Облыс џстаздарыныѓ газетi математика пәнінен облыстық олимпиада жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата06.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#8426
1   2   3   4   5   6

Бидаш СМАҒҰЛОВА,

ҚР ҚМ  Қаржылық бақылау

Комитетінің Қызылорда облысы

бойынша  инспекциясының

№1 бақылау бөлімінің бас

маманы, бас бақылаушы-

тексерушісі.

Г  дыбысы мен әрпі

Г  дыбысы мен әрпі

Г  дыбысы мен әрпі

Г  дыбысы мен әрпі

Г  дыбысы мен әрпі

Тақырыбы Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г дыбысы мен

әрпін таныту, сөздегі орны туралы

түсінік беру. Ол арқылы берілген

сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Көрнекілігі: Г әрпінің баспа және

жазба түрлері, таратпа қағаздар, слайд,

мултьфильм, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: Музыка,

айналамен таныстыру.

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырамыз партаға.

Сынып оқушыларының назарын

сабаққа аудару.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау.

Үйге қандай тапсырма берілді?

- "Кім кінәлі" өлеңін жатқа айту.

І топ - Өлеңді жатқа айту.

ІІ топ - Суретке қарап әңгімелеу.

ІІІ топ - Суретке қарап әңгімелеу.

(Өлеңдегі балалардың атын ата? Кінәлі

кім? Елеместің әрекеті дұрыс па?)

ІҮ. Жаңа сабақ. Гүлдерге бай-

ланысты бенебаяннан көрсету.

Бейнебаяннан  нені көрдіңдер?

деген сұрақ қойылады.

Оқушылар Гүл - деп жауап береді.

- Гүл деген сөзде бізге таныс емес

қандай дыбыс бар? (Г дыбысы)

- Бүгін қандай дыбыспен танысамыз

деп ойлайсыңдар.

- Гүлдер сөзіне сөйлем құрату.

Гүлдер туралы не білеміз?

Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?

(Раушан, қызғалдақ, сарғалдақ,)

Гүлдердің пайдасы көп. Олардың

күлтелерінен иіс су, крем, сабын

жасайды.

Гүлдер суреті. (Көп суреттің ішінен

гүлдің суретін тауып тақтаға  ілу керек)

- Г дыбысынан басталатын сөздерді

ата?

- Г дыбысы қандай дыбыс деп



ойлайсыңдар?

- Гүл сөзін буынға бөл.

- Сегіз сөзінде г дыбысы сөздің қай

жерінде келіп тұр.

Ү. Сергіту сәті

Ақ көгершін өлеңімен таныстыру.

- Балалар, көгершін деген не?

- Құс.


- Қандай құс?

- Бейбітшілік, әділет, бақыт құсы.

"Ақ көгершін" әнін айтқызу.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

Тақтаға Гәрпін жазып көрсету.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

- Ендеше, ауада осы әріпті жазып,

дәптерге толтырайық.

ҮІІ. Тақтамен жұмыс.

Балалар, енді тақтамен жұмыс

жүргізейік. Әр топтан 1 оқушыдан

шығып жаза қойсын.

І-топ егін, ІІ-топ егіз, ІІІ-топ шеге7

Енді дыбыстық талдау жасайық. Әр

топтан бір-бір оқушы шығып

дыбыстық талдау жасау керек.

VIII. Қорытынды:-

Сонымен балалар бүгін қандай

әріппен таныстық?

- Г дыбысы мен әрпі.

- Г дыбысы сөздің қай жерінде

кездеседі?

- Басында, ортасында.

- Г г дыбысы қандай дыбыс?

IХ. Үйге тапсырма: "Ақ көгершін"

өлеңін жаттау, г әрпін жазуға дағ-

дылану.


Х. Мадақтау.Сабаққа жақсы

қатысқан оқушыларды формативті,

суммативті бағалау, топты бағалау.

Гүлфайруз БАЙНАЗАРОВА,

№132 мектеп мұғалімі.

Сырдария ауданы.


Мекен-жайымыз:

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті,

М.Шоћай к шесi, 8 љй.

Телефондар:

Бас редактор:  21-50-75,

Тiлшiлер, есепшi: 40-06-72.

e-mail: syrmektebi@mail.ru



Газет Ћазаћстан Республикасы

Аћпарат жќне ћоѕамдыћ келiсiм

министрлiгiнде 2001 жылы 28 ћазанда

ћайта тiркелiп, №2418-Г куќлiгiн алѕан.

Индексi 65462.

Таралымы  1977 дана

Бас редактор

 Махмџтбай ЌМIРЕЏЛЫ

Маћала авторларыныѓ пiкiрлерi редакция к зћарасын

бiлдiрмейдi.

Газет редакция  компьютерiнде терiлiп, беттелген.

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында басылды.

Тапсырыс №602

Меншiк иесi:



“Сыр мектебi”

жауапкершiлiгi

 шектеулi серiктестiгi

Айына екi рет шыѕады



6

1 маусым 2016  жыл

Жаңалықтар. Хабарлар

БАЛАМ -БАҚЫТЫМ

ҰСТАЗҒА  ҚҰРМЕТ

Отанның бір бөлшегі болып

табылатын отбасының бала тәрбие-

сінде алатын орны ерекше.

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі

әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың

ақ сүтімен дариды. Отбасы мүше-

лерінің арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық, достық арқылы адам

бойындағы асыл қасиеттер жарқырай

көрініп қалыптасады. Адам баласы

шыр етіп дүние есігін ашқаннан

бастап сол ортаға бейімделіп, сол

ортаның ықпалымен ержетеді. Бүгінгі

ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.

Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге

қарап өсіп, бой түзейді.

Балаға білім, тәрбие беруде басты

тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы,

демеуші - ата-ана. "Баланы жеті жасқа

дейін хандай сыйла, он төрт жасқа дейін

құлыңдай жұмса, 21 жастан кейін

құрдасыңдай қара" - деген халық

мақалы бекер айтылмаса керек.

Осы орайда мен 11-сыныптың

жетекшісі Жанзақова Рахия мен

Махашов Алашыбайдың "Балам -

бақытым" тақырыбымен өткізген ата-

аналарға арналған коучинг-сессиясы

ата-аналардың ойынан шыққан жұмыс

болды деп есептеймін.

Мұғалім тапсырмаларын орындай

бастаған коучингке қатысушылар

"Шаттық шеңбері" аясында үлкен

киіз үйдің уықтары болып иілді.

Танысу жаттығуы  бойынша бір

шаңырақтың мүшелері  өз есім-

дерінің алдына сын есім қосып айтып,

көңілді түрде әсерлерін бөлісе білді.

 "От, Су, Күн, Ай" суреттерін

таңдау арқылы 4 топқа бөлінген ата-

аналар өздеріне берілген топтық

жұмысты орындауда белсенділік

танытты.


Шара ЕРТІЛЕУОВА,

ата-ана.

Жақсықылыш кенті.



ДАРЫНДЫ ДІНИСЛАМ

Зерек оқушы қашан да қоғам мен

мектеп мақтанышы. Осындай зерек

оқушының бірі Тоқабаев Дінислам

Арал қаласындағы №14 мектеп-

лицейінің бастауыш сыныбында

оқиды. Дінислам оқу озаты болумен

қатар, мектептегі ұйымдастырылатын

түрлі іс-шараларға үзбей қатысып

отырады.Сынып жетекшісі Дина

Әділова оқушы бойындағы дарын-

дылықты тез аңғара алатындығымен

ерекшеленеді. Себебі, Дінисламның

бойындағы алғырлықты тез аңғарып,

түрлі аудандық, облыстық, респу-

бликалық сайыстарға жиі қатыс-

тырады. Соның нәтижесінде алғыр

шәкірт "ZIAT" Ғылыми-әдістемелік

орталығы ұйымдастырған

Республикалық "Зерек" атты оқушы-

лардың ғылыми жұмыстарына

қатысып, І-орын иеленеді. "Жастар

ресурстық орталығы" коммуналдық

мемлекеттік мекемесі Арал аудандық

бөлімі "Жас  ғалымдар альянсы"

қоғамдық бірлестігінің

ұйымдастырған, "Ғылым жолында"

атты ғылыми жобалар олимпиадасына

қатысып, "Экология, Валеология"

секциясы бойынша ІІ-дәрежелі

дипломмен марапатталды. Алдағы

уақытта дарынды Дінисламға толағай

табыстар, жетекшісі Дина Балабай-

қызына шығармашылық табыс

тілейміз.

Шолпан БАЛМАНОВА.

Арал қаласы.



ӘДЕБИ КЕШ

Жақында Ә.Тәжібаев атындағы

облыстық әмбебап ғылыми кітап-

ханасының балалар әдебиеті бөлімінде

"Тілім менің - тұтастығым, елдігім"

атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсат, жас оқырмандардың тіл

білуге деген ынтасын жандандырып,

тілді құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз,

тіршілігіміз, өміріміз екенін

түсіндіру. Елбасымыз Н.Ә.Назар-

баевтың "Үш тұғырлы тіл" саясатын

насихаттау.

Іс-шараға №264 мектеп лицейдің,

№7 орта мектептің 5-6 сынып, №6 есту

қабілеті нашар балаларға арналған

түзету мектеп-интернатының  және

дарынды балаларға арналған  "Мұрагер"

мектебінің 1 сынып оқушылары

белсене қатысты.  Оқушылар қазақ,

орыс, ағылшын тілдерінде  тіл, туған

жер, Отан туралы өлеңдерді жатқа

оқып, ән шырқап, би биледі. "Тіл -

алтын қазына" атты кітап көрмесі

ұйымдастырылды.

Ә.Тәжібаев атындағы

облыстық кітапхана.

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

Жақында С.Қожанов атындағы

№55 орта мектепте №86, 180, 161, 221

мектептердің біріге  атсалысуымен

"Оқушылардың білімін тиімді

бағалау" тақырыбындағы магниттік

мектептер арасындағы аудандық

семинар-практикум болып өтті.

Семинарға аудандық білім бөлімінің

әдіскерлері Н.Аширова,  Д.Айдарова,

магниттік мектептер жетекшісі

Г.Боранбаева бастаған 20 мектептің

көшбасшы және тәлім алушы

мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар  №221 мектеп мұға-

лімі Н.Садыбаеваның "Диаграмаларды

құру, редакциялау және пішімдеу",

№180, №55 мектеп мұғалімдері

А.Искендиров, Б.Зейдалиеваның "Блок-

нот және калькулятор", №86, №55

мектеп мұғалімдері Ш.Мұстафаева,

А.Жиенбаеваның "Тұсаукесерді

безендіру" тақырыптарындағы сабақ-

тарына, көшбасшы мұғалімдер

С.Әлжанов пен Э.Қарабаеваның

коучинг сабақтарына қатысты. "Жай

мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім

түсіндіреді, ұлы мұғалім шабыт-

тандырады" деп Уильям Уорд айт-

пақшы, сабақ өткен барша мұғалім

семинарға қатысушыларға  риза

болды.


Шолпан ҚАНСЕЙІТОВА,

№194 орта мектебінің

көшбасшы мұғалімі.

"МЕН ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛСІЗБІН!"

№82 орта мектепте "Қауіпсіз Интер-

нет" ақпараттық науқанына байланысты

іс-шаралар  өткізілді. Науқанның басты

мақсаты - кәмелетке толмағандардың,

ата-аналар мен мұғалімдердің назарына

интернетті тиімді пайдалану ақпаратын

жеткізу, интернет-ресурстарды пайдала-

нудың мәдениетін қалыптастыру.

Мектептегі "Ашық алаң" пікірсайыс

клубы жетекшісі А.Үргенішбаеваның

ұйымдастыруымен "Интернет пайдалы

ма, әлде қауіпті ме?"  атты  пікірсайыс

өткізілді. Интернетті жақтаушы топ

пайдасы туралы айтты. "Интернет керек,

ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің

пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет

әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпарат-

тық - коммуникациялық құралына

айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым

халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа

деген қажеттілігі туралы айтпасақ та

болады. Интернет  мүмкіндіктеріне

шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз.

Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.

Интернетті пайдалану үшін компьютерде,

ұялы телефондарда отыру керек.

Компьютерді, ұялы телефондарды  ретсіз

пайдалану  денсаулыққа зиян. Ол үшін

алдымен әр бала компьютерде жұмыс

жасап отырғанда техника қауіпсіздік

ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа

сай орындалса денсаулыққа зиян

тимейді, уақытың зая кетпейді.  Дегенмен

де интернеттің жақсылықтарымен бірге

қауіпті  жақтары да барын естен шығар-

мағанымыз жөн. ІІ-ші қарсы топ

интернеттің зияны туралы айтты. Әр күнін

компьютер алдында өткізу денсаулыққа

зиян екенін білесіздер ме? Ол адам

ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы

улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер

алдында ұзақ отырса адамның көзі,

жотасы ауырады және қимыл-қозға-

лысына, адам психологиясына да әсер

етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына

шалдығады. Интернетке жүгініп, үйреніп

кеткен бала, яғни интернет арқылы хат

алысып, сөйлесу - баланың айнала-

сындағы адамдармен бетпе - бет сөйле-

суіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен

айырылады. Компьютерден бөлінетін

ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер

етеді.


Мектеп психологы Р.Жұмағалиева

"Мен интернетке тәуелсізбін!" тақыры-

бында оқушылар мен мұғалімдердің

қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізді.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар интер-

нетте тәуелділікті жеңудің 10 жолын

құрастырды.

Сонымен бірге, интернет қауіп-

сіздігіне байланысты "Алтын қағида"

ережесін бекітіп, оқушылардың есіне

сақтауын ескертті.  "Дөңгелек үстелге"

қатысушы топтар "Ертегі айтып берейін"

бағдарламасы бойынша  қазақ ерте-

гілерінің желісімен ертегі құрастырды.

"Мақта қыз бен мысық", "Алтын балық",

"Бауырсақ" ертегілерін бүгінгі интернет

мен әлеуметтік желілерге байланыс-

тырып  орындады. Балалардың қиялының

шексіз екеніне көз жеткіздік. Оқушылар

"Біз интернетке тәуелсізбіз!" деп жоба

қорғау жұмысымен қортындылады. "Үй

жағдайындағы интернет ресурстарын

пайдалану" тақырыбында ата-аналар

үшін ата-аналар жиналысы  ұйымдас-

тырылды. Интернеттегі онлайн ойындары

балалардың сөйлеу тілін кемітіп, шығар-

машылық ой-қиялдарының жетілуіне

кедергі жасайды. Сондықтан да жасөс-

пірімдердің қолына ұялы телефонды

ұстатқаннан кейін, оны ата-аналардың,

үлкендердің қадағалауы жөн. Мәселен,

ол қандай бағдарлама орнатты, қандай

ойын ойнайды, қандай сайттарға кіретінін

қадағалап отырса, артық болмас.

Интернеттегі рұқсат етілмеген сайттар

мен ресурстарға қолжетімділігін қыс-

қарту, балаларға денсаулығы мен

дамуына ұялы телефондардың жағымсыз

әсерін үнемі айтып отыру   керек. Ұялы

телефондардың  заманауи  қоғамда

пайдалану  мәдениетін  қалыптастыру  сіз

бен біздің міндетіміз. Ата-аналар бала-

сының телефонмен әуреленіп жүріп,

сабағының нашарлап жатқанын сезбей

қалып жатыр.  Сондықтан  жақсыны

үйреніп, қажетсіз ақпараттардан аулақ

болайық, деп ата - аналарға  балаларға

бақылауды күшейту туралы тапсырма

берілді.

Сонымен бірге "Агентомания: агент-

тің пайдасы мен зияны" тақырыбында

Ж.Жақсылықова 7-8-сынып оқушы-

ларының арасында тренинг  ұйымдас-

тырса, "Әлеуметтік желілер: артықшы-

лығы мен кемшілігі" атты тренингті

Е.Өтегенов 9-11-сынып оқушыларына

өткізді. Тренинг барысында оқушылар

әлеуметтік желілердің шығу тарихы,

дүние жүзіндегі және Қазақстандағы

әлеуметтік желілер, желілік этикет

ережелері мен қолданылуы, оның пай-

дасы мен зияны туралы мағлұмат алды.

Facebook, В контакте, WhatsApp,

Instagram топтары бойынша оқушылар

берілген тапсырмаларды орындады.  5-8-

сыныптарда "Қауіпсіз интернет  бала-

ларға ерте жасынан қажет",  9-11-

сыныптарда "Интернет маған не үшін

керек?" тақырыптарында информатика

пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен

ақпараттық сағаттар өткізілді.

Гүлжахан  САҒИДУЛЛАҚЫЗЫ,

№82 орта мектеп.

Қаратерең ауылы.

Шиелі ауданында Жөлек  деген ауыл

бар.  Сол ауылда ардақты ұстаз Жәли

Меңлібековтың ұрпақтары тұрады.

 Жәли Меңлібеков 1920 жылы Шиелі

ауданының "Жаңатұрмыс" елді меке-

нінде дүниеге келген. Ақмешіт қаласын-

дағы педагогикалық училищені бітіріп,

алғашқы еңбек жолын сауатсыздықты

жоюдан бастаған ол №207 "Жаңатұрмыс"

орталау мектебінде, Қызылқайың орталау

мектебінде, №152 "Жөлек" орта мекте-

бінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен

сабақ беріп, 1980 жылы зейнеткерлікке

шыққан. Ұстаздық қызметіне орай талай

рет аудандық, облыстық республикалық

мақтау қағаздарымен марапатталған. Он

екі ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп барлығына

жоғары білім алып берген өнегелі әке

және немерелеріне қамқор болған

ардақты ата. Жәли Меңлібекұлы өзінің

еңбексүйгіштігімен өз ісін адал ниетпен

қалтықсыз атқаруының арқасында ел

құрметіне бөленген жан.

Жуырда елі үшін еңбек еткен жанның

аруағына Құран бағышталып, алғашқы

рет спорттың бірнеше түрінен еске алу

турнирі ұйымдастырылды. Шараның

ашылу салтанатында сөйлеген ауыл әкімі

Б.Сатаев, мектеп директоры Қ.Мусаев

турнирдің дәстүрге айналуына қамқор-

лық бола беретіндерін айтты.

Жарыс қорытындысында волей-

болдан І-орынды Жөлек жастары, ІІ-

орынды Балаби жастары, ІІІ-орынды

№152 мектеп командалары иемденсе,

кіші футболдан І-орынды Балаби, ІІ-

орынды Жөлек жастары, ІІІ-орынды

Жамбыл облысынан келген қонақтар

командалары жеңіп алды. Сондай-ақ,

жекелей гір тасын көтеруден І-орын

Сәруардин Әлішерге, ІІ-орын Уаддин

Русланға, ІІІ-орын Мадияр есімді

азаматтарға берілді. Турнирдің демеушісі

Меңлібековтер әулеті.



Ақкенже РЫСДӘУЛЕТОВА,

"№152 қазақ орта мектебі"

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің бастауыш

сынып мұғалімі.

“ҚЫЗ СЫНЫ-2016” БАЙҚАУЫ

Көктемнің нұрлы, шуақты күндері

барша жандарға қыстың ауыр

күндерінен кейін ерекше жеңілдік пен

жылулық сыйлай келді. Бұл күндер біз

үшін көптеген жағымды жаңалықтарға

толы болды.

Жуырда №3 мектеп интернатында

"Қыз сыны - 2016" байқауы болып өтті.

Іс-шарада көктемнің алғашқы гүліндей

құлпырған ақылына көркі сай қыздар

арасынан үздіктердің үздігі анық-

талды. Бас жүлде "Түгіскен" балалар

өнер мектебінің домбыра сыныбының

түлегі, он саусағынан өнер тамған  №3

мектеп-интернатының 7-сынып

оқушысы Нұртай Балнұрға бұйырды.

Балнұр қазақтың қара домбырасының

күмбірімен қазылар алқасын таң

қалдырып, көрермендердің ерекше

қошеметіне ие болды. Балнұр байқауда

көрсете білген ерекше өнерлері мен

салт-дәстүрді жетік білуін әкесі білікті

ұстаз - Палымбетов Ақәділ мен

"Түгіскен" балалар өнер мектебінің би

сыныбының жетекшісі, "Алтын алқа"

иегері - Қыдырова Айнұрдың берген

қазақи тәрбиесімен тікелей байла-

ныстырады. Бұл бағындырар шың-

дарының бастамасы боларына сенім

білдіре отырып, сыныбының үздігі

Балнұрды жеңісімен шын жүректен

құттықтаймыз.

Роза ЕРНАЗАРОВА.

Қымбатты  ұстаздар!



"Сыр мектебі" газетіне 2016 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу

жүргізілуде.

Жазылу бағасы: 6 айға - 1485 тенге.

Жазылу индексі - 65462.

Газетіміздің келесі саны шілде айында шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет