Критериалдық бағалау



Дата25.06.2022
өлшемі18,03 Kb.
#37284

Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. 
Бағалау Тарихы.
Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған. Әр-қайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарлар болып бөлінген. Уақыт өте орташа разряд екі классқа бөледі. Өйткені оқушылардың көпшіліг осы разрядта болған. Осы бес ұпайлық шкала пайда болған.
Жиынтық бағалаудың мақсаты- белгілі уақыт ішінде оқушының білім, білік, дағдылары мен қызметтіліктері қалыптастыру деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтаймыз.
Қорытынды.
Оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау. Алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарлаған нәтижелерге сәйкес дәрежесін анықтау. Қатысушыларға оқытуды бағалау суммутивті, формативті, критериалды бағалаудың сабақ үрдісіндегі маңыздылығын көрсетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет