СӨЖ Жануарлар мен адам психикасының дамуы Адам және жануарлар іс-әрекетінің ерекшеліктерін қарастырып ғаламтордан арнайы бейне жазбаларды тамашалап талдау Орындаған:Жангалиева Ұлдана Тексерген:Нуркасинова Ляззат Муратбековна
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Алматы 2021
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1 Психика дегеніміз не? 2.2 Адам мен жануарлар психикасының айырмашылығы 2.3 Жануарлар психикасы 2.4 Адам психикасы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |