Орындаған:Қадырғазықызы. Б тобы: Тқиұ 21-02 Қабылдаған: Малдыбек. А



бет1/4
Дата04.04.2023
өлшемі37,62 Kb.
#79419
  1   2   3   4


Халықаралалық туризм және меймандостық университеті
«Туризм және қонақжайлылық» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Көне Шығыс және философия, Антика және философия, Ортағасырлар және философия
Орындаған:Қадырғазықызы.Б
Тобы:Тқиұ 21-02
Қабылдаған:Малдыбек.А

Түркістан, 2023жыл


Көне шығыс философиясы

1. Әлемдік философия тарихында түрлі мәселелер қойылып, түрліше жолмен шешілді. Оның тарихы 2,5 мыңжылдықтан астам уақытқа созылды. Философиялық мұра бүгінгі күнге дейін актуалды, ұрпқтан-ұрпаққа жалғасатын рухани құндылық.


Философияның тарихи типтер қандай? Бұлар үнді, қытай, антика философиясы, ортағасырлар философиясы, қайта өрлеу дәуірінің философиясы, Жаңа заман философиясы, ХVІІІ ғ. ағартушылық философиясы, XIX-XX ғғ. философиясы.
Сөйтіп, философия тарихы адамзат өркениетінің дамуының тарихи кезеңдерімен сәйкестеніп дамып отырды.
Сондай-ақ Шығыс және Батыс философиясы деп бөлінді, философияда жеке халықтың философиясы деп бөлуде орын алған, мысалы: грек философиясы, рим, үнді, қазақ, орыс философиясы және т.б..
Философиялық ойдың тарихын мектептерге, жүйелерге, бағыттарға бөлу де бар. Мысалы, метафизикалық, механикалық, идеалистік, материалистік, рационалистік және т. б.. Мектептер, бағыттар, ағымдар схоластика, патристика, неміс классикалық философия, экзистенциализм және т.б. сияқты атаулармен белгілі болып, дамуының тарихи масштабы кең болды. Мектептер мынандай атауларға ие болды: кантшылдар, гегельшілдер, марксшілдер, картезиандық мектеп және т.б.
Ойдың дамуының түрлі кезеңдердегі философиялық этаптардың өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ойдың дамуы мен жалғастығы сақталды, бұдан тарихи-философиялық процестің біртұтастығын айтуға болады.
Философияның генезисі туралы сөз еткенде, жаңа дүниетанымдық сұрақтарға дәстүрлі-мифологиялық түсініктердің жеткіліксіз, толық жауап бере алмаған кезінде пайда болды деп көрсетуге болады. Философия адамға өзін анықтаудың жаңа түрін алға тартты: бұрыннан қалыптасқан дәстүрлермен емес, өзінің ақылы арқылы тану. Дәстүрдің орнына білім келді. Философия дәстүрлермен, дәстүрлі құндылықтармен, жаңа қатынастардың (құқық пен мемлекеттің қалыптасуы) арасындағы қайшылықтарды бейнеледі. Философия – дүниегекөзқарастың сондай түрі болды, ол барлық уақытта дәуірдің кризисін және жаңа мәдениеттің туылуын теориялық немесе әдеби формада көрсетіп отырды.
2. Философия өте ерте кездерде Көне Шығыста пайда болды: Үндіде, Қытайда, Египтте және Вавилонда. Бірақ тарихи себептерге байланысты Көне Египтте и Көне Вавилонда философиялық мектеп қалыптаспады. Ертеректе философиялық дәстүрлер мен мектептер Көне Үндіде қалыптасты.
Үнді философиясы б.э.д. II-I мыңжылдықтардың басында қалыптасты, ол кезде арийлердің (малмен айналысатын тайпалардың) халықты жаулап алуы, алғашқы қауымдық құрлыстың пайда болуы класстық қоғамның, мемлекеттің құрылуына әсер еткен еді. Әрбір осындай мемлекеттің басында раджа тұрды, билік жериеленуші аристократ пен тұқымнан берілген брахмандардың қолында болды.
Алғашақыда көнеүнді қоғамы 4 негізгіә варнаға (сословияға) бөлінді:
брахмандар (дін қызметшілері мен монахтар)
кшатрилер (әскерилер мен ертедегі тайпалардың танымал адамдары)
вайшьилер (жерөңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер)
шудралар (өндіргіш күш ретіндегі бұхара, тәуелді халық).
Мұндай варналарға бөліну дінде қалыптасып, кейін қоғамдағы касталық жүйеде негізделді.
Көне Үндінің рухани мұрасының, сондай-ақ философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуына ведалық әдебиеті әсер етті.
Ведлар гимндерден, құдайға табынудан, дуалаудан, құрбандық формаларынан және т.б. тұрады. Ведтерде ертедегі діни көзқарастар адам, әлем, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер тұжырымдалған. Ведтер 4 топқа (самхиттерге) бөлінген:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет