Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен



бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі125,74 Kb.
#53668
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ___ бұйрығына 12-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 203-қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің
7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. «Химия» оқу пәні әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми танымын табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуды қалыптастыруда маңызды.
3. «Химия» оқу пәнінің мақсаты:
1) заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту.
4. Химия курсын оқып аяқтағаннан кейін оқушылар:

  1. Заттардың атомдармен молекулаларының құрылымын, химиялық реакция барысында заттардың қасиеттерінің өзгеруін;

  2. химиялық реакциялар кезіндегі зат массасы мен энергия сақталу заңдарын;

  3. химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі жағдайда өзгеру заңдылықтарын;

  4. химиялық реакцияларды жүргізу ережелерін, өмір мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды;

  5. эксперименттерді жоспарлаудың ғылыми әдістері;

  6. химиялық процестер мен олардың заңдылықтарын болжау және түсіндіру үшін химияның басты заңдылықтарын қолдануды және бағалауды білулері қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет