О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі Алматы қалалық білім департаменті



Pdf көрінісі
бет134/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   239
2-үлгі
Алматы қалалық білім департаменті
 
Алматы қаласы,
Исаев көшесі, 56 үй 
Тел. 2-15-77-62
Факс. 2-35-45-82
07.05.2009. №14 
Алматы қаласындағы
балабақшаларға
 
РЕСМИ ХАТ
 
2009 жылдың 15 маусымында Алматы қаласындағы «Достар» мәдениет 
сарайында жылдық «Үздік тәрбиеші» сайысы өтеді. Әр балабақшадан бір 
тәрбиеші қатысуға міндетті.
Осыған  орай,  балабақшааралық  тәрбиешілер  сайысы  өткізілсін. 
Жеңімпаз  туралы  толық  ақпарат  Алматы  қалалық  білім  департаментіне 
жіберілсін.
 
Департамент бастығы:          (қолы)           А. Жұмалиев
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ресми хат қандай құжат?
2. Ол қай кезде жазылады?
3. Ресми хаттың құрылымы қандай?
4. Ол қандай бланкке бастырылады?
  Тілдік бірліктер:
•  жіберілсін
•  өткізілсін
•  осыған орай 
•  мұғалімдер сайысы өткізілсін
•  жеңімпаз туралы 
•  толық ақпарат
•  білім департаментіне жіберілсін
•  қатысуға міндетті
•  ----- жылдың --- мамырында


154
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
 Тапсырмалар:
1.  Алматы  қаласындағы  мектептерге  2010  жылдың  20  мамырында 
қалалық  «Жыл  мұғалімі»  мұғалімдер  сайысы  өтетіндігі  туралы  ресми 
хат жолдаңыз.
2.  Қалалық  Ішкі  істер  басқармасының  Жасөспірімдердің  ісі 
инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы 
криминогенді  жағдайды  ескеріп,  2-ауысымның  оқушыларын  сабақтан 
қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің 
бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын дерек-
тер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат 
үлгісін жазыңыз.
5.  Әскери  бөлім  басшысы  атынан  үлгілі  азамат  тәрбиелеп  өсірген 
Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.
6.  «РАДиАЛ»  жекеменшік  баспасының  бас  редакторының  атынан 
сұранысы  жоғары  әдебиеттерді  қайта  басатынын  мәлімдеп,  авторларға 
ресми хат үлгісін жазыңыз.
7. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республика-
сы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Ал-
маты маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының 
салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
ресми хат  
официальное письмо
жіберілсін  
– отправить
өткізілсін  
– проводить
осыған орай  
– в связи с этим
жеңімпаз туралы  
– о победителе
толық ақпарат  
– подробная информация
білім департаментіне   – в департамент образования
қатысуға міндетті  
– должен присутствовать


155
Орынғазы Әбутәліп
 19-cабақ 
ҰСЫНЫС ХАТ

 Анықтамасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет