І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы.
Тақырып 2. Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі.
Дәрістің жоспары:
Алғашқы Стюарттар кезіндегі дағдарыстар. Пуританизм.
Ағылшын революциясының басталуы. Пресвитериандар және индепенденттер. Азамат соғыстары.
Индепенденттік республика.
Конституциялық-монархиялық жүйенің нығаюы.
Өнеркәсіп төңкерісі.
Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
Гизо Ф. Английская революция.- Ростов-на-Дону, 1996. Т. 1-2.
Барг М.А. Великая английская революция в портретах ее деятелей. - М., 1991.
Лабутина Т.Л. Политическая борьба в Англии в период реставрации Стюартов: 1660-1681. - М., 1982.
Лабутина Т.Л. У истоков современной демократии. Политическая мысль английского Просвещения (1689-1714). - М., 1994.
Лавровский В.М. Исследования по аграрной истории Англии XVІІІ-XІX вв. -М., 1966.
Пуритандар («пуритан» латынның — «purus» – таза сөзінен) діннің негізі әркімнің жеке сенімінде екендігін жариялады, демек, олар сол кезге дейін адам мен Құдай арасында тұрған дін құрметкерлерінің қасиетті монополиясын жоққа шығарды. Ақсүйектердің, дворяндардың және ағылшын шіркеуінің қатар билік құрудағы саяси күреске ену бағдары тұсында, пуритандық бағытты ұстаушылар бір-біріне қарама-қарсы индепенденттік және пресвитериандық топтарға бөлініп кетеді. Пресвитериандық топтағылар (пресвитер-ақсақал) сауда-өнеркәсіпшіл тұрғындар арасында кеңінен тараған шіркеу билігін король емес, священник- пресвитерлер жүргізуі тиіс делінген көзқарасты ұстанады.Индепенденттер (индепендент-тәуелсіз) рухани әлемнен толық сенім бостандығы мен жеке қарым-қатынас іздеді. Оларды кальвиндік-пуритандық доктрина өзінің тар өмір тәртібі мен қатал догматикасымен және ежелгі иудей заңдарына жақындығымен қанағаттандырмады.
1639 жылы ағылшындар мен шотландтықтар арасында соғыс басталады. Англияның солтүстіктегі көршісі мемлекет пен шіркеудегі жаңаша абсолюттік билеу тәсілдерінің тәртібіне бағынуды қаламады. Шотландттықтар әскері шекараларды бұза, ағылшын бекіністерін басып алды. Осы сәтте әбіржіген І Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Алғашқы маусымда аяқ-асты шақырылған парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-ші мамырына дейін, екі апта ғана жұмыс істеп, корольге жаңа салықтар салуға рұқсат бермей, қайта таратылды. Ол тарихта Қысқа парламент деген атпен қалды. отландтықтармен болған созылмалы және кең құлаштана алмаған соғыстың жаңа жағдайлары, корольді 1640 жылдың 3-қарашасында тағы да парламент шақырылымын ұйымдастыруға мәжбүрлейді. Тарихта Ұзақ парламент аталған бұл шақырылымға жиналыс, Ағылшын революциясы басталынуына сілтеме болды. Буржуазиялық-дворяндық оппозициядағы парламент мүшелерінің саяси-экономикалық және діни талаптарын көрсететін бағдарламасы екі құжатта «Түбірі мен бұтақтар туралы петицияда» (1640 жылдың желтоқсанындағы) және «Ұлы ремонстрацияда» (1641 жылдың желтоқсанындағы) көрініс табады. Қалалық ұсақ буржуазия ортасында 1646-1647 жылдары левеллерлердің (теңестірушлердің) саяси партиясы қалыптасады. Левеллер ұстанымының идеялық негізі табиғи құқық, халықтық егеменділік, қоғамдық келісім доктриналары, король тиранды тақтан құлату болды. 1647 жылдың маусым айында Кромвельдің бұйрығымен корнет Джойс бастаған 500 атты әскер корольді ұстап алып, оны Норсемптонширдегі Хломби бекінісінен Әскердің бас-пәтері Ньюмаркетке әкеледі. Ал 2-желтоқсанда әскер Лондонды басып алып, Уайтхолдағы король сарайында әскери билік орнатқаннан кейін, 6- желтоқсанда парламентте атақты Прайд тазалығын жүргізе бастайды. Бұл тазалық әрекеті, полковник Прайдтың тәңертеңгісін жасақтарымен есік алдына тұрып алып, корольмен ымыраға келгіш пресвитериандарды парламент мәжілісіне жібермеуі болатын. Артынша, король Карл Стюарт қылмыстарын қарауға жоғарғы әділдік соты құрылды. 1649 жылдың 4-қаңтарында қауымдар палатасы халықты әділ билік көзі, ал өздерін — елдің жоғарғы жетекшілік ету органы деп жариялады. Сөйтіп, Англияда Республикалық құрылым пайда болады. 1653 жылдың желтоқсан айында Англияда жаңа Конституция — “Басқару құралы” қабылданды. Оған сәйкес, О.Кромвельге Англия, Ирландия және Шотландияның өмірлік лорд-протектор лауазымы беріледі де, ол 3 жылда бір рет сайлананатын 400 адамдық парламентке иелік ететін болады.
1658 жылдың 3-қыркүйегінде Кромвель қайтыс болды да, билікті оның ұлы Ричард иеленеді, бірақ жаңа билік иесі де елдегі жағдайды түзете алмады. 1659 жылдың көктемінде билікке Ұзақ парламенттің республикандық “қулары” оралады. Англияда Екінші Республика орнайды.
1660 жылдың 26-мамырында жиналған Конвент ІІ Карл заңды монарх ретінде жариялайды. Осылайша Англияда тағыда абсолютті монархия орнайды. 1685 жылы ІІ Карл қайтыс болғаннан соң, тақты оның інісі католик ІІ Яков иеленген кезде, ІІ Карлдың заңсыз некесінен туылған ұлы герцог Монмаут бастаған көтеріліс бұрқ ете түседі. Католиктік Франция үкіметінен жәрдемақы алып тұратын (құпия түрде) ІІ Яков, Англияда католик діні ықпалын күшейтуге қадам жасай бастайды. Король саясатына жаппай наразылық орын алды да, 1688 жылдың маусым айында оппозиция көсемдері ІІ Яковтың қызы Марияның күйеуі Вильгельм Оранскийді (нидерланд үкіметінің басшысы) Англияға жасағымен келіп, ағылшындарды «протестанттық еркіндікті» қалпына келтіруге шақырады. 5-ші қарашада Вильгельм Оранский 15 мыңдық әскерімен ағылшын жеріне қадам басады. ІІ Яков жабдықтаған әскер өздерінің командирлерімен қоса қарсы жаққа өтіп кетеді. Ол 1689 жылдың қаңтарында ағылшын королі болып жарияланады. Осылайша «даңқты революция» деген атқа ие болған қан төгіссіз мемлекеттік төңкеріс жүзеге асады. Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты «құқықтар туралы билль» заңы болды. Англия конституциялық монархияға айналды. Король вето құқығынан айырылып, елді парламентпен бірге басқаруға тиіс болды. Парламенттің шешімінсіз король салық жинауға, әскер ұстауға дін ісіне араласуға құқықты болмады. Елде реставрация жылдарында-ақ пайда болған және қалыптасуы ұзаққа созылған екі партиялық жүйе орнады. Вигилердің (буржуазиялық-дворяндар) және торилардың (консерватор-жер иеленушілер) партиясы алма-кезек үкімет билігіне келіп отырды.
Жалпы 1688 жылғы төңкеріс, бүтіндей жер иеленуші ақсүйектер мен іріленіп келе жатқан ірі буржуазия арасындағы компромиссті, өзара келісімге келудің сипатын көрсетті. Халық бұқарасы бұрынғысынша саяси өмірге араластырылмады. Осыдан бастап ағылшын тарихына тән сипат кәсіпкерліктің дамуы, капиталдың алғашқы қорлануының өсуі және мануфактуралардың өркендеуі ыңғайлы бағыттарда дами бастады. Елде жерден шаруаларды қудалау шаралары тоқталып, аграрлық төңкеріс аяқталды. Сыртқы саясатта үкімет отарларды игерумен айналысты және теңіздегі үстемдікке жету үшін табысты күрес жүргізді.
XVІІІ ғасыр өнеркәсіпте де біршама өзгерістердің жүзеге асуына ыңғайлы болады. Ұсақ тауар өндірісі біртіндеп мануфактуралануға жол береді де, оның даму талаптары XІX ғасырдағы бүкіл ағылшын өнеркәсібін қайта құрған механика саласындағы өнертапқыштықтың кең қадам жасауына мүмкіндік тудырды. Өнеркәсіптің дамуымен жаңа қалалар - Манчестер, Бирмингем қалалары бой көтере, жолдар мен көліктер қатынасы қозғалысқа келе бастайды. Бұл жаңашылдықтар — өнеркәсіп пролетариаты тобының қалыптасуына алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |