Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары



бет1/3
Дата18.11.2023
өлшемі32,26 Kb.
#124385
  1   2   3

Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары
1.Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері

1. Оқу формасы түсінігі. Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді білдіреді. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаты, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына жəне т.б. элементтеріне тəуелді.


Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс,
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасуын айтамыз. Оқудың топтық формасында оқушылар топтарда оқиды, тəрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасында мұғалім бір мезетте барша оқушылармен бірқалыпты оқу жұмыстарын ұйымдастрады. Оқудың ұжымдық формасының фронталь оқу формасынан өзгешелігі сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, ұжым ретінде еңбек етеді. Жұптасып оқуда оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады. Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетілуі. Оқу формалары қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке–дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жекедара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда.
Репетиторлық - оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен айналысады.
Ментор немесе ұстаз - оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді.
Тьютор - оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды. Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты-топтық оқыту формасымен ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын жүргізеді, бірақ дəріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды. Мұғалім дайындығы əр деңгейлі, əр жастағы 10-15 баламен шұғылданады.
Даралықты-топтық оқу көрінісі ретінде шалғай ауылдардағы ШКМ айтуға болады.
Оқудың сынып-сабақтық жүйесі теориялық негіздемесін XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” кітабында тапты. Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында – дəрісте өткізілуінен.
Сабақ теориясына елеулі үлес қосқан белгілі орыс педагогі К.Д. Ушинский болды. Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан өзінің негізгі белгілерімен əлі күнге дейін сақталуда. Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына қолданылғандай оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын ұлғайту жəне оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.
Сынып-сабақтық жүйені реформалаудың алғашқы қадамын XVIІІ ғ. аяғында- XIХ ғ. басында ағылшын священнигі А. Белл мен мұғалімі Дж. Ланкастер жасады. Жаңа жүйе өзара оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен Англияда бірдей уақытта тəжірибеге енді. Бұл жүйенің мəні-ересек оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нəтижеде аз оқытушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды.
Бірақ оқу сапасы ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл-ланкастерлік оқу жүйесі кең өрістей алмады.
ХІХ ғ. ақырында АҚШ-та батав жүйесі, ал Батыс Европада мангейм жүйесі аталған таңдамалы оқу формалары пайда болды. Біріншісінің мəні-мұғалім уақыты екі бөліктен тұрады: алғашқысы бүкіл сыныпен ұжымдық оқу ісіне арналады да, ал екінші бөлімінде қажетсінген оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Мангейм (Европада) қаласында қолданылған мангейм оқу формасы негізінен сынып сабақтық оқу талаптарын сақтай отырып, оқушылардың қабілеттеріне, ақыл-парасат даму деңгейі мен дайындық дəрежесіне қарай əртүрлі сыныпқа бөліп отыруды көздеді. Оқу жүктемесі мен оқу əдістерін балалардың нақты қабілеттері мен мүмкіндіктеріне орайластыру принципін сақтай отырып, бұл жүйенің негізін қалаушы Й. Зиккингер төрт типті сынып оқуын ұсынды;
аса дарындылар үшін,
орташа қабілетті балаларға арналған сыныптар,
қабілеті төмен балалар сыныбы
ақылы кем оқушыларға арналған көмекші сыныптар. Мұндай сыныптарға балаларды іріктеу психометриялық барлау, мұғалімдер мінездемелері мен емтихандар негізінде жүргізілді. Й. Зиккингердің пайымдауынша , мұндай оқуларға тартылған шəкірттер дамуына орай сыныптан сыныпқа ауысып отыруына мүмкін еді, алайда бұлай болмай шықты, себебі оқу бағдарламаларындағы шектен тыс алшақтық бұған жол бермеді.
1905 ж. Дальтон (АҚШ) қаласында алғашқы рет Елена Праксхерт дальтон-план аталған жекеленген оқу жүйесін қалыптастырды. Бұл жүйе педагогикада көбіне зертханалық немесе шеберханалық оқу жүйесі деп те аталады. Жүйенің алға қойған мақсаты-оқушыға өзіне тиімді шапшаңдық жəне қарқынмен оқып, өз қабілетіне орай білім игеруге мүмкіндік беру. Оқушылар əр пəнге байланысты жылдық тапсырмаларын алу мен белгіленген мерзімде олар бойынша есеп беріп отырды. Жұмыс тəжірибесі көрсеткендей, оқушылардың көбінің мұғалім жəрдемінсіз дербес білім игеруге шамасы жетпейтіні белгілі болды. Сонымен дальтон –план педагогикалық іс-тəжірибеде кең өріс жая алмады.
1920-жылдары дальтон-план ғалымдар мен мектеп қызметкерлері тарапынан қатаң сынға кезікті. Дегенмен, сол уақыттың өзінде ол ССРО-да пайда болған оқудың бригадалық- зертхана формасы алынып, қатаң құрылымды сабақты ығыстырды. Бригадалық – зертхана оқуының дальтон-планнан ерекшелігі – бүкіл сыныптың ұжымдық жұмысы бригадалы топ оқу ісі мен əр оқушының жеке оқуы арасындағы байланысқа негізделді. Жалпы дəрістерде оқу жұмыстары жоспарланды, тапсырмалар талқыланды, мұғалім қиын сұрақтарды түсіндірді жəне көпшілік оқу іс-əрекетін қорытындылады. Бригада тапсырмасын белгілей отырып, мұғалім оның орындалу уақытын көрсетті, əр оқушының міндетті оқу тапсырмасын анықтап, қажет болса, əрбір оқушының шамасын байқап, оған бөлінген тапсырмаларға даралықты сипат беріп отырды.
Қорытынды конференцияларда бригадаға жетекші оқушы жұмысты орындауға қатысқан белсенділер атынан есеп береді, ал қалған оқушылар тек қатысып қана отырды. Барлық бригада мүшелеріне бірдей баға қойылды.
Əмбебап оқу жүйесі ретінде қабылданған бригадалы-зертхана оқуына тəн сипаттар:
мұғалімнің жетекші ролі мойындалмады,
Шəкірттердің үлгерімі күрт төмендеді,
білім игеруде жүйелілік болмай, жалпы білімдік маңызды ептіліктер қаланудан қалды. 1932 жылы бұл жүйе бойынша оқу мүлде тоқтады.
1920 жылдар кеңестік мектеп тəжірибесінде жобалап оқыту жүйесі (жобалау əдісі) қолданыла бастады. Орта Азия жəне Қазақстан аймағында бұл жүйе төте оқу атамасымен қабылданды. Жүйе авторы американдық мектеп мұғалімі - У. Килпатрик. Бұл педагогтың ойынша, мектеп бағдарламасының негізіне баланың өмір барысында топтаған, нақты дүниемен байланысты тəжірибелік ісəрекеттері жəне оның ұмтылыс, қызығулары арқау болуы шарт. Алайда, бұл əдіске əсіре əмбебап сипат беру жəне оқу пəндерін жүйелестіріп меңгеруден бас тарту балалардың жалпы білімдік дайындығына орасан нұқсан келтіріп, үлгерімді өте төмендетіп жіберді. Жүйе сонымен түгелдей дағдарысқа ұшырап, келмеске кетті.
1960 жылдары американдық педагогика профессоры Л.Трамп ізденісіне байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу жүйесі үлкен маңызға ие болды. Оқуды ұйымдастырудың бұл формасында үлкен дəрісханалардағы (100-150 адам) оқуды 10-15 адамдық шағын топтар мен жеке оқушылар жұмыстарын байланыстыра жүргізу көзделді. Əрқилы техникалық жабдықтармен өтілетін жалпы дəрісбаяндарға оқу уақытының 40%, дəрісбаяндарды талқылау жəне кей бөлімдерді тереңдей меңгеру мен ептілік жəне дағдылар қалыптастыру семинарларына 20% бөлініп, ал қалған уақытты (40%) оқушылар мұғалім не жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне пайдаланды.
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): оқушы белгілі уақыт (бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді игерумен ғана айналысады. Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған. Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша. Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тəжірибесінің аса құндылықты жемісі.

3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.


Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Əр сабақ негізгі құрылымы – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:

  1. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:

- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
2. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет