Буын Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі189 Kb.
#74043
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
буын (1)

  • Буын
  • Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық ауамен тікелей байланысты болады
  • Буын туралы теория
  • Экспираторлық теория: буын ауаны бір демде шығару сәтімен, жұтылған ауаны шығарумен сипатталады. Мысалы, шамға қарап сөйлегенде сөзде қанша буын бар болса, шамның жалыны сонша рет дірілдейді. Осылайша, буын дегеніміз – жұтылған ауаны сыртқа шығару. (Томпсон, Богородицкий)
  • Бұл теория кейде қарқын теориясы деп те аталады.Қарқын теориясын ұстанған зерттеушілер сөйлеу үстіндегі ауа бір қалыпты шықпайды, керісінше, ауа қарқыны бір күшейіп, бір басылып дүркін-дүркін шығады. Бір дүркін шыққан ауа толқыны бір буын болып табылады деп түсіндіреді. 
  • 2. Динамикалық теория: буындағы дыбыс - ең күшті, ең қарқынды. Бұл теория бойынша бұлшықетке көп күш түседі. Франция ғалымы Граммон, Ресей ғалымы Щерба осы теорияны жақтап, демек, буын дегеніміз - бұлшықеттің күшті, қарқынды қозғалысы деп анықтайды. Мысалы,
  • ПРАЗ-ДНИК. Щерба егер бірінші дауысты дыбыс епінді болса, одан кейін дауыссыз дыбыс күшті болып табылады және осы дауысты дыбысқа іргелес болып қалыптасады да жабық буын (шапка, кошка) құрайды; егер екпінді екінші дауысты болса,содан кейінгі екі дауыссыз дыбыс ашық буын тәрізді естіледі (капкан, кошмар).
  • 2. Динамикалық теория: кейде дауыс теориясы бойынша сөйлеу үстіндегі дыбыстарға үн қатысы бірдей болмайды. Бір дыбыс басым дауыспен айтылса, екінші дыбыс, керісінше, бәсең үнмен айтылады. Сөйтіп басым үнмен айтылған дыбыс қасындағы бәсең дауыспен айтылған дыбысты өзіне бағындырып оты-рады. Басым дыбыс пен бәсең дыбыс өзара тіркесіп бір буын құрап отырады. Соңғы буынның айтылым қуатына байланысты теория бойынша бір дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелеріне күш көп түседі, ал енді бір дыбыстарды айтқанда, керісінше, сөйлеу мүшелері босаң қатысады. Ендеше сөйлеу мүшелеріне көп күш түсіп жасалған дыбыс босаң айтылған дыбысты өзіне тартып, буын қүрап отырады.
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет