Нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина esf 47005 Downloaded from DishWasher-Manual com Manuals Electrolux. Thinking of you



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі6,54 Mb.
#9549
түріНұсқаулар
  1   2   3

Қолдану туралы

нұсқаулары

Ыдыс жуғыш машина

ESF 47005

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals


Electrolux. Thinking of you.

Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-

сайтынан танысыңыз.

Мазмұны


Жалпы мағлұмат бөлімдері  

 2

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар  



 4

Бұйым сипаттамасы  

 5

Бірінші қолдану  



 6

Су жұмсақтайтын бұйымын салу  

 7

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған



 8

Шаю бұйымдары  

 9

Әркүндік қолдану  



 10

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs

 11

Тазалау бұйымдарын қолдану  



 15

Multitab функциясы  

 16

Жуу программасын таңдау және бастау



 17

Ыдыс жуу машинасын босату  

 18

Жуу программалар  



 18

Күту менен тазалау  

 20

Не істерсіңіз, егер...  



 21

Техникалық сиппатама  

 23

Тексеру тест өткізетін институттар үшін



кеңестер  

 23


Орнату  

 24


Суға қосу  

 25


Электртоғына қосу  

 27


Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы

мағлұматтар  

 28

 

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.



  Жалпы мағлұмат бөлімдері

Ыдыс-аяқ жуғышты орнатып, ең

алғаш пайдаланбас бұрын, өз

қауіпсіздігіңіз бен бұйымды дұрыс

қолдану мақсатында,

пайдаланушыға арналған бұл

нұсқауды, оның ішінде нұсқаудың

кеңестері мен ескертулеріне назар

салып оқып шығыңыз. Осы бұйымды

пайдаланатын адамдардың

барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен

тұрмыстық апаттардың алдын алу

үшін,оның пайдалану тәсілдерімен

және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін

функцияларымен жете таныс болуы

керек. Осы қолдану туралы

нұсқауларды сақтап қойыңыз және

ыдыс-аяқ жуғышты басқа адамдарға

бергеніңізде немесе сатқаныңызда,

оны пайдаланатын әрбір адамның

бұйымның қолданыс мерзімі

аяқталғанға дейін оған қатысты

пайдалану және қауіпсіздік

шараларынан хабардар болуы үшін,

нұсқауларды қоса беруді

ұмытпаңыз.

Дұрыс пайдалану

• Бұл ыдыс-аяқ жуғыш тек қана үйде

пайдаланатын және ыдыс-аяқ

жуғышта жууға болатын ыдыс-

аяқтарды жууға арналған.

• Ыдыс-аяқ жуғышқа ешқандай

еріткіштерді салмаңыз. Ол бұйымның

жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.

• Пышақтар және басқа да үшкір

заттарды ас құралдарына арналған

кәрзеңкеге олардың өткір ұштарын

төмен қаратып салып, не болмаса

жоғарғы кәрзеңкеге көлденең жатқыза

салу қажет.

• Ыдыс-аяқ жуғыштарда пайдалануға

арналған өнімдерді (жуғыш

ұнтақтарды, тұзды және шаю

заттарын) ғана қолданыңыз.

• Бұйым жұмыс істеп тұрған кезде, оның

есігін ашпаңыз, ыстық бу шығып кетуі

мүмкін.

• Ыдыс жуу циклы бітпейінше, ыдыс-аяқ



жуғыштан ыдыстарды шығаруға

болмайды.

2  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



• Бұйымды пайдаланып болғаннан соң,

оны электр қуаты көзінен ажыратып,

судың берілуін тоқтатыңыз.

• Бұл өнімді осы бұйымды орнату

немесе жөндеу үшін рұқсаты бар

мамандар ғана жөндей алады және

тек осы фирма шығарған бөлшектерді

ғана пайдалануға болады.

• Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз.

Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу

жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не

болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне

алып келеді. Өзіңіздің жергілікті

қызмет көрсету орталығыңызбен

хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма

шығарған бөлшектерді пайдалануды

талап етіңіз.

Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар

• Бұл құрылғыны физиологиялық,

сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне

байланысты не пеш жұмысына

қатысты тәжірибесі мен білімінің

аздығына байланысты қолдана

алмайтын адамдар (балаларды қоса

алғанда) пайдаланбауға тиіс. Олар

пайдалану туралы ерекше нұсқаулар

алуға не өз қауіпсіздігіне ие адамның

қадағалауында болуға тиіс.

• Тазалауға арналған заттар көз бен

ауыз қуысын және қолқаны химиялық

күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай

жағдай өміріңізге қатер төндіреді!

Ыдыс жуғыш машинаға арналған

жуғыш заттарды өндірушінің

қауіпсіздік туралы нұсқауларын

орындаңыз.

• Ыдыс жуғыш машинадағы су ішуге

жарамсыз. Құрылғының ішінде жуғыш

зат қалдықтары әлі де бар болуы

мүмкін.


• Егер құрылғының ішіне ыдыстарды

салып, не оларды алып жатпасаңыз,

ыдыс жуғыш машина есігі әрдайым

жабық болуы керек. Осылайша, кез

келген адамның ашылып тұрған есікке

соғылып, бір жерін жарақаттап алуына

жол бермейсіз.

• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға

немесе үстіне шығып тұруға

болмайды.

Бала қауіпсіздігі

• Бұл машина тек ересек адамдар

пайдалану үшін арналған. Балалар

құрылғымен ойнамас үшін оларды

қадағалап отыру қажет.

• Машинаның орауыштары мен

қорабын балалардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі

бар.

• Барлық жуу заттарын балалар жете



алмайтын жерде сақтаңыз.

• Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі ашық тұрған

кезде, балалардың жақын келуіне жол

бермеңіз.

Орнату

• Ыдыс-аяқ жуғышты көлікпен



тасымалдау барысында ешбір жерінің

бұзылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Бұзылған бұйымды ешқашан электр

желісінің көзіне қоспаңыз. Ыдыс-аяқ

жуғышыңыз бұзылып қалса, бұйымды

сатып алған сатушыңызбен

хабарласыңыз.

• Қолданар алдында, оның барлық

орауыштары мен қорабын алып

тастауыңыз қажет.

• Осы бұйымға орнатуға қатысты

электрлік және су жіберу мен

қанализация жүйесіне қосу

жұмыстарын, осы салада

маманданған және білікті адам жүзеге

асыруға тиіс.

• Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның

техникалық сипаттарына өзгерістер

кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да

бір болмасын жолмен өзгертуге

болмайды.

• Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда

немесе су шлангысы бұзылған

жағдайда; немесе басқару панелі,

үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы

қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы

ашық қалған жағдайда машинаны

ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-

қатерді болдырмау үшін, жергілікті

қызмет көрсету орталығымен

хабарласыңыз.

• Гидравликалық және электрлік

құрамдас бөліктерге зиян келтірмес

үшін, ыдыс-аяқ жуғыштың

қабырғаларын ешқашан бұрғымен

теспеңіз.

electrolux  3

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Назарыңызда болсын! Электр

желісіне және су құбырына қосарда,

арнайы бөлімдерде берілген

нұсқауларды мұқият орындаңыз.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

1

Үстіңгі себет



2

Су кермектігінің дискісі

3

Тұз сауыты



4

Жуғыш зат үлестіргіші

5

Шайғыш зат үлестіргіші



6

Техникалық сипаттар тақтайшасы

7

Сүзгілер


8

Астыңғы бүріккіш түтік

9

Үстіңгі бүріккіш түтік



10

Жұмыс тақтасы

4  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Бұйым сипаттамасы

8

7



1

Қосу/Өшіру түймешігі

2

Болдырмау түймешігі (Cancel)



3

Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер

4

Multitab түймешігі (Multitab)



5

Қуатты үнемдеу түймешігі (Save)

6

Кешіктіріп бастау түймешігі (Delay)



7

Сандық бейнебет

8

Функция түймешіктері



9

Анықтағыш шамдар

10

Бағдарлама шамдары



Анықтағыш шамдар

Multitab параметрін орнатқанда жанады.

Қуатты үнемдеу функциясы орнатылғанда

жанады.


1)

Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады.

1)

Арнайы тұз таусылғанда жанады.



1) Тұз және шайғыш заттың анықтағыш шамдары, жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде,

тіпті тұз және/немесе шайғыш затты салу қажеттігі туса да жанбайды.

electrolux  5

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Сандық бейнебет

Сандық бейнебеттен:

• су жұмсартқышы орнатылған су

кермектігінің деңгейі,

• орындалып тұрған бағдарламаның

аяқталуына дейін қалған уақыт,

• шайғыш зат үлестіргішті белсенді

күйге көшіру/ажырату ( ТЕК multitab

функциясы қосылулы тұрғанда ғана),

• жуу бағдарламасының соңы (сандық

бейнебетте нөл пайда болады),

• кешіктіріп бастау функциясының кері

санағы,

• ыдыс жуғыш машинаның дұрыс жұмыс



істемеуіне байланысты ақаулық

кодтары көрсетіледі.

Болдырмау түймешігі

Осы түймешік арқылы жуу

бағдарламасын не орындалып тұрған

кешіктіріп бастау функциясын

болдырмауға болады.

Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер

Мына түймешіктердің бірін қажетті

бағдарламаның анықтағыш шамы

жанғанша басыңыз.

Multitab түймешігі

Бұл функцияны құрама жуғыш

таблеткаларды (3 in 1, 4 in 1, 5 in 1...

т.б.)пайдаланғанда орнатыңыз.

'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.

Қуатты үнемдеу түймешігі

Бұл функция құрғату циклі кезіндегі

температураны азайтады. Қуат 10%

пайыз бен 25% аралығында үнемделеді.

Бағдарлама соңында ыдыстар су

болып тұруы мүмкін. Бұндай

жағдайда ыдыстар өздігінен кебу

үшін ыдыс жуғыш машина есігін сәл

ашып қоя тұруды ұсынамыз.

Бұл функцияны жуу

бағдарламаларының барлығы үшін

таңдауға болады. Түймешікті басқан

кезде тиісті анықтағыш шам жанады.

Қуатты үнемдеу функциясы кей

бағдарламаларға еш ықпал етпейді.

Қуатты үнемдеу бағдарламасының қай

бағдарламаға әсер етіп, қайсысына әсер

етпейтіндігін білу үшін 'Жуу

бағдарламалары' тізіміне қараңыз.

Кешіктіріп бастау түймешігі

Бағдарламаны 1 мен 19 сағат

аралығында кешіктіріп бастауыңызға

болады.

Бұл функцияны орнату туралы



ақпаратты 'Жуу бағдарламасын бастау

мен таңдау' тарауынан алыңыз.

Функция түймешіктері(A, B және C)

Бұл түймешіктерді пайдаланып келесі

функцияларды орнатуға болады:

• су жұмсартқыштың деңгейін лайықтап

орнату,

• multitab функциясы қосылып тұрған



кезде, шайғыш зат үлестіргішті қосу/

ажырату.


Параметрлерді орнату күйі

Ыдыс жуғыш машина келесі

жағдайларда параметрлерді орнату

күйінде тұруға тиіс:

– жуу бағдарламасын таңдағанда,

– су жұмсартқыштың деңгейін

лайықтап орнатқанда,

– шайғыш зат үлестіргішін қосқанда/

ажыратқанда.

Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.

– БАРЛЫҚ бағдарлама түймешіктері

жанса, құрылғы параметрлерді орнату

күйінде тұр деген сөз.

Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.

– Тек бір ғана бағдарламаның

анықтағыш шамы жанса, бұл ең соңғы

орнатылған бағдарламаның әлі де

орнатылып тұрғандығын білдіреді.

Бұндай жағдайда параметрлерді

орнату күйіне ауысу үшін

бағдарламаны біржола тоқтатуыңыз

қажет.


– Болдырмау түймешігін барлық

бағдарлама шамдары жанғанша

басып ұстап тұрыңыз. Бағдарлама

біржола тоқтайды да, машина енді

параметрлерді орнату күйіне көшеді.

Бірінші қолдану

Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет

қолданар алдында:

• Электр көзіне және су жүйелеріне

қосылу жұмыстарының, орнату

6  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



нұсқауларына сәйкес жүзеге

асырылғандығына көз жеткізіңіз.

• Бұйымның ішінен барлық

орауыштарды алып тастаңыз

• Суды жұмсартқышты баптаңыз

• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су

құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа

арналған тұзды салыңыз

• Шаю заттарына арналған қорапшаны

толтырыңыз

Егер таблетка пішіндес, келесі

көрсетілгендегідей құрама жуу

заттарын пайдаланатын болсаңыз:

"3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие

1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.,

Multitab функциясы қосыңыз.

("Multitab функциясы" бөлімін

оқыңыз).


Су жұмсақтайтын бұйымын салу

Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың

құрамындағы машинаға зиян келтірерлік

немесе оның қызметінің тиімділігін

төмендетерлік минералдар мен

тұздарды алып тастауға лайықтап

жасалған суды жұмсартқышпен

жабдықталған.

Осы минералды заттар мен тұздардың

мөлшері неғұрлым көп болса, судың

қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.

Су қатаңдығы балама өлшемдер арқылы

өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH),

Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л

(бір литрдегі миллимоль - су қатаңдығын

өлшейтін халықаралық өлшемі).

Суды жұмсартқыш аймағыңыздағы су

қатаңдығына сәйкес лайықтанған болуы

керек. Аймағыңыздағы су қатаңдығы

туралы мәліметтерді жергілікті су

шаруашылығын басқаратын мекемеден

ала аласыз.

Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы

реттелуге тиіс: су қатаңдығы

деңгейін өзгертетін сандық диск

арқылы қолмен өзгертіледі және

электронды түрде.

Су кермектігі

Су кермектігіның параметрін баптау

Тұзды


қолда

ну

°dH



°TH

ммоль/л


қолмен

Электрондық

тәсілмен

51 - 70


91 - 125

9,1 - 12,5

2

10-шы деңгей



иә

43 - 50


76 - 90

7,6 - 9,0

2

9-шы деңгей



иә

37 - 42


65 - 75

6,5 - 7,5

2

8-ші деңгей



иә

29 - 36


51 - 64

5,1 - 6,4

2

7-ші деңгей



иә

23 - 28


40 - 50

4,0 - 5,0

2

6-шы деңгей



иә

19 - 22


33 - 39

3,3 - 3,9

2

5-ші деңгей



иә

15 - 18


26 - 32

2,6 - 3,2

1

4-ші деңгей



иә

11 - 14


19 - 25

1,9 - 2,5

1

3-ші деңгей



иә

4 - 10


7 - 18

0,7 - 1,8

1

2-ші деңгей



иә

< 4

< 7

< 0,7

1

1-ші деңгей



жоқ

Қолмен баптау

Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші

орнатқан деңгейі - 2.

1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін

ашыңыз.


2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы

себетті шығарыңыз.

3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-

ші орынға орнатыңыз (кестеге

қараңыз).

4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.

electrolux  7

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Электрондық тәсілмен баптау

Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі

деңгейі - 5.

1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.

Машина параметрлерді орнату

күйінде тұруға тиіс.

2. B және C функция түймешіктерін

қатар басып ұстап тұрыңыз. A, B

және C функция түймешіктерінің

үстіндегі анықтағыш шамдар

жыпылықтай бастайды.

3. A функция түймешігін басыңыз, B

және C функция түймешіктерінің

үстіндегі шамдар өшеді. A функция

түймешігінің үстіндегі анықтағыш

шам жыпылықтауын жалғастырады.

Сандық бейнебетте ағымдық деңгей

пайда болады.

Мысалдар:

Сандық бейнебетте 

 = 5-ші деңгей

пайда болады

Сандық бейнебетте 

 = 10-шы


деңгей пайда болады

4. Деңгейді өзгерту үшін A функция

түймешігін басыңыз. Түймешікті әр

басқан сайын деңгей де өзгеріп

отырады. (Жаңа деңгейді таңдау үшін

кестеге қараңыз).

Мысалдар:

Ағымдық деңгей 5-те тұрса, A

функция түймешігін бір рет басу

арқылы 6-шы деңгей орнатылады.

Ағымдық деңгей 10-да тұрса, A

функция түймешігін бір рет басу

арқылы 1-ші деңгей таңдалады.

5. Операцияны ыдыс жуғыш

машинаның жадына енгізу үшін

құрылғыны өшіріңіз.

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған

Назарыңызда болсын!

Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды

ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш

машинада пайдалануға арналмаған

басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су

жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз

қорапшасын тұзбен толық жуу

бағдарламаларының бірін қосар

алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз

түйірлерінің немесе тұзды судың

машина түбіне төгіліп қалып, төгілген

жерінде ұзақ уақыт жатып қалып

коррозияны тудырудың алдын алу үшін

қажет.

Толтыру үшін:



1. Есікті ашыңыз, төменгі кәрзеңкені

алып тастап, тұз қорапшасының

қақпақшасын сағат бағытына қарсы

айналдырып ашыңыз.

2. Қорапшаның ішіне 1 литр су құйыңыз

(қорапшаны ең алғаш рет тұзбен

толтырғанда ғана осылай істеңіз)  .

3. Берілген құйғышты пайдалана

отырып, қорапшаны тұзбен әбден

толтырыңыз.

4. Қақпақшаны орнына салып,

қақпақшаның бұранда жолақтарында

немесе нығыздағышында тұздың

тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.

5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына

қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін

бұрай отырып, өз орнына келтіріп

нықтап жабыңыз.

8  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals



Қорапша тұзбен толтырылып

жатқанда, су шетінен асып төгілсе,

алаң болмаңыз, бұл қалыпты

жағдай.


Басқару панеліндегі тұз шамы тұз

толтырылғаннан соң, 2 сағаттан 6

сағатқа дейін,егер ыдыс-аяқ жуғыш

машина қосылулы тұрса, жанып

тұрады. Егер ұзақ еритін тұзды

пайдаланып жатсаңыз, бұл уақыт

шамасы арта түседі. Машинаның

жұмысына кері әсерін тигізбейді.

Шаю бұйымдары

Назарыңызда болсын! Тек

жуғыштарға арналған, сапалы шаю

заттарын пайдаланыңыз.

Шаю заттарының қорапшасын ешбір

басқа заттармен (мысалы, ыдыс-аяқ

жуғышқа арналған тазалағыш

затпен, сұйық тазалағыш заттармен)

толтырмаңыз. Ол бұйымыңызға

зиян келтіруі мүмкін.

Шаюға арналған зат ыдыс-

аяқтардың әбден шайылып, дақсыз,

жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз

етеді.


Шаю заты ең соңғы шаю кезеңінде

автоматты түрде қосылады.

1. (A) ашу түймесін басып, қорапшаны

ашыңыз.


2. Қорапшаға шаю затын қосып

салыңыз. "max" көрсеткіші, шаю

затымен толтыру мөлшерінің шегін

көрсетеді.

Қорапша жуу затын қаншалықты

мөлшерде қосатындығыңызға

байланысты 16-дан 40-қа дейінгі жуу

циклдарына жетерлік 110 мл шаю

затын сыйдыра алады.

3. Әрбір толтырудан соң қақпақшаның

жабылғанына көз жеткізіңіз.

Келесі жолы ыдыстарды жуған кезде

көпіршудің алдын алу үшін, шаю

затымен толтыру барысында

төгілген шаю затын су тартатын

матаға сіңіріп алыңыз.

Ыдысты жуудың соңғы және құрғату

кезеңдеріндегі нәтижелерге қарап,шаю

затының қосылу мөлшерін 6 түрлі

деңгейге қоятын диск көмегімен

көрсетіңіз (1-ші деңгей - ең аз мөлшері,

6-шы деңгей - ең көп мөлшері).

Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан

деңгейі - 4.

Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су

тамшылары немесе әк дақтары қалса,

шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.

Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса

немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және

пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар

қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.

electrolux  9

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals


Әркүндік қолдану

• Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не

шаю затымен толтыру қажеттілігінің

бар - жоқтығын тексеріңіз.

• Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен

ыдыс-аяқтарды салыңыз.

• Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен

толтырыңыз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

жууға сай келетін жуу бағдарламасын

таңдаңыз.

• Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Пайдалы кеңестер

Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін

және кез келген суды сіңіріп алатын

затты ыдыс жуғыш машинада жууға

болмайды.

• Ыдыс-аяқты салар алдында:

– Тамақ қалдықтары мен басқа

қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.

– Жанып жабысып қалған тағам

қалдықтарын қазаншаларға салып

жібітіп алыңыз

• Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын

машинаға салған кезде, келесі

кеңестерге назар аударыңыз:

– Ыдыс-аяқ пен ас құралдары

айналып тұратын бүріккіш түтіктерге

кедергі жасамауы керек.

– Су жиналмау үшін кәстрөлдер,

стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты

шұңғыл ыдыстардың ауыздарын

төмен қаратып салыңыз.

– Ас құралдары ыдыс-аяқтардың

ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі

жатпауы керек.

– Стакандарға зиян келтірмеу үшін,

олар бір-біріне тимеуі керек.

– Кішкентай заттарды ас құралдарына

арналған себетке салыңыз.

• Отқа төзімді пластмасса заттардың

және кәстрөлдердің қабырғалары су

тамшыларын ұстап қалуға бейім

келеді; бұл заттар фарфор немесе

темір заттар сияқты тез құрғамайды.

• Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.)

үстіңгі себетке салынып,

қозғалмайтындай етіп

орналастырылуы керек.

10  electrolux

Downloaded from DishWasher-Manual.com Manuals


Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын

жууға болмайды:

сыймайтын:

• Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан

немесе ақықтан жасалған ас құралдары.

• Отқа төзімді емес пластик заттар.

• Отқа төзімді емес ескі және бөліктері

желімделіп құрастырылған ас құралдары.

• Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ.

• Қалайы немесе мыс заттар.

• Қорғасынды хрусталь.

• Тоттануға бейім темір заттар.

• Ағаш табақтар.

• Синтетикалық талшықтардан жасалған

заттар.

• Керамикалық заттарды, тек қана



өндірушінің нұсқаулығында ыдыс жуғышта

жууға болады деп көрсетілген жағдайда

ғана жуыңыз.

• Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш

машинада жиі жуылса әрі кетуі мүмкін.

• Күміс және алюминий бөлшектер жуған

кезде, түсін өзгертуге бейім келеді: Қыша,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет