Тақырыбы:
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары
Мақсаты:
А) Шылау туралы түсініктерін нығайту, қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылауларының
қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.
Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
Б) Оқушыларды ізденімпаздыққа , ӛз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Түрі:
жаңа білім беру
Көрнекілік :
үлестірме карточкалар, слайдтар
Әдістері:
топтастыру, Венн диаграммасы,
Пәнаралық байланыс:
дүниетану
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Сабаққа назарларын аудару
ІІ Өткен сабақты пысықтау
30-жаттығуды оқытып тексеру (Ребусты шеш. Шыққан сӛзге әңгіме құрап жаз)
-Біз қандай сӛз табымен танысып жатырмыз?
-Шылау дегеніміз не?
(Шылау. Шылауға топтастыру стратегиясын құру)
Сұраққа жауап
бермейді
Ӛз алдына толық ШЫЛАУ Сӛзден бӛлек жазылады
мағынасы жоқ
Сӛзбен сӛзді Ӛзі тірк.сӛзге қосымша Біріңғай сӛздермен қайталанып келсе,
байланыстырады мағына береді үтір қойылады
-Біз қандай шылауларды білеміз?
-Олардың бір-бірінен қандай ӛзгешелігі бар?
ІІІ Жаңа сабақ
31-жаттығу. 1.Сӛйлемді оқы.
(ауызша) 2. Шылауларды тап. Бұрын танысқан шылаулардан ӛзгешелігі бар ма?
Шылаулар туралы түсінігін меңгерту,ереже қорытып шығару.
шектеу мағынасын
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ
шылаулары өтіну мағынасын
даралау мағынасын
Қой, (ғой) шылауы өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады.
Мысалы: Дүкеннен нан алып келе ғой.
-ақ шылауы өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазылады.
Мысалы: Сенің мұның дұрыс-ақ.
Оқулықпен жұмыс:
32-жаттығу. Кӛп нүктенің орнына
тиісті шылауларды қойып, сӛйлемдерді
кӛшіріп
(жазбаша) жаз.
Шығармашылық жұмыс
33-жаттығу. 1. Ребусты шеш.
2. Шешуінен шыққан сӛзді шылау ретінде пайдаланып сӛйлем құра.
Ой қозғау.
34-жаттығу. Шылауларды ӛзара салыстыр. Әрқайсысының ерекшелігін анықта.
Мен, бен, пен, және Сӛз бен сӛзді байланыстырады
Да, де, та, те Күшейту, анықтау мағынасын береді
Ма, ме, ба, бе, па, пе Сұраулық мағына береді
Үшін, туралы, дейін Үстеме мағына береді
Қой, ғой, қана, ғана, -ақ Ӛтіну, шектеу, даралау мағынасын береді
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгейлік тапсырма.
Тӛмендегі сӛйлемдерді жаз, шылауларды тауып.тыныс белгілеріне назар аудар.
1.Ыстықта мал да жайыла алмады.
2.Ауылға барғанда суға түстің бе?
3.Жандосқа бұл жӛнінде айтылды ма?
ІІ деңгейлік тапсырма.
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылауларын қатыстырып сӛйлем құрап жаз.
ІІІ деңгейлік тапсырма.
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары бар жұмбақ ойла.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Ой ашар
35-жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Шылауларды тауып, мағынасын түсіндір.
Сөздік жұмысы
.
Морс
- жидек шырынынан жасалған сусын.
Өзіндік жұмыс
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
Сӛйлемнен шылауды тап. Мағынасын анықта
1. Айнұр, мені кӛп күттің бе?
2. Әсел бүгін қалаға бара ма?
3.Асқардың әкесі телевизор әкеліп пе?
4. Оның әкесі дәрігер ғой.
5. Тек бір кітап қана алды.
6. Айманның жалғыз-ақ арманы бар.
7.Әлия мен Бану қалаға кетті.
8. Әпкем қалам, қарындаш және дәптер әкелді.
9. Кітапта ӛлең де, ертегі де бар екен.
10. Мен ана туралы кӛркем сӛз жаттадым.
11. Арманыңа жету үшін кӛп оқу, іздену керек.
12. Пойыз Астанаға дейін екі-үш күн жүреді.
13. Самат кешке шейін мектепте болды.
14. Асхат та, Марат та бір үйді балалары.
15. Кітапханада қызықты кітаптар кӛп-ақ екен.
ІV Сабақты бекіту
Кестені толтыр. Сӛз таптарын салыстыр.
Сан есім
Етістік
Зат есім
Шылау
................
................
................
...............
...............
...............
.............
.............
.............
................
................
................
Венн диаграммасы
Ұқсастығы
Үшін, туралы, дейін Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ
шылаулары шылаулары
V Қорытынды
Үйге тапсырма. 36-жаттығу, ереже.
Бағалау.