Н. К. Крупская 1932ж жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мұғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін б



Дата22.12.2023
өлшемі16,7 Kb.
#142940

Күні: 12.09.2023 ж.
Топ: 20-ББ-1
Пән: Педагогикалық шеберлік негіздері
Тақырып: Педагогикалық іс-әрекет, технология, шеберлік

Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. А.В.Луначарскийдің педагогқа қойылатын талаптары

Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде, ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: “егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек” дейді

  1. Н.К.Крупскаяның берген үлгілі мұғалімнің критерийлері

Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан “Мұғалім туралы” деген мақаласында “үлгілі мұғалімнің мерилі” ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек; оқытудың әдістемесін меңгеруі; оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі; оқушының қабілетін оята білуі қажет

  1. Педагогикалық шеберлік туралы А.С:Макаренконың пікірлері

Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”. Бұл жөнінде ол: “Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім” дейді

  1. В.А.Сухомлинскийдің педагог тұлғасы туралы пікірі

В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды,
әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтад

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет