Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде.
Мампаева Аяулым
ПМНО 20-1
Жоспары
1.Адам өміріндегі құндылықтар.
2.Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
3.Тұлғаның адамгершілік негіздері.
Құндылықтар туралы түсінік
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген.
Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» — дейді.

Педагогикалық сөздікте «құндылық – адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», — делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз
Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді. Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Себебі әрбір адам – өзінше жеке тұлға.

Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды.
Құндылық екі бөліктен тұрады
Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілігі, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжербиелік пайдасы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады.
Субъективтік құндылық – адасның дүниеге көз қарасының екі жағы құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН БАҒЫТЫНА ҚАРАЙ
Танымдық
Қоғамдық
Кәсіптік
Материалдық
Саяси
Құқықтық нормалар
Діни нормалар
Құқықтық және моральдық нормалар
Әдет-ғұрып нормалары
Корпоративтік нормалар
Техникалық нормалар
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙТІН НОРМАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ РЕТІНДЕ МЫНАДАЙ НОРМАЛАРДАН ҚАЛЫПТАСАДЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРГЕ БӨЛІНЕДІ
Қорытынды
Қоғамдағы индевидтердің, адамдар мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылдаған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид қоғамның мүшесі, қоғам қабылдаған нормаларға өзінің іс-әрекетін бейімдейді. Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы керек.