Олжас Сүлейменов



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі43,23 Kb.
#13925
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шоқан Уалиханов сценарий 2020

Кітапханашы:

Ғылым оқып білгенше,

Тыным, тыныштық таппаған.

Дүниені кезіп көргенше,

Рахат іздеп жатпаған.

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да көп тұрмады..., - деп Абай атамыз жырлағандай әрбір халықтың сан ғасырлық тарихында терең із қалдырып, оның тағдырына алтын әріппен жазылған есімдер болады. Олардың ізденіс пен күреске толы өмір жолы тек өз халқының ғана емес, бүкіл адамзат жолындағы ерлікпен пара-пар. Бүгінде елімізде 185 жылдық мерейтойы аталып отырған Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановта осындай ұмытылмас жандардың бірі.
Кітапханашы:

Аққан жұлдыз атаныпсың,

Жан бабам!

Ғасырлардан ғасырларға самғаған.

Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,

Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.

Асыл бабам,

Аққан жұлдыз атанған,

Аққан жұлдыз,

Лапылдағын от - арман,

Аққан жұлдыз,

Ағып өткен найзағай,

Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп
ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «Шығыстың шоқжұлдызы » атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!
Кітапханашы:

Шоқан қазақтар арасында ең алғаш еуропаша оқып, білім алған, жоғары шендегі офицер, ең алғаш ғылыми қызметке араласқан адам. Ол қазақ елінің саяси және экономикалық құқықтарының аяқасты болмауы үшін күрескен қайраткер.


Кітапханашы:

Өзінің ағартушылық және ғылыми қызметімен Шоқан Уәлиханов қазақ даласындағы терең прогресшіл демократиялық қозғалысты бастап берді. Шоқан, ең алдымен, Қазақстанның тұңғыш қайраткерлерінің бірі болып, сол кездегі Қазақстан мен Ресейдің қоғамдық өміріндегі әлеуметтік қайшылықтардан, қоғамдық өмірдің қиындықтарынан жоғары көтеріле білді, қазақ және орыс халқының бірте-бірте нығая түскен жаңа, прогресшіл бастаулар мен нышандарды көре алды. Ол қазақ халқының гүлденуінің кепілі тек қана Ресеймен бірлікте деп білді.


Кітапханашы:

Шоқан Уәлиханов қыр еліндегі қоғамдық өмір салтын өзгеру қажеттігі туралы ойға келді. Ол қалаушы феодалдық қоғамның жағдайлары мен туғызған әлеуметтік тәртіпті, қыр елінің экономикалық дамуы мен мәдени үрдістерін тежеп, өмірлік консервативтік формаларын енгізгенін батыл сынады. Қазақ халқының оқу- білімге көзін ашу жолындағы күрескер, кері тартушылықтың жауы болды. Шоқан ой-пікірімен, еңбегімен халқының мүддесін қорғаушысы бола білді.




Кітапханашы:

Шоқан Уәлиханов – әнмен әлдилеп, күймен тербелген кең даламыздың перзенттері арасында академик Н.Веселовский бағалағандай, Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген ерекше құбылыс еді. Оның шын есімі –Мұхаммед-Қанафия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет