«Ойынға салауатты көзқарас»



Дата24.09.2024
өлшемі172,35 Kb.
#145456
Байланысты:
Ойынға салауатты көзқарас


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Алматы қаласы Білім басқармасының
Алматы электромеханика колледжі
Бекітемін
Басшының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
______________Амирова Л.Е.
« _24_» __09___ 2024 жыл
«Ойынға салауатты көзқарас»
Лудомания туралы бейнефильм көру
тәрбие сағаты




Тобы : ЭО-110


Топ жетекшісі: Сембиева Г.Б.

2024-2025 оқу жылы


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ойынға салауатты көзқарас»
Лудомания туралы бейнефильм көру
Мақсаты:
1. Балаларға ұлттык ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.
2. Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір- біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық ойындардың суреттері, арқан, белбеу, орамал, сақина, қоржын.
Әдісі: түсіндіру. әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.
Өтілу барысы:
I.Ұймдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке» балалардың бір-біріне деген мейірімді, жылы сөздерін және тілектерін айту.
Шаттық шеңбері:
Армысың ару күн!
Армысың көк аспан!
Ашық аспан астында,
Біз бақытты баламыз,
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Біз қазақтың үлттық ойындарын ойнаймыз. «Менің сүйікті ойындарым»
II. Негізгі кезең.
1. Сұрақ- жауап
- Балалар, ойнағанды жақсы көресіңдер ғой?(жақсы көреміз)
-Қандай ойындарды білесіндер? (сақина салу, асық және т.б. ойындар)
-Кім қандай ойынды жақсы көреді? (футбол, қуып жет)
-Кім қандай қазақтың ойындарын біледі? (асық, белбеу тастау)
2. Көрніс: Тазша бала келе жатыр. Ол біз ойнайтын ойындарымызға керек заттарды алып келе жатыр.
3. Ойындарды ойнату:
-Ойын: «Сақина салу» (Ақшамшық).
Ойынға бірнеше адам қатысып, ортаға бір баланы немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша барлығы
өңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне кабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлығының алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді немесе сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Біз ойнап жатқан ойын қалай аталады? \ сақина салу немесе ақшамшық, кейбір кітаптарда «ақшамшық» деп те жазылып жүр - ұлттық ойынныцң бір түрі\
Ұлт ойындары атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған ба? \Иә, осылайша бізге ата-бабамыздан мұра боп қалған құндылық\
Ұлттық ойындардың қандай пайдасын білесің? \Ойын тек адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп өана қоймай, адамның ақыл- ойыныц толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді\
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесің бе?
Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға.
байланысты , малға байланысты,заттармен ойналатын спорттық- күш сынасу, , шымыр болуға бағытталған және ептілікті, байқағыштықты, алғырлықты, ой жүйріктілігін жетілдіретін ойын түрлері өте көптеп саналады.
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ата? Асық ойындары, ат ойындары- «Көкпар», «Бәйге» т.б, «Жұмбақ жасыру» , «Санамақ», «Айгөлек», «Қапшықпен секіру», «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Алақан соқпақ» «Дауыста атыңды айтам!», және тағы да өте көп.
Ойын: «Соқыр теке»
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ - бақ
Мені ізден тап - тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы (баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» рөлін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.
- Ойын: «Санамақ»
Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: Жаңылмай «А»- дан басталатын 10 қыздың немесе 10 ұлдың атын атауы керек.
-Ойын «Арқан тартыспақ»
-Тазша бала балалармен қоштасып, ертегілср еліне қайтады.
-Жаттығу
III. Қорытындылау:
Бейнефильм көрсету: https://yandex.kz/video/search?text=лудомания+дегеніміз+не&from=tabbar
Бүгін біз қандай ойындар ойнадық? \«Сақина салу», «Соқыр теке», «Санамақ», «Арқан тартыспақ» барлығы қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақ сендерге сабақ ұнады ма?
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет