Қоғамдық-саяси және ақпараттық тілдік бірліктердің тіларалық берілуі
Ганивал Лаура Монголханкызы
Ganivallaura@gmail.com
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті «Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранты
Қазақстан, Астана қаласы,
Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Сәтенова С.К.
Қазіргі әлемде саяси коммуникацияның маңыздылығы артып келеді, оны дұрыс түсіндіру бірқатар әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге байланысты. Бір жағынан, саяси тілге деген қызығушылық заманауи өмірдің ерекшеліктерімен түсіндіріледі: ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келеді, жаһандану тенденциясы қарқын алуда. Қоғамдық лексика айтарлықтай мәңге ие, сондықтан да қоғамдық-саяси ақпараттың аудармасы да негізгі мәселелердің санатына жатады.
Бүгінде шетелдерде болсын, Қазақстан Республикасында болсын қоғамдық-саяси аударма ең көп талап етілетін аударма болып табылады.
."Қоғамдық-саяси ақпараттық тілдік бірліктердің тіларалық берілуі" тақырыбының өзектілігін қазіргі жағдайда қоғамдық-саяси мәтіндерді аудару, насихаттау және идеологиялық күрестің құралы ретінде әрекет ете отырып, ерекше мәнге ие болатындығымен байланыстырамыз. Қазақ және aғылшын тілді аудиторияға бағыттап жыл сайын шығарылатын қоғамдық-саяси мәтіндердің көлемі ауқымды. Мұнда қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері; халықаралық, үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың жарияланымдары; халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге, қару-жарақты шектеуге және т. б. арналған мақалалар кіреді.
Зерттеуіміздің мақсаты - қоғамдық-саяси ақпараттық лексиканың тіларалық берілуі амалдарын айқындап, сипаттау.
Зерттеу жұмысымыздың дереккөзі ретінде Qazaq TV телеарнасының ресурстары алынды. Телеарна бағдарламалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылады. Ізденісімізде қазақ және ағылшын тілдеріндегі материалдар іріктеліп, сарапталды.
Алдымен аудармада тілдік табиғатының күрделілігімен ерекшеленетін саяси метафораларға тоқталамыз. Саяси метафоралар әдетте саяси дискурста абстрактілі мағыналар мен ассоциацияларды қысқа және есте қаларлық тіркестер арқылы жеткізу үшін қолданылады. Ағылшын тіліндегі саяси метафоралардың бірнеше мысалдары:
"The ball is in your court" - бұл сөз тіркесі іс-әрекетке немесе шешім қабылдауға жауапкершілік енді басқа біреуге жүктелетінін жеткізу үшін қолданыладыs
The opposition party has made their demands, and now the ball is in the government's court to respond and take action. Оппозициялық партия өз талаптарын қойды, ендігі әрекет ету кезегі Үкіметте.
"The wheels of justice turn slowly" - бұл метафора құқықтық жүйенің баяу қарқынын білдіреді.
John has been waiting for years for justice to be served, but the wheels of justice turn slowly.
Джон әділеттіліктің жеңіске жетуін жылдар бойы күтті, бірақ Әділет дөңгелектері баяу айналады.
"A Pandora's box" - бұл метафора күтпеген және жағымсыз салдары бар жағдайды немесе оқиғаны көрсету үшін қолданылады.
The recent scandal has opened up a Pandora's box of corruption allegations. - Жақында болған жанжал Пандораның сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптау қорабын ашты.
Шығу тарихына тоқталатын болсақ, Грек мифологиясында Пандора құдайлар жасаған алғашқы әйел болды. Оған сыйлық ретінде қорап (немесе құмыра) берілді, бірақ оны ешқашан ашпау керектігін ескертті. Алайда, Пандораның қызығушылығы басым болып, оны ашып, ішінен ауру, аштық және соғыс сияқты әлемнің барлық зұлымдықтарын босатып жіберді. Содан кейін ол қорапты тез жауып, ішіндегі соңғы нәрсені - үмітті құлыптап үлгерген екен.
"Пандора қорабы" тіркесі қазір ашық болған кезде бірқатар күтпеген және жағымсыз салдарға әкелетін жағдайды сипаттау үшін метафора ретінде қолданылады. Бұл метафора грек мифінен бастау алады және тарих бойы әдебиет пен мәдениетте қолданылған. Бұл көбінесе кейбір нәрселерді өзгеріссіз немесе зерттемей қалдырған дұрыс деген идеямен байланысты, өйткені олардың салдарын болжау немесе бақылау өте қиын болуы мүмкін.
Саяси метафоралардағы бейнелеу мен бағалаудың өзара қарым-қатынасына қатысты келесі пікірге сүйенер болсақ, саяси мәтінде, пікір - пайымдауда шетел баспасөзінен енген метафоралар кездеседі, мысалы: қара пантералар; гориллалар, «жібекке оранған»; державалардың концерті және т. б. Мұндай метафоралар кей жағдайда арнайы сөздіктерде тіркеледі (Е. А. Караганов, 2015). «Қара пантералар» – бұл АҚШ-тағы леворадикалды шағын буржуазиялық негритян партиясы. «Горилла – зорлық әрекеттерін жақтаушы (әдетте жоғары қызметтегі әскери адам туралы)». Мәтіндерден мысал келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: |