Қолданылған кітап: З.Қабдолов''СӨЗ ӨНЕРІ ''
“Санат ”Алматы 2007ж
“Әдебиеттануға кіріспе” Жанұзақова Қ.Т
Алматы 2013ж
Әдебиет саласына кіріспе Әдебиеттану-әлемдік әдебиеттің дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттей отыра,көркем шығарманың табиғаты мен болмысын қарастыратын маңызды ғылым саласы.Әдебиет тану ғылымының негізгі 3-ішкі саласы бар.Олар:әдебиет тарихы,әдебиет теориясы,әдебиет сыны. Әдебиет тарихы-аты айтып тұрғандай,әдебиеттің адам баласына қалай жеткенін,қалыптасып,пайда болған тарихын зерттейді.Әдебиет тарихы әдебиеттің шығу тегін,даму үдерісін және жасушылардың шығармашылығын қарастырады.
Әдебиет теориясы-көркем әдеиеттің табиғатын,оның заңдылықтарын,сондай-ақ ерекшеліктерін зерттейтін әдебиеттану ғылымының күрделі әрі негізгі саласы.Әдебиет теориясына қатысты алғашқы эстетикалық тұжырымдар біздің заманымыздан бұрын көне заманнан жалғасады.Көне Шығыс өркениетінен,кейіннен антика эстетикасынан бастау алып,әдебиеттің дамуында тәжірибесін түсіндіруге байланысты әдебиет теориясының маңызы қалыптасты.
Әдебиет сыны-көркем шығарманы талдай отыра,оның орнын анықтайтын,ақын-жазушыларға бағыт беретін әдеби-публицтикалық,ғылыми –эстетикалық шығарманың бір түрі.Әдеби сын әдебиет тарихы мен теориясы жеткенжетістіктерге сүйенеді.Әдебиет сынды шығармаларды сынап,мінеу деп,бір жақты қабылдайтын түсінікте кездесіп жатады.Ал Пушкиннің сөзімен айтар болсақ, «Сын-өнер мен әдебиеттің туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым».Әдебиет сыны әдеби даму үрдісіне етене араласып,үн қоса отыра,әдеби туындыны терең талдауды мақсат тұтады.Оның құндылығы мен маңызын анықтайды.
Әдебиеттің жанама-Тексталогия,Тарихнама,Библиографиятүрлері бар.
Тексталогия-әдеби шығармалардың мәтінін зерттеу болып табылады.Оның негізгі мақсаты-шығарма мәтінінің тарихын,жазылған уақыты мен қай авторға тиесілі екенін анықтау.Қазақ әдебиеттануында кейіннен дамыған сала.Тексталогия терминін алғаш рет В.В.Томашевский қолданды.Тексталогия мәселелерін анықтауға үлес қосты.
Тарихнама-жек алғанда,бір елдің жалпы алғанда,бүкіл әлемнің адам баласынын әдебиет тарихын зерттейді.
Библиография-әдебиет саласында көркем шығармаға деректер жинап,шолу жасау.
Көркем әдебиеттің тағы бір саласы-сөз өнері.Сөз өнері жалпы мағынасында жай әдебиет қана емес,көркем әдебиет деп санайды.Әдебиеттің танымдық мәні де,тәрбие саласындағы мәні де,сөз өнерінің эстетикалық маңызына өнер туындысының көркемдік құнына сәйкес келеді.Сонымен сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі,әрі іргелі саласы.