Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет186/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   250
Роза Сабыровна Смагулова 

«№3Күршім гимназиясы» КММ 

ШҚО,Күршім ауданы 

 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 

ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Баяндамада  білім  берудің  педагогика-психологиялық  аспектілері  және 

оқыту  мен  оқудағы      жаңа  технологиялар  мен  әдіс  тәсілдерді   биология  пәнін 

оқытуда  ұтымды  пайдалану,  оқушылардың  бойында  жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылық  құзіреттілігін қалыптастыру  жайлы  айтылады.  Пән  мұғалімдеріне, 

жас мамандарға өз білімін көтеру мақсатында пайдалануға ұсынылады. 



 

Басты 

сөздер: 

инструменталдық 

педагогика, 

функционалдық 

сауаттылық, Блум таксономиясы, құзіреттілік 

 



536 

 

Дамыған  қоғамдағы  сияқты  біздің  елімізде  де  ұрпаққа  білім  беру 



саласында  түбірлі  өзгерістер  жасалуда.  Ең  бастысы-әлемдік  білім  кеңістігіне 

өту мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда да, қандай реформа болсын 

білім  беру,  адамның  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  басты  назарда  тұрады. 

Білімге білімділік, дүниетанымдық және дамытушылық тұрғыдан қарауға көшу

яғни  білім  сапасын  басқару  үрдісін  өзектендіру  және  жетілдіру  қажеттілігі 

туындады.  Қоғамдағы  қазіргі  қайта  құрулар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа 

стратегиялық  бағдарлар  қоғамның  ашықтық,  оның  жедел  ақпараттануы  мен 

қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім 

берудің  қазіргі  мақсаты  білім  алып,  икемділік  пен  іс-әрекет  дағдысына  қол 

жеткізу  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және 

кәсіби  икемділікке,  яғни  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды 

пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  бүгінгі  заманда  лайықты  өмір  сүру  және 

жұмыс  істеу  болып  табылады.  Қазіргі  білім  беру  жеке  адамның  оңтайлы 

бірлесуіне, жастардың азаматтық және кәсіптік қалыптасуына бағытталған.   

Жаңа  технологиялар  мектеп  бітірушілердің,  мамандардың  оқытуда 

инновациялық  әдістер  мен  құралдарды  пайдалану  есебінен  білім  сапасын 

көтеруге,  жұмылдыруға,  адаптацияға,  ойлау  қабілетін  негіздеуге  септігін 

тигізеді.  Оқушылардың  сараптау  қабілетін  практикалық  дағдыларымен  қоса 

атқаруға рұқсат ететін жаңа технологияларды пайдалануды енгізу жағдайында 

«көп білімділігінің» орнына «көп білетіндігі» келді. 

Білім  беру  шын  мәнінде  баланың  өзінің  дербес  мүмкіндіктерін  ескере 

отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін 

көрсете  білуіне,  оқушының  тұлға  ретінде  үнемі  дамуына,  өзін-өзі  тәрбиелеп 

дамытуына,  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  ескеруге  жағдай  туғызу  деген  сөз. 

Оқушының  өзін  тану  үшін  ғылыми  және  өмірлік  проблемаларын  шешудің 

бірден-бір  тәсілі  –  өзін-өзі  рефлексиялық  басқаруды  жүргізе  алуы.  Білім  беру 

жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен-

ақ  демократиялық  қарым-қатынастарды  орнықтыру  көзделеді.  Ол  үшін 

оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор: 

- өз  тәжірибесін  пайдалана  отырып  жаңа  білім  арқылы  дүниеге  өзіндік 

түсінік пен танымды қалыптастыру

-

 



өзге  адамдардың  ұсынатын  идеяларына  конструктивтік  көзқараспен 

қарай алу; 

- өзіне  қарама-қарсы  идеяларды  жоққа  шығаруға  емес,  түсінуге  ұмтылу, 

одан өзі үшін нәтиже түйіндеу; 

- өз  біліміндегі  олқылықтарын  көре  білу  және  оны  жоюдың  жолдарын 

табу. 


Аталған  рефлексиялық  танымдық  дағдылар  субьектілердің  өзіндік 

басқару  қабілеттерін  дамытуға,  өз  әрекеттерінің  танымдық,  білімдік,  қарым-

қатынастық  нәтижелі  болуына  олардың  өз  жауапкершілігін  арттыруға 

бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субьектісі ретіндегі өз 

көзқарасын  қалыптастыру:  өзіндік  тұжырым  жасай  алу,  өзін-өзі бағалау,  өзіне 



537 

 

сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіктерді айқындау, өз 



мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.  

Баланың өз білімі мен тәжірибесін қоршаған ортаны «зерттеу» әрекеттері 

арқылы  қалыптастырады:  мысалы,  тақырып  бойынша  түрлі  сызбалар,  үлгілер 

құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге 

жауап іздеу, тағы басқа. Бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, 

жекеден  жалпыға  өтуге  жатады  және  педагогикалық  концепция  ретінде 

«инструменталдық педагогика» деп аталады.  

Педагогикалық  технология  дегеніміз-тәжірибеде  жүзеге  асырылатын 

белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық технология білімдік 

мақсатқа  қол  жеткізудегі  оқушы  мен  мұғалімнің  жүйелі  тұжырымдамалары, 

нормативті, обьективті, көп нұсқалы әрекеті (Ф.А.Фрадкин). Ал педагогикалық 

жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі. Тәжірибеде 

оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыру  үшін  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясын  қолдануға  болады.  Оқушылардың  бойында  сыни  ойлау 

қабілетін  қалыптастыру  үшін  мынадай  әдіс-тәсілдерді  қолдану  тиімді: 

бірлескен  оқу  (сыныптағы  оқушыларды  шағын  топтарға  бөліп,  іс-әрекеттер 

арқылы  бірлесіп  білім  алу),  сапалы  сұрақтар  қоя  білу  (ашық  сұрақтар,  терең 

оқыту  сұрақтары,  Блум  таксономиясының сұрақтары),  тапсырма  жазу,  диалог, 

эксперименттер  және  дерек  жинау,  екіұдайылылық  (нақты  ақпарат  бермей, 

ойлануға мәжбүрлейтін даулы ақпарат беру). 

Топтастыру(кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін білдіретін 

бірліктерін  жекелеп,  белгілі  бір  ретпен  сатылаған  түрде  сызбанұсқалық 

бейнелеу.  Топтастыру  оқушылардың  жазбаша  жұмыс  кезінде  ойлары  таусыла 

бастағанда  көмекке  келеді.  Ол  жай  жазбаша  жұмыс  істеу  кезіндегіден  көп 

мәліметтер  алуға  мүмкіндік  береді,  ойды  жинақтау,  оқушылардың  тақырыпқа 

қызығуын артттыруға жеткізеді. Мысалы: «Қосмекенділер» сөзін естігенде көз 

алдыңа не елестейді? 

Жигсо  стратегиясын  қолдануда  мәтіннің  көлемі  үлкен,  күрделі,  ғылыми 

тұрғыда  болу  керек.  Себебі,  қарапайым  мәтін  болса,  оқушылар  тәжірибелік 

топсыз-ақ өздері оқып, тіпті жаттап айтып береді.  

Түртіп  алу  жүйесі  (инсерт)-оқушыларға  дайын  мәтін  беріледі,  оқып 

отырып,  «Білемін»,  «Білгім  келеді»,  «Үйрендім»  деген  бөліктері  бар  кестені 

оқушылар  толтырады.  Кестені  толтырып  болған  соң  оқушылар  топпен  өзара 

пікір  алмасады.  Түсініксіз  жерін  мұғалім  түсіндіреді  немесе  кітапханадан, 

ақпарат  құралдарынан  іздеуге  үйге  тапсырма  береді.  Оған  адамға  аз  таныс, 

әрбіреуін  қызықтыратын  академиялық  мәтіндер,  энциклопедиялық  сипаттағы, 

яғни  құбылыстар  жайлы  мәләметтерді  алуға  болады.  Сабақты  қорытындылау 

бөлімінде «Синквейн», «Фишбоун» құрастыру стратегияларын қолдану тиімді. 

Тапсырма.  Фишбоун  (Балық  қаңқасы)  құрастыр.  Басы-тақырып.  Жоғарғы 

қабырға  сүйектері-тақырыптың  негізгі  түсініктері.  Төменгі  қабырға  сүйектері-

түсініктердің  мәні,  сипаттамасы.  Құйрық  қанаты  –  тақырыптың  түйіні. 

Жазбалар қысқа, тақырыптың негізгі ойын ашатындай болуы керек.  

 



538 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сондай-ақ 

Н.Оразыханованың 

«Сатылай 

кешенді 


талдау» 

технологиясы  оқушыларға  білімді  ғылыми  негізде  сатылай,  жүйелеп 

меңгертуге  негізделген.  Бұл  технологияны  6-7  сыныптарда  өсімдіктер  мен 

жануарлардың жүйелік топтарын оқығанда, әр тараудан соң білімді жүйелеуде, 

оқушыларды  ҰБТ-ге  дайындауда  қолданылған  тиімді.  Мысалы:  7-сыныпта 

«Біржасушалылар  немесе  қарапайымдар»  тақырыбын  өткенде  мынадай  тірек 

конспектіні  пайдалану  оқушыларға  алған  білімдерін  жүйелеуге  көмектеседі, 

есте сақтауға тиімді. 

 

Жасыл 


эвглена





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет