Өндірістік шаң және өнеркәсіптік желдету



бет1/5
Дата08.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#48349
  1   2   3   4   5

Өндірістік шаң және өнеркәсіптік желдету.

Фармацевтикалық өндірістегі шаң мен газдылықты гигиеналық нормалау және бағалау, алдын алу әдіс-тәсілдері.

Өнеркәсіптік аэрозольдердің санитарлық-гигиеналық маңызы

  • Аэрозольдер – ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер. Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.
  • Шаң бөлшектерінің пішіні де әртүрлі: сфера тәрізді, жалпақ, дұрыс емес пішінді және ол аэрозолдің тұрақтылығына және ағзадағы күйіне әсерін тигізеді. Сфера тәрізді бөлшектер ауадан беткейлерге тез қонады,өкпе тініне жеңіл өтеді және оңай фагоциттеледі. Әйнек талшықтың, слюданың шаңы жоғары тыныс жолдарының қабаттарын және теріні тез жарақаттайды. Үшкір қырлы, тісті шеттері бар шаңдар лимфаның тұтқыр ортасында болғандықтан өкпе тінін жарақаттай отырып дәнекер тіннің түзілуіне алып келеді.
  • Жеке басты қорғайтын құралдарға шаңға қарсы аспираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, арнайы шаңға қарсы киімдер жатады. Тыныс мүшелерін сүзгілі және оқшаулаушы құралдармен қорғайды.Кеңінен қолданылатыны«Лепесток» респираторлары. Шаңның теріге жағымсыз әсері кезінде қорғайтын майлар, пасталар қолданады.

Шаңның жіктелуі

Өндірістік шаң бөлшектерінің өлшемі бірлік үлестен 100 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Өндірістік шаңдар k бөлшектерінің өлшеміне байланысты

  • дөрекі (10-100мкм дейін), сырт көзге көрінетін және жеткілікті тез тұнатын;
  • микроскопиялық (0,25-10 мкм дейін), әдеттегі оптикалық микроскопта көрінетін және қозғалмайтын ауада үздіксіз жылдамдықта тұнатын;
  • субмикроскоптиялық (0,25 мкм-дан кем емес), тек электронды микроскоп көмегімен ғана көрінетін, тұрақты хаотикалық қозғалыс күйінде болатын және қозғалмалы ауада практикалық түрде тұнбайтын болып бөлінеді.
  • Шығу тегі бойынша шаң негізгі үш топқа бөлінеді:

    1. органикалық – өсімдіктен (ағаштан, көмірден) және жануардан (түктерінен, шаштарынан және т.б) шығады;



    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет