М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті
Тіл және әдебиет институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Темірхан Медетбектің «Болашақ туралы» өлеңінің көркемдік ерекшелігін анықтау
Орындаған: Кистав Фариза
Тобы: ҚТӘ-19-1
Қабылдаған: Кулибекова Ж.С.
Петропавл, 2022ж.
Темірхан Медетбектің “Болашақ туралы” өлеңінің өзіндік көркемдік ерекшелігі көрінеді. Ақынның бұл өлеңінде адамдардың болашаққа деген көзқарастары жайлы айтылған, негізінен адамдар біздің болашағымыз бар деп, өз білгендерін жасап жатқандығы, оның ешқайсысы кемел елдің болашағына әкеліп соқпайтындығы жайлы жазылған.
Өлеңде теңеу кездеседі. Теңеу арқылы адамзат өз болашақтарын дұрыс сипаттамайтындығы арқылы жеткізеді. Әр сөзінен шамдану, ішкі ыза байқалып тұрады. Атап айтар болсақ,
Сол сөздермен,
Жүрегіңді тілшелеп
Миыңды жаңғақтай
Шағып кетеді,- деген өлеңнен үзіндіге назар аударар болсақ, ақын адамдардың сөздерін жүректі ауыртатынын, миыңды жаңғақтай шағатындығын, дұрыс болашаққа тырыспайтындығын меңзеп тұр. Осы тұста ақын болашақты:
«Қараңғы түнек,
Құрдым ғой,
Қайда алып барары белгісіз»-деп те суреттепті. Бұл жерде ақын болашақты тек сөзбен ғана елестетіп қоймай қолдан жасап алған осы қара түнекке өзіміздің де кіріп кетеріміз анық деп айтқан. Себебі біз қара түнекке түссек сол ізбен қайда барарымыз белгісіз екені анық, адасып жүргенімізде өз болашағымыздан айырылып қалмайтынымызға кім кепіл. Сонымен қоса,
Болашақтың алдына ,-
Лас қоқыстарыңды,-
Үйіп жатқан жоқсыңдар ма ?,- деген үзіндіден ақынның адамдарға деген өкпесін, ыза ренжісін көре аламыз.Бұл үзіндіде де теңеу де, сарказм да кездесіп, өлеңге сән беріп тұр. Негізінен алып қарағанда өлеңде сарказм өте жиі кездеседі.
Сөзімді қорытындылайтын болсам, Темірхан Медетбектің «Болашақ туралы» атты өлеңінен сарказм мен мысқылды да, керемет теңеуді де байқадық. Қазақтың болашағына ешкім қара дақ түсірмесе екен дейтін ақындарымыз көп болса екен.
Достарыңызбен бөлісу: |