Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


ЖЕРДІҢ
ТОПОНИМИКАЛЫҚ
АТАУЛАРЫ
Автор: 
НУРАФИНА ИЖДАГАТ ШОЛТЫРОВНА
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
«Лабай жалпы орта мектебі» КММ
География пәні мұғалімі
Алматы - 2021


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
УДК 37
ББК 74
«Жердің топонимикалық атаулары»/Әдістемелік авторлық
бағдарлама/Нурафина И.Ш., - Алматы, 2021 ж. – 48 б. 
ISBN 978-601-7954-57-4
Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен
жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылықтың
нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік
білім беру стандартының негізінде жасалады.
Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы
жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. 
Авторлық әдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты
қамтиды және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған.
ISBN 978-601-7954-57-4
УДК 37. 3
ББК 74. 26
© Нурафина И.Ш., - 2021 ж
2


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
КІРІСПЕ
Кең байтақ Қазақстан жерінің әрбір облысы, әрбір ауданы, әрбір елді
мекенінің өзіндік топонимикалық сыры бар. Әр адамның туған жері өзіне
ыстық. Ел тарихы- әр кішігірім ауылдың, елді мекеннің өткен-кеткенінен,
оқиғалардан, жеке тұлғалардың іс-әрекетінен құралады. 
Қазақ халқының қайнар көзі, сарқылмас бұлағы шежіре, ал шежіре
авторы –халық. Біз Туған ел топонимикасы атты факультативтік сабақ
кезінде еліміздегі жер-су аттарының шығу тарихы туралы біле отырып ,өз
ауылымыздың аты туралы ойланып, оның аталуы туралы деректер
зерттеп, білуге тырыстық.
Ұшы-қиыры жоқ кең алқапта қазақ халқының негізін құраған ру,
тайпалары мал бағумен айналысып,жаз жайлау,қыс қыстау қамымен ерсілі-
қарсылы көшіп қонумен жүрді.
Олар кең даланың табиғат ерекшеліктерін,әр төбенің,әр жыраның өзіндік
сипатын жете тани білді және көшпелі өмірлерінде жер жағдайын
анықтайтын белгі ретінде пайдаланды, атауды да соған дәл тауып қоя білді.
«Біздің қазақ жер аты, тау атын жолда сол ортаның сыр сипатына қарай
қоя білген жұрт.Қайда,қандай бір өлкеге барсақ та жер,су жапан түзде
кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына,шешілмеген
құпия сыр жатады» - деген болатын М.Әуезов.
Ғылымда жер–су аттарын зерттейтін лексиканың көлемді саласы
топонимика деп аталады. 
Топоним термині гректің topos-орын, мекен;onyma- есім атау сөзінің
негізінде қалыптасқан. Сонымен топонимдер, жер-су аттары,
географиялық атаулар деген үш түрлі нұсқадағы сөздер синоним болып
табылады. 
Осылардың ішінен топоним деген терминді жиі қолданудың қолайлы
жағы бар, біріншіден, ол халықаралық термин, екіншіден ,жер-су аттары,
географиялық атау деген бірнеше салалардан құралады.
Топонимдер өз ішінен бірнеше түр мен тектерге бөлінеді. 
3


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Географиялық нысандардың сипатына қарай:

ойконим-елді мекен аттары;

гидроним-су аттары;

ороним-тау аттары;

урбононим-қала нысандары аттары;

гороним- көше аттары

некроним-зираттар мен молалар аттары;

микротопоним- шағын географиялық нысандар атауын;

макротопоним - белгілі бір немесе бірнеше аймақты қамтитын көлемді
жер –су атауы.
Жер-су атауларының тарихи қойылу себебін зерттеу барысында елді
мекен туралы ақпараттық мәліметтер алуға болады. 
Атаулар адамзат ойының бір ғана керемет туындысы емес, сонымен
қатар өткір идиологиялық құрал.
Әйгілі шығыс зерттеушісі, академик-ғалым В.В.Бартоль «…түркі тектес
халықтар арасында топоним атаулары өзінің қарапайымдылығымен әрі
тарихи деректілігімен, жерлерінің қасиетіне сәйкес аттарын діл тауып
қойатын тапқырлығымен таң қалдырып отырады» - деп көрсеткен. 
«География» оқу пәнінің мазмұны жаратылыстану - ғылыми жүйелер,
олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің
жаратылыстану - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану - ғылыми
дүниетанымы сияқты мазмұндық желілерге сәйкес құрылған.
6 сыныпта «Жаратылыстану» курсынан география пәнінің курстарын
оқытуға логикалық түрде көшу жүзеге асырылып, ол ары қарайғы
оқушылардың білім географиялық алуына негіз болады.
Географиядан 6-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу пәні
бойынша берілген міндетті мазмұн көлемін сақтай отырып, оны оқытудың
түрлі тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі география пәні оқушылардың алғашқы курсы физикалық–
географияның алғашқы түсініктері мен ұғымдарын бере келе, ары қарай
адамның табиғатпен қатынасы, халықтар туралы біліммен
ұштастырылады.
4


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқу бағдарламасында биосфераны сақтау бойынша дүниежүзілік
экологиялық саясатты жүргізудің қажеттігі мен адамзаттың орнықты
дамуы мәселелерін шешудегі оқытудың геоэкологиялық тәсілдері мен
ерекше көңіл бөлінген.
Қазақстанның қоғамдық және шаруашылық тұрғыда дамуына орай
мектеп географиясының мазмұнына өлкетану, топонимика, табиғи–тарихи
және мәдени мұра, туристік - рекреациялық ресурстар, туризм
индустриясы, инновациялық саясат, геосаяси жағдайы, кластер, стратегия
және т.б. терминдер мен ұғымдар енгізілді.
Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың
теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау
біліктерін қалыптастыруға көмектеседі. 
Оқу материалдарының практикалық жұмыстары бағалау, болжау,
түсіндіру, сипаттау, анықтау, картадан көрсетіп, атап беру біліктерін
қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу
біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда
басымырақ болады.
Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың ғылыми - географиялық
мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы түсініктерін
күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыруға
мүмкіндік береді. Ол практикалық - бағдарланған тапсырмалардың
кешенді сипатын қамтиды, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық және
проблемаларды шешу сияқты түйінді құзыреттіліктерді шешуді қамтиды.
Географиядан оқу бағдарламасының астрономия, физика, биология,
химия және тарих пәндерімен пәнаралық кіріктіруді жүзеге асыру
мүмкіндігі зор. Бұл бір жағынан оқушылардың географиялық білімін
тереңдетуге, әсіресе табиғи процестер мен құбылыстарды, географиялық
қабықтың байланыстарын оқып - үйренуге көмектеседі. Екінші жағынан –
аралас пәндер бойынша қоғамдық және табиғи объектілер туралы
географиялық білімін толықтырады.
Географияны әртүрлі көрнекі құралдарды – оқулықта берілген сурет,
сұлба, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып -
үйренудің маңызы зор. Географияны оқыту жүйесінің басты
құраушыларының бірі оқушылардың оқыту үдерісіне белсене араласуы
болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу іс–әрекеттерін
ұйымдастырушы рөлін атқарады.
5


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет