Оқытудың әдістерінің классификациясын жасау Тексерген: Алиева Ж. Н мазмұны Оқыту әдістері мен тәсілдері



бет1/6
Дата18.11.2023
өлшемі15,79 Mb.
#124522
  1   2   3   4   5   6

Оқытудың әдістерінің классификациясын жасау
Тексерген: Алиева Ж.Н
Мазмұны
1. Оқыту әдістері мен тәсілдері
2. Оқыту әдістерінің жіктеу мәселесі
3.Танымдық іс-әрекет әдісінің классификациясы
4.Ю.К Бабанский классификациясы
5. Көрнектілік әдістемесі
6. Проблемалық баяндау әдісі
7.Оқытудың практикалық әдістемесі
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің оншақты классификациясы бар. Білім көзін жалпы белгі ретінде алып оқыту әдістерінің классификациясы жасалған. Бұрыннан келе жатқан басты көздердің саны үшеу болды: практика, көрнекілік, сөз. Мәдениет прогресінің барысында оған тағы біреу – кітап қосылды, ал соңғы жылдары қағазсыз ақпарат көзі – жаңа компьютер жүйелерімен қоса видео қосылды. Бұл классификацияда бес жалпы әдіс бөлінеді: практикалық, көрнекілік, сөздік, кітаппен жұмыс, видеоәдіс. Бұлардың әрбіреуі әр түрлі модификацияда (түрін өзгерте алады) бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет