Ізденіс бастаулары



бет1/12
Дата27.02.2023
өлшемі108,24 Kb.
#70191
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

КІРІСПЕ
1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС БАСТАУЛАРЫ
1.1 Б. Аманшиннің шығармашылық ғұмырнамасы
1.2 Б. Аманшин лирикасының тақырыптық арналары
1.3 Б. Аманшин поэмаларының тарихи, сюжеттік негіздері
2 Б. АМАНШИН ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ СИПАТ
2.1 Әңгіме.повестеріндегі көркемдік ізденістер
2.2 Әдеби.сыни зерттеулеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері
2.3 Махамбеттанудағы жаңашыл бағыт.бағдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Туған әдебиетіміздің ең бір өркен жайған алтын ғасыры – ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап, қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қоса білген, шығармашылық мұрасы мол әрі сан салалы қаламгерлік тұлғаның бірі – Берқайыр Аманшин. Ол төл әдебиетімізге түрлі жанрдағы еңбектері арқылы өз мүмкіндігін толығымен танытып, талант дарынын жан-жақты аша алды. Ақындық арқылы поэзия әлеміне із тастаса, проза арқылы көркем сөзде өз орнын айқындай алды. Оның аударма арқылы түрлі ұлттар арасындағы әдеби байланысты бекіте түсуі де үлгі аларлық шығармашылық ұмтылыс деп білеміз
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Б. Аманшин – «Өмірдің өзіндей баяу ағысымен реализмнің толымды жолын қарастыруды» құп көрген қаламгер. Ол өзіндік іздену өрісін байытып, қазақ әдебиетінің жаңа өмір ағысын шыншылдықпен көрсетуді байыта білген шығармашылық тұлға.
Берқайыр Аманшин ақын ретінде өзі өмір сүрген кезеңдегі тіршілік тынысын, елдің өткен жолын, соғыс кезіндегі патриотизмнің үлгісін көрсете білген үлкен жүректі адамдардың қаһармандық ерлігін, қарапайым адамның Отанға деген адалдығын, туған жердің табиғатын көркемдікпен суреттеп, ақындық шабытпен жырлай білді.
Жалпы алғанда, Б. Аманшин қаламынан қазақ әдебиетінің қорына қосылар мол дүние қалды. Қаламгердің әдеби мұрасында оның суреткерлік қолтаңбасының белгісін, жазушылық дарыны мен көркемдік танымын танытатын біршама жақсы туындылар бар .
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты –Б.Аманшин әдеби мұрасының жалпы әдеби үдерістегі алатын орнын, қаламгердің идеялық-эстетикалық ізденістерін, өзіне тән шығармашылық болмысын, әдеби-сыни еңбектерінің әдебиеттану ғылымындағы үлес салмағын таразылау. Осы мақсатқа орай алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
- Б. Аманшиннің шығармашылық ғұмырнамасын жүйелей отыра жалпы көркем шығармашылықтағы ізденіс жолын саралау;

  • Б. Аманшин лирикасының сыршылдық табиғатын танып, кезең шындығын жырлаған өлеңдеріндегі ой-танымның мән-мағынасын ашу;

  • Б. Аманшин поэмаларының жанрлық ерекшеліктерін, саяси-қоғамдық, тарихи-тақырыптық, идеялық-эстетикалық құндылықтарын айқындау;

  • Б. Аманшиннің әңгіме-хикаяттарындағы көркемдік ізденістер мен өмір шындығын бейнелеудегі өзіндік шығармашылық болмысын анықтау;

  • «Махамбеттің тағдыры» романындағы тарихи шындық пен көркемдік шындық сабақтастығын саралау;

  • Б. Аманшиннің сыни еңбектерінің 50-80-жылдардағы сын жанрының дамуына қосқан үлесін, кейбір жекеленген шығармашылық тұлғалардың
    (Ш. Жарылғасұлы, Ы. Шөреков, т.б.) қазақ әдебиетіндегі орнын айқындаудағы ізденістерінің мән-маңызын зерделеу;

  • Б. Аманшиннің Махамбет шығармашылығына қатысты өзіндік ғылыми ұстанымдарын нақтылау және махамбеттанудағы зерттеуші ізденістерінің басты бағыттары мен желілі арналарын жүйелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет