Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет322/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   677
БЕЛЬГЕР  Герольд Карлович (28.10.  1934  ж..,  Ресей, Саратов  обл.  Энгельс қ.)  жазушы,  сыншы, 
аудармашы.  Қазақстанның  еңб.  сің.  өнер  қайраткері  (1987).  Қазақстанның  еңб.  сің.  мәдениет 
қызметкері  (1987).  ҚазҰПУ-ды  бітірген  (1958).  1958  -60  ж.  Жамбыл  обл.  Сарысу  ауданында 
мұғалім, 1963 - 64 ж. "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. 1964 жылдан 
шығарм.  жұмыста.  Қазақстанның  8-сайланған  Жоғ.  Кеңесінің  депутаты  болған.  1992  жылдан 
"Феникс"  альманахы  бас  редакторының  орынбасары.  Шығармаларын  неміс,  орыс,  қазақ 
тілдерінде жазады. "Ауыл шетіндегі үй" (1973), "Даладағы шағалалар" (1976), "Алты асу" (1977), 
"Тас өткел" (1988, орыс, қазақ, неміс тілдерінде),  "Ағалы-інілілер" (1981), "Үйлесім" (1986), "Үш 
әуен  сарыны"  (1986), Гете  және  Абай"  (1988, орыс, қазақ, неміс тілдерінде), "Бауырластықтың 
жанды бейнесі" (1981), "Созвучие" (1982), "Уақьггпен бетпе-бет" (1985, неміс тілінде), "Мотивы трех 
струн"  (1986),  "Тұлғалар:  Гете  және  Абай"(орыс  тілінде,  1989),  "Родство"  (1991),  "Земные 
избранники"  (1995),  т.б.  кітаптары  жарық  көрген.  Б.Майлин,  Х.Есенжанов,  А.Жұбанов, 
Ғ.Мүсірепов,  Ә.Нұрпейісов,  Ә.Кекілбаев,  Н.Ғабдуллин,  Д.Досжанов,  С.Қирабаев,  О.Сәрсенбаев, 
т.б.  шығармаларын  орыс  тіліне.  А.Реймген,  Э.Кончак,  Н.Ваккер,  т.б.  неміс  тілінде  жазатын 
жазушылардың  шығармаларын  орыс  тіліне  аударған.  Қазақстан  Жоғ.  Кеңесінің  Құрмет 
грамотасымен марапатталған (1984), Қазақстан Президентінің Бейбітшілік пен  рухани татулық 
сыйл.  (1992),  "Парасат"  орденінің  (1994),  Қазақстан  ПЕН  клубы  сыйл.  (1996),  "Тарлан"  сыйл. 
(2003) иегері.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет