Өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайының кластары



бет1/7
Дата12.04.2023
өлшемі55,75 Kb.
#81730
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7







« ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББММЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайының кластары
Дайындаған: Тұрсын М.Қ
Тексерген: М.Ғ.Д. профессор Карабалин С.К

Курс: 3


Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы: 301 Б
Алматы 2023
Жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім


1.Өндірістік орта
2.Өндірістік үрдіс факторлары
3.Өндірістік құрылғы құрылымының қауіпсіздігі
4.Еңбек үрдісі факторлары
5.Еңбек жағдайын құрайтын факторлар
6.Қызметкердің еңбек жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе


Өндірістік орта – элементтердің және өндіріс күшінің әсерінен құрылатын техникалық факторлар мен табиғи құбылыстардың және әлеуметтік элементтердің біртұтастығы болып табылады. Адамның ісі жұмыс орнында белгілі бір жағдайда жүзеге асырылады және бұл жұмыс жағдайлары деп аталады. Жұмыс кезінде адам басқа адамдармен араласып қана қоймайды, сонымен қатар еңбек қондырғыларымен және бұйымдарымен жұмыс істейді. Өндірістік ортада адамға температура, ылғалдылық, ауаның қозғалысы, шу, діріл, зиянды заттар және тағы басқалары әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір жағдайдағы адам еңбегінің біртұтастылығын сипаттайды . Еңбек жағдайлары – еңбек үдерісіндегі адамның еңбек қабілеттілігіне және денсаулығына әсер ететін еңбек үдерісі мен өндірістік орта факторларының біртұтастығы.

Өндірістік үрдіс факторлары
Табиғаты жағынан химиялық, физикалық және биологиялық болуы мүмкін. Олар барлық өндірістерде кездеседі, бірақ олардың құрамы өндіріс сипатына байланысты болады.
Физикалық факторларға шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс, діріл, иондаушы емес және иондаушы электромагниттік сәулелену, барометрлік қысым, ауаның температурасы, ылғалдығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу радиациясы, жарық деңгейі және басқалар жатады.
Химиялық факторлар өте көп, оларға шикізат түрінде қолданылатын немесе технологиялық үрдіс барысында түзілетін аралық не болмаса ақырғы өнімдер болып табылатын бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар жатады.
Биологиялық факторлар тобына жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштары (бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер), микроағзалар-продуценттер, микробтық препараттарда болатын тірі микроағзалар мен споралар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет