Орындаған: Құрбанбек Ж. Тобы: еп-20-3к2 Қабылдаған: Аблязимова Н



бет1/4
Дата12.04.2023
өлшемі1,56 Mb.
#81800
түріПрезентация
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Құрбанбек Ж.

Тобы: ЕП-20-3к2

Қабылдаған: Аблязимова Н.


Тақырыбы: Афины кезеңі. Сократ пен Платон, Аристотель Аристотельдің физикасы мен космологиясы
презентация

Жоспар:

  • Афина кезеңіне шолу.
  • Сократтың философиясы.
  • Платонның шығармарлары.
  • Аристотельдің физикамен байланысы.

Афина кезеңі


Афина (гр. Αθήνα) қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы.
Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Герадот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ. Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты.

Сократ

  • Сократ (көне грекше: Σωκράτης, лат. Socrates, б.з.д. 470 – б.з.д. 399) — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы. Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. 
  • Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет