Орындаған: мок 211 тобының 1- топша студенттерi



бет1/3
Дата01.10.2022
өлшемі20,03 Kb.
#41028
  1   2   3

«Педагогика пәнiнен » # 1 СӨОЖ
(3- оқуаптасы)

Орындаған: МОК 211 тобының
1- топша студенттерi:
1) Мамбетәлі Маржан-топ жетекшiсi
2) Ағыбай Өміржан
3) Карифуллаев Байтурсын
4) Айтмұрат Ұлмекен
5) Сансызбаева Балжан
6) Жаңажол Ерасыл
Тексерген: Жумашева С.С.

Алматы 2022
Эмпирикалық ғылыми- зерттеу әдiстерi негiзiнде мектеп оқушыларына кiшiгiрiм педагогикалық зерттеу жүргiзу
2. 9 – сынып оқушысына педагогикалық зерттеу

1. Сансызбай Көркем Асылжанқызы 9 «Б» сынып оқушысы. Сансызбай Көркемді бақылау әдісі бойынша зерттедім. Көркемнің сыртқы келбеті қара торыдан келген, көздері қоңыр түсті,дөңгеленген, шашы ұзын қоңыр,орташа бойлы, сымбатты келген. Бойы – 155 см , салмағы 45 кг.


2. Көркеммен сұхбаттасу барысында, оның ақылдылығымен,сөйлеу мәнері менің көзіме бірден түсті. Өз ойын ашық жеткізе алады, сабақтарын үздік оқиды, өз ісіне өте ұқыпты, тәртіпті, достарымен қарым-қатынасы жақсы, білімді. Психологиялық темпераменті – сангвинник.
3. Оқушының әлеуметтік-отбасылық жағдайы. Көркемнің әлеуметтік жағдайы жақсы. Толыққанды қамтылған отбасынан шыққан. Отбасында 8 адам бар. Әжесі, атасы, әкесі, анасы,2 әпкесі және1 сіңлісі. Көркем үйінің ортаншы қызы. Атасы мен әжесі зейнеткерлер. Әкесі жүргізуші, ал анасы мұғалім. Көркем отбасының сүйіктісі. Анасына үй шаруашылығында көмектеседі. Әжесімен қамқор. Отбасы тату-тәтті, ешбір отбасылық-психологиялық мәселелері жоқ.
4. Көркемнің педагогикалық ерекшеліктері: Сабақтарға өте белсенді қатысады, мұғалімдерді құрметтейді. Мектептің ережелерін толық сақтайды, әрқашан мектеп формасымен жүреді. Сабақтан бос уақыттарда әдеби кітаптарды оқығанды жақсы көреді.
5. Көркемнің оқуға деген ынтасы өте жоғары . Оқу үлгерімі жақсы. Сабақтарға күнделікті жоғары деңгеймен дайындалып келеді. Сынып төрайымы. Математика, тарих және физика сабақтарын сүйіп оқиды. Физика сабағынан аудан аралық олимпиадаларға жыл сайын қатысып тұрады
6. Мектептің құжаттарын тексеру әдісі арқылы , мұғалімдер туралы , олардың деңгейін білдім . Мектептегі сабақ кестесі жартыжылдыққа жасалғандығын және 2 ауысымды мектеп екенін анықтадым. Көркемге күніне 6-7 сабақ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет