Олжас Сүлейменов


Кітапханашы: «Шығыстың шоқжұлдызы» өмірбаяны



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі43,23 Kb.
#13925
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шоқан Уалиханов сценарий 2020

Кітапханашы: «Шығыстың шоқжұлдызы» өмірбаяны.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия)- қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.

1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет- Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қаоыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті.

Жан-жақты тәрбие алуға мүмкіндік беретін әулетті жанұяда дүниеге келген Шоқанды сурет салуға үйреткен алғашқы үұстазы –әкесі Шыңғыс халқымыздың мұрасын шынайы жанашырлықпен мұқият зерттеп отырған. Шоқан жеті жасында әкесінің жинаған жырларын қағазға көшіруге араласып, қолғабыс тигізді.

Шыңғыстың өз заманының алдыңғы қатарлы прогрессивті көзқарастағы азаматы ретінде тануға болады. Ол-этнограф, фольклоршы әрі халықтың мәдени, әдеби және археологиялық ескерткіштерін жинаушы. Еліміздің мәдениетін Еуропаға паш етуге ат салысқан ол 1868 жылы Мәскеу қаласындағы өнеркәсіп көрмесіне аса құнды экспонаттар тапсырады. Шыңғыс тұңғыш ұлы Шоқанды ғылым мен өнерге ғана баулып қана қоймады, сонымен қатар өшпес мұраны дәріптеуге араластырды.

Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыстың түрлі рантегі шенеуніктер, офицерлер, топографтар өкілдерімен тығыз байланысты болуы ықпал етті. Олардың жұмысын бақылай отырып, Шоқан сурет салуды үйренді. Бұл саяхат кезінде көмектесті – карталар, сызбалар, қала жоспарлары, суретте және т.б түрінде үлкен мұра қалдырды.

Мұндай орта Шоқанға қабілетін дамытуға мүмкіндік берді, болашақ ғалым-Шоқан Уәлиханов осындай ортада өсті.

Алайда үйде білім алу алдағы өмірде жеткіліксіз болды. Туыстары мансапқа апарар жолды тек еуропалық білім ғана бере алатынын түсінді.

1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен баласын сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына – Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Декабрист И.Завалишеннің берген бағасы бойынша ол «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы» еді. Осы кезден-ақ Шоқанның шығыс зерттеушісі, әсіресе қазақ, қырғыз, Шығыс Түркістан елдерінің маманы болуға саналы түрде дайындалғаны анық байқалады.

«Шоқан 14-15 жаста болған кезде»,- дейді Потанин, - оқытушылар оған болашақ зерттеуші, ғалым ретінде қарайтын».

Географияға көп көңіл бөлінетін, бірақ табиғат байлығын зерттеу және игеру тұрғысынан емес, әскеристратегиялық аспектіде.

Балалық және жасөспірім кезінде дос болған жылдары Шоқан Уәлиханов пен Гриша Потанин Азия бойынша саяхатқа шығуға армандары және өмірлерін соған арнауға ант етті.

Кітапханашы:

Табиғатында жан-жақты дарынды болған Шоқан Уәлиханов замандастарының өзінің ой-өрісінің кеңдігімен, білімділігімен, таң қалдырып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп көптеген еңбектерін қалдырды, оларға өзін терең ойлы зерттеуші, дарынды, сезімтал суреткер, ағартушы ретінде көрсетті.


Кітапханашы:

Шоқанның әлем мойындаған даналығы оның дарынының тегеурінділігінде, танымының алуан қырлығында ғана емес еді. Арнасы терең оренталистикаға тапжылмас тұғыр болушылардың бірі болып қалды. Адамзат әуелеті оған біртуар тұлға ретінде мәңгілік құрмет көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет