Оның әрбір кезеңде тіл білімінің әр алуан мәселелерін шешіп, қосқан үлесі, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойын­ша шешімдері қазақ тіл білімінде аса маңызды рөл атқарады



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі94,53 Kb.
#129053
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы



СӨЖ


Тақырыбы: « Ұлттық тіл білімінің 3-кезеңіндегі (1930-1988 жылдар аралығындағы) қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдар»

Орындаған:Шекербек А.М.


Қабылдаған: Жұбай О.С.

Халқымыздың ұлттық ғылым тілінің дамып, сөздік қорының қалыптасуы, әдебиеттануда теориялық ұғымдардың негізделуі , зерделенуі Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен тікелей байланысты, бұған қоса ғалымның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми- ұйымдастырушылық қызметі саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған. Біз күні бүгінге дейін, Ахмет Байтұрынұлының тіл біліміндегі ұстанымдарын, ұсынған ережелерін пайдаланып келеміз. Оның әрбір кезеңде тіл білімінің әр алуан мәселелерін шешіп, қосқан үлесі, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойын­ша шешімдері қазақ тіл білімінде аса маңызды рөл атқарады.


Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. Осындай еңбектердің қатары өсіп, қазақ тіл білімінің аясы кеңейе түсі. Грамматика,фонетика, ономастика, лексика т.б. сынды түрлі салаларға бөлініп, әр түрлі зерттеуді қажет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет