Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қалқанша безі, қалқан серік бездері
Орындаған: Таяр Ұлдана
Топ: 105 (3 ж.)
Қабылдаған: Мәуи Әділхан Әбуұлы
Алматы, 2022ж.
Қалқанша без
Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35- 37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.
Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65 % йод болады. Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.
Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп тез жүреді, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда – миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |