Орындаған: Байжигитова Акерке Мен болашақ Хирургпін



Дата16.05.2023
өлшемі16,82 Kb.
#93871
Байланысты:
Б.Акерке эссе


Орындаған: Байжигитова Акерке
Мен болашақ Хирургпін

Сәлеметсіздер ме! Мамандық сөзін естігенде ойымызға бірден дәрігер, тігінші, мұғалім келетін еді. Дәрігер болу жауапты іс деп білемін. Адам баласы мамандық таңдар алдында ойыңды саралап, нақты бір шешімге келу керек. Меніңше, дәрігер болу менің қолымнан келеді. Мен оған толықтай сенімдімін. Жұмысыңды зор ықыласпен, шабытпен істеген жұмыс қана биікке жетелейтіні рас. Дәрігер-қыздай икемді, анадай мейірімді, арыстандай айбаттылықты қажет етеді. Хирург болу үлкен жауапты іс. Өйткені өлім мен өмірдің арасында жатқан жанға жаңадан өмір сыйлау құдды бір өліп тірілумен тең . Өзім әлемдік деңгейдегі ең мықты әрі қатал хирург болғым келеді. Қабілетті маман ретінде өз ойымды, тұжырымдамаларымды ашқым келеді. Мен өзімді расында да болашақ хирург елестетемін. Бұл мақсатқа жету үшінде бізді көптеген қиын кездер күтіп тұр. Менің өзімнің осы жалпы медицинаға келуімнің өзі оңайға соқпады. Бірі біліп,бірі білмес, мен бұл мамандыққа келгеніме ең алдымен Аллаға, кейін Анама алғыс айтамын. Ең бірінші мен фармацевтика мамандығына грантқа түскен болатынмын, ол мамандықта 2 курс оқып,үздік тәмәмдадым. Негізі олда бір қызық сала, Бірақ неге екенін қайдам жүрегім медицинаны қалады. Сүйтіп жүріп 2 курсты аяқтап, жылдам деканатқа барып «общая медицина» факультетіне платныйға ауыстым. Сентябрь айынан бастап мен қайтадан 1 курс студенті болатынымды естіп, менде жүректен жүрек жоқ. Өте бақытты адамдардың бірі болдым. Тек қана бір өкіндірер жайт ол менің платный оқитыным еді. Бірақ өзіңнің қалаған мамандығынды қанша ақшаға оқысанда,қанша шығындалсанда ол шығын емес деп білемін. Сол бір сәтті барынша жақсы пайдалана білсек, әлі талай ақталады. Бірақ мен сөз беремін Құдай Қалап грантқа ауысып аламын. Сол үшінде қазір талпынып оқу үстіндемін. Грант болмаса да осы конкурстан ұтып кетсем Нұр үстіне нұр болушы еді. Бірақ барлығы да Алланың қалауында деп білемін. Міне, менің жалпы медицина келу историям осылай болды. Енді жалпы тақырыпқа тоқталатын болсақ. Мен Болашақ Хирургпін. Негізі расында әрбір тұлға өзін осылай мен болашақ мұғаліммін немесе болашақ жұлдызбын деп айтқаны дұрыс деп білемін. Себебі адам ең бірінші өзінің миын үйрету үстінде болуы керек. Егер ол әлі ондай дәрежеге жетпеседе, Болады, Боламын деп айту керек деп білемін. Сонда ғана адам мақсатына жете біледі. Менде өзімді болашақ дәрігер (хирург) деп білемін. Жәй ғана хирург емес: адам жанын түсінетін,қиналғанда еміне ем таба білетін, жанына дауа табатын дәрігер болсам деймін. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай медицина саласына түсіп жатырған түлектер қаншама. Біздің С.Ж.Асфендияров университетіміздің өзінде 2023 жылы 700 студент қабылданған. Олардың көбісі өздері қалап түскен болса, ал тең жартысы үйдің қыстауымен, яғни айтқанда қалаусыз түскен жасөспірімдер. Көбісі өзін Мен Болашақ Дәрігермін деп сезіне алатын болса, кейбіреулерінде тіптім жоқ. Сондықтан айтарым адам өзін ең алдымен дайындап келу керек деп ойлаймын. Себебі бұл мамандық диплом алсам болды,жұмыс табылады деп немқұрайлы қарайтын мамандық емес. Әр адам оқуға түскен сәтінен бастап ақ өзін, мен болашақ дәрігермін(окулистин,хирургпін,лормын) деп дайындап келсе ол адам жанын түснуіне,жұмысын сүйіп жасауына жол ашықтан ашық ашылады. Мен қазір жалпы оқып жатырғандықтан, осы кезден өзім болашақта окулист жағына барғым келеді. Окулисттің хирургия саласында жұмыс жасасам, емдеріне шипа тауып, көп адамның көздеріне нұр силасам, менен асқан бақытты жан болмаушы еді. Әрине,түсінемін адам көзі өте нәзік әрі ұқыптылықты талап ететін мүше болғандықтан, оған әлбетте сабырлылық керек. Сондықтан да 1 курс студенті болсамда осы кезден бастап өзімді дайындап жүрмін. Адамның көз жанарына қиянат жасап көп адамныаң қарғысына қалып жатқан дәрігерлерде қаншама. Сол үшінде осы кезден өз өзімізді дайындасақ ешқандай жайттар орын алмаушы еді. Тағы айта кететін болсам мен мектеп оқушы едім. Сол кезде анамның көзіне ақ шел өскен болатын. Ол кәдімгідей көздің бетін жауып өсе береді екен. Біз анам екеуміз дәл уақытында барыппыз емханаға. Сүйтіп анамды операцияға алып кетті. Офто-хирургия бөлімшесіне кіріп кетті анам. Менің сол жердегі бар тілегім анамның аман есен көздері сап сау шығуы еді. Сол кездегі дәрігерге мың алғысымды айтамын. Негізі ол отада кішкене мүлт кетсе адамның көзі кормей қалу қаупі жоғары екенін білдік. Бірақта сол отаны жасамасқа шара болмады. Алла қалап тілегім орындалып анамның отасы сәтті өтті. Бұл бізге мысал бола алады деп ойлаймын. Себебі әр науқас адам бізге үміт артады,сенеді. Біреудің үмітін ақтай алмай қалып,біреудің көз жасына қалу жақсы нәрсе емес деп ойлаймын. Сол үшінде қазірден бастап өзімізді дайындайық. Құр босқа уақытымызды кетірмей, тереңірек білім алуға ұмтылғанмыз дұрыс деп ойлаймын. Түсінемін, бұл оңай сала емес екенін. Менің ендігі тілегім Білікті Дәрігер болу. Сол үшінде талмай еңбектену. Себебі қазір ақ халат кигендер көп болғанымен,білімділері өте аз. Саны көп, сапасы жоқ деуші меді қазақтарда. Былай қарап тұрсақ бәрі қазір ақшамен шешілетін заман. Негізі осыны медицина саласына қатыстырмаған жөн деп ойлаймын. Адамның өмірімен ойнау немқұрайлы қарай салатын зат емес. Қазіргі кезде адамдардың өзі білікті, жақсы диагноз қоятын адам іздейтіні бәрімізге белгілі ғой. Сол үшінде бәріне айтарым өз мамандықтарыңызды сүйіңіздер, немқұрайлы қарамыңыздар. Өз мамандықтарыңызды сүйіңіздер.Сонда ғана кез келген мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет