Наркология бойынша ағымдағы емтиханға арналған тестілер


! Алкоголизммен ауыратын науқастарды емдеу үшін терапевтикалық әдістер мен дәрілік заттардың оптимальді үйлесімі



бет58/62
Дата09.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91295
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
462. ! Алкоголизммен ауыратын науқастарды емдеу үшін терапевтикалық әдістер мен дәрілік заттардың оптимальді үйлесімі:
* антабус (Тетурам, Эспераль)
* дезинтоксикация және антабус
* транквилизаторлар, дегидратация (лазикс, мочевина) және антабус
* + транквилизаторлар, дезинтоксикация, антабус және психотерапия
* ЭСТ, транквилизаторлар, дезинтоксикация, антабус және психотерапия


463.! Алкогольді абстинентті синдромды басу үшін барлық келесі заттар қолданылады, біреуінен басқасы:
*унитиол
* аскорбин қышқылы
*+ тетурам (антабус)
* дегидратация (лазикс, мочевина)
* к/і глюкоза және магний сульфат ерітінділерінің инфузиясы


464.! Шартты-рефлекторлы терапия (ШРТ) қатынасында келесілердің барлығы дұрыс, біреуінен басқасы:
* емдеу үшін әртүрлі құсуды шақыратын заттар (апоморфин, эмитин) қолданылады
* науқасқа дәрігердің бақылауымен алкогольдің аздаған мөлшері ұсынылады
* емнің мақсаты – алкогольге жиіркеніш сезімін қалыптастыру
* + әдетте емдеу курсы 2-3 процедурадан тұрады
* нәтижені сүйемелдеу үшін қайталау курстарын жүргізу қажет


465.! 39 жастағы науқаста үнемі болатын алкоголизацияны тоқтатқаннан кейін ұйқысыздық, бас ауруы, тахикардия, гипертензия, жүрек айну, ентігу, өлім қорқынышы пайда болған. Ем тағайындаңыз:
* гемодез –к/т тамшылатып, лазикс – к/т ағысты, радедорм ішке
* глюкоза вит.С – к/т тамшылатып, реланиум және этапиразин ішке
* сульфат магния к/т, В және С тобының вит., пирроксан ішке
* пирацетам к/т, қарқынды сұйықтық ішу, сонапакс, адельфан, нозепам ішке
* + ұсынылған схемалардың кез-келгенін қолдануға болады


466.! 42 жастағы ер адам, 17 жасынан ішімдік ішеді. Алкоголь суррогаттарын қолданады. Соңғы жылдары тәулік бойы қайталамалы бөлшектік мөлшермен ішеді. Табандарында «носки» типі бойынша ауру сезімталдығының төмендеуі, жүрісінің бұзылысы байқалады, ұмытшақ болған, күнделікті датаны білмейді, бірнеше минут бұрын болғандарды есіне түсіре алмайды. Ем тағайындаңыз:
* + пирацетам және В тобының вит.
* галоперидол циклодолмен
* фенобарбитал және финлепсин
* тетурам (антабус)
* амитриптилин


467.! 42 жастағы ер адам, 17 жасынан ішімдік ішеді. Алкоголь суррогаттарын қолданады. Соңғы жылдары тәулік бойы қайталамалы бөлшектік мөлшермен ішеді. Табандарында «носки» типі бойынша ауру сезімталдығының төмендеуі, жүрісінің бұзылысы байқалады, ұмытшақ болған, күнделікті датаны білмейді, бірнеше минут бұрын болғандарды есіне түсіре алмайды. Мұндай жағдай тән:
* алкоголизмнің 3-сатысы (энцефалопатиялық)
* алкоголизмнің 2-сатысы (ашық)
* алкоголизмнің 1-сатысы (бастапқы)
* патологиялық мас болу
* +Корсаков психозы


468.! 39 жастағы ер адам, ауруханаға жедел пневмониямен емделуге түскен. Бұрын көп жылдар бойы ішімдік ішкен, алкоголизмнен емделген. 3-тәулікте кешке қарай мазасызданған, төсегінде жата алмайды. Төсектің жанында көртышқандар, тышқандар жүгіріп жүргенін айтады. Үйінде екенін, әйелінің және ұлының даусын естиді. Сіздің қорытындыңыз:
* + алкогольді делирий
* алкогольді галлюциноз
* алкогольді параноид
* диагноз үшін мәліметтер жеткіліксіз


469.! 37 жастағы ер адам, 17 жасынан ішімдік ішеді. Үнемі ішімдік ішуге ынтығып тұрады. 2 күн бұрын кешкісін оның ішкіштігі және қылықтары туралы айтып жатқан дауыстарды естіген. Күндізгі уақытта, әсіресе науқас жұмыста болған кезде дауыстар естілмейді, бірақ кешке қарай қайтадан пайда болған. Осы кездегі негізгі синдром:
* абстинентті
*делирий
*+ галлюциноз
* паранойяльді
* параноидты


470.! 45 жастағы ер адам, 18 жасынан ішімдік ішеді. Алкоголь суррогаттарын қолданады. Соңғы жылдары тәулік бойы қайталамалы бөлшектік мөлшермен ішеді. Табандарында «носки» және «қолғап» типі бойынша ауру сезімталдығының төмендеуі, жүрісінің бұзылысы байқалады, ұмытшақ болған, күнделікті датаны білмейді, бірнеше минут бұрын болғандарды есіне түсіре алмайды. Стационарда жатса да өзінің театрда спектакльде екенін айтады. Сіздің қорытындыңыз:
* аққызба (белая горячка)
* алкогольді параноид
* + корсаков психозы
*патологиялық мас болу
* алкогольді галлюциноз


471.! 39 жастағы ер адам, емделуге алкоголизацияны тоқтатқаннан кейін пайда болған ұйқысыздық, анорексия, бас ауруы, жүрек қағуы, ентігу шағымдарымен түседі. 10 жылдан астам уақыт бойы ішімдік ішеді, соңғы уақытта анық мас болусыз ішімдікті көп мөлшерде іше алады. Жұмысына жиі алкоголь иісімен барған. Неғұрлым болжамды диагноз:
* алкоголизм 1-сатысы (бастапқы)
* + алкоголизм 2-сатысы (ашық)
* алкоголизм 3-сатысы (энцефалопатиялық)
* патологиялық мас болу
* алкогольді делирий


472.! Науқас қабырғадағы дақтарды көрсетіп, олардың өрмекші екенін айтады, оларды қууға тырысады. Суреттелген бұзылыс аталады:
* дереализация
* гиперестезия
*психосенсорлық бұзылыстар
* + парейдолиялық иллюзиялар
* псевдогаллюцинациялар


473.! Жасөспірім дәрігермен әңгіме кезінде назары басқа жаққа ауа береді, жалтақтайды, терезеге жақындап далада біреу онын атын айқайлап айтып жатқанын айтады да оларға тітіркенулі «Кім бұл? Не керек?» дегендерге жауап береді. Суреттелген бұзылыс аталады:
* рефлекторлық (функциональдық) иллюзиялар
* + шынайы галлюцинациялар
* психосенсорлық бұзылыстар
* парейдолиялық иллюзиялар
* псевдогаллюцинациялар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет