Эссе Тақырыбы: «М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары»
Орындаған: Мәтір А
Тобы: 1507-21
Қабылдаған: Багдаулетова Қ.Д
Шымкент қаласы, 2022ж
Жоспары I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.М.Хайдеггердің болмысқа деген көзқарасы
2. «Болмыс және уақыт» еңбегі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
Мартин Хайдеггер (1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм. Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология және теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама болып табылады. Ол Құрлықтық философия дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі. Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі болып саналады. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды.
1.М.Хайдеггердің болмысқа деген көзқарасы
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі- болмысты түсіну. Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресін тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болған. Атақты Хайдеггер , бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее.
2. «Болмыс және уақыт» еңбегі
1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау лашығын салдырып, «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
"Болмыс ұғымы «болушының» болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория болып есептеледі. «Болмыс және уақыт» 1927 ж кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады, "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған. Хайдеггер болмысты тануды нақты болушыны танудан айқын ажыратады.
Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі."Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Сінн дес Сеінс) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым, толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді. Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді.
Қорытынды.
Неміс философы М.Хайдеггер «Болмыс пен Уақыт» деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі – ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан шындықтың мистикалық бастамасы дейді.Ол болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды жоққа шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді.Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жақтарын бөліп көрсетіп, экзистенциализмге сәйкес қарады. Хайдеггер « болмыс зат, онысен біз қатынаста боламыз, бірақ , ол әлдебір тіршілік» - дейді. Тіршілік бар дейміз. Болмыс зат емес соған сәйкес ол уақытша емес дейді. Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ солай болса да, біріншіден ешбір болмысты уақытша ретінде , екіншіден ешбір уақытты тіршілік ретінде қарауға болмайды. Соңында Хайдеггер « болмысты рационалды тануға болмайды» деген пікірге келеді.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Алтаев Ж. , Касабек А. Мұхамбетәлі Қ . Философия тарихы . Алматы , 2000 ж.
2. Әбішев к Әбжанов Г. «Философия тарихындағы таным теориясы және метод» Алматы , 1990ж.
3. Кішібеков Д. , Сыдыков Ұ.Е. Философия . Алматы , 2003ж.
4. Есім Ғ . Сана болмысы . 3- кітап , Алматы , 1997ж
5. @wikipedia.kz
6. Философиялық сөздік . Алматы , 1996ж.