Тақырыбы : Эндокриндік жүйе патологиясы. Тиреоидиттер



бет1/4
Дата06.12.2022
өлшемі1,29 Mb.
#55382
түріҚұрамы
  1   2   3   4

Тақырыбы :Эндокриндік жүйе патологиясы. Тиреоидиттер.


Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік жүйенің қызметі
  • Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
  • Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
  • Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
  • өсуді;
  • ағзаның дамуын;
  • жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
  • энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
  • Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
  • эмоционалды реакциялардың;
  • адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

«Тиреоидит» термині қалқанша безінің жедел, жеделдеу, созылмалы ағымдағы қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобын айтамыз. Ең жиі кездесетіндері аутоиммунды тиреоидиттің әртүрлі варианттары.

  • «Тиреоидит» термині қалқанша безінің жедел, жеделдеу, созылмалы ағымдағы қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобын айтамыз. Ең жиі кездесетіндері аутоиммунды тиреоидиттің әртүрлі варианттары.

Классификация

I. Жедел тиреоидит (диффузиялық немесе фокалды)

1. Іріңді

2. Іріңді емес

II. Де Кервеннің жеделдеу тиреоидит



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет