Оқылым алды тапсырма Тақырыпты оқу талдау Топтық жұмыс



Дата26.10.2022
өлшемі25,58 Kb.
#45427
Байланысты:
Оқылым алды тапсырма


Оқылым алды тапсырма Тақырыпты оқу талдау
Топтық жұмыс
Шығармашылық қиялдың нақтылы өмір фактілеріне сәйкес келе бермейтін, бірақ ақыл мен интуицияның көрсетуімен ашатын өз шындығы болады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әр түрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид, т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбегінде санамаланып көрсетілген осы мәселелер Ш. Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романында ерекше көркемдік таныммен таразыланған. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.
«Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни жазушы бұл романында да «тексіздіктің қандай апат әкелетінін» бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы — бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім — табиғат замына қиянат жасамау
ЖЖ. Кестеде берілген ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Публицистикалық стильдің қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны)

жұртшылықты белгілі іске жұмылдыру, белгілі бір мақсатқа үндеу, иландыру; сондай-ақ белгілі бір құбылысқа оң не теріс баға беріп, қоғамдық пікір туғызу.

Стильдік сипаты

газетте, саяси-қоғамдық журналдарда (жазбаша түрі), ал жиналыстар мен митингілерде, радио-теледидар хабарларында (ауызша түрі).

Қарым-қатынас мақсаты

үндеу, жұршылықты иландыру, үгіттік-насихаттық мәнінде жұмсалады.

Жұптық бағалау.
ЖЖ. Оқылым тапсырмасы
«Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әртүрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид т.б. ұ
ғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.
«Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни, жазушы бұл романында да «тексіздіктің қандай апат әкелетінін» бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы — бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім — табиғат заңына қиянат жасамау..
Жазушы «Кассандра таңбасы» романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш.Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілерімен қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқаратын рөлі жоғары. (202 сөз)
ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма
Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін мәтіннен табу, сол арқылы жанрын анықтау.
а) лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер және бағалауыш лексика: шығармашылық кемеңгерлік, көркемдік шешім т.б.
– жалпы саяси лексика, халықаралық терминдер, күрделі тіркестер:жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид т.б.
– тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен перифразалар:Кассандра таңбасы, ойға келсе де, ақылға сыймастай т.б.
ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер: ХХІ ғасыр, ғалым кейіпкер т.б.
б) синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз қайталаулар:табиғаттың тепе-теңдігіне, үйлесіміне т.б.
Дескрипторлар:
-публицистикалық стильдің сипатын естеріне түсіреді;
-оқылым мәтінін детальді түрде оқиды;
оқылым мәтіні арқылы тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;
үзіндінің жанрын анықтайды.
Өзара бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет