Ордабасы ауданы, Б. Нұрлыбеков, Мұхаметқұл Исламқұлов, Атамекен, С. Ысмайлов, Ынтымақатындағы жалпы орта мектептерінің «Білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері»



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі69,25 Kb.
#97764
  1   2

Ордабасы ауданы, Б.Нұрлыбеков, Мұхаметқұл Исламқұлов, Атамекен, С.Ысмайлов, Ынтымақатындағы жалпы орта мектептерінің «Білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері» тақырыбындағы бастауыш сынып эксперимент бойынша І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар





Мектеп

Сынып

Аты жөні

Еңбек өтілі, жыл

Санаты

Білімі

2 - ге дейін

3-5

5-10

10 жоғары

жоғары

1

2

жоқ

жоғары

Арнаулы орта

мемлекеттік

Жекеменшік

күндізгі

сырттай

Күндізгі

сырттай

1

Б.Нұрлыбеков

2 А

Нуржанова А










+




+







+







+

+




2 Е

Кистауова С










+




+







+













+

6 Д

Шегалиева У










+

+










+










+




6 В

Рысалиева А










+




+







+










+




7 Б

Исаева З










+

+










+










+




7 З

Ұябаева Н










+

+










+










+




2

М.Исламқұлов

2 Ә

Қаржаубаева С










+




+







+







+







2 И

Саидова Г










+




+







+







+







6 Ә

Раймкулова Т










+

+










+




+










6 Б

Туребаева Р










+

+










+




+










7 Б

Исмайлова С







+










+




+




+










7 В

Жаутикова М










+

+










+




+










3

Атамекен



Ахмедова Ф







+










+




+




+


















Уркинбаева Ж




+













+




+




+










6 А

Қарынтаева Д










+

+










+




+










6 Ә

Утебаева А

+






















+













+

7 Б

Утебаева А

+






















+













+

7 В

Калдыбаева Г










+







+




+




+










4

С.Ысмайлов



Тоқтыбай А










+

+










+













+



Шукетаева М










+




+







+







+







7 А

Имаш Алия










+

+










+







+







7 Ә

Имаш Алия










+

+










+







+







5

Ынтымақ



Пернебаева С










+




+







+













+



Уринбаева Э










+







+




+




+










6 Г

Джасанова А











































6 Д

Беккулиева Г











































7 Г

Мырзалиева Н











































7 Д

Қожабекова Ж











































Барлығы

28

26

2

1

2

21

10

7

5




26




9

5

6

5




  1. Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі сапасын көтеру.

Оқу жылының басындаБ.Нұрлыбеков мектебінде 2 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста эксперименттің жалғасатындығы туралы айтылып, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды. Ата-аналар мектеп басшылығы мен мұғалімдердің ұсынысын бірауыздан қолдап, әрбір оқушының білім сапасының артуына ата-аналардың да үлес қосуы керектігін айтты. Мектеп директорлары және ДОІЖО бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында «Білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері» тақырыбында жүргізілетін эксперимент бойынша кәсіби біліктілікті арттыру және оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу жоспарын жасап ұсынды. Мектеп әкімшілігі жоспарды қолдап, дұрыс бағыт-бағдар берді. Оқушылардың білім сапасын (қабілетті, үлгермеуші) анықтау және диагностикалау, мониторинг жасау, КТЖ-ға сәйкес БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын жүйелі түрде құрастыру, мониторинг жүргізу, оқушылардың теориялық білімдерін нығайтуға бағытталған әдістерді тиімді қолдануға арналған жұмыстар жүргізіле бастады.Осы мақсатта жоғарыда аталған мектептерде экспериментке қатысушы мұғалімдердің қатысуымен «Эксперимент аясында білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер оқушыларға жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру барысындағы кемшіліктер мен қиындықтар туралы ой бөлісті. Оқыту барысында кездесетін қиындық тудырған оқу мақсаттары, сол мақсаттарға сәйкес тапсырма құрастыру жолдарын ортаға салып, ортақ шешімге келуге тырысты. Жазылым және оқылым дағдысы нашар қалыптасқан оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды.Әр ай барысында жоғарыда аталған мектептердің эксперимент сыныптарыда ақылдасу сабақтары өткізіліп отырды.Эксперимент 2-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдері біліктіліктерін арттыру мақсатында ПШО «Жаңартылған білім мазмұны» бойынша оқу курсын қатысып, білімдерін жетілдірілді.Облыстық және аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған түрлі семинар тыңдалымдарға қатыстырылды.Әрбір мұғалім қиындық тудындататын тақырыптарды барлық мұғалімдермен бірлесе отырып ақылдасады. Ақылдасу сабақтарын өткізіліп, сабақ соңында рефлексия жасалды.
«САМҰРЫҚ» республикалық математикалық зияткерлік сайысына 2-сыныптардан 9 оқушы қатысып, сертификатталды.2-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «ALTYN QYRAN» ерекше дарын иесі зияткерлік олимпиадасына 2-сыныптардан 6 оқушы қатысты, соның ішінен 2оқушы Қалмаханбет Тұмар Бегімқызы мен Қалдыбек Сезім Жасұланқызы І орын иеленіп, димломмен марапатталды. 1 оқушы Исмайл Сезім Талғатқызы ІІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
Оқушылар мектепшілік іс-шараларға белсене қатысты. Сабақта берілген тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы олар бір-бірімен жақсы қарым қатынас орната алды. Тәрбиелік жоспар бойынша оқушыларды елімізде болып жатқан елеулі оқиғалар туралы ақпараттармен таныстырып, оқушыларға патриоттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттер, адами құндылықтар жайлы және еліміздің рәміздерін қорғауға, ұлттық салт-дәстүрді ұмытпауға, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу мақсатында бекітілген сынып сағаттары толық өткізілді. Әр тоқсанда ата – аналар жиналысы өткізіліп , ата –аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Әр тоқсанда сабақ үлгерімі төмен оқушылар мен жағдайы төмен, көп балалы отбасылар үйлеріне рейд жүргізілді. Ата-аналарымен кездесіп, балаларының оқу үлгерімі туралы мәселе қарастырылды.
С.Ысмайлов мектебінде29.08.2019 ж күні 2 «Б, «Ә» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста эксперименттің мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Ата-аналар мектеп басшылығы мен мұғалімдердің ұсынысын бірауыздан қолдап ,әрбір оқушының білім сапасын артуына ата-аналардың да үлес қосуы керектігін айтты.Мектеп директоры М.Аккозиевтің бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында «Білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері » тақырыбында жүргізілетін эксперимент бойынша кәсіби біліктілікті арттыру және оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу жоспарын түзіп, мектеп үйлестірушісі Түзел Айнұрға ұсынылды. .Оқушылардың білім сапасын (қабілетті,үлгермеуші) анықтау және диагностикалау ,мониторинг жасау,КТЖ-ға сәйкес БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын жүйелі түрде құрастыру, мониторинг жүргізу , оқушылардың теориялық білімдерін нығайтуға бағытталған әдістерді тиімді қолдануға арналған жұмыстары жүргізілуде. Эксперимент сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер біліктіліктерін арттыру мақсатында облыс көлемінде болып жатқан семинарларға қатысып жатыр. Атамекен мектебінде болған ОҚМУ-дың аға оқытушыларымен кездесуге барып, ашық әңгіме сағатына қатысты. Кездесуде ғылыми жоба жұмыстарын жазу жолдары қарастырылып, жазылу барысы, ашық сабақтарды, мақалаларды баспасөз беттеріне жариялау жайында эксперимент мұғалімдерімен ақылдасу жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында Ордабасы ауданына қарасты Атамекен ЖОМ-де профессор Құсайынов мырзаның ұйымдастыруымен Облыстық білім департаментінің мамандары және эксперимент мұғалімдерінің, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде ЭМ жұмыс барысында кездесетін қиындықтар туралы талқыланып, ашық ортаға салынды. Әрбір мұғалім қиындық тудыратын тақырыптарды барлық мұғалімдермен бірлесе отырып ақылдасты. Ақылдасу сабақтары өткізіліп,сабақ соңында рефлексия жасалады.
М.Исламқұлов мектебіндебілім сапасын көтеру мақсатында І жартыжылдықтың ақылдасу сабақтарының кестесі түзілді. Кестеге сәйкес мұғалімдермен ақылдасу сабақтарын өттік. Г.Саидова және Қаржаубаева С. қыркүйек-желтоқсан айларының ішінде жалпы 15 ақылдасу сабағын өтіп, 20 ақылдасу сабағына қатысты . Атап айтқанда, жыл бойында Б. Нұрлыбеков мектебіне 5 ақылдасу сабағына, Ынтымақ мектебіне 5 ақылдасу сабағына, Атамекен мектебіне 5,М.Исламқұлов мектебіне 5 ақылдасу сабағына қатысты.Мектепте бастауыш сынып экспримент мұғалімдермен күнделікті сабақ жоспарларын біріге жасап, сабақтарда кездесіп, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп директорының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелдерде сабақтар мен қиындықтар талқыланды. Әр тоқсан сайын ұсыныстар айтылды. Аптаның сейсенбі күніне ата-аналар үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Ата-аналардың балаларының сабаққа қатысуын көріп, білім деңгейін білуінің арқасында оқушыларда алға жылжу пайда болды. Ата-аналар жиналыстарының арқасында ата-аналарда жауапкершілік артты. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың математика пәнінен білім сапасы біршама артты.
Ынтымақ мектебінде білім сапасын көтеру мақсатында жүргізіліп жатқан эксперимент мұғалімдердің де кәсіби біліктілігі сапасының өз дәрежесінде болғанын қажет етеді. Әрбір педагог өзінің кәсіби біліктілігі сапасын көтеру үшін еңбек етуі тиіс. Мамыр айында ЭС-ға сабақ беретін «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Жунаева Г, Пернебаева С мемлекеттік аттестациялаудан өтіп,педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы санатын иеленді. Аттестациялауда жоғары балл жинап атаулы санаттарды қорғап шыққан мұғалімдердің жетістіктері эксперимент жүргізу барысындағы ізденіс пен талпыныстардың да нәтижесі деп білеміз.
Бұл оқу жылында эксперимент жұмыстары мұғалімдердің жылдық жоспары мен ақылдасу сабақтарының жоспарын құрудан басталды. Оқу жылының басында ЭС-ға сабақ беретін мұғалімдердің әдістемелік отырысы ұйымдастырылды. Бұл отырыста өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың келеңсіз тұстары айтылып, сабақты жоспарлау жұмыстарын жетілдіру керектігі айтылды. Мәтін талдауда, тілдік дағдыларды қалыптастыруда, оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді жолдарын анықтауда мұғалім өзі жан-жақты ізденуі тиіс. Тапсырма дайындаудан бір сәт те жалығуға болмайды. Себебі мұғалім жұмысы мен ізденісі үздіксіз үдеріс болуы тиіс.Экспериментке жаңадан қосылған мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

  1. Эксперименттің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

  2. Эксперимент тұжырымдамасы таныстырылды.

  3. Семинарлардан алған іс-тәжірибелерімен бөлісті.

  4. Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар мен оның нәтижелері туралы айтылды.

  5. Жаңа оқу жылында атқарылуы тиіс жұмыстар жоспарланды.
    Осы аталған мұғалімдерге әр тоқсанға 2 ақылдасу сабағы қойылды.
    I жартыжылдықта бастауыш сыныптар бойынша 16 ақылдасу сабағы өтілді.

Атамекен мектебінде7.10.2019ж « Білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері» эксперимент аясында мектепішілік Ата-аналар дың қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 2 «ә», 2 «В» сыныптарында әдебиеттік оқу,математика,қазақ тілі,жаратылыстану пәндері бойынша ашық сабақтар өтілді. Сабақ барысында Айнадинқызы Кенже Томановав Айгул апайлардың сабақтарында қолданған көптеген әдіс тәсілдер пайдаланылып сабақ өттік. Оқушылар белсене қатысып, сабаққа деген қызығушылығы артты. Сабақ соңында ата-аналар мектеп басшылары мен бірге сұқбат өткізіліп ата-аналардан сауалнама, тес жұмыстары жүргізілді. Сауалнама, тест нәтижесінде ата-аналардың балаларының экперимент нәтижесінде білім сапасы артқанын, сабаққа деген құлшынысы артып тапсырмаларды қызыға орындайтыны айқын болды. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді. 7.10-2019-11.10.2019 аралығында бастауыш сыныптар арасында апталық өткізілді.Ахмедова Ф 2ә сыныбына әдебиет пәнінен «Жеті ата » тақырыбында ашық сабақ өтті.Уркинбаева Ж 2 в сыныбына математика пәнінен «Өткенді бекіту »тақырыбында ашық сабақ өтті.
2-сыныптарда ақылдасу сабақтарын жоспарлау, өту, талқылау барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:

  1. Сабақты тиімді жоспарлау мақсатында оқу мақсаттарына бағытталған әдіс-тәсілдер кеңінен талқыланды.

  2. Ақылдасу сабақтарынан соң қолданылған әдіс-тәсілдердің қай дағдыны қалыптастыруда тиімді екендігі анықталды. Мысалы: «INSERT” әдісі оқылым дағдысында іріктеп оқу мақсатына жету үшін өте тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздік. «Түйінді сәттер»ойыны,"Пікірлер базары"ойыны оқушыларға әдебиет пәнінен қолайлы, «Ақпаратты сүзіп ал» әдісі негізгі, қосымша ақпараттарды анықтауда өте тиімді екендігі анықталды т.б.с.с.

  3. Саралау тапсырмаларын дұрыс берудің маңыздылығы анықталды. Оқушыға саралау жүріп жатқанын білдірмей жұмыс жасаудың жолдары талқыланды: деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлеу, реттеуші сұрақтарды дұрыс бағыттау, жауаптардың пирамидасын өздеріне құрғызу сияқты ұсыныстар айтылып, сол ұсыныстар келесі ақылдасу сабақтарында ескеріліп, саралау жұмыстары жүзеге асты.

  4. Таратпа материалдарының оқушыға қолдау көрсету, қызығушылығын арттыру мен уақытты ұтымды пайдалану үшін маңызды екендігін білдік.

  5. Бірінші ақылдасу сабағында талқыланған әдіс-тәсілдер мен сабақты жоспарлауға айтылған ұсыныстар кейінгі ақылдасу сабақтарында ескеріліп, өз нәтижесін берді. Мысалы, «Сөз ойла, тез ойла» әдісі тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді түсініп қолдануда, жаңа, көнерген, кәсіби немесе термин сөздерді сөйлеу барысында қолдану үшін ұсынылса, сол ұсыныстың ұтымды болғанын көрсетіп отырды. «Төрт сөйлем» әдісі мен «Ромбтық жіктелім» әдістері оқушының шығармашылық және сыни ойлау деңгейін анықтауда тиімді әдіс екендігіне осындай талқылаулардан соң көз жеткіздік.

  6. Оқушылар кері байланыс жасауға, өзара топтық, жұптық бағалауға қалыптасып кетті.

  7. ЭМ арасында әріптестік ынтымақтастық орнады.

2-сынып оқушыларына жаңартылған білім беру барысында байқағаным, оқушылардың өз ойын еркін әрі нақты жеткізу, өз көзқарасын білдіру дағдылары дамиды. Оқу, сабақ мақсаттарына сәйкес әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды орындату арқылы эксперимент негізінде оқушылардың білім сапасының біршама артқанына көз жеткіздім. Үлгерімі төмен оқушыларға арналған танымдық тапсырмалар көп көмегін тигізді деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет