Он-лайн сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет1/3
Дата05.06.2023
өлшемі118,5 Kb.
#98827
түріСабақ
  1   2   3

Қ азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ
Ақтоған орта мектебі






Математика және информатика пәні мұғалімі:
Айтбаев Серик Шакенович


2014-2015 оқу жылы
ОН-ЛАЙН САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Қоғамымызда соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер білім сапасын жаңа қырынан қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа білім беру жүйесінің міндеттері тек жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, білім, біліктерін жетілдіру ғана емес, тез өзгеріп жатқан техника мен технологиялар, еңбекті ұйымдастыру жолдарына бейімдеу болып табылады. Бұл проблемалардың шешімі білім мазмұнын жаңартуда, білім беру мақсаттары мен нәтижелерін қайта ойластыруда жатыр.


Қазіргі қоғам инфокоммуникациялық әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың жаңа сатысына көтерілді. Инфокоммуникациялық әрекеттесу жағдайында мұғалімнің ролі түбегейлі өзгереді, ол оқушыларды жергілікті және ғаламтор желісінен ақпаратты іздеу, талдауға бағыттайтын консультантқа айналады.
Желі әлеміндегі әрекеттесудің объективті жағдайы білім беру үрдісіне қатысатын субъектілер арасындағы қарым-қатынас пен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын кең жолақты ғаламтор болып табылады. Интернет коммуникациялық медиум ретінде желілік түйіндер арқылы ақпараттық-білімдік ортада адамдар арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Мектептерде инфокоммуникациялық әрекеттесу білім алудың педагогикалық тәсілі ретінде ұйымдастырылған онлайн сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Онлайн сабақ деп оқу орыныны ақпаратық-білімдік ортасы және желі көмегімен білім беру үрдісіне қатысатын субъектілердің қарым-қатынасы арқылы мақсатты ұйымдастырылған білім алу үрдісін айтады. Мұндай сабақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі толық жасалынбағандықтан, желілік әрекеттесу проблемаларын шешуде белгілі бір қиындықтар туындауда.
Онлайн сабақ – дидактикалық циклдің негізгі бірлігі және қашықтан оқыту формасының бір түрі. Дидактикалық тұрғыдан алғанда онлайн сабақ дидактикалық мақсаттарының бірлігімен сипатталады, мұғалім мен оқушы жұмысының мазмұнын біріктіреді, пәндік және технологиялық жағдайларға байланысты құрылымы анықталған және оқу жадығаттарын игеру заңдылықтарына бағынады. ¦йымдастырылу жағынан онлайн сабақтар бөлінген уақыттың анықталғандығымен, құрылған кестеге сәйкес виртуалды сыныптағы оқушылардың тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Онлайн сабақтардың негізгі түрлері: жаңа материалды қабылдау және меңгеру сабақы; білімдері мен біліктерін қалыптастыру сабақы; проблемалық сабақ; аралас сабақ.
Онлайн сабақтардың педагогикалық ерекшеліктері:

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың білімдік және тәрбиелік функциясының, оқыту мазмұны мен құралдарының бірлігі;

  • «Форум», «Чат», «Блог» т.б. режимдердегі жазбаша жауаптары кезіндегі оқушылардың белсенділігі;




  • Өзіндік таным белсенділігін арттыру (яғни шығармашылық ізденіс арқылы жаңа білімге ұмтылу);

  • Дидактикалық мақсаттардың бірлігі және сабақ элементтерінің оған тәуелді болуы;

  • Білім мазмұнын, оқу жадығаттарының заңдылықтарын, оқу үдістемесін және біртұтас оқыту жүйесіндегі сабақтың орынын (тақырыптағы, бөлімдегі, курстағы) ескере отырып, сабақты құрастыру.

Сабақ тиімділігін қамтамасыз ететін бұл сипаттамалар біріншіден, оқу үрдісінің объективтілігінен, екіншіден, Мұғалімнің мазмұн ерекшеліктерін, меңгеру заңдылықтарын түйсінуінен (оқытудың субъективті астары) тәуелді болады. Сонымен қатар сабаққа қойылатын талаптар Мұғалім шығармашылығын шектей алмайды, оқушылар топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік шеберлігін еркін қолдана алады.
Онлайн сабақ беретін Мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғары деңгейде меңгеруі қажет. Қашықтан оқыту жүйесінде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру Мұғалімнен дәстүрлі жүйеден айырмашылықтары көп арнайы ақпараттық-білімдік ортада оқытуды ұйымдастыруды талап етеді. Мұғалім өз «сыныбын» қалаған уақытында географиялық орналасуына тәуелсіз жинап ала алады.
Интернет ресурстарын қолдана отырып сыныпта оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары төмендегідей болуы мүмкін:

  • фронталды (жаңа сабақты игеру);

  • жекелей (оқу ақпараттарын іздеу, таңдау және талдау);

  • топтық (ортақ оқу жобасын жасау).

Онлайн сабақтың негізгі мақсаттары сабақтық біртұтас үш дидактикалық мақсаттарына сай болады:

  • білімдік астар: білімін тереңдету, ғылыми әдістерді қолдана алу білігін дамыту, зерделеу объектілері арасындағы байланыстар мен қатынастарды терең түсіну;

  • дамытушылық астары: оқушылардың таным белсенділігін арттыру, жалпылау, талдау, салыстыру біліктерін дамыту, пәнаралық байланыстарды таба білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін белсендіру;

  • тәрбиелік астары: ғылыми көзқарасты қалыптастыру, өзіндік және топтық жұмыстарды ұйымдастыра алуға үйрету, жолдастық, өзара көмек сезімін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс білігін қалыптастыру.

Виртуалды сынып бөлмесі (ВСБ) деп шамамен бірдей жастағы және дайындық деңгейіндегі оқушылардың бірлестігін негізгі ұйымдастыру формасын айтады. Онлайн сабақтардың маңызды астарлары мұғалім мен оқушылар арасындағы әрекеттесу тиімділігінің маңызды шарты болып табылатын интерактивтілігін атап өту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет