Орындаған: Ходжаева Айым



Дата29.04.2023
өлшемі18,99 Kb.
#88369

Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Білім беру қажеттіліктерінің көптүрлілігін ескере, оқу материалдарын бейімдеу және түрлендіру – нақты бір санатьағы оқушыға бейімдеу

Орындаған:Ходжаева Айым,


Мұхтарова Ақшолпан

2022-2023 оқу жыл


Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға бейімдеу аса маңызды. Мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына және тәрбиесіне ерекше мән берілуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты яғни мүмкіндігі шектеулі жан өзін қоғамнан адам өмірінен алшақ ұстап қалмас үшін оларды еңбекке үйрету және де өмірде өз орнын табуға, өмірге икемді жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Қазақ халқымыз «Еңбек еткен, мұратына жеткен» -деп бекер айтпаған. Осы бір керемет мақалдың ішіне бәрі сыйып тұрғандай. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ете отырып өздерінің мұраттарына да жете білген. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамайтын, тек қана ата-ана қамқорлығындағы жандар деп елестетеміз. Еңбек бұл адамдардың өмірлік қажеттіліктері. Еңбек ету арқылы олар бір –бірін түсінеді, қоғамға бейімделеді, өмірге деген құштарлықтары арта түседі. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ата-ана мен педагогтардың орны ерекше.
Ата –ана баласының қалаған ісі мен еркін айналысып, қоршаған ортаны тануына, балалардың өзін толыққанды сезінуіне көмектесіп, оларға жол аша білуі тиіс.
Қазақстанда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда оқытылады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі бала сыныпқа келген кезде қандай әдістемелік құралдарды және қандай оқулықтарды пайдалануды білмей жатады. Бұдан туындайтын мәселе еліміздегі кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге бейім болмайды. Мәселенің бұлай болуына бүгінгі күні қоғамның да кінәсі бар. Себебі біз мүмкіндігі шектеулі жандарды мүсіркей қарауды қоя алмай келеміз. Олардың білім алуына жалпы білім беретін орта мектептерде жағдай жасау енді қолға алынып келеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу үрдісінде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішіндегі ең қолайлы әдістер:
-сөйлесу
-ертегі терапия
-арт-терапия
-ойын
Сөйлесу.
Олар балаға жаңа ақпаратты жеткізуге , онымен диалог құруға бағытталған, оның барысында бала өз сұрақтарын қойып, олардан егжей-тегжейлі және түсінікті жауаптар ала алады. Жаңа дағдыларға тез бейімделе түседі. Сөйлесу арқылы біз баланың ішкі сезіміне, жан-дүниесіне үңіле түсеміз. Бала ішінде болып жатқан құбылыстарды сыртқа шығару арқылы өзін жеңілдете түседі.
Ертегі терапиясы.
Бұл тұлғаның сөйлеуін дамыту, сананы кеңейту және сыртқы әлемді бейнелеу арқылы өзара әрекеттесуді жақсарту үшін қолданылатын әдіс. Ертегі терапиясын қолдану бұл соңғы 10 жылда логопедтер, психологтар мен тәрбиешілер белсенді түрде дамытқан және ақыл-ой кемістігі бар балаларды жұмыста қолданылатын ең көне әдістердің бірі.
Арт-терапия
Арт-терапия-бұл өнермен, шығармашылықпен емдеу.(терминді А.Хилл енгізген).
Арт-терапия-адамдардың визуалды қызметінде және психотерапиялық қарым-қатынаста қолданылатын, психокоррекция, психопрофилактика, денсаулық жағдайы әртүрлі, эмоционалды және психикалық ауытқулары бар адамдарды оңалту және бейімдеу мақсатында қолданылатын психологиялық әсер ету әдістері жиынтығы. Арт-терапия қызметінің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандардың психологиялық және әлеуметтік саласындағы оң өзгерістерге қол жеткізуі. Қазіргі уақытта арт-терапия мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды. Мүгедектердің ішкі әлемі күрделі және алуан түрлі. Мүмкіндігі шектеулі адмадармен жұмыс жасауда арт-терапия әдістерін қолдану олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, визуалды бейнелер арқылы сыртқы әлеммен өзара тілдесуге ықпал етеді.
Ойын терапиясы
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты даму да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүнте туралы түсіні алады. Ойын – дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» (В.А.Сухомлинский)
Бүгінгі күні психологтар, педагогтар мен логопедтер ертегілермен жұмыс істеудің алуан түрлі тәсілдерін жасады.
-талдау
-пікірталас
-қуыршақ жасау
-сахналау
-сурет салу және т.б
Ертегідегі тәсілдер мүмкіндігі шектеулі жандардың жоғарғы дене белсендіктері, жүйке процестерінің икемділігі мен қозғалтқыштығын арттыруға, моториканы және қимылдарды үйлестіруді дамытуға, физикалық және психикалық стресті жеңілдетуге бағытталған. Ертегі айту баланың психикасына жағымды ықпал етуге әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет