НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


АЛҒЫ СӨЗ БІЗ ӨЗ ЖОЛЫМЫЗБЕН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУ



Pdf көрінісі
бет15/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   264
АЛҒЫ СӨЗ
БІЗ ӨЗ ЖОЛЫМЫЗБЕН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУ 
ЖОЛЫМЕН ЖҮРЕМІЗ
Е
кі мың он жетінші жылдың желтоқсаны. Ел тәуелсіздігіне 26 жыл. Әлемдік 
тарих тұрғысынан қарағанда онша көп те уақыт емес. Дегенмен осы 
жылдарда біз әлемге және болашақ ұрпаққа тәуелсіз Қазақстан атты жа-
сампаздықтың ұлы жемісін ұсына алдық. Сол себепті бұл кезең біз үшін 
Ұлы дәуір. 
Біз алға, болашаққа қарыштап келеміз. Күш-қуаты кемел жас мемле-
кетіміз өрлеу үстінде. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының бірінде мен альпинистер тобымен 
Алатаудың мұзарт шыңын бағындыруға шықтым. Шың басына тігілген, тау 
желінің күшімен құлаш жая желбіреген байрақтың әсері әлі күнге менің 
есімде…
Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрі-
нетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей 
құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық. 
Осы жылдарда маған көп нәрсені өз көзіммен көруге тура келді. 
Қауырт жұмысқа толы сол күндердің барша ауыртпалығы мен толқыныста-
рын, ұйқысыз түндерді санамалау да мүмкін емес. Мен тұтас мемлекеттердің 
тағдырына әсер ететін немесе күні бүгінге дейін ықпал-күшін бұрынғыша 
әлсіретпей ұстап келе жатқан саңлақ саясаткерлермен де, қазіргі әлемнің 
болмысына тікелей ықпалы бар шешімдер қабылдаған адамдармен де көп 
кездестім. 
Бұл кітапты өзімнің осындай жеке тәжірибелерімнен түйген негізді ой-
ларыма сүйене отырып жаздым. Тәуелсіздіктің 26 жылы – адамзат өрке-
ниетіндегі ғаламат жаһандық өзгерістер дәуіріндегі біздің халқымыздың 
мықты мемлекет құру және бақуатты өмірге жету жолындағы күресінің 
шежіресі. Бұл жылдар таңғажайып құбылыс – тарихи уақыттың жылдамда-
уын көрсетті. КСРО кезінде көш соңында қалғандардың қатарында саналған 
бұрынғы кеңестік республика небәрі ширек ғасырдың ішінде қалыптасқан 
ұлттық мемлекеттілігі, тиімді нарықтық экономикасы, демократиялық қоғам-
дық құрылысы мен халықаралық жоғары беделі бар заманауи мемлекетке 
айналды. Осының бәрі – Қазақстанды түбегейлі жаңғыртудың күрделі де 
қарқынды процесі, таптаурын ескі қағидаларды қиратқан батыл реформа-
лар мен инновациялардың нәтижесі. 


ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
18
1990-шы жылдардың басы – алғашқы жаңғыру кезеңі. Мемлекет эконо-
микалық, әлеуметтік және саяси-қоғамдық салаларда «үшжақты транзитті» 
жүзеге асырды. Біз жаңа саяси жүйе құрып, нарықтық қатынастардың тетік-
терін қалыптастырдық, құқықтық мемлекеттің іргетасын қалап, қоғамдағы 
этностық және діни келісімді нық орнықтырып, әлемді мойындаттық. Қа-
зақстандықтардың алдына қойылған 1992 жылғы алғашқы Стратегия мін-
деттері толығымен орындалды. ТМД елдері арасында аласапыран мен 
азамат соғысының жалынына шарпылмай, экономикалық дағдарыс пен 
кедейшілікке, ішкі жанжалдарға, қылмыстың күшеюіне ұшырамаған мем-
лекеттер некен-саяқ. Біз барлық апатты айналып өту үшін қолдан келгеннің 
бәрін жасап бақтық. 
Екінші жаңғыру тоқсаныншы жылдардың үшінші ширегінде басталып, 
2010 жылдың орта тұсында аяқталды. Біз экономиканы өсу жолына шыға-
рып, мемлекеттік институттардың заманауи жүйесі мен орта тапты қалып-
тастырдық, тіршілік сапасын айтарлықтай жақсартып, жаңа астана салдық, 
елдің теңдестірілген және жауапкершілікке толы сыртқы саясатқа негіздел-
ген халықаралық беделін нығайттық, сондай-ақ оның өңірлік көшбасшы 
екенін дәлелдедік. 
Тәуелсіз Қазақстан екі әлемдік дағдарыстан зардапсыз, айтарлықтай 
шығынсыз өте білді: біздің мемлекетіміздің мықтылығы оның әл-ауқаты-
ның көтерілуімен дәлелденді. 2012 жылы біз «Қазақстан-2030» стратегия-
сының барлық міндеттерін мерзімінен бұрын орындап, әлемнің бәсекеге 
қабілетті елу елінің қатарына және даму деңгейі орташа елдер тобына 
ендік. Сол жылдары мен жаңа мақсаттарға негізделген «Қазақстан-2050» 
стратегиясын жасап: алдымызға әлемнің дамыған отыз елінің қатарына 
қосылу міндетін қойдым. 
Біздің осы мақсатқа негізделген іс-қимылымызды мен 2017 жылдың ба-
сында жариялаған үшінші жаңғыру бағдары қамтамасыз етпек. Біз қазірдің 
өзінде конституциялық реформа жүргізіп, экономикалық түлеудің келесі 
кезеңіне қажетті бағыттарды таңдадық және «Рухани жаңғыру» бағдарла-
масы аясында қоғамдық сананы дамыту үстіндеміз.
Негізгі міндеттері өзара тоғыспайтын осы үш жаңғыру тұтаса келгенде 
мазмұны мен алгоритмі біртұтас жаңғыру және даму процесін түзеді. Оған 
біз өзіміз жасаған және жаңа тарихымызда мүлтіксіз ұстанып келе жатқан 
тұғырнамалық қағидаттар негіз болады.
«Революция емес, эволюция» қағидатындағы екі ұғымның мәні жаңа 
ғаламдық ахуал жағдайында басқа қырынан ашылды. Революцияшыл па-
радигма осыған бой алдырған елдердің берекесін кетіріп, дамуын жедел-
детпек түгілі оны тежеп, кері тартты. Ал осы кезеңде бірнеше онжылдыққа 
ұласқан эволюциялық даму жолы Жапонияны, Оңтүстік Кореяны, Малай-
зия мен Қытайды шын мәніндегі революциялық жетістіктерге жеткізді. 


АЛҒЫ СӨЗ
19
Бұл мемлекеттерге қарап бой түзеген Қазақстан жалған «секірістер» 
мен «әсіре демократияландырудың» орнына мұқият ойластырылған, дәй-
екті қайта құрулардың мінсіз логикасын таңдады. Алға қарыштап қадам ба-
судың екпіні жасанды және қатерге толы революциялық толқындар есебі-
нен емес, біздің мақсатқа жету жолында қол жеткізген жеңістерімізден қуат 
алады. 
«Алдымен экономика – содан кейін саясат» қағидаты мемлекеттік іс-қи-
мылдың тәртібін көрсетіп, басым бағыттарды айқындаумен қоса, экономи-
калық жетістіктер саяси реформаларға жетелейтінін көрсетеді. 
Тәуелсіз Қазақстан мұраға бос қазына мен гиперинфляция, жаппай 
жұмыссыздық, кедейшілік және басқа да ауыр проблемалар қалдырған
кеңестік әкімшілік-командалық экономиканың үйіндісінен бой көтерді. Біз 
енді ғана бүршік жара бастаған тәуелсіздікке қатер төндіретін экономика-
лық апаттың алдында тұрдық. Сол кезде біз бетпе-бет келген драматизмге 
толы тартысты жағдай ұзақ ойланып-толғануға да мүмкіндік бермеді: эко-
номиканың есін жиғызу жан сақтаудың жалғыз амалы болды. Мәселе шын 
мәнінде солай еді. Мемлекет бүкіл күш-жігерін экономикаға жұмылдырып, 
сол тарихи шайқаста жеңіп шықты. Біздің алғашқы экономикалық табыста-
рымыз маңызды саяси бастамаларға қажетті старт алаңын даярлады. 
Соңынан әртүрлі тарихи жағдайларда, оның ішінде балама шешімдер 
болған кезде біз экономиканың саясаттан басымдығы жөніндегі ұстанымы-
мызды өзгертпедік. Бұл бізді талай мәрте жеңіске жеткізді. Дәл осы қағидат 
мемлекеттілігімізді бір-біріне ұласқан әлемдік дағдарыстардан аман өтіп, 
жаһандық «аумалы-төкпелі» дәуірде де байсалды даму ырғағын сақтауына 
қажетті тұрақтылықтың тиянағымен қамтамасыз етті. 
2007–2017 жылдар аралығындағы конституциялық реформалар мен 
2015 жылғы Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт 
жоспары елдің экономикалық өсу кезеңдері мен оның саяси жаңғыруы 
арасындағы тікелей байланысты орнатты. 
«Адам капиталына арқа сүйеу» қағидаты біздің адам мен оның ерек-
ше мүмкіндіктеріне (шеберлігіне, дарынына, білігіне, құзыретіне, тәжіри-
бесіне) негізделген саяси және азаматтық дүниетанымымыздың, осы 
бір мате риалдық емес активтің елдің болашағын нақтылайтынына де-
ген сеніміміздің кілті іспетті. «Адам капиталына арқа сүйеу» мемлекеттің 
прогрес сивті көзқарасын ғана емес, сондай-ақ оның – осынау капиталдың 
нақты өзіне – өз азаматтарына деген жауапкершілігін де көрсетеді. 
Әлемді қандай дағдарыс шайқалтса да, экономикалық конъюнктура 
қаншалықты құбылмалы болса да, біздің мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік 
басым бағыттары тұрақты күйінде қалады. Олар – білім беру мен медици-
наның жоғары сапасы, кепілді еңбекпен қамту және қазақстандықтардың 
бақуатты тұрмыс деңгейі. Мемлекеттің басты мақсаттарының бірі – бұқара-
лық кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені меншік иесі табын қалыптастыру демо-
кратиялық қоғамды дамытудың маңызды шарты. 


ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
20
Мен елдің қарқынды да тиімді дамуы стратегиялық мемлекеттік жоспар-
лаусыз мүмкін емес екеніне көз жеткіздім. Қазақстанның жиырма жылдық 
тәжірибесі – ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы қандай нәтижеге қол жет-
кізуге болатынының айқын айғағы. Біз оны 1997 жылы ТМД-да алғаш рет
өзіміздің мемлекеттік тәжірибемізге айналдырдық, арада он бес жыл өткен 
соң жоспарлау көкжиегін 2050 жылға дейін кеңейттік. 2014–2017 жылдары 
жаңа жаһандық ахуал жағдайында мен Бес институционалды реформаны, 
сондай-ақ Қазақстанның үшінші жаңғыру бағдарын ұсындым. 
Ұлтаралық бейбітшілік пен келісім – біздің ортақ жетістігіміз және көп 
жағдайда елдегі қоғамдық өмір мен оның жаңа тарихының барысын 
анықтайтын ұлы құндылық. Азаматтық бейбітшіліктің қазақстандық үлгісінің 
халықаралық деңгейде мойындалуы да тегін емес. Қазір біздің елімізде 
140 ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Бәріміз бірге – 
біртұтас халықпыз, біздің әрқайсысымыз – оның бір-бір бөлшегіміз.
Қазақстандық бірегейлік пен қазақстандық патриотизм, азаматтардың 
этностық сипатына қарамастан, заң алдындағы теңдігі – біздің азаматтық 
болымысыздың негізі. 
Біз қазақ халқына, оның мәдениеті мен тіліне байланысты тарихи әділет-
ті қалпына келтірдік. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтарға ел тағдыры-
на байланысты ерекше жауапкершілік жүктеледі. 1995 жылы құрылған Қа-
зақстан халқы Ассамблеясы – мәдениет пен ұлттардың диа логына қажетті 
айрықша қоғамдық алаң. Біздің еліміз жаһандық конфессияаралық диалог-
тың орталығына айналды: 2003 жылы Астанада тұңғыш рет шақырылған 
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі, содан бері жүйелі 
түрде өткізіліп келеді. 
Алғашқы күннен-ақ конструктивті сипатқа ие болған біздің сыртқы 
сая сатымыз «көпвекторлылық қағидатына» негізделген. Көршілермен та-
тулығының арқасында Қазақстан тарихта тұңғыш рет нақты құжаттармен 
рәсімделген, халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараға ие болды. 
Еліміз жүйелі түрде өңірлік ықпалдастық жолымен жүріп, өзінің геосая-
си жағдайын нығайтуда, бәсекеге қабілетін арттырып, АӨСШК, ШЫҰ, ЕЭО 
сияқты тиімді ынтымақтастық бастамаларын көтеріп, әрі қарай дамытуда.
«Дағдарысты серпіліс үшін пайдалану» қағидаты. Біз жайлы жағдай-
лардан ғана емес, сондай-ақ дағдарыстардан да пайда таба аламыз: оны 
үнемі алдағы серпіліске, ұлттық экономика мен мемлекеттік басқару жүйе-
сін жедел сергітуге пайдаланамыз. 
Қазақстан 26 жылдық тәуелсіздік тарихында төрт бірдей жаһандық 
сын-қатерге тойтарыс бере алды. Біз КСРО үйіндісінің орнына нарықтық 
қатынастарға негізделген заманауи мемлекет құрдық. 1997–1998 жылдар-
дағы Азия дағдарысының күшейіп тұрған кезінде 2030 стратегиясын қа-
былдадық және аса ірі инфрақұрылымдық жоба ғана емес, сондай-ақ 
болашаққа ұмтылған жасампаз елдің жарқын символына айналған жаңа 
елордамыз – Астананың құрылысын бастадық. 2008–2009 жылдардағы 


АЛҒЫ СӨЗ
21
жаһандық қаржылық дағдарысқа – үдемелі индустриалды-инновациялық 
даму бағдарламасымен, 2012–2017 жылдардағы жаңа жаһандық ахуал 
дабылына – 2050 стратегиясымен, инфрақұрылымдық дамудың ауқымды 
«Нұрлы жол» бағдарламасымен, Бес институционалды реформамен және 
үшінші жаңғырумен жауап бердік. 
Қазір мемлекеттік құрылыс пен дамудың айрықша қазақстандық үлгісі 
қалыптасты деуге толық негіз бар. Мемлекет – жанды ағза. Қазақстандық 
үлгі – сол ағзаны қалыптастыратын, нақты белгіленген өлшемдерге сәйкес 
оның әр элементінің толық дамуын қамтамасыз ететін және сенімді өмір 
сүруіне кепілдік беретін базалық матрица. 
Біздің азаматтарымыз, әсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін 
және қалай айқындалғанын, тәуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмір-
ге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды 
рөл атқарғанын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс деп есеп-
теймін. Осының барлығын ой таразысынан өткізу бәрімізге қажет. 
Деректерді талдап, оқиғаларға объективті баға беруді үйрену ғана емес, 
тарихи үдерістерді болашақ тұрғысынан терең түсіну, өткенге қазіргі кезең 
тұрғысынан көз салу және болашақты ойлай отырып, өткенді ұмытпау – 
біздің ортақ міндетіміз. Біз тарихтан өзімізге және еліміздің одан әрі да-
муына қажетті тағылым ала білуге тиіспіз. 
Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан жаңа міндеттерді шешуде. Ол әлемнің 
ең дамыған отыз мемлекетінің арасынан орын алуды және халқымыздың 
тұрмыс-тіршілігін әлемдік стандарттар деңгейіне көтеруді қамтамасыз етуді 
көздейді. 
Күшті де дамыған мемлекетті еркін, дербес, білімді және жауапкершілігі 
мықты, елдің қандай жолдан өткенін және алда қандай мүмкіндіктер тұрға-
нын білетін азаматтар ғана құра алады. 
Бұл кітап біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы онжыл-
дықтардағы даңқты тарихын білуге және түсінуге, елімізді мақтан етіп, ел 
болашағын жасайтын жасампаздар қатарына қосылуға көмектесетініне 
сенімдімін. 
Өйткені оның өзегінде менің тәжірибем, заманымыздың көрнекті 
тұлғаларымен болған кездесулер мен сұхбаттар, өз жазбаларым мен ар-
хивтерімнің негізінде қалыптасқан жеке пікірім мен тұжырымдарым жатыр. 
Материалдарды жинақтап, статистикалық мәліметтерді тексеріп, қолға-
быс жасаған Е.Ж. Бабақұмаровқа, С.В. Селиверстовқа, Г.С. Нығыметовке, 
Д.Р. Есдәулетов пен Р.У. Бекбергеновтерге ризашылық білдіремін.


І БӨЛІМ


МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 
ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ 
ЖАҢҒЫРУЫ 19911995 ЖЫЛДАР


24
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет