Педагогика және психология институты



бет1/8
Дата13.04.2023
өлшемі34,99 Kb.
#82150
  1   2   3   4   5   6   7   8



АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ


Ересек жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған театрландырылған ойындар
(Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған)

Алматы, 2023


Құрастырған:
Ересек жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған театрландырылған ойындар/Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған театрландырылған ойындар жинағы


АЛҒЫСӨЗ


Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның маңызы зор. Ойын бала үшін –сабақ, ойын бала үшін –еңбек, ойын бала үшін тәрбиенің маңызды негізгі түрі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны – айналадағы дүниені танып білудің тәсілі. Ол ойнап жүріп, заттың түсін, пішінін, сапалық қасиетін, кеңістік қатынастарды, сандық қатынастарды зерттеп үйренеді, өсімдіктерді мен жан-жануарларды зерттейді. Ойын барысында ойыншықтарды іріктеп ала білудің мектеп жэасына дейінгі бала үшін айрықша маңызы зор.
Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Мысалы, кез-келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бала бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.
Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Сондай-ақ, балалар ойында үн-түнсіз ойнамайды. Ойын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Сонымен, ойын адам өмірінен маңызды орын алады, ол еңбекке дайындайды, ойын біртіндеп барып еңбекке орын беруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет