырыптарды түрлендіру шеберлігі. Балалар вокалдық, аспаптық жəне пластикалық формадағы тақырыптар мен əуендерді интонациялай отырып, қатыса алатын соңғы реприз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет